Ақын, жазушылардың шығармаларынан



МӘШҺҮР-ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ұлы ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп   білген ғұлама. Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады. ҚАЗАҚТЫН ЖЕРІ, “Күн батысы – Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу өзені, солтүстігі – Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге келіп ие болған жоқ, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек заманында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз, сарбаздары жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алған жері еді...”
Еңбектері: 10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел аузынан да, қағаз бетінен де жинаумен айналысады.
1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т.б. шаһарларға сапарға шығады. Ол заманда негізгі көлік қатынасы түйе мен ат болғанын ескерсек, бұл сапарының өзі 2-3 жыл уақытты қамтыса керек. Мәшһүр Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толықтырады. Араб, парсы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өзбек, тәжік, және т.б. тілдерді де біледі, әдет-ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады.
Келесі жылы Бұхарадан қайтып, Түркістандағы атақты Қожа Ахмет Йасауидің басындағы Әмір Темір салдырған көк күмбезін көреді. Онда да бірсыпыра уақыт болып, бірнеше ғалымдармен танысады. Одан әрі Сыр өңірін аралайды. Майлықожамен жолығады, жеті атасынан бері ақындық үзілмеген дуана қожа Көшек, Күдері қожа тұқымдарымен танысады. Одан кейін Шу мен Сырдан өтіп, Ұлытау мен Кішітауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап, мекен қылған жұртты аралайды. Осындай екінші сапарына Мәшһүр Жүсіп 37 жасында, яғни 1895 жылдар шамасында шықса, үшінші сапары 49 жасына (1907) сәйкес келеді.
Мәшһүр Жүсіптің үш кітабы: “Сарыарқаның кімдікі екендігі”, “Хал-ахуал”, “Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз” атты туындылары 1907 жылы Қазан қаласындағы Құсайыновтар баспаханасынан жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шыққан 14 қалам иесінің шығармаларын цензура сотқа тартады. Ішінде Мәшһүр Жүсіптің жоғарыда аталған еңбектері де бар.
Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгілерінің басым көпшілігі – аңыз бен әңгімелер. Мұндағы аңыздар: жер-су аттары.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгімелерді, шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шектелмей, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жырларын, эпос, ертегі, мақал-мәтел, ақындар айтысын, т.б. жинағаны белгілі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жинаған фольклорлық үлгілерге жанрлық жағынан келетін болсақ, ел аузынан тұрмыс-салт жырларының 30-40 шақтысы топталған.
Ол ел арасынан: “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Ер Сайын”, “Нәрікұлы Шора батыр”, т.б. тәрізді батырлар жырында, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Алтынбас-Күмісаяқ” т.т. лиро-эпостық жырларды да, сондай-ақ “Киік”, “Бозторғай”, “Дін үйренетұғын” тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер Тарғын” жырларын Мәшһүр Жүсіп 1866 жылы 8 жасында-ақ Қамар хазіреттің қолжазбасынан көшіріп алғанын білеміз. Ал “Алтынбас-Күмісаяқ”– 200 жолдан тұрады дей отырып, бұл жыр үлгілерін жинаған В.Радлов екендігін Мәшһүр Жүсіп көрсетіп кеткендігінің де куәсі болдық. Бұл үлгілерді Мәшһүр Жүсіп В.Радлов жинағынан ала отырып, олардың бәрін қолжазбаның әр жеріне шашыратпай, бір жеріне ғана топтастыра орналастырған. Сондай-ақ, қолжазбалар ішінде “Сайын батыр” жырының көлемі 2000 жолдан тұрады деген де дерек бар.
Зерттеуші ел арасынан түрлі ертегілер де жинаған – “Еділ-Жайық”, “Көр ақтарған Жаманбай”, “Баһырам патша туралы”, “Есен тентек туралы”, “Ертеде бір хан болыпты” , “ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”, “ Еңсегей бойлы Ер Есім”, “Алаша хан”, “ 7 жасар Желкілдек”, “Ер Төстік”, “Әз Жәнібек және бір ұста”, “Екі патша”, “Әділ би”, “Сүйіндік:Олжабай батыр, “Тама Сарыбас мерген”, т.б.
Халық поэзиясы үлгілерін, оның ішінде мақал-мәтелдерді Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ерінбей ұзақ жинағаны мәлім. Фольклордың басқа жанрларына қарағанда, мақал-мәтелдерді жинаумен ай-налысу фольклорист-ғалымнан ұзақ уақыт пен қажымас ізденуді, еңбектенуді қажет ететіні белгілі. Себебі, мақал-мәтелдер дайын күйінде жеке-дара кездеспейді. Оларды айтушының не ауызекі сөзінен, не қолжазбалар ішінен, туындылар арасынан іздеп табу арқылы қағазға түсіру керектігі аян.
Мәшһүр Жүсіп сондай-ақ ақындар айтысының не бір тың үлгілерін де жинаған. Мәселен, “Ұлбике қыз бен Күдері қожа айтысы”, “Ұлбике қыз бен Қарақалпақ Жанкел ақын айтысы”, “Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Үмсін қыз бен Заман қожа айтысы”, “Шоң, Торайғыр ақыны Орманшы Сақау ақыны мен Қаракесек қызы Тоғжан айтысы”, “Қалдыбай қожа мен Соқыр Шөже айтысы”, “Соқыр Шөже мен Қаракесек ақыны Балта айтысы”, “Қаракесек Қамбар Жанақ пен Найман Сабырбай айтысы”, “Қаракесек Қамбар Жанақ пен Найман-Түбек айтысы”, “Қаракесек Қамбар Жанақ пен Орманшы-Сақау ақын айтысы”, “Қуандық-Алтай бір ақыны мен Найман қызы Опан айтысы”, “Керей-Тұрлыбике ақыны Үрімбай ақыны мен Арыстанбай ақын айтысы”, “Айдабол-Күліктің Күлігінен шыққан Жамшыбай ақыны мен Найман-Түбек айтысы”, “Ақбала қыз бен Боздақ жігіт айтысы”, “ Қыз бен жігіт айтысы” тәрізді ақындардың сөз қағыстырулары Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларында белгілі бір тәртіппен, реттілікпен берілген.
Сондай-ақ қолжазба ішінде ақын айтыстың: “Қыпшақ Өске Тәтті қыз”, “Қолға түскен Алтай жігіт–Найман Опан қыз” айтысы 46 жолдан, “Шортанбай қожа мен Арыстанбай ақын” айтысы 100 жолдан, “Шал мен қыз”, “Шөже мен Қалдыбай”, “Жанақ пен Түбек”, “Ұлбике мен Күдері” айтысы – 106 ауыз өлең, “Жанкел мен Ұлбике” айтысы – 100 ауыз өлең, “Заман қожа мен Осы қыз” айтысы – 50 ауыз өлең, “Тоғжан мен Сақау” айтысы – 78 ауыз өлең т.б. деген түрлерін қанша жолдан тұратынын дерегімен де бірге берген.
Ақын қолжазбаларында көптеген ақын жыраулардың өлең мен қиссалары, дастандары т.б. бар: Бұхар жырау, Мәделі қожа, Сақау ақын, Ақан сері, Шернияз т.б. өлеңдері, Қоңырат Сапақ датқа ақын, Үйсін Үмсін қыз, Заман қожа, Тоғжан, Қалдыбай қожа, Шөже ақын, Арғын- Қамбар Жанақ, Найман Сабырбай, Найман Түбек, Найман-Опан қыз, Орынбай, Шортанбай қожа, Күлік-Жамшыбай, Қаракесек Балта, Көтеш, Ақмолла, т.б. ақындар туындыларын қағазға түсірген.
Бұл жинаушылық барысында белгілі фольклорист-ғалымдар: Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Г.Потанин, т.б. тәрізділер сияқты Мәшһүр Жүсіп те өзіндік жинау әдісіне сүйенгені белгілі. Олар: тілдік ерекшеліктерді сақтау, дәлділік, айтушы аузынан сол қалпынан көшіру, арнайы бір тақырыпқа материал жинау, т.б.
Сондай-ақ айтушы не айтты – бәрін түгел қалдырмай жазу шарты, еш сөзін қысқартуға, алып тастауға немесе өз жанынан басқа бір нәрсені қосуға мүлде болмайтындығы, диалектілік ерек-шеліктер болса оны да тастамай көрсетіп отыру керектігі жөніндегі т.б. талаптар барлық фольклорист ғалымдар үшін ортақ. Сол тәрізді шығарманы кім, қашан, қайдан, кімнен естіп жаттап алды деген сауалдарға жауап жазу керектігі тәрізді талаптарды Мәшһүр Жүсіптің орындап отырғандығы бізге мәлім.
Мәшһүр Жүсіп жазбаларында фольклордың барлық жанрлары қамтылған. Егер жанр бойынша жіктеп жүйеге келтірсек, ертегілерден 15 шақты мәтін үлгі; батырлық жырлардан – 5-6; ғашықтық жырдан – 2-3; қисса-дастандардан – 11-12; тұрмыс-салт жырларынан – 30-40 шақтысы; аңыз-әңгімелердің – 200-300 үлгісі; жаңылтпаштың – 100-150 шақты көлемі; жұмбақтың қара сөз бен өлең түріндегісі – 50 шақтысы; мақал-мәтелдердің 2,5 мың жолдық мөлшері; ақындар айтысының 27 үлгісі; 30-40 шақты ақын-жыраулардың өлеңдері, дастандары т.б. орын алған. Сондай-ақ қолжазбалар ішінде шежірелер, діни өлеңдер мен нақылдар, әлі баспа бетін көрмеген күлдіргі сөздер топтамасы, т.б. нұсқалары бар. Мұндай үлгілерді жинағанда аражігін бөліп-жармай, жаңа-ескі деп қарамай, шамасы келгенше фольклордың әр жанрын қамтып, барлығын жан-жақты жинауға тырысу тек Мәшһүр Жүсіп ерекшелігі емес, сол тұстағы көптеген ғалым-фольклоршылардың шарты.
Мәшһүр Жүсіп өзі жинаған үлгілерінің көлемін белгілеп отырған. Мәселен, “Ғылым білімі” кітабы 129 сахифадан тұрады дей отырып, оның ішінде 12 аят, 18 хадис, 43 мақал, 114 ауыз өлең бар десе, ал “Әмір” әңгімесі 26 сахифадан, 104 ауыз өлеңнен тұрады дейді. Мұндағы сахифа – араб сөзі, “бет”, “парақ”, “газет” деген мағынаны береді.
Бұлардан басқа қолжазбаларда мы¬надай мәліметтер берілген: “Хазірет Юсуф пайғамбар”, “Шайқы Бұрқы әулие мекіре балықтан туған”, “Сарыарқа тарихы”, “Шоң, Торайғыр билер”, “Абылай аспаған са¬ры бел”, “Қоқан хандары тарихы”, “Кіші жүз ұрандары мен рулары”, “Ша¬ныш¬қылы Бердіқожа батыр тарихы”, “Едіге мен Төле би”, “Көлеби батыр”, “Олжабай батыр тарихы”, “Абылай хан”, “Махамбет деген батыр шығыпты деп барып тапқан 92 батыр” турасында, қазақ шежірелері (Орта жүз тарихы, Мейрам сопы тарихы, Қуандық, Қаракесек, Найман, Қыпшақ тарихтары), “Барпық әңгі-мелері”, күлдіргі сөздер, “Қара¬кесек пен төрелер ұраны” туралы, Мөңке би, Досбол би, Қожакент пен Өзкент, т.б. қалалары турасында, “Ошақты Қоңырбай қалпе” әңгімесі, “Хазірет Нұхқа 370 жа-сында пайғамбарлық берілді”, діни нанымдар т.б., Сарман, Қиғара, Қосдәулет билер хақында, жыл басы туралы, Орманшы ақсары Шотана батыр жайындағы деректер орын алған.
Қолжазбадағы кейбір материалдардың жазылған жылдары да көрсетілген. Мәселен, “Төбет ішіндегі Жанкелді” деген әңгіме 1908 жылы жазылды десе, “Бір ханның жалғыз баласы өлгенде” деп басталатын шығарма 1921 жылы хатқа түсірілді деген белгілер бар.
Жалпы ауыз әдебиеті мен фольклорлық нұсқаларды жинаушылардың көпшілігі ұстанған дәстүрдің бірі – экс¬педициялық әдіс екені белгілі. Бұл экспедиция сапарларында В.Радлов, Г.Потанин, Ә.Диваев т.б. сынды ғалымдар көптеген ауыз әдебиетін жинайтын тілшілер мен өз елінің мәдениеті мен фольклорына жанашыр көзқараспен қарайтын энтузиаст адамдардың да көмегіне сүйеніп отырғаны мәлім. Және де фольклорист-ғалымдар қолданған мұндай тәсіл фольклорлық үлгілердің жанр жағынан жан-жақты жиналуына негіз болды.
Жинаушылықтың осы формасын “экспедициялық” әдісті Мәшһүр Жүсіп те көп қолданған. Бірақ жинаушылық барысында Мәшһүр Жүсіп жоғарыдағы фольклорист-ғалымдар тәрізді тілшілер, т.б. көмегіне сүйенбеген. Мәшһүр Жүсіптің қазақ тілін жете меңгергендігі, бір жағынан, оның жинаушылық қызметінің тілдік қиындықтарға ұрынбауын негіздесе, оның жинау жұмыстарының тез қарқынды жүруіне де, фольклорлық үлгілерінің мол болуына да ықпал етті.
В.Радлов, Г.Потанин тәрізді фольклорист-ғалымдар фольклорлық үлгіні жинағанда жанрдың көнелігіне баса назар аударып, көмекшілеріне көбінесе сол жағын көп тапсырғаны байқалады. Онысы дұрыс та, әдетте бір ел өкілі екінші бір халықтың тарихын, әдет-ғұрпын білгісі келсе, ең алдымен оның фольклорын, яғни әсіресе көне жанр түрі – аңыздарына зейін салатыны мәлім. Сол арқылы бүкіл халықтың түсінігін, арман-ойын, салт-ғұрпын, мәдениетін, т.б. түсінеді. Мәшһүр Жүсіп болса, халыққа сол кезеңде “не керек” дегендерді аражігін ашпай жинай берген. Яғни, елінің тарихын, әдет-ғұрпын, халықтың мінез ерекшеліктері, тұрмыс-салты, т.б. жақтары – бәрі қажет боларын сезініп, неғұрлым ауқымды жұмыстар атқарған. Сонымен жинаушылықтың негізгі мақсаты халыққа “не пайдалы” деген тұрғыдан жүргізілгендіктен де басқа дамыған елдер қатарында өмір сүру үшін қазаққа не қажет, өскелең ұрпақты қалай тәрбиелеген жөн, ол үшін қандай үлгі-өнеге боларлық іс-әрекет қолдану керек. Сондай-ақ тарихтың қай кезеңдері: үлгілі билер мен айбарлы хандар заманы ма, әлде аты аңызға айналған Асан қайғы мен Жиренше шешен тәрізді бабалар дәуірі ме, қайсысында кейінгілер тағылым аларлық қаншалық мән жатқандығы – бәрі Мәшһүр Жүсіпті қызықтырған. Осының бәрі Мәшһүр Жүсіп жинаушылығының негізін құрайды. Міне, бұдан біз Мәшһүр Жүсіптің фольклористік концепциясы оның демократиялық, ағартушылық көзқарасынан туындағанын көреміз.
Қазақ халық әдебиетінің жиналу тарихын сөз еткенде, өз әріптестеріне Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Ә.Диваев, т.б. қарағанда, соларға үндес ететін ортақ сипаттарымен қатар Мәшһүр Жүсіптің өзіндік ерекшеліктері мол екеніне алдымен көңіл бөлу керектігін айтқымыз келеді. Шығыс, батыс мәдениетін, қазақ тілін жетік меңгерумен бірге араб, парсы, орыс, көне түркі тілін жете игеруі және ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласын көп аралауы нәтижесінде Мәшһүр Жүсіптің қазақ халық әдебиетін өз замандастарына қарағанда, анағұрлым мол жинап, ол туралы кеңірек зерттеу жүргізу мүмкіндігі болды. Мәшһүр Жүсіп жазып қалдырған көп материалдарды шолып қарай отырып, оның жинаушылық еңбектерін саралауға бастайтын мынадай ерекшеліктерін жинақтап айтуға болады.
•          Біріншіден, Мәшһүр Жүсіп ертегінің, не аңыздың қысқартылған сұлбасын, шығарма фабуласын берумен шектелмеген. Ақын белгілі бір материалды ел арасындағы айтылу қалпын сақтай отырып, неғұрлым толық қамтып отырған.
•          Екіншіден, әрбір сөздің сол кездегі дыбысталу қалпын, орфоэпиясын ескеріп, белгілі бір сөздерді естілуі бойынша қағазға түсірген. Әсіресе, сөздің дыбыстық әуезділігіне, өзара үнде-суіне көп көңіл бөлінетінін, дыбысталу сапасының сөз мағынасына, сол арқылы шығарма көркемділігіне пәрменді ықпал жасап отыратынын бағамдасақ, бұлай жазу қазақ тіліндегі сөздер фонетикасы тарихын жаауда да елеулі рөл атқаратынын дәйектеуге болады.
•          Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіп қай материалды кімнен қандай жағдайда қалай жазып алғанын жеткізіп отырған. Демек, ол қалдырған жазбалардың тарихи, этнографиялық, т.б. мәні айрықша болатыны күмәнсіз.
•          Төртіншіден, ел тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын кең білген Мәшһүр Жүсіп жинаған материалдарға деген өз бағасын, байқауларын қоса жазып отырған. Соңғы айтылғандары Мәшһүр Жүсіптің естігенін құр жазып алумен ғана емес, оларды саралап, белгілі бір тарихи жағдай, ел ахуалымен салыстырып отырған зерттеушілік еңбегін көрсетеді.
Мәшһүр Жүсіптің фольклорист ғалым ретінде қалыптасуының үш қайнар көзі бар.
•          Бірі – өз елінің ауыз әдебиеті мен фольклор үлгілерінен тұратын бай мұрасын қабылдауы;
•          Екіншісі – шығыс елінің, оның ішінде орта ғасырлық ғалымдар жетістіктерін игеруі;
•          Үшіншісі – батыс ғалымдары, оның ішінде орыс зиялыларының әсері.
Ауыз әдебиеті мен фольклорлық үлгілерді жинау барысында Мәшһүр Жүсіп белгілі бір жинау принциптеріне сүйенген. Ол ақынның ағартушы-демократиялық көзқарасынан туындаған. Ең алдымен айтатын нәрсе, Мәшһүр Жүсіп фольклорды өзгертуге, түзетуге жатпайтын асыл мұра деп білген, мәтінді сол қалпында хатқа түсіру шартын ұстанған. Сол себепті, Мәшһүр Жүсіп кімнен не алса да көрсетіп отырған.
Мәселен, “Әз Әйтеке би” әңгімесінде бірнеше мәтелдер шоғыры беріледі де, оның иесі, яғни жеткізушісі есебінде төрт Шөмекейге қараның ханы болғанын тілге тиек еткен.
Мұндай мысалдар ақын қолжазбасында көптеп кездеседі. Екіншіден, фольклорды тұрмыстың қажеті, елге білім, тәрбие беретін құрал деп білген. Сондықтан, әр мәтіннің шығу тарихын, айтылу жағдайын, қалай тарағанын анықтап отырған. Мәселен, Мәшһүр Жүсіп жинаған “Малшы Алтай” әңгімесі. Мұнда Қуандықтың баласы Алтай деген жігіттің Піспекбайдың жылқысын ерінбей, жалықпай тер төгіп, адал еңбегі арқасында жұттан шашау шығармай аман алып шығуы баян-далады. Жылқышының таза көңіліне, адалдығына т.б. қасиеттеріне тәнті болған бай оған өз қызы Байбикені қосады. Кейін Байбикеден туып, тараған ел “Жо¬ғарғы Алтай” аталатындығы сөз болады.
Сондай-ақ, Байбике өлген соң, бай Алтайға екінші қызы Аққоянды да беріп, одан “Төменгі Алтай” деген ел тарайтындығы баяндалады. Міне, көріп отырғанымыздай, адал еңбегі арқасында малшының да мұратына жеткендігін баяндай отырып, Мәшһүр Жүсіп өз заманындағы жастарға-осы іс-әрекетті үлгі ретінде ұсынады.
Жоғарыдағы деректерге қарағанда, Мәшһүр Жүсіп фольклорлық үлгілерді тек үлгі-өнеге, т.б. үшін ғана жинамаған тәрізді. Автор сол нұсқалар арқылы өзіндік ой-топшылауларын да бірге беруге тырысқан. Яғни, фольклорды халықтың сана-сезімінің өзіндік көріну формасы деп бағалағандығын көруге болады. Ал, бұл Мәшһүр Жүсіптің жинаушылық пен зерттеушілігінің бір арнада тоғысқандығын дәлелдейді. Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіптің фольклорды ауызша тарих, тарихтың көзі деп тануы. Бұған, мысал ретінде Абылай ханға қатысты 16 әңгімелер циклін келтіруге болады. Мұнда ханның жас кезінен қайтыс болғанға дейінгі кезеңдері келтіріледі. Жалпы бұл әңгімелерде қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын қалмаққа қарсы елдің бостандыққа, тәуелсіздікке күрес жолы сипатталған. Яғни, қиын қыстау кезде ел басына хан боп көтеріліп, өзінің сенімді билері мен батырларына сүйенген хан Абылайдың жаужүректілігі, даналығы, ақылдылығы, тапқырлығы, ең бастысы, елдің бірауыздылығы, бірлігі, татулығы, ынтымақтығы, т.б. арқасында халықтың өз арманына, мұратына жеткендігі айтылады.
Жинаушылықтың төртінші ұстанымы – фольклорды Мәшһүр Жүсіптің филологиялық тұрғыдан қарастыруы, яғни сөз өнері деп білуі. Ол фольклордың ел арасында ерекше мәртебеге ие екенін, қазақтың сөз өнерін аса жоғары қастерлейтінін барынша айқын көрсетуге тырысқан. Мәшһүр Жүсіптің халық арасында ең алдымен ақын-жазушы ретінде танылғанын ескерсек, онда оның фольклорды өз шығармаларына да арқау етіп отырғаны, сонымен бірге оны тіл байлығының, сөз өнерінің, т.б. қайнар бұлағы есепті бағалағаны анық.
Мәселен, ел аузындағы “Жиренше ше¬шен” аңызын қолжазбасына түсірген Мәшһүр Жүсіп, ол турасында өзінің көзқарасын да білдіріп кеткен. Онда: “Міне, жігіттер, бір ауызды сөздің түбін, төркінін білемін деп ізлегендіктен қалыңсыз бір ханның қызын алды. Өз ханының сатусыз, пұлсыз уәзірлігін алды. “Жігіттікте жаннан кеш те, іс қыласың, өлесің, өлмесең, кісі бола¬сың!”– деп бұрынғының айтқаны осы!” – делінген ақын тамсануы да бар. Ал “Шоң биге” қатысты жинаған әңгімесінің бірінде Мәшһүр Жүсіп, құны жүз бие болатын сәукелені екі ауыз сөзбен-ақ Сақау ақынның ақысыз, пұлсыз алғандығын ескертіп өтеді. Осыдан көріп отырғанымыздай, Мәшһүр Жүсіп сөз өнерін, т.б. дәріптеуге арналған фольклор үлгілерін көбінесе тарихи адамдар есімдерімен ұштастырған. Фольклор үлгілерін жиыстырғанда Мәшһүр Жүсіптің билер сөзінің де ұлттық мәдениетіміздің бір көрінісі, айнасы екендігіне көңіл бөлгені байқалады.
Жинаушылықтың бесінші ұстанымы – Мәшһүр Жүсіп фольклорды этнографиялық мәліметтердің көзі деп қарастыруын аламыз. Яғни, белгілі бір халықтардың шығу тегіне, рулық құрамына, қоныс аударуына, қалыпта¬суына, тіпті олардың тұрмыс-тіршілігіне, қоршаған табиғи ортасына, киетін киімдері мен кәсібіне, рухани мәдениетіне т.б. қатысты деректердің Мәшһүр жазбасында молынан ұшырасуы назар аудартады. Мәселен, “Бұл қазақ қай уақыттан үш жүз атанған” әңгімесі ішінде “Алаш” деген қай ел, не себепті олай айтылғандығы, “Жүз” деген атау қайдан шыққандығы төңірегіндегі аңызға ақын өз көзқарасын да бірге берген: “Бұрынғы заманда қазақтың Жүз деген де аталарының аты болса керек. “Жүз” деген атты ұруға, “Алаш” деген атты ұранға қойып, жауға шапқанда “Алаш, алаш” деп шабыңдар, “Алаш, алаш” демегенді әкең де болса ұрып жық деп бата қылысыпты. Кеше “Алаш алаш болғанда, Алаша хан болғанда, үйіміз ағаш, ұранымыз Алаш болғанда үш жүздің баласы қазақ емес пе едік” деп айтылған сөз сонан қалды. Бұл Алаша ханнан бұрын қазақ ел болып, өз алдына отау тіккен емес, әр жұртқа бұратана қоңсы болып жүрген.



Қарасартов Мейрам Мәзұлы
                          
 Арнау.
(қасиетті Бабамыз Мәшһүрһ-Жүсіп Көпейұлының 140 жылдығына).
1.     Деуші едім жастайымнан жақсы ұл болам,
Кеудесін дос-дұшпанға бастырмаған.
Қолдаған қиын-қыстау кезеңдерде,
Бас ием аруағыңа Мәшһүр-Бабам.

2.     Ескегін жыр-қайықтың ессем де ерек,
Жан емен бұл өлеңсіз өскен бөлек.
Уа, Бабам, кейде өзіңдей толғанамын,
Осы бір қызыл тілді кессем бе деп.

3.     Түсімнен оянбадым өлең көріп,
Алланың өз бергенін келем көріп.
Дарығай Мәшекеңдей бабамыздан,
Замана мойындаған кемеңгерлік.

4.     Асықтық кешігердей тойдан қалып,
Құшағын Баян-тауда жайған халық.

Кешегі Гафу ақын жырға қосқан,
Қайда бар қазағында пайғамбарлық?
5.     Кезіктік мерекелік жырстанда,
Ақындар Мәшекеңді пір ұстанған.
Аруағы Бабамыздың жебей берсін,
Тойымыз құтты болсын, туысқандар.
                                            (31.07.1998ж).
 
                         Мейрам Қарасартов.
                         Баянауыл ауданы. (Ақындар мүшайрасында оқылды).

Қасиетті Бабамыз Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының 150 жылдығына

Бисмилләһир рәхмәнир рахим.

Әулиелер мекені,
Атамаған ел тегін.
Баурайында Баянның,
Қызылтаудың етегін.

Қой жылының салымы,
Найзатастың бауыры.
Ұл туғанда қуанған
Шағын Күлік ауылы.

Жүгін қомдап көшінің,
Талдан иіп бесігін.
Тазалыққа ырымдап,
Жүсіп қойған есімін.

Ерте оянып санасы,
Өнерге бар таласы.
Көзге түсе бастапты,
Көпжасардың баласы.

Бес жасынан ғылымды,
Қуып діни ілімді.
«Қозы Көрпеш», «Ертарғын»
Жатқа соққан жырыңды!

Оза шауып қатардан,
Ауызымен от орған.
Мұсасынан Шорманның,
Сегізінде бата алған.

Қастерлеген жұрты шын,
Осал емес бұл кісің.
Мәшһүр атты қосақтап,
Таққызыпты үкісін.

Жақсыға орын табылар,
Деген сөздің жаны бар.
Бір асылды бір асыл,
Балағынан таныған.

Есейіпті, толыпты,
Ел танитын болыпты.
Он бес жаста құдірет,
Өлең деген қоныпты.

Содан бітіп бақ ерен,
Қарасы да ақ өлең.
Кезген қазақ даласын,
Жаяулатып, арбамен.

Нұрға бөлеп хақ жанын,
Іздемеген жоқ малын.
Көсемсөзбен өрнектеп,
Елдің халын,ахуалын.

Оймен шарлап әлемді,
Шарапатқа бөленді.
Үлгісімен Шығыстың,
Киіндірді өлеңді.

Аспады да таспады,
Қиындықта саспады.
Адалдықты ұрандап,
Жақсылыққа бастады.

Сөзін теріп естінің,
Көрмей өтті еш тыным.
Шежіре етті Үш Жүзді,
Алаламай ешбірін.

Ел мұрасын құрметтеп,
Жазды жиып тірнектеп.
Ғалымдарға кейінгі,
Өнегесі бір мектеп.

Ауызға алып Алласын,
Ұмытпады тәубасын.
Пенде болып қумады,
Дүниенің олжасын.

Қолда жоқты бар қылды,
Айлакөпті таң қалды.
Зерттеп оқыр жырларын,
Зерделі ұрпақ қалдырды.


Алла беріп өтеуін,
Елі сүйді етегін.
Тірісінде болжады,
Бұл фәниден кетерін.

Ескелдінің басында,
Дәл жетпіс үш жасында
Қош айтысты тіршілік,
Мәшһүр сынды асылға.

Қасиеттім, һас тұлға,
Тілін білген тастың да,
Тәні жатты шірімей,
Көк аспанның астында...

Алға асуда тірлігім,
Жалғасуда жыр ғұмыр.
Сол төбенің басында
Кесенесі тұр бүгін.

Айтар болсам нақ шынын,
Әулиемсің, тақсырым.
Арты жақсы болмақшы,
Алла сүйген жақсының.

Пірім сенсің жан Бабам,
Қысылғанда қолдаған.
Қабыл алғын жырымды
Бұл тойыңа арнаған.

Күндер өтсін, жыл өтсін,
Сан ғасырлар жыр етсін.
Ұрпағыңа бақ сыйлап,
Жебеп жатқын тілекшім.


Ізгі ниетпен: Мейрам Қарасартов,
Қазақстан журналистер Одағының мүшесі

Қарағанды қаласы. 10.08.2008жыл.
Арнау Қарағанды және Павлодар облысының газеттерінде жарияланды 



Сарин Ермек Сәрсенбайұлы

                               Қазақстан – жүрегімнің бөлшегі
                                   ( Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына )

Қазақстан – болашағым, мекенім!
Сеніменен бірге арманға жетемін.
Ұланғайыр Сарыарқама көз салсам,
Ұққандаймын кеңдік деген не екенін.
Қазақстан – жасыл өлке, байтағым,
Құс ұясын Бәйтеректе шайқадың.
«Жаңа әлемде жаңа Қазақстан» боп,
Жер шарына тарап жатыр айтарың.
Қазақстан- Нұр Отаным, нұр елім!
Лүпілдейді өзіңмен бір жүрегім.
Елу Елдің қатарының алды боп,
Жүруіңді жатсам-тұрсам тіледім.
Қазақстан – арай таңым, асқағым!
Ғұмыр бойы жазып бітпес дастаным.
Табан тіреп сенен ғана ұша алам,
Қиялдаған ғарыш көгін, аспанын.
Қазақстан – жаңа өмірім, Астанам!
Бар Әлемді аң-таң қылып тастаған.
Асан атам армандаған Жерұйық,
Ол - өзіңсің, Барыс болып бастаған!
Қазақстан – туған өлке, маң дала,
Өзгеріпсің аз уақытта-ақ паңдана!
Әлем саған кірпік қақпай көз тікті,
Ертегіде көрген елдей тамсана.
Қазақстан – туып, өскен Отаным!
ОБСЕ-ге билік құрған жоталым!
Табысыңа қуанғаннан жыр кернеп,
Жүрегімнің үнін мен де қосамын.
Қазақстан – алып өлке, байтағым!
Атыңды әлі сан мақтан ғып айтамын.
Талай ұлттың басын қосып достықтың,
Жұмыртқасын Бәйтеректе шайқадың!
Қазақстан – жүрегімнің бөлшегі,
Шексіз сүйем көңілімдей мен сені.
Асыл ұлдар арқасында қарыштап,
Атақ-даңқың бола берсін еңселі!
Қазақстан – келер ұрпақ ертеңі,
Жер жанаты, басқада жоқ Жер төрі!
Саған деген сағынышты салмақтап,
Айтар едім табылмайды-ау өлшемі!..
Қазақстан, болашағың кең сенің,
Асқақтаған күннен-күнге еңселім.
Нұрағам мен НұрОтанға шынайы,
Үміт артып, білдіруде ел сенім.
Қазақстан – қасиеттім, киелім,
Жер бетінде сені ғана сүйемін.
Қазақ атын әйгілі етіп Әлемге,
Көк Байрағын самал сүйген Ұлы Елім!

                                          Сарин Ермек Сәрсенбайұлы
                                         Халық ағарту ісінің озық қызметкері

                           «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін»

 Қу тірлікке тізгінді бермеу ұшін,
Сөз қалдырып артқыға өлмеу  үшін,
Мен де үрледім өлеңнің қызыл шоғын,
“Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін”.

Жыр көшіне ілесіп ботадайын,
Тұнған жырды жүректен қопарайын.
Сүйінбайдай піріне сыйынатын,
Жамбыл құсап мен неге атамаймын.

Дауыл жырды үйіріп Қасымдайын,
Нөсерлетпей әсте бір басылмаймын,
Тірлігінде шалқытып бір той қылған,
Төлегендей сырымды жасырмаймын.

Қара өлеңді Мұқаңдай араладым,
Ой түйінін Қадырдай сараладым.
Сусындатқан жыр-тұма бастауынан,
Тұманбай мен Жұмекен ағаларым.

«Қайтар жол жоқ!» -деп ойды салмақты еткен,
Мұхтар ақын өлеңге байлап кеткен.
«Сөз ауруы дертіңнен айықпа!» - деп,,
Рымғали көкем ед «қарғап» кеткен.      
                      
Өлең жазам көңілім алабұртып,
Жыр жолдары туады жан ауыртып.
Ол сәтте бұл фәниді ұмытамын,
Тірлік-дүние жоқтайын қарауытып.

Шабыт буып тебіреніп теңіздейін,
Ой толқынын тоқтатпас жер іздеймін.
Өнер көгін кезгенде күні-түні,
«Абай жаққан бір сәуле...» сені іздеймін.

Арпалысып үмітім күдікпенен,
Поэзия пырағын мініп келем.
Қасиетін білемін киелімнің,
Саусағына  талайдың ілікпеген.

Сапарына шыққан соң ұлылардың,
Құр қараны көбейтіп бұғынар кім?
Қанша ауыр болса да батпан жүгі,
Ер Махамбет айтқан, мен – бірі нардың.  

Қу тірлікке тізгінді бермеу ұшін,
Сөз қалдырып артқыға өлмеу  үшін,
Мен де үрледім өлеңнің қызыл шоғын,
“Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін”.        24.01.2007ж.

                                                   Шәкерімге

Абайдың өнегесін алып өскен,
Өшер ме Шәкерімдей алып естен?
Алпыс жыл атай алмай құр булығып,
Асылын жарға көмген... халық неткен?!

Шектелмей игергенмен түрік тілін,
Хат жазған Толстойға біліп тілін.
«Қазағым, қам ойла!» - деп, бас қатырған,
Қалайша жарты ғасыр ұмытты ұлын?!

Аударып Пушкинді де өлең сөзбен,
Таңғалып ұлыларды терең сезген.
Хандардың шежіресін жазып кеткен,
Кейінгі еркін елі елер сөзбен.

Саясат не құйтұрқы жасамады,
Жендеттер «шаш ал десе, бас алады».
Қанды қол қарақшының сол қылмысын,
Жұрт болып әлі күнге аша алмады!

Кетпейді көкейімнен күдікті ой,
«Халқынан күдер үзіп біліпті ғой!
Сондықтан саят қора мекенінде,
Оңаша елден жырақ тұрыпты ғой!»        09.02.2008ж.

                                             Бұқар жырау

Ен далама жоңғар жосып шапқанда,              
Заман желі ұйтқып соққан шақтарда.
Абылайдай ақылманға дем беріп,
Келелі оймен кеңес құрдың ақ таңға.

Ел басына қауіп төнген заманда,
Тоқтау айттың бұра тартқан наданға.

«Керей, қайда барасың?» - деп, шетінеп,
Бөлінгенді біріктірдің қоғамға.

Елдік ұшін түгендеп ап төртеуін,
Алтау ала қылар істі өртедің.
Маңайына топтастырдың халқыңды,
Абылайдай ел бастаған серкенің.

Толғауыңмен оятып жұрт санасын,
Он бір тілек – ізгі үмітін жағасың.
Ақтабанның тарихында «Көмекей
Әулие» боп, асқақтап-ақ барасың!

Сайын дала сахарасын сақтаған,
Сақ, ғұн, түрік ұрпағысың нақ бабам!
Асқар таудай тұлғалардың өзіңдей,
Тұяғы боп туғаныма мақтанам!              05.04.2008ж.        

                                           Бабалар мекені

Кең далам, көз жетпейтін көкжиегі,
Қымтап ап ғасыр сырын мелшиеді.
Осынау қойнауыңда бабалардың,
Ізі бар мекенімсің  сен киелі!

Ғасырлар тереңіне көзім салсам,
Қаншама жыл өтіпті небір сарсаң!
Жеңіс те, жеңіліс те – көз жасы боп,
Тарихта тұр өліара небір қарсаң…

…Қорқыт боп басталады күй-аңызым,
Асан боп көсіледі құла түзім.
Домбыра екі ішекті сөйлегенде,
Бабалар аманатын ұғады ұлың.

Басталса Фарабиден ғұламамыз,
Йасауи хикметін ұға аламыз.
Ежелгі тілімізбен таныстырған,
Қашқари еңбегі де – мұра нағыз.

…Аумалы, төкпелі тақ тайталасы,
Мүмкін бе түркі тегін шайқамасы?!.
Қазақ боп кең далада қосылды ғой,
Жәнібек, Керейменен қайта басы!

Батыс пен шығыстағы алыптарға,
Қазақтай қарсы тұрған халық бар ма!?
Бірлік пен батырлықтың өнегесін,
Абылай бабамыз ғой танытқан да!

…Патшалық отарлауға наразылық,
Жіберді Кене ханды дара қылып!..
…Жетпіс жыл қанды Қызыл қырғынында,
Көрді ғой ел іші де ала бүлік…

Айтайын қайсыбірін шежіре қып,
Болған ғой бабаларым жеріме құт.
Оларды тұмар қылмай жүрегіне,
Ұмытсын ұрпағы мен Елі не қып!?

…Шоқандай құрдасынан ойы ерен,
Абайдай даналыққа тебіренем.
Жұртының азаттығын аңсап өткен,
Шоқайдай елім үшін еміренем.

Шәкерім тағдырына налығанмен,
Сәкенді күрескер деп танығанмен,
Тегіне тартпай ұлдың тумайтынын,
Дәлелдеп берді тарих Мағжанмен!

Ақаңдар түрлендіріп ана тілін,
Жүсіпбек, Міржақыптар – дара тұғын.
Мұхтардай ұлы мұхит маржанының,
Нарқын тек Ғабең білген бағасының.

…Фашиспен арпалыста оқ пен отқа,
Баукең ғой қол бастаған қалың топта!
Әлия, Мәншүктердей – қос жұлдызы,
Ерлікпен көзге түскен халық жоқ та!

…Кешегі Желтоқсанда жалаулатып,
Қайраттар шыға келді алаңға атып.
Кеңестік өктемсіген империяны,
Тоқтатты бір орында табандатып.

Қорған боп жастарына тайсалмастан,
Жұбандай ақын бар ма байқар бастан!
Мақтанып «Мен – қазақпын!» - деп жар салған,
Жүргенде басқа ешкім айта алмастан.

…Одақ та ойран болып ақырында,
Кетпеді мекенім жат тақымында.
Қол жетіп тәуелсіздік тұғырына,
Нұр ағам бақ орнатты басымызға!

Даладай дархандық пен кеңдігіміз,
Ежелден ескерілген елдігіміз.
Қаншама бабалардың қан мен терін,
Сарп еткен қасиетті Теңдігіміз!

Таңғалам сол бабалар мекеніне,
Көз ұшы талмай, сірә, жетеді ме!?
Жазира, сайын дала келбетімен,
Келеді «қызықтырып» шет елді де.

Бүгінде құтқа айналып сахарамыз,
Тәуелсіз Қазақстан! – атанамыз.
Жүз отыз ұлыс пенен ұлттардың,
Бірлігін сақтап, енді бата аламыз.

Ілесіп жаһандану жарысына,
Талайлар таңғалуда табысыма.
Шырмалып бар әлемдік дағдарысқа,
Кеткенде алыптардың салы суға.

Елу Ел қатарынан көрінеміз,
Билік қып ОБСЕ төрінен біз!
Осынша жетістікке сүйеу болған,
Бабамыз рухы – Көк Бөріденбіз!      25.04.2009ж.

                               Сармантай (Шындәулет) бабамыздың
                               300 жылдығына арналған астың алғысөзі

Ассалаумағалейкум, жиналған жұрт,
Бес жарым ғасыр ел боп сыйланған жұрт.
Тойы да, ойы да ортақ, іс түскенде,
Алты алаш баласы боп қиналған жұрт.

Бүгін біз Шындәулеттей атамызға,
Еске алып бағыштасақ батамызды.
Ас берсек Сармантайдай ру басы,
Айналған батыр, би боп аты аңызға.

Аруағын ардақ тұтқан, үрімбұтақ,
Қастерлеп шежіреңді түбіңді тап.
Ақтайық ата алдында аманатты,
Келмейді күнде сәті бүгін құсап.

Жырыммен аштым астың тойбастарын,
Шарасын аға-інімен ойласқанмын.
Ағайын, қабыл болсын ниеттерің,
Көріңіз ас салтының жалғасқанын.        25.06.2015ж.   

Шындәулет батыр атанған
          Сармантай бабамызға

Ата-баба аруағы – ардақты есім,
Ұрпақтары келеді жалғап көшін.
Батыр менен билері ұланғайыр,
Кең даланың өтті ғой қорғап төсін.

Соның бірі – Шындәулет батыр баба,
Билік айтқан, кемеңгер ақылға да.
Арпалысқан жоңғармен «Ақтабанда»,
Абылай мен Бұқардай аты дара.

Әлібектей әкесі көркем етіп,
Шындәулетті жеті ұлға желкен етіп,
«Сармантайым! Сартайым!» деп өсірген,
Елдің қамын ойлатып, еркелетіп.

Ақырында бір елдің басы болды,
Тоғыз ұлдан рулы ел өсіп-өнді.
Ерназар, Алшағырдай батыр туып,
Бижанды Кене ханға қосып еді.

Ғұлама да, ғалым да шықты талай,
Білімімен илантқан жұртты оңай.
Тәшмолла, Есмағанбет, Әбілқасен,
Әлімшайхы қажылар мықты қалай?!.

Әнші, күйші, ақын да жеткілікті,
Доскей менен Дайрабай тектілікті
дәлелдесе, Жаңылдай әншілері,
Жұрт жадында әуен боп естіліпті.

Қйлы заман өгізді айдатты өрге,
Күн көрудің амалын сайлатты ерге.
Апақ пенен Көктайынша ел есінде,
Оразалы Шәкірдей қайраткер де.

Айта берсек таусылмас нар тұлғалар,
Сармантайдай атаның артында бар.
Ас беріп өскен ұрпақ елеп жатса,
Келешектің жүзі де жарқын болар.        07.07.2015ж.

  Бұқар жырау бабама арнау

Ел басына күн туған
Қиын-қыстау заманда,
Халқын ойлар ұл туған
Алғыс, Ана, саған да!
Сондай ұлдың бірі боп,
Бұқар бабам шықты ғой.
Сыйынатын Пірі көп,
Текті жұртым мықты ғой!
Абылайдай арысқа,
Ақылшы боп дем берген.
Жыр-толғаумен жарысса,
Табылмаған тең келген.
Көмекейі талмастан,
Хан мен қара баласын,
Дәнекер боп жалғасқан,
Арғын, керей арасын.
Бірлікті айтып мұңы мен,
Ханға сөзін өткізген.
Он бір тілек жырымен,
Өзекті ойды жеткізген.
«Әулие, - деп, - Көмекей»,
Абылайдан ат алған.
Келмегеннің жөнге кей,
Жырмен мысын баса алған.
Ұлық Түрік, Тоңықұқ,
Оғыз, түрік бабасын
Жалғастырған жолын нық,
Дара тұлға данасың.
Таң қып атың әлден мың,
Сансыз ұрпақ санасын,
Тарихында Мәңгі Елдің,
Жырауы боп қаласың.              10.11.2016ж.

                Мектеп деген...

Мектеп деген – оқу,білім қайнары,
Шәкірт – оның алтын шашақ айдары.
Асып түссе өз түлегі өзінен,
Ұстаздың да көңіл-күйі жайдары.

Мектеп деген – тәлім менен тәрбие,
Өнегесін тарататын әр үйге.
Көшелі қарт қат болған бұл заманда,
Халықтың бай әдеп қоры, әрине.

Мектеп деген – мәңгі жастық мекені,
Қызығы да, қызуы да жетеді.
Дүниеге көзін ашып адамның,
Анықталған көп сұрақтың не екені.

Мектеп деген – көңіліңнің жайлауы,
Таным менен талабыңның қайнауы.
Өмір жолын бастағанда кім болып,
Не істейтұғын тірлігіңнің байламы.

Мектеп деген – алаңсыз күн шаттығы,
Ақ көңілдің, жақсы өмірдің сәт күні.
Балалықтың базарының жаршысы,
Қоңыраудың сыңғырлаған тәтті үні.

Мектеп деген – ұстаз қауым ғұмыры,
«Шықса екен, - деп құмартатын, - бір Ұлы!»
Талабыңды тас қияға өрлеткен,
Болашақ пен даналықтың тұғыры.          27.06.2002ж.

                      Ұстаз

Білімі мен тәлімін аямаған,
Бағыбандай шәкіртін аялаған.
Ұстаз деген ардақты атқа лайық,
Жүр ортада қаншама аяулы адам!

Бағалаған бақылап бала түсін,
Кешіре де білетін шала ісін.
Адалдық пен адамдық жолға баулып,
Ұлағатты ұстаз  ол - дана кісің.

Көрмейді жан жабыққан сәттерін де,
Бар зейіні оқушы дәптерінде.
Талай-талай шимайды шыдамменен,
Түзеткені әжімді беттерінде.

Ізденіспен өткізіп әрбір күнін,
Дәнін егіп бойына шәкіртінің.
Көк шыбықты тал қылып жайқалдырып,
Сары алтындай сақтаған сабыр түбін.

Санаспайды күнменен, түнменен де,
Құндамайды еңбегін жүлдемен де.
Бала ұғымы бәрінен қымбат оған,
Аямайды уақытын білмегенге.

Көкжиегін кеңейтіп танымының,
Ынталантып ашатын бар ұғымын.
Санасына сіңіртіп сәулелі ойды,
Сөзін айтып сан сала ғалымының.

Көш ілгері жүреді заманынан,
Дарынды да таниды қадамынан.
Барын сарқып береді бойындағы,
Қанаттанып кеткенше бала қыран.

Бас мақсаты – баланың болашағы,
Ғылым, өнер, еңбекке жол ашады.
Кемеліне келтіріп толыстырып,
Келешектің іргесін қаласады.

Ақталғанда аянбай төккен тері,
Мақтан оған шәкірттің жеткен жері.
Құшақ-құшақ гүлменен көмкеріліп,
Қабағында қашанда көктем лебі.

Жаршысы боп жаңаның жалықпаған,
Сабақ – оның шабыты шарықтаған.
«Ұстазсыз ғой!» - деп тіпті шәкірт тұрсын,
Дәріс алып жатады халық та одан.



Мақсұтхан Тирмизиұлы АҚЫШТЕГІ
Ақындар – ақ періштелер аспандағы!

Ақын үшін, өзің ту
ған жер ыстық,
Керегі оған оңашалық, тыныштық.
Қараңғы түн, жарық күннен сұрап,
Ұшқынды найзағаймен де ұрыстық.

Шабытты шақта дүлей желдеймін,
Ағыл-тегіл, аласұрған, асау селдеймін.
Ойдың тереңінде, дүниенің шетінде,
 Жалғыз тұрсамдағы, үлкен елдеймін.

Поэзиям – арым менің,
Ақындар – нарым менің.
Жыр-өлең жұбанышым,
Бір Аллам – пірім менің.

Ақын – боз таң ататын,
Жырдан шашу шашатын.
Ақын – аққу құс ұшатын,
Сөз сұлуы бетін ашатын.

Ақын – ақ періште аспандағы,
Көкжиек шымылдығын ашқандағы.
Жазушы – қара жол жорғасы,
Қаратау бөктерінен әрі асқандағы.

Өшпес өлеңі түсіме енді,
Жыр әлеміне белгілі есім.
Менің сөзіме кім иланар,
Толғаныста өтті кешім?

Әдеби есімдер есімді алған,
Жаттала, жадымда қалған.
Түн іші адасып жүргенімде,
Бағымды ашып, жол салған.

Есім бір кірді, бір шықты,
Боранды күні кім ұнатпайды ықты?
Әуезді әуенді естігенімде,
Рух қуатым боран мысын жықты!

Әдеби есімдерді мен іздедім,
Ұзақ жол жүргенімді сезбедім.
Алыс сапарлардың сүрлеуінде,
Өлеңді оқымағаныңа төзбедім.

Абайым деп ұшқындадым,
Бұқарым деп жалындадым.
От-жүрек лүпілін үптеп,
Мәшһүр деп тасқындадым.

Мен өртендім, лауладым,
Мүлгіген әлемде қалмадым.
Тау өзеніндейін арқырап,
Күндіз-түні дем алмадым.

Өлместейін өлең өркендеші,
Жан сырымды өзің өрнектеші!
Жалғаса берсін өнердің кеші,
Ақын, көш бастар еркем деші!

Жазушыны тыңдауға жұртым дайын,
Әсерлі әсем табиғатымды аймалайын!
Жанарым жарқырайды жұлдыздайын,
Өнер сүйер арда халқымнан айналайын!

Заңғар есімдерді ұлықтаймын
Өткір көз бен улы тілге тас,
Алауласын, жарқырасын арайым.
Тіктеп бүгін жиған ірге тас,
Ертең баратын алтын сарайым.

Соғыста атойлап ту ұстайтын,
Жауыздарды қуыра үйіріп, уыстайтын.
Қазақта болушы еді һас батыры,
Дұшпан шебін шашырата қуыстайтын.

Арқаның сән-сымбатына сүйсінемін,
Сүйсініп, жан-жырымды жолдаймын.
Қазақтың салт-санасынан сусындап,
Елбасының әр бастамасын қолдаймын.

Қазақстан жерінде елбасы біреу,
Елбасына халқы бола біледі тіреу.
Қандай да қиын-қыстау заманда,
Қазақстан елінде болмайды жүдеу.

Мәңгілікке жаралғандықтан қазақ елі,
Отанын қызғыш құстай қорғайды ері.
Қандай қымбат ен  даласы, асу белі,
Қазаққа мәңгілікке тұрақ, туған жері.

Қаһарман халқымды жақсы көремін,
Халқыма арнап өлеңменен өрнек өремін.
Қара көзді жан-тәнімменен сүйемін,
Ел-жұртым барда, мен де бір төремін.

Нұра өзені ағады арнасымен ирелеңдеп,
Тілім тақылдайды аузымда, сүйреңдеп.
Таң атпастан тұрып алып, ұйқылы-ояу,
Жүгіріп жүргенім бар, күйбең-күйреңдеп.

Ботақарам, биікте тұрған жотадайсың,
Алыстан қарағанда ақ сақалды атадайсың.
Мақпал жел маңдайымнан сипап өткенде,
Бабаларымнан жеткен нұрлы батадайсың.

Ботақара бауырайында Бұқар жырау,
Міндет, бабаға тағызым жасап қарау.
Пырағымның күш-қуатын мен үдетіп,
Жеңіске беттер жолым, тоғыз-тарау.

Бір жол бар – Есім ханның «Ескі жолы»,
Бір жол бар – Қасым ханның «Қасқа жолы».
Дәуірлерден өткен жол – «Жібек жолы» – 
Мың бағыт – Нұрсұлтанның «Нұрлы жолы».

 Жеті жарым жұма уақыт салып араға,
Көңілімнің көшін бұрған едім Ботақараға.
Мәдениет мекемесі шақыруын құп алып,
Терлетіп тұлпар, жеттім жиын-шараға.

Сөз сарасы падишасымен шарықтаймын,
Зеңгір көктегі аққуларға ілесе қалықтаймын!
Киелі көріністер кеңістігі кеңдігіне кіріп,
Әдеби-тарихи заңғар есімдерді ұлықтаймын! 
    
Бұқардайын бабамнан...

Ғасырлардан бел асып,
Тілдесем бе бабаммен?
Заман жайлы толғанып,
Үндесем бе бабаммен?

Хан деп басын имеген,
Жағынуды сүймеген.
Қара қылды қақ жарып,
Әділ сөзбен түйреген.

Ел! деп мұңын жоқтаған,
Ер! деп ұлын ақтаған.
Жер! деп байтақ еліне,
Аруақты ұран тастаған.

Үш жүз басын қоссын деп,
Жауын таптап бассын деп,
Кеңес құрған ханымен,
Елдің бағын ашсын деп.

Үлгі алайын данамнан,
Бұқардайын бабамнан.
Сәуегейлік сөз айтқан,
Сіздей дана таба алман!

Тектіден хан туады

Көркем ойдың кәсібімен,
Алланың жазуы нәсібімен.
Хан заманын сөз етейін,
Теңдеп адами асылымен.

Тектінің тектісінен хан болар,
Теріс адам өр көкірек паң болар.
Ел тыныштығын бұзып жүрер,
Терісқойды түзетер, заң болар.

Жер бетін мұң басты мың батпандай,
Тал түсте де қара түнек күн батқандай.
Жауыздық жаманнан, жын қаққандай,
Шығыстан жоңғар жау кеп жатқандай.

Хан үш жүздің басын қосқанда,
Жоңғар жолын жауынгерің тосқанда.
Жау бетін қылыш жүзі осқанда,
Һас батыр жасы болған еді тоқсанда.

Бар дүниені батырып батасына,
Сарбаздар сыйынды кәрі атасына.
Жалаңдаған жоңғар жаушылары,
Ту қойды қаратаудың жотасына.

Таңғы ауаны дүрліктіре шайқап,
Көрініп қалды жауыздар жақындап.
Шоқпар-найзаны қолынан байқап,
Сарбаздар жетті, атын тақымдап.

Елестер сайын, сайранды –
Даласы шетсіз, шексіз де!
Бар еді халқым қайранды,
Не дейді тақыр, тексіз де?

Жұпар исі бұрқырамай сайран бақтан,
Жазың да өтті, ханым, жайраң қаққан.
Ата тіршілігі сиып жатыр кең далаға,
Киіз үй, нар сарайдай, шырағдан жаққан. ...

Абыз, аңыз адамдарды еске алып,
Ғарыштың кеңдігінде  жеке қалып,
Ғаламшарындағы елімді-жерімді –
Мадақтайын жүрек күйіме салып.

Бүтіндейін дүниені шолып өтейін,
Естіген-білгендерімді жазып кетейін.
Жоғалғандарымды сан іздестіріп,
Мақсат-мұраттарыма мен жетейін.

Төл тарихым – түп тамырым,
Мәңгілік елім, қоныс, тұрағым!
Бел-белестерден көзді тартар,
Төл тарихым – шам-шырағым!

Тәуелсіздік үшін шайқас

Майдан алаңы көрінеді толған айда,
Садақ қайда, тор көзді сауыт қайда?
Текетірес, тер ағып, қан төгілгенде,
Белгілі-ау кісіге тимесі ешбір пайда.

Төкпелі замандардан аман өттік,
Аңсаған армандарға талмай жеттік.
Егеменді ел болып өз алдына,
Көк туымызды биікте желбіреттік!

Қазаққа тәуелсіздік қиын тиді,
Талай боздақ шырылдап отқа күйді.
Рухы мықты, намысты елді көріп,
Бүкіл әлем қазаққа басын иді.

Басымызда Тәуелсіздік бақыты тұр,
-Ей, жас ұрпақ, сен оның қадірін біл!
Халқына бағыт беріп, көш бастайды,
Елбасының жүзінен төгіліп нұр!

Баянды бола берсін шаттық өмір,
Жаратқаннан болсыншы жағымды әмір.
Гүл жайнаған еліміз аман болып,
Көшбасшыға сыйласын ұзақ ғұмыр!

Тұғырлы тәуелсіздік – мызғымас мемлекеттілік

Қаншама шырқасақ та әдемі ән ғып,
Ай шапағын қабылдай алмаймыз таң ғып.
Қазақтың ар-намысы құп тұрғанда,
Отыра алмаймыз жетесіздерді паң ғып.

Таңым бар арайлап атқан,
Кешім бар қызара, жай батқан.
Төр текеметті төскейде,
Мал-жайым бар, тоқ жатқан.

Ел дегенде емешегім езіледі,
Жер дегенде жаным үзіледі.
Мұрат – мәңгілік ел дегенде,
Жүрегімнің әр лүпілі сезіледі.

Ежелгі қазағым бар – үш арыс,
Айдыным бар бақыттың құсы қонған.
Маңдаймдағы бағым үш қарыс,
Жоталарым бар кең-байлыққа толған.

Ханым болды досына қамқорлы,
Ханым болды дұшпанына қаһарлы.
Досына да, дұшпанына да жайлы,
Тұрақ-жайым да бар от-шаһарлы.

Есімім бар Мақсұтхан,
Таразылаған тарихын хан.
Маған дос болатының,
Оқу-білімге аянбаған жан.

Ежелгі тарихым бар – тарлан,
Жаужүрек ерлерім бар – арлан.
Жауынгерлер жат жаумен алысып,
Тәуелсіздік ата-бабаға болған арман.

Бес жүз елу жыл жылжып өтті,
Ерлері елі үшін жанын пида етті.
Тәуелсіздіктің туын желбіретіп,
Қазақ халқы ақ арманына жетті.

Қазақ өз әлемінде алшаң басып жүр,
Аспандағы күннен төгіліп сәулелі нұр.
Қазақ елінің бірлігі, тірілігі жарасып,
Тәуелсіздік мызғымас тұғырында тұр.

Бұйра шашын маңдайына түсіріп,
Көрсеткен-ді алыптық тұлғасын.
Ойда отыратын қатты күрсініп,
Есіне соғыс өрті түсіп тұрғасын.

Қатты тиді тағыдырдың тезі оған,
Отан соғысының даласы кезікті оған.
Балалық дәурені, жастық жалыны,
Сый қылып беріп еді, төзімдікті оған.

Мәре-сәре болғаны семсер ісіне,
Сеніп еді-ау, ақ білектің күшіне.
Енді міне, бәрінен де бас тартты,
Ұшақ-ракета кірді де оның түсіне.

Ұстанып ата-баба жолын,
Тамызды тәтті сөздің балын.
Қайтармай кісілердің қолын,
Жақсартты халықтың қалын.
Жоғарыдан түскені, бір тамшы жас

Уа, домбыра, жан серігім жасымнан,
Сенімен бірге өттім ой-қырлы асулардан.
Бабаларымның аманатын арқалаған,
Жеттің маған сонау ой-һой ғасырлардан.

Түндерім кейде шұғыла-нұрға шомдырып,
Күндерім кейде жаныма мұнар қондырып,
От сезімдерден өртенсе озбыр жүректер,
Сарышұнақ аязы бетті қарып, тоңдырып.

Үкі тасқараңғыда кектенеді,
Көк аспанда қыран құс тектенеді.
Тағдыр деген бір меңіреу ғой,
Алла тілегі, қос иыққа жүктенеді.

Шағала көл астында тұншығады,
Кұңіреніп жер астынан үн шығады.
Айналаны тұмшалаған қара түнек,
Абайсызда аяқтан шалып жығады.

Пәктік орнын алдым пейіліммен,
Жыладым бір мазасыз мейіріммен.
Шын сағыныш пенденің сезімінде,
Сағыныш күйін сеземін зейініммен.

Төрде тұрып өңірге жан сырымды жаярсыз,
Өзім үшін сол шақта шумақ өлеңді де аярсыз.
Өрттей шалқып жалыным, өршелене лаулап,
Қырық құбылып қиналған, сезімім де баянсыз.

Құшағыңда бір өзіме жылуың бар болар,
Көңілім шіркін жамандыққа қимайды-ау.
Бізді ғашық еткен қайранды-һас сұлулар,
Жамбасбұлақта, бетін енді жумайды-ау.

Айдай сұлулыққа болдым тәнті,
Көргенім жас қыз, балдан тәтті.
Айдын-айна бетінде қыз бейнесі,
Нұрын шашып, боз таңым атты.

Қыпша бел келбеттім, қиылған қас,
Көрген жігіт сұлтаның, болады мас.
Күңірене күркірейді, көңіл-найзағай,
Жоғарыдан түскені бір тамшы жас.

Аққу құс іздей ме екен қосағын да,
Толқытып, мен тәрізді көздің жасын?
Аққуға әнші құстар үнін қосқанда,
Симфония, тебірентеді көлдің басын!

Егіліп аққу құс та жылайма екен,
Ағытып көз жасын бұлайма екен?
«Ай-күнім» деп ұясында балаларын,
Елжіреп бауыр еті, аялайма екен?

Сыңсый ма аққу көз жасын мөлдіретіп,
Айнала табиғаттың жүрегін елжіретіп?
Әліде ұясында қоштасу сазын сарнатып,
Қара қобыз қылында бөбектерін еңіретіп.

Сүр ет пісті, таң шапағы құйылып,
Тостағандағы қымызға нұр тоғысты.
Бірге туған онымыз, бүгін жиылып,
Есімізге алдық, сол сұрапыл соғысты.

Бұл күнде елдің қандай күткен сөзі?
Пейілі тар, мейірімнің кеткен кезі.
Қайыртпай кәлимаңды алып соғар,
Кәззапты кәпірліктің тіптен тезі.

Жармасқан атасының жағасына,
Недейсің, бүгінгінің мұң баласына?
Кімдерді кінәлайсың ұрпағыңның,
Шарасыздан, ақыл-есі шаласына?


Тәңірден тілек кесіліп, сабыры қашты,
Тас тағдыр тіріліктің тамұғын ашты.
Түтіні будақтап, көзіне күлін төккесін,
Көз соры қара диюдың қалыбын басты.

Қызықты ұғуға таң-тамаша қалу керек,
Ғарышты тануға жан-дүниені салу керек.
Хақтың дидарын көремін деп үміттенсең,
Пенде басқа, азаттық құқықты алу керек.

Ырықсызда келемін, кетемін,
Көрінген іске қиналып нетемін?
О Алланың дидарын аңсамай,
Не мұрат-мақсатқа жетемін?

Мәңгілік ел боларымызға сенеміз,
Қандай қиындық болсын көнеміз.
Бір Құдіретке бекемді сыйынып,
Тар жол, тайғақ кешуден өтеміз.

Сендей мекен әлемде жоқ деседі –
Адамдар туған жерде еркін өседі.
Шырқалып ән, шаттық көңілде –
Жайсаң желім, жайлап кеп еседі.

Өмір озар, тозар мүлік-дәулетіміз,
Сұрқы қашар сұлу, сәнді сәулетіміз.
Адамзатты бек сүйсең менше сүй,
Өне-өссін, бақ-бірлігі бар әулетіміз!

Мәшһүр Жүсіптің киесі бар

Мұражайдан Мәшһүрді көрсеттің,
Күлік-керуені кереметін ерек еттім.
Санама Жүсіп бабам қанат бітіріп,
Әпсана кеңістігіменен ұшып өттім.

Пазылдың Қажмұқаны мұражайда,
Сайрады Мәшһүрды жырына қосып.
Көненің жәдігерлеріне көз жүгірте,
Тыңдадым деректі, құлақты тосып.

Қарасарттың Мейрамы едің ардың,
Баян, Жасыбай тауға ертіп бардың.
Алдымен Мәшһүрге дұға бағыштап,
Тұлғама теңдедің рух жүгін нардың.

Жастілектің қымызы балдай екен,
Мәшһүрдің нұрлы сөзі қандай екен?
Компьютердің тілімен айтқанда,
Мың мәрте айғақты, сандай екен!

Байанаула қазақтың үлкен ауылысың,
Буырқанғанда бой бермес дауылысың.
Ұзын сонар жолда қатты шөліккенде,
Төрт түлік, қатық-қымыз сауынысың.

Қазақтың ата асы ақтан болар,
Жер жеміс-жидегі бақтан болар.
Ертедегі ер тарихты парқатар,
Шешендік нұр сөз жақтан болар.

Түн тереңі, зират үстінде құстар,
Ұшады қанатын қағып, шеңберлете.
Күн кербезі, Құран кітабын ұстар,
Дұға сәулесін шашып, тағызым ете.

Түн қараңғысы кесене жарқырайды,
Түн тебірене сөз сарасы арқырайды.
Баба кесенесін кие тұтқан құстар,
Уақыттың суы сынды сарқырайды.

Һақ Жаратқанның бір қолдауымен,
Мәшһүр Жүсіптің, пір жолдауымен.
Исламмен Кесенеде жолықтырды,
Мәз Мейрамының дүр болжауымен.

Жұлдыздай жанады, сөнбес сілемі,
Беу жетсе тыңдаушының шыдамы.
Таңды таңға жалғап сөйлейді екен,
Сәкен театрының әртісі, Исламы.

Әсет Пазылов мені де ұмытпапты,
Қара ниетті маңына да жуытпапты.
Қарасарттың Мейрамын құшақтап,
Хан-төредей ұрпақты да ұлықтапты.

Асау арғұмақ көк аспанға атады,
Тарпаң тұлпар адамша тіл қатады.
Ақ қаз, ақ арманды таппағаным,
Жүректі сыздатып, жанға батады.

Аққу қаздарды іздеймін көктен,
Аққу армандарды іздеймін көптен.
Асау арғымақ, тарпаң тұлпарлар,
Нәр алған, күш алған, көк шөптен.

Аққу қаздар, аққу қаздар,
Сендер көрінбей қайда жүрсіңдер?
Аққу қаздарды іздедім ғой,
Зеңгір аспаннан, құндызды көлден.

Аққу армандар, аққу армандар,
Сендер қандай биікте тұрсыңдар?
Аққу армандарды іздедім ғой,
Ерке даладан, жұлдызды шөлден.


Таң-тамаша көлдің суы мөлдірейді,
Таң ата шөлдің құмы жылтырайды.
Таңсәріде тамаша көл суын ішкенде,
Сезімің, алтын сынды жалтырайды.

Қанатым болса, аспанда ұшатындай,
Көңілім болса, биіктен нұр құшатындай.
Әр қиналғанда, я болмаса, әр қуанғанда,
Қуатым болса жүрек күйін ашатындай.

Биіктерге қанатымды қағып ұшар едім,
Сол биіктерден бүкіл әлемді құшар едім.
Жарыққа масаттанып, көңіл көтеріліп,
Ғылым құпиясынан жаңалық ашар едім.

Ақтаңдықтар тарихта толып жатыр,
Ғаламда талай жаңалық бұғып жатыр!
Жеті қат жердегі, жеті сан көктегі,
Барша ғаламатты кімдер ұғып жатыр?

Аққу құстай көл үстінде қалықтаймын,
Ақ армандай шөл төсінде арықтаймын.
Адал еңбекпенен, алғырлық қылықпенен,
Білім-ғылым заңғарында шарықтаймын.

Қазақ атам, сен қандай едің?
Асқақтаған алып таудай едің!
Мәшһүр атам, сен қандай едің?
Жерде жайқалған  қаудай едің!

Асқар тау алыстан көрінеді,
Тарлан тарихты айтып көсіледі.
Қаулаған қау самалы өрінеді,
Иман шуақты шашып шешіледі.

Қазақ тарихы қилы замандарда,
Оны іздестіру әдебі бойымызда ғой.
Иманилық күш дана адамдарда,
Оны ұғыну ұрпақтық ойымызда ғой.

Нар дегенім ойдың үлкені,
Дәу түйенің түп тамыры.
Ар дегенім сезімнің өркені,
Дәм дәрумен, нан қамыры.

Тауда да болады тамыр,
Қауда да болады тамыр.
Үңіліп, есептеп бір көрсеңіз,
Адамда да алпыс екі тамыр.

Тау тұлға тамырымыз,
Жалғастырып жатыр тереңдерді.
Тауда ойнағанда найзағай,
Ұйқысынан оятады көп кереңдерді.

Сан жылға тамырымыз,
Жалғастырып жатыр әлемдерді.
Тауда сайрағанда торғай,
Жеткізеді дұғай-дұғай сәлемдерді.

Кәпірлер кепиетін қояр емес,
Жемқорлар еш бір тояр емес.
Кеңестер саясаты өлер емес,
Қарапайым адамды аяр емес.

Орыстың жетегі сынар емес,
Жалқаудың ұйқысы бір қанар емес.
Құлдық қаруынан құтылмаған,
Қазақтың бақыты бір жанар емес.

Меңіреу жандарға күйінемін,
Саңырау паңдарға түйілемін.
Екі жүзді пасықты көргенде,
Алдаспан, қылыштай иілемін.

Жаппар жаратқанға сиынамын,
Бір құдіреттің барына иланамын.
Баяғы өткен аруақтарды еске ап,
Мың қирап, бірден жиналамын.

Қажылыққа барудан қиналмайсың,
Қажылық жолдан арықтамайсың.
Қажылық парызды сен орындасаң,
Аққудай боп, биікке шарықтайсың.

Мәшһұрға барудан қиналмайсың,
Су жорға атқа мініп қалықтайсың.
Аталар аманатын сен орындасаң,
Зеңгір көкте заулаған пырақтайсың.

Әр-бір тағдырдың иесі бар,
Тіршілік иесінің бір тиесі бар.
Дін жолын бағдар тұтқан,
Мәшһүр ғұламаның киесі бар!

Қос Семіз мұнарланған

Қайран Семізбұғым сайрандаған,
Өмірің өтіп барады тайраңдаған.
Қолға қайла, күрек, шелек ұстап,
Есте, корунд теріп, тауға барған.

Қайырмасы:
Қос Семіз мұнарланған,
Көруге естіген жан құмарланған.
Нанын жеп, суын ішіп,
Түрлі халықтардың мейірі қанған.

Семіздің малы сыймады-ау етегіне,
Жайылған қой-ешкі семірген бетегеңе.
Алпыс жыл дәурен сүрген есіл Семіз,
Әркімнің жел жетегінде кеткенің бе?

Қайырмасы:
Қос Семіз мұнарланған,
Көруге естіген жан құмарланған.
Нанын жеп, суын ішіп,
Түрлі халықтардың мейірі қанған.

Қос Семіз басың биік, шөбің сұйық,
Балаларың ойнаушы еді болып киік.
Корундіңді талап – талап алғанда,
Төсекке жата алмадым ішім күйіп.

Қайырмасы:
Қос Семіз мұнарланған,
Көруге естіген жан құмарланған.
Нанын жеп, суын ішіп,
Түрлі халықтардың мейірі қанған.


    Ақан Құмай
Алыптарды аңсау

(Д.Әлімбаевқа арнау)
Тоқтаусыз аққан,
Жыр бұлақтарым-ай.
Жылдармен бірге жылжып, ақтарылмай,
Мүсінін қашап мәңгілік жырдың,
Асқар таулардың құз қыраттарындай,
Есінде қалдың еліңнің.

Бабалар үні тылсымдау бүгін,
Шөліркеп келіп, сусындап жүрмін.
Өтірік матап, «Ұлы еді» дейміз,
Жатқа білмей-ақ бір шумақ жырын.
Жеткені мынау көзімнің.

Қалдырды бізге мұра қып бәрін,
Аз болып тұр-ау, бірақ ұққаным.
Ұсақталып  кеткен бұл күнде рухы,
Ұрпаққа қарап шын алыптардың,
Бағасын менде сезіндім.

Ақын көбейді талғамдары бір,
Жазылмай жатыр армандағы жыр.
Мәңгүрт қоғамның тілін таба алмай,
Шайыр біткендер арнау жазып жүр,
Шарабын ішіп төзімнің.

Аңсайды жаным, алыптарды ерек,
Тарихқа тағзым, танытқан дерек.
Айналу үшін барысқа елім,
Арыстан жүрек алыптар керек.
Түйіні осы сөзімнің!

P.s. Дүние төрі дүрбелең деген,
Өріліп жатыр күнде өлеңменен.
Жыр алыптарын туғызған ғасыр,


Нәрсіз ойлармен күлделенбеген

Ақталды деп айтпаңдар...
Ақталды деп айтпаңдар арыстарды,
Бола білген халқының жарық шамы.
Солар құрбан болған соң,
Өркениет,
Бір ғасырға қазақтан алыстады.

Алыстады,
Алайда, қайта оралды,
Қалғып кеткен сілкінтті ой-сананы.
Талай уақыт тамұқта тұншықса да,
Таусылмапты қазақтың айтар әлі.

Ажыратар күн туды ақ-қараны,
Ширек ғасыр азаттық аттағалы.
Арыстарды қып-қызыл империя,
Өзі соттап, өздері ақтап алды.

Тәу етіңдер, алыптар тұлғасына,
Алаш рухын шығарған қыр басына.
Солар  еткен еңбекті бүгінгі ұрпақ,
Жасай  алмас еді-ау бір ғасырда.

Сан ілімді түлеткен түрен салып,
Тектілердің арманын білер халық.
Сол тектінің бірінің жасағанын,
Бұл күнде атқарады бір орталық.

Осыдан қарап таны кім болғанын,
Ғұн болғанын, әліде Күн болғанын?!
Қарсы тұрып, қасқайып Күн Көсемге,
Қызығын қиып кеткен бұл жалғанның. 

Біз білмес олар жайлы, сірә, сыр көп,
(Білетінім – ақтығы шүбәсі жоқ.)
Алла алдында күнәсіз дей алмаймын,
Адамзаттың алдында кінәсі жоқ.          

Ақталды деп айтпаңдар арыстарды,
Алаш деуден аумаған ар-ұстамы.
Солар құрбан болған соң
Ұлттық рух,
Алыстады қазақтан,  жанышталды.

 Қасым жыры – ғасыр жыры 
Пәк сезімнің арқау қып асыл жібін,
Махаббаттың әйгілеп асылдығын.
Ай мүсінді аруға сері жігіт,
Тебірене оқуда Қасым жырын.

Туған жердің әлдилеп тасын, құмын,
Ақын жүрген бұл жерде ғасыр бұрын.
Қарт жылқышы осылай толғанып ап,
Серігіне айтады Қасым жырын.

Дауылдайын бұрқанған жасын жырдың,
Жас ұрпаққа паш етіп басымдығын.
Апайлары талапты шәкірттерге,
Ықыласпен оқып тұр Қасым жырын.

Арқалаған қайыспай ғасыр жүгін,
Бастан кешкен майданың тасыр күнін.
Майдангер қарт құшақтап шөбересін,
Күбір-күбір оқиды Қасым жырын.

Дерт меңдеген, аңсаған жасыл қырын,
Жүдеу жүздер шарпыған басын бір мұң.
Аурухана. Ортада медбике қыз,
Өмір жайлы шертеді Қасым жырын.

Зәулім үйлер қаңғыртқан басын мыңның,
Биікте өмір, төменде жатыр күйбің.
Баспанасыз  бейбақтар Астанада,
Жүрегімен жырлайды Қасым жырын.

Ғасырлардан жіберіп ғасырға үнін,
Аялаған өлтірмей асыл жырын.
Ақын рухы халқымен бірге жасап,
Тәні ғана дамылдап жатыр бүгін.

 Қара жауып тұр...
Қар жауып келеді төгіліп,
Қалықтап ұшады тоқталмай.
Қара жер күміске көміліп,
Қалың бір ұйқыға жатқандай.

 Аспан, жер ақ түске малынып,
Ақ қарға құшағын ашқандай.
Ақ ұлпа арайлы ақ үміт,
Аспаннан әкеле жатқандай.

Төгілген төбеден ақ маржан,
Тіршілік ырысын шашқандай.
Тап-таза леппен аспаннан,
Тәңірім жарылқап жатқандай

Сезіндім ерекше бір күйді,
Секілді бейне бір мақпалдай.
Сезімге сәулесін бүркиді,
Санамды сиқырлап жатқандай.

Шартарап тыныштық тапқанда,
Шашады сәулесін аспанда ай.
Шомылып ақ сәуле ақ қарға,
Шырайын кіргізіп жатқандай.

.

Хамитов Жасұлан Олжабайұлы

Сәйгүлік – көңіл
Сәйгүлікке мінсем мен,
Көңіл кетед желпініп.
Желе жорта жүрсем мен,
Аймалайды жел тұрып.
Рахатқамен бөленем,
Кең даламен сырласып.
Табысам мен өлеңмен,
Сенбесең, сен қырға шық.
Сәйгүлігім желеді,
Айдындағы қайықтай.
Көңіл шалқып келеді.
Рахат күйден айықпай.
Жылқы мінез жанбыз ғой,
Кең даласын сүйетін.
Көшпеліден қалдық біз,
Тұлпар жайын білетін.

 Өткелсіз
Өткелсіз өткел бермес асауым – ай,
Белгілі атырапқа атағың – ай.
Көктемде ашуланып кетсең егер,
Долданып шамданатын шатағың – ай.
Өткелсіз өткел бермес асауым – ай,
Ұлдарың Хан атаның жасағындай.
Өзіме биік, өзімнің асқарым,
«Тастыадыр» қызға берер жасауыңдай.
Өткелсіз өткел бермес асауым – ай,
Жуасып қалдың екен қашан бұлай?
Өзіңнің жан серігің, қарауылың,
Қарап  тұр қарт батырың – «Сақалың - ай» .
«Мүсейін, Сарыбиік» қол ұстасқан,
Серіктерің өзіңмен жолы ұштасқан,
Қос батыр, қос тарланың күзетеді.
Өзіңді қашаннан да жалықпастан.
«Қыз тамы» - аңыздардың ақиқаты,
Сақтаған Өткелсіздің сақи халқы.
Жеті қыз шомылмақ боп бұл өзенге,
Фәниге оралмастан бақи қапты.
«Нарбота» батырдың есімі екен,
Қалмақта Шешен қызға есі кеткен .
Қосылған қос ғашық қылыш үстінде,
Жаудан мерт боп, алайда өші кеткен.
Қос ғашыққа қыл үстінде табысқан,
Қалмақ жақтан ұры оқ атты алыстан.
Ынтызармен түсініскен ғашық көз,
Сөніп кетті, сөніп кетті оқыстан.
Бұл тарихты, замандасым, еске тұт,
Дала ұлдары қалдырған бір ескерткіш.
Шешенқара, Ботақара – айғағы,
Өткелсіз бен Нұра болса, елге құт.
Ботақара Нарботаға берілген,
Шешенқара, Цецен қызға телінген.
Нұра менен Өткелсіздің бойында,
Екі ғашық махаббаты көмілген.
Түбің толы тарих сенің Өткелсіз,
Куәсі боп талай тарих жеткенсіз,
Бүгіп жатыр бүткіл сырды түбіне,
Кел , замандас , үңілейік ептеп біз!
P.S: «Тастыадыр, Сақалтөбе, Сарыбиік, Мүсейін» - Өткелсіз бойындағы адырлар.
«Нарбота, Қыз тамы» - жер аттары.

Құртқа қасқырдың зары
Теледидар, ғаламторда қасқырды қорлаған бейнебаяндар өріп жүр. Қасқыр көктүркінің киесі емес пе еді?Қасқыр қорлау ойыны қашан аяқталар екен?..
(автор)
Мейірім деп жырлайсыңдар пенделер,
Аяушылықтан жұрдайсыңдар сенген ем.
Жыртқыштықта кім сендерге  тең келер,
Әлсіздерді қорлайсыңдар көнбеген.
Аумайды деп менің бабам көкжалдан,
Ұлдарыңды қасқыр дейсің топжарған.
Қасқырларың қорқау болып бүгінде,
Қымбат болды өткеніңнен боқ, жалған.
Бабаларың қырылғанда жауынан,
Бір ұл қалған шемен болып қауымнан.
Екі аяқсыз, екі қолсыз сол ұлды,
Асыраған анам құртқа  тауып ап.
Қасқыр сүтін қорек еткен сол бала,
Көкжал болып өсіпті ғой шыңдала.
Көрге тыққан көкке шыққан дұшпанын,
Бағыныпты ұлан-ғайыр маң дала.
Алтын жалды пырақ мініп қанатты,
Сол баладан көк түркілер тарапты.
Көк Тәңірге мұңын шаққан көкжалды,
Киесіне, қандасына санапты.
Құдіретті Көк Тәңірге көктегі,
Табыныпты Көк Түркі мен көкбөрі.
Ұлы дала ұрпағына мұра боп,
Ұлып өсіп талай буын көктеді.
Бұл далада менің де бар үлесім,
Намысымды бермей келем күресіп.
Бар ырзыққа тек бір өзің ие боп,
Миығыңнан маған қарап күлесің.
Мен ит емен сүйегіңе алданар,
Намысым бар сенсең менде ар да бар.
Жолдасына қас қылмайтын тектілік,
Сені білмен қасқырларда қанда бар.
Ұя сап ем көрші болып іргеңе,
Ұрпағымды қырып салдың зілдене.
Зоопаркке тірілерін саттың да,
Өмір бойы қамап қойдың түрмеңе.
Бабам дейсің сен мақтанып көк түрік,
Анам дейсің құртқа қасқыр көк тіреп.
Дүниенің жүрген кезде соңында,
Жоғалыпты түркіге тән тектілік.
Садаға кет бөріден,
Садаға кет ерімнен!
                                       22.10. 2015ж.

Жер – Ананы алтын арай аймалап,
Тағы да бір таңғажайып таң атты.
Алтын нұрды қанатына байлап ап,
Алтын жалды Күн келеді қанатты.
Күн келеді, Күн күледі жадырап,
Жүрген жері, күлген жері көңілді.
Ақтарып күн қалтасын атырап,
Алтынменен аптады ғой өңірді.
Дала жатыр күнге еркелеп көсіліп,
Алқа таққан арудайын назданған.
Жүгіреді ерке жел де төс ұрып,
Мақтаншақтау, сабырсыздау аздаған.
Күміс суға кербездене шомылып,
Құс шулайды, балық тулап айдында.
Таң шапағын көрген жұлдыз торығып,
Түсіп кетті бар еңсесі Айдың да.
Тіршілікке тіл бітіріп алтын Күн,
Таң нұрының бояуымен әрледі.
Түгін қоймай түнеугүнгі салқынның,
Түре қуып Күн батырың ерледі.
Жер-Ананың жан серігі жар Күнді,
Күтіп алып төрін берді адамдар.
Пейілімен жарылқады халқымды,
Сенбесеңдер көзімменен қараңдар.

Азаткер Алаш ұлының монологы
Кәрі құрлық балалары құтырып,
Көтергенде Жер – Ананың етегін.
Қанға шөлдеп, жыртқыштайын жұтынып,
Кетіргенде адамзаттың кетеуін.
Сарбаз болып, қару алып қолыма,
Ана алдында борышымды өтедім.
Адамзатты азат етіп жыртқыштан,
Фашизмнің сылып тастап кеселін.
Жау жайратып, қайтардым да меселін,
Адамзаттың мен еңсесін көтердім!
Құрамында генерал Панфиловтың,
Сын сағатта соғысқа сан киліктім.
Кәрі құрлық талықсып кеткен сәтте,
Донор болып, жан беріп, қан құйыппын.
Мәскеуіңді Бауыржан боп қорғадым,
Рухыммен аластадым да орманын.
«Ақиқат пен аңызға» мен айналдым,
Гитлердің таптап тастап арманын.
Нүркенмін жау жайратқан жалын болып,
Жауламаппын, көрмеппін залым болып.
Ел басына күн туған қилы сәтте,
Жауға ұштым қырандай арың болып.
Сұлтанмын, Ақеділмін, аңызбын мен,
Жайратып жау дзотын жаны үзілген.
Ерліктің елесі боп дала кездім,
Елімнен ерлер шықты сан ізімнен.
Болғанда ала құйын, ала шапқын,
Жастығымды Төлеген боп ала жаттым.
Жастандырдым, жасқандырдым жауымды,
Бақыты үшін бейбіт болашақтың.
Қасыммын Украинаға даңқым кеткен,
Жаулары қарсы келмей, тайқып кеткен.
Күркіреп көк аспандай, нажағайдай,
Дауыл боп сын сағатта жойқын өткем.
Өр Қасыммын, Сырбаймын ақынмын мен,
Баубек болып майданнан хатым келген.
Абдолла боп айқастым арыстандай,
Қажымұқанмын ұшаққа атын берген.
Ағасы Хиуаздың ер Талғатпын,
Ерлігін қырандардың мен жалғаппын.
Нүркендей қаза болған Бақтыоразбын,
Алпыс жылдай белгісіз мен солдатпын.
Ел едім аялаған аруымды,
Ер едім қолға алған қаруымды.
Ән Әлия мен Мәншүгім айбаттанып,
Фашизм, құстырды ма, бар уыңды!?
Рақымжан боп жеңіс туын желбіреттім,
Таптатпадым арымды, ерлік еттім.
Мұң басқан мыңдаған тұл жетімекті,
Құшағыма қыстым да елжіреттім.
Өмірден биік қойдым азаттықты,
Ерлікпен мен таныттым қазақтықты.
Табиғат тарпаң етті, дархан етті,
Мен елмін дүниеде ғажап, мықты!

 Әзизім, әз бабам Бұқар жырауға
Үйретпекші Батыс «демократия» хақында,
Ал үйренбесек ше кетеміз бе тақымда.
«Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» дегенді,
Біле ме екен сол батысың, затында?
Кәрі қу құрлық жүрген кезде ми батпақтап,
Менің би бабам билік айтқан, ей, тақпақтап!
Ұлы Далам мен Ұлы Бабам жайында,
Шәлтік шовинистер жазыпты ғой шатпақтап.
Ақындар бар ақбоз арғымақтай күміс жал,
Ата заманнан келе жатқан бір үрдіс бар.
Ақиқаттың алауын ақыны жаққанда,
Аттан түскен ханы да батыр ту ұстар.
Демократия дарыған даладан қалаға,
(Кей кезде шындық көлеңкеде қалады, ә)
Асан қайғы, Бұқар жырау, Махамбеттер,
Алмас жырмен теңгерді ханды қараға.
Қазақтан ұшқанда бір кездерде қонақ бақ,
Жеңіске жеткенде жоңғар дейтін «қонақ жақ».
Арқалы топтан Бұқар жырау табылды,
Санасына сан батпан ақыл қонақтап.
Ай тұлғалы  алашымның ақылмандары,
Атой салған арыстандай ақырғандары.
Бірлік жырын көмекейден Бұқар төккенде,
Ақ туды сүйді, «елім» деп аһ ұрғандары.
Ақ туды сүйді, шүберекке жанын түйді,
Арғымағының тізгіні мен жалын түйді.
Ата жер ме ары үшін шаһит арыстарды,
Ақ еділ жүрегім мен жомарт жаным сүйді.
Бүгіндері бетке айтар ер санаулы – ақ,
Көбісі жүр ғой көбік сөйлеп, құр танаулап.
Жантықтың жаман тонын кимедім оларша,
...Ақындарша жыр жазамын алаулап.



                                                     
                                  

Комментариев нет:

Отправить комментарий