Мәдени жаңалықтар

Ауылым

Туған жер, бір нүктесі алып жердің,
Алыптың құшағында жатыр елім.
Іздесең ерте тұрып, кеш жататын,
Ауылым арасында төбелердің.

Өзгеріс болып жатқан заманымда,
Табиғат өзгермеген ауылымда.
Баяғыдай күн шығып шығысынан,
Баяғыдай батады батысына.

Ағады «Шат» өзені жалқауланып,
Қар суын «Қарасуға» айналдырып.
Теңіздің тамшысындай болған суға,
Ай-жұлдыздар жататын бәрі сыйып.

Іңірде малдың шаңы тез тарқамай,
Шайырдың иісі аңқиды барлық маңай,
Зарлайды сәл жел тұрса шидің басы,
Қорқыт-Ата ойнаған қыл қобыздай...

Халқымның сөзі жатар тереңіңде,
Билерім ақылдасқан күл төбеде.
Қазақтың бар тарихы жазылғандай,
Ауылдың шетіндегі төбелерге...
Бейбіт Ашкенов


1970 жылдары құрылған Қарлығаш ансанблінің жетекшісі
Адвакасов Болат Құрмашұлы.
Қарлығаш ансанблін ұйымдастырушылардың бірі, әнші, музыкант Исатаев Бисенбай.
Қарлығаш ансанблін ұйымдастырушылардың бірі, әнші Идрисов Еркін.
Қарлығаш ансанблінің әншісі, музыкант Аюпов Сайлау.
Қарлығаш ансанблінің мүшесі, музыкант Рахимов Алексей. 
 Аудан сахнасында Қарлығаш ансанблі. 1977 жыл.
Адвакасов Болат, Ерлан Асанов, Аюпов Сәкен және әнші Арыстанбекова Сауле.
Ансамбль әншісі Әшимова Бижамал  және Кошжановтар Рахат, Аман.
Ансамбль мүшелері: Б.Ашкенов, А.Бексеитов, Р.Кожанов, С.Аюпов.
Ансамбль мүшелері: Қ.Темірғалиев, М.Газалиев, А.Шохшин. К.Қазыбекова.

ВИДЕО:  Қарлығаш ансанблінің концерті
ВИДЕО: Қарлығаш ансанблінің концерті

ВИДЕО: Ауылым.

ВИДЕО: Модельді кітапхананың ашылуы

ВИДЕО: Аудан жаңалықтары. Сармантай батырдың асы.

ВИДЕО: Аудан жаңалықтары. Жаңа мектептің ашылуы.

Комментариев нет:

Отправить комментарий