Фото архив

Шат зираты "Беғазы-Дәндібай" мәдениеті












__________________________________________________________________

1916 жылғы  тыл жұмыстарына қатысқан тыл ардагерлері.

 Көштайұлы Жәнібек
(1895 - 1965)
    Туыстар арасында Кіші әке атанған, жамбасы жерге тигмеген палуан. Қоянды жәрмеңкесінде сан рет күреске түсіп түйе палуан атанған. Шормановтардың үлкен асында атақты палуанын жығып бас бәйгеге ие болған. Колхоз құрлысына белсене араласқан.
           
  Омарұлы Салық 
1884 - 1969 
               Шын есімі Салық, жеңгелері мінезіне орай Қисық деп атап кеткен. 1916 ж. Патша жарлығымен тыл жұмыстарына қатысқан. Ауылдан аттанған 8 адаммен бірге Рига қаласында, Пльшада болған. Колхоз құрылысына белсене араласып түрлі  жұмыстарды атқарады. Совхоз тұсында ветсанитар қызметін атқарып мал емдеген. Сонымен қатар ел ішінде емсек сынықшы кісі ретінде белгілі болған.
   
 Салыққызы Зубайра (1907-1964)
Омарұлы Сыздық (1895-1972)
    
    Павлодар облысы,  Баянауыл аудыны  Үміткер ауылында 1895 жылы дүниеге келген (сол жылдары осылай аталған). Шаңтимес, Қызылтұмсық, Алшынбайда фермаларында колхоз, совхоз малын  бағып адал еңбек еткен. Совхозда адал еңбегі үшін Қарағанды облысы қазіргі Бұқар жырау ауданында «Еңбек ері» медальімен марапатталған. Сыздық ата, Зубаира анамызбен 1917 жылы отау құрған. Үш қыз, екі ұлын тәрбиелеп, халқына еңбегі сіңетіндей етіп өсірді.




    Жүнісұлы Құсайын
        (1888 - 1974) 

   Үміткер ауылының тумасы. Ел ішінде үлкен абыройға ие болған, үш облыстың Қарағанды, Павлодар, Жезқазған облысының кісілері жиі келіп дертіне шипа тауып ақыл - кеңес алып отырған. Ескіше саутты медициналық білімі де жоғары болған. Тыл жұмысында жүргенде елге хатты өлең жолдарым жеткізген.


50 - жылдардағы Үміткер

 1950 жыл. Түлкібай ата жанұясымен. Ашаршылық жылдары атаның елге көп көмегі тиген.


1954 жылғы фото. Бисенқызы Қазиман, Оқапқызы Зура.
Дуана апа атанған Зура апа Көшербай абыздың немересі,  көріпкелдік қаситімен ел құрметіне бөленген әлі күні ел аузында.
1958 жылғы фотода Омарұлы Салық
және оның баласы Ыбырайым, келіні Майдаш
немерелері Сәуле және Саят.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі фото


Блялов Құсбек (1885 - 1981)
Үміткер ауылының  тумасы, жастайынан колхозда жылқы, қой баққан, шөп шабу нақаны кезінде мая тұрғызған. Ауылдан аттанған 8 азаматтың бірі болып 1916 жылғы тыл жұмысына қатысқан.


Қойекеұлы Қазтай
(1898 - 1971)
Үміткердің ең алғашқы тракторшы, механизаторы. 
Колхоз, совхоз құрылысына белсене араласқан. 


Ырзаұлы Түсіп
(1902 - 1977)
Қазан төңкерісінен кейін қуғынға ұшырап, Нұра ауданына көшіп бой тасалайды. 1954 жылы елге оралып колхоз-совхоз құрлысына белсене араласады. Зейнеткерлікке шыққанша вет.санитар болып еңбек етті. Ескіше сауатты, өте инабатты, малда кісі болған.
Жұмаділдә Әлиәкбарұлы
(1906 - 1983)
Кеңес заманында байдың баласы деп көп қуғындалған, колхоз - совхоз құрлысына белсене қатысқан, шешендігімен, ақындығымен ерекшеленетін.
Ахметұлы Жанабіл (Қара) Ленин орденінің иегері. Көп жыл шахтыда еңбек еткен, зейнетке шыққан соң совхоз құлысына араласты.

Омарова Бибіғайша Оңайбекқыз
1890 - 1957
Тыл жұмыстарына қатысқан тыл ардагеріКөп балалы ана ашаршылық жылдары басқа балаларынан айрылып, тек үлкен ұлы Ыбырайым ғана тірі қалған. Өте мейірбан адам ретінде ел ішінде құрметке бөленіп (Жақсы апа) аталып кеткен.

Алғашқы тракторшылардың бірі 



Жұмабеков Ғабдуәли Әбдікәрімұлы
(1940 - 1992)
Медицина ғылымының кандидаты, лор-дәрігері.

Шопандар мерекесі 1964 жыл. Какимов Сағымбек, Ақан ата.

Еңбек озаттары. 1972 жыл.

Маханова Айша (1912-1993),  Маханов Пазыл Тікейұлы (1907-1978). Тыл ардагерлері.

60 жылдардағы фото.



Балпанов Бәкіш 
(1918 - 1981)
Тыл ардагері.


Роза Бағланова Үміткер ауылында. 1948 жыл.
Алпысбай, Төлеу Түлкібаевтармен.


Роза Бағланова Үміткер ауылында. 1988 жыл.


Ахметұлы Әшкен 
(1890 - 1973)
Ұлы Отан соғысының қыйын кезеңінде Үміткер колхозында бригадир болып қызмет атқарған, ауыртпалық көріп қамыққан ел адамдарына шамасы келгенше көмектесіп, Ұлы жеңіске өз үлесін қосқан азаматтардың бірі болған.


ҰОС ардагері А.Итжанов жұбайы Кәлима және немересі Ернатпен.

Ешмағамбет Асқарұлы 
(1893 - 1980)
1916 жылғы Ұлт - азаттық көтеріліске қатысқан.


Қаратаев Алдажұман
(1922 - 1956)
Тыл ардагері. 

 1945 жылғы сурет.А.Итжанов майдандастарымен.

Ақшолақов Темірғалы
(1905 - 1990)
Құрмет белгісі орденінің иегері.

Кантарбаевтар Қазбек Тұрғынбекұлы, Тұрғынбект Әбілдәұлы (1913 - 2000), Ерден Тұрғынбекұлы (1946 - 2014).


Күлжан апа. 1968 жыл.

Жәнібеков Төлеу, Қаратаев Қабылда
1960 шы жылдар.

Еңбек озаттары. 1972 жыл.
Мәскеу қаласы. 1977 жыл.
Ауыл дүкендері
60 -70 жылдар.
60 -70 жылдар.
60 -70 жылдар.
Төрткөл мектебінің ұстаздары. 1982 жыл.
Соңғы қоңырау. 1984 жыл.



Комментариев нет:

Отправить комментарий