Соғыс, тыл және еңбек ардагерлері


Ұлы Отан соғысының ардагерлері

ЕР ЕСІМІ-ЕЛ ЕСІНДЕ 

73-жыл өтті, міне, содан бері
Еске аламыз өзіңді Жеңіс күні.
Сол жеңістің көрсеткен бұл жемісі
Ұрпағыңның есінде қалар мәңгі.





Абикеев Махмет 1913 жылы   
туған. Ворошилов РӘК-нен 1941 жылы соғысқа шақырылған. Қатардағы жауынгер. I дәрежелі Отан соғысы орденімен “Германияны жеңгені үшін” медалімен марапатталған. 1945 жылы елге оралды. 1975 жылы зейнеткерлікке шықты. 1992 ж. өмірден өтті


Отыншин Ошақбай

      1920 жылы туған. Ворошилов РӘК-нен алынған. Ұлы Отан соғысының ардагері, I топтағы мүгедек. Украин соғысына қатысқан қатардағы жауынгер. II дәрежелі Отан орденімен “Германияны жеңгені үшін” медалімен марапатталған. 1943 жылы елге оралған. 1983 жылы зейнеткерлікке шыққан. 1999 жылы қайтыс болды.

 РЕЗИН ШАЛАБЕК 

   1918 жылы туылған. Соғысқа РӘК-нан алынған.Ұлы Отан соғысының майдангері, қатардағы жауынгер. Прибалтика соғысына қатысқан. II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. 1946 жылы елге аман-есен оралды. Үміткер орта мектебінде ұстаздық қылды да, 1978 жылы зейнеткерлікке шықты.

Отыншин Мендібай 

     1923 жылы туған. Соғысқа Ворошилов РӘК-нен шақырылған. Ұлы Отан соғысының ардагері, Украин соғысына қатысқан, старшина. I дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. 1949 жылы елге оралған. 1983 жылы зейнеткерлікке шыққан. 2007 жылы 23 қаңтарда дүние салды.



Қабирахманов Аңсар   


1923 жылы туған. Соғысқа Ворошилов РӘК-нен шақырылған. Ұлы Отан соғысының ардагері, Украин соғысына қатысқан, қатардағы жауынгер. I дәрежелі Отан соғысының орденімен, “Германияны жеңгені үшін” медалімен марапатталған.
1947 жылы елге оралған. 1983 жылы зейнеткерлікке шыққан. 1998 жылы қайтыс болды.


Бердалинов Жақия
          1906 жылы туған. Соғысқа Ворошилов РӘК-нен 1942 жылы шақырылған. Ұлы Отан соғысының ардагері, I Белорус соғысына қатысқан, қатардағы жауынгер. Қызыл Жұлдыз орденімен “Германияны жеңгені үшін” медалімен марапатталған. 1945 жылы елге оралған. 1975 жылы зейнеткерлікке шыққан. 2004 жылы қайтыс болды.



Итжанов Алпан
         1923 жылы туған. Омбы РӘК-нен соғысқа шақырылған. Ұлы Отан соғысының ардагері.
    II топтағы мүгедек. Украин соғысына қатысқан, кіші сержант. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, “Германияны жеңгені үшін” медалімен мараппатталған. 1946 жылы елге оралған. 1983 жылы зейнеткерлікке шыққан.

ВИДЕО А.Итжанов



Қабдиев Қасым
            1920 жылы туған. Соғысқа Ворошилов РӘК-нен шақырылған. Ұлы Отан соғысының ардагері. Қиыр Шығыс соғысына қатысқан, қатардағы жауынгер. II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. 1946 жылы елге оралған. 1980 жылы зейнеткерлікке шыққан. 2004 жылы қайтыс болды.



Манкаев Сарбас
      1921 жылы дүниеге келді. Ворошилов АӘҚ-қа шақырылды. Қатардағы жауынгер. Алыстағы Шығыс майданында болған.
“2-дәрежелі Ұлы Отан” орденімен, “Германияны жеңгені үшін” медалімен марапатталды. Соғыстан оралған соң, ауылда еңбек етті. 1999 жылы дүние салды.


Қасымов Қуанышбай
     1922 жылы дүниеге келген. 1941 жылы АӘҚ-қа шақырылды. Белорус майданында болған, қатардағы жауынгер. Соғыстан оралған соң ауылда ауыл шаруашылығында еңбек етті. 1978 жылы дүние салды.



Серкебаев Қабиден
      1923 жылы дүниеге келді. 1942 АӘҚ-қа шақырылды. Белорусь фронтында болған, қатардағы жауынгер. Жауынгерлік ерлігі үшін, Берлинді алғаны үшін медалдармен марапатталды. Соғыстан оралған соң, ауылда бухгалтерлік агроном, ауыл басшысы, провкомның мүшесі, ҚР Партиясының инспекторы болып істеді, 1973 жылы дүние салды.


Траев Шалабай
     1916 жылы дүниеге келді. АӘҚ-қа 1941 жылы шақырылды. Украин майданында болды, қатардағы жауынгер. “Германияны жеңгені үшін” медалімен марапатталды. Соғыстан оралған соң, ауылда жұмыс істеді. 1961 жылы дүние салды.






Батырбеков Иманғали
    1901 жылы дүниеге келді.
АӘҚ-қа 1942 жылы шақырылды. Украин фронтында болған  қатардағы жауынгер. Соғыстан аман-есен оралып, ауылда ауыл шаруашылығымен айналысқан. 1961 жылы зейнеткерлікке шыққан. 1979 жылы Үміткер аулында дүние салды.




Шохшин Мұрсал
1902 жылы дүниеге келді. 1942 жылы АӘҚ-қа шақырылды. Украин майданында қатардағы жауынгер болған. Соғыстан оралған соң, ауылда еңбек етті. 1962 жылы зейнеткерлікке шығып, 1976 жылы дүние салды.






Идрисов Қалкен
    1924 жылы дүниеге келді. 1942 жылы АӘҚ-қа шақырылды. Украин фронтында болған, лейтенант,
“1-дәрежелі Ұлы Отан соғысының орденімен” және “Қызыл Жұлдыз” медалімен марапатталды. Соғыстан оралған соң, ауылда ауыл шаруашылығында еңбек етті.
1972  жылы Үміткер аулында дүние салды.



Ахметов Мансұр
    1924 жылы туған. Соғысқа Ворошилов РӘК-нен алынған.
Ұлы Отан соғысының ардагері,
II топтағы мүгедек, старшина.
2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, “Германияны жеңгені үшін” медалімен марапатталған.  1946 жылы елге оралған.




Айдарбеков Қуантай
    1921 жылы туған. Соғысқа Ворошилов РӘК-нен алынған. Ұлы Отан соғысының ардагері, II топтағы  мүгедек. Украин соғысына қатысқан, қатардағы жауынгер. Қызыл Жұлдыз орденімен, 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, “Германияны жеңгені үшін”  медалімен марапатталды. 1946 жылы елге оралған. 1981 жылы зейнеткерлікке шыққан. 2004 жылы қайтыс болды.



Шериазданов Рапық
     1916 жылы туған. 1941 жылы соғысқа шақырылған. Украин соғысына қатысқан, аға сержант. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, “Германияны жеңгені үшін” медалімен марапатталған. 1948 жылы елге оралды. 1976 жылы зейнеткерлікке шыққан. 1990 жылы қайтыс болды.



Жетішев Қартабай
    1911 жылы туған. Соғысқа  Ворошилов РӘК-нен алынған . Ұлы Отан соғысының ардагері. Украин соғысына қатысқан, қатардағы жауынгер. 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, ”Германияны жеңгені үшін” медалімен марапатталған. 1946 жылы елге оралған.
1973 жылы зейнеткерлікке шыққан. 1996 жылы қайтыс болды.


                                             Мустафин Бейсенбай
    1907 жылы туылған. 1941 жылы Ворошилов АӘҚ-қа шақырылған. Соғысты Москва қаласынан бастап, Берлинге дейін жетіп, сержант шеңінде аяқтаған. “Жауынгерлік ерлігі үшін”, “Берлинді алғаны үшін”, “Праганы алғаны үшін” , “Қызыл Жұлдыз” медаль, ордендерімен марапатталған. 1945 жылы Ұлы жеңіске жетіп, ауылға оралды, ауылда еңбек етті. 1984 жылы дүние салды.



Шошимов Шерғали  
     1915 жылы туған. Соғысқа Ворошилов РӘК-нен шақырылған. Ұлы Отан соғысының ардагері. Бірінші Украин соғысына қатысқан, қатардағы жауынгер. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. 1947 жылы елге оралған. 1987 жылы зейнеткерлікке шыққан. 2002 жылы қайтыс болды. 



Әркеев Хамит
     1894 жылы туған. 1943 жылы Ворошилов РӘК-нен  әскер  қатарына шақырылып,
1945 жылға дейін әскери міндетін атқарған. Соғыстан оралғаннан кейін бейбіт өмірде, Отанымыздың көркеюіне үлес қоса отырып, зейнеткерлікке шыққанға дейін  ауылдағы ұстаханада ұсташы болып істеген. Халыққа, Отанына деген сіңірген  ерен еңбегі үшін «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. 1977 жылы 1 қарашада дүниеден өткен.




Какимов Қауыз
    1908 жылы 8 маусымда Үміткер ауылында дүниеге келген. 1941 жылы АӘК-қа шақырылды. 1945 жылы әке-шешесіне қара қағаз келеді. 1947 жылы жоғары жақтан тірі екендігі туралы хабар келеді де, көп ұзамай өз отбасына қуанышпен қауышады. 1987 жылы 
28 желтоқсанда дүние салды. 


                                            Қабдиев Смағұл
      1924 жылы 10 мамыр күні  туған. Соғысқа 1942 жылы алынған. Украин Соғысына қатысқан, қатардағы жауынгер.
ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен және мерекелік медалдармен марапатталған. 1945 жылы елге оралған. 1984 жылы зейнеткерлікке шыққан. 1991  жылы 12 қараша  күні қайтыс болған.


ВИДЕО: Еске алуСоғыс ардагері: С.Қабдиев

Диқанбаев Сағынтай
       1920 жылы наурыз айында орта шаруа отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы №34 мектепте мұғалімдіктен бастап, жоғары білімді аяқтамай әскерге алынады. Соғыста танк командиріне дейін көтеріліп, Солтүстік Кавказ, Брянск шайқастарында
18-десант әскерімен қатысқан. 1945 жылдың маусым айында туған жеріне аман-есен оралады. «Қызыл Жұлдыз», «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Кавказды қорғау», «Германияны жеңгені», «Жуков» медальдары атамыздың кеудесінде жарқырайды. 1980 жылы зейнеткерлікке шығады.  2011 жылы 29 қыркүйекте дүниеден өтті.

БАТТАЛОВ ЖӘКІБАЙ 
     1919 жылы туған. Соғысқа Ворошилов РӘК-нен 1940 жылы  алынған. Ұлы Отан  соғысының  ардагері, ІІ топтағы мүгедек. Сталинград соғысына қатысқан, аға сержант. ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. 1945 жылы елге оралған. 1975 жылы зейнеткерлікке шыққан. 2004 жылы дүние салды. 



Арыстанбеков Әбдіғалы  
 
    1925 жылы туған. Соғысқа Шет  РӘК-нен шақырылғанҰлы Отан соғысының ардагері, қатардағы солдат, әуе десант полкінде болған. Ұлы Отан соғысының  ІІ топтағы мүгедегі. Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. 1989 жылы  Қ. Бабаев
совхозында зейнеткерлікке шыққан. 2011 жылы 14      мамырда дүние салды.  


                           
                                              Әбішев Қасым Әбішұлы 
                     
 1923 жылы туылған. Педагогикалық училище бітірген. Ақмола облысы, Қорғалжың ауданында мұғалім болып жұмыс жасаған. Үміткер колхозында Жұмабеков Әбдікәрім бас бухгалтер, оның көмекшісі болып Қасым Әбішұлы қызмет атқарған. 1943 жылы құрбылары майданға аттанып жатқанда, өз еркімен әскер қатарына барады. Сол 1943 жылы туыстарына бір хат келеді, онда семей қаласында әскери дайындықта жүрміз жуырда майданға аттанамыз деп жазады. Содан кейін еш хабарсыз кетеді. Жйені Әбілғазин Қайыр «Бармысың бауырым» хабарына іздеу салады, бірақ одан әлі хабар жоқ.

Жанибеков Қайыржан

   1924 жылы Үміткер ауылында туған.                                       1942 жылы Ворошилов аудандық әскери бөліміне шақырылып, қатардағы жауынгерлікке қабылданады.            Ұлы Отан соғысы кезінде 278 -ші атқыштар полкінің 178 девизиясының   қызыл әскер мүшесі болған.
1943 жылдың 12 тамызында ауыр жарақат алып қайтыс болды.   Курск Мемориалының 9-шы қорғанында жерленген.

                     
 Быжықаев Балтабай 
Үміткер ауылында дүниеге келген. 
Мамандығы құрлысшы, Үміткер колхозындағы үй, дирмен, склад, және т.б. кешендерді салуға ат салысқан. Өз еркімен 1941 жылы майданға сұранып, Сталинград түбіндегі шайқастан кейін хабар - ошарсыз кеткен. 





Айнашев Сәйкен

1922 жылы 5 мамырда туған. 1942 жылы Ворошилов РӘК-нен алынған. Ұлы Отан соғысының ардагері.
II топтағы мүгедек. Қатардағы жауынгер. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, “Германияны жеңгені үшін” медалімен марапатталған. 1944 жылы елге оралған. 1982 жылы

Қ. Бабаев совхозында зейнеткерлікке шыққан. 2008 жылы дүние салды.



Ақпанбаев Қойшы(Жұматай)
1920 ж  - 1946 ж.

Ұлы Отан соғысында алған көптеген медальдары бар және Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталған. Майданнан жаралы оралып, сол жарақатының асқынуынан қайтыс болған.






                             
     Ақпанбаев Адеш 
                                                                                     1905 ж  - 1967 ж .
Үміткер ауылының тумасы, колхозда көп жыл бригадир болыпт істеген.Ұлы Отан соғысында алған көптеген медальдары бар, Кеңес армиясының Иран мемлекетіндегі құрамында болған. Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталған.



Ақпанбаев Кенжебек
    1922 жылы дүниеге келген. Соғысқа Петропавловск РӘК-нен алынған, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ленинград фронтында лейтенант болған, ІІ топтағы мүгедек. «Қызыл Жұлдыз»,
«ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен  және көптеген медальдармен марапатталған.1945 жылы елге оралған.Зейнеткерлікке шыққанға дейін колхоз, совхоз құрылысында қызмет еткен. 1989 жылы Қ.Бабаев атындағы совхозда зейнеткерлікке шыққан. 19 желтоқсан 1995 жылы дүниеден өтті.



Әшкенов Амантай 
   1922 жылы 10 – шы қаңтар айында Баянауыл ауданы, Үміткер ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. 1932-1937 жылдар аралығында Қарағанды қаласындағы Жамбыл атындағы мектепті бітіреді. 1939-1940 оқу жылында Петропавл қаласындағы педагогикалық учелищеге түсіп, 1942 жылы сол оқу орынынан армия қатарына алынады. «II дәрежелі Ұлы Отан Соғысы» орденімен марапатталға. Қиыр Шығыстағы соғыс қимылдарына қатысып 1947 жылы жеңіспен елге оралады.
1947 жылдан бастап ұстаздық қыметті Буденный колхозында бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастайды. 1955 жылы жанұялы болғаннан кейін, аудандық оқу бөлімі Үміткер сегіз жылдық мектебіне бастауыш сынып мұғалімі етіп тағайындайды. 1966 жылдан бастап Үміткер он жылдық орта мектебіне ауыстырылады. Осы мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып, құрметті демалысқа шыққанға дейін қызмет атқарады. Қызмет барысында педагогикалық шеберлігін, еңбек сүйгіштігін көрсете білді. Ол оқушылардың әр қайсысымен ерекше тіл тауып, терең де тиянақты білім бере білді. 1990 жылы 1 қараша айында дүниеден қаййтты.  

Ашимов Шайхы 
1920 жылы дүниеге келген. Соғысқа  Ворошилов РӘК-нен алынған, Ұлы Отан соғысының ардагері, ІІ топтағы мүгедек. Сталинград фронтына қатысқан қатардағы жауынгер. «І дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін»  және «Ұлы Жеңістің 25-30-40» медальдарымен марапатталған. 1945 жылы елге оралған. 1981 жылы зейнеткерлікке шыққан. 2002 жылы 22 мамырда дүниеден өтті. 
  
Искаков Қалымтай
 1900-1984 жылдар аралығында өмір сүрген. Соғысқа Ворошилов РӘК-нен  алынған. ІІ Украин  фронтының құрамында болып, Берлинге дейін барған. Соғыстағы ерлігі үшін “ІІ дәрежелі  Отан соғысы” орденімен, Даңқ орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін совхозда тракторшы, бригадир, шофер болып жұмыс істеген.


Кулов Қырбас
      1926 жылы дүниеге келген. Соғысқа Ворошилов РӘК-нен алынған. Қиыр Шығыс майданындағы шайқастарға қатысқан Ұлы Отан соғысының ардагері. І топтағы мүгедек, старшина. ”І дәрежелі Отан соғысы” орденімен және  көптеген медальдармен марапатталған. 1950 жылы елге оралған. Зейнеткерлікке шыққанға дейін түрлі басшы қызметтерін атқарған. 1986 жылы зейнеткерлікке шыққан.

Тұрғамбеков Дүйсенбай Тұрғамбекұлы
 (02.01.1923 ж - 07.05.1979 ж.)  

Еңбек жолы: Үлгі жетіжылдық мектебінің түлегі. 1940 жылы Қарағанды қаласындағы екі жылдық мұғалімдер института түсіп,  Үлгі орта мектебінде (1940-1941), Семізбұғы орта мектебінде (1941-1942) қазақ тілі және әдебиеті пәнінен сабақ берді. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына Солтүстік-Батыс майдан бағытындағы шайқастарға қатысты. Майдан газеттерінде, оның шайқастағы жауынгерлердің ерлігі туралы мақалалары жиі жарияланып тұрды. Сондай-ақ майдандағы саяси өмірге араласып, батальон комсоргі болды. Ірі шайқастардың бірінде, ауыр жараланып, 1943 жылы кіші лейтенант атағын алып, елге оралды.    

Мағзұмов Қабылтай
(1918-2010)
     1918 жылы Баянауыл ауданы 6-ауылда, кәзіргі Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ақжар ауылында туған. 1930-1932 жылдары Петропавлдағы коммунада болады. 1935-1938 жылдары Қарағанды тау - кен техникумының ГЭМ-нің III курсын бітіріп, 1938-39 жылдары бір жылдық Обл ОНО-ның жанындағы физика-математика  курсын бітіріп, осы ауданның Үміткер орта мектебіне мұғалім болып барады. 1941 жылы майданға аттанады. 1942 жылы Воронеж, 1943 жылы Белград, Орел, Курск және Харьков бағыттарында майданда болып, екі рет ауыр жараланады. 1946 - 1950 жылдар аралығында Үміткер мектебінде мұғалімдік қызметін жалғастырады. 1950 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанша Ақжар ауылында қызмет атқарады. ҰОС бірінші дәрежелі орденімен, бірнеше төсбелгілермен марапатталған. «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері», Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасының» иегері.
  
Қасенов Қаппас
(1920-1990)
   1941 жылы АӘҚ-қа шақырылды. Белорус майданында болған, қатардағы жауынгер. Көптеген марапаттары бар. Соғыстан оралған соң ауылда ауыл шаруашылығында еңбек етті.

                   

   Оспанов Мардаш
       (1921-1983
    Төрткөл ауылының тумасы.  Соғысқа Ворошилов РӘК-нен  алынған. ІІ Украин  фронтының құрамында болып, Берлинге дейін барған. 1981 жылы зейнеткерлікке шыққан. Көптеген орден, медалдары бар. 

Адуақасов Құрмаш(Құрманбай)
(1918-1975)
   1940-1946 Армия қатарында болады. Майданда сапер болып, коптеген  орден, медалдарға ие болады. Жапон соғысына қатысып, елге аман - есен оралады. Г.К. Жуковтан алған алғыс хаты бар. Соғыстан оралған соң ауылда малшы болады. 



Әлжанов Құттыбай (1888-1988) Берлинге дейін барған көптеген орден, медалдары бар. Соғыстан оралған соң көп жылдар дүкенші болды. Ел құрметіне бөленген азамат.


Ыдырысов Махмет    Бекенұлы
 (1926-1990) 
                                                                    1943  жылы майданға шақырылған  Украин  
фронтының құрамында болған кіші лейтенант II дәрежелі  Отан соғысы  орденімен және көптеген медалдармен марапатталған. 1945-1947 жылдары Қарағанды облыстық қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарады. Одан кейінгі жылдары оқу - ағарту саласында еңбек етеді. Ульянов ауданында Үлгі, Киров, Пушкин атындағы орталау, Петровка, Калинин орта мектептердің директоры болып қызмет етеді.  Зейнетке шыққанша білім беру саласында қызмет атқарды. 

        
    Мусин Айтпай 
(1902-1988)
     
Төрткөл ауылының тумасы. Жерді өңдеу серіктестігіне еніп (1927), сонан соң «Төрткөл» ұжымшары мүшесі болды. Фашистік  басқыншылардан  Отанды қорғауға 1941 жылы кетіп, 1943  жылы еліне оралған. Ұжымшарда шопан, жылқышы болып жұмыс істеген. Еңбектегі жоғары жетістіктері үшін «Қазақ КСР социалистік мал шаруашылығының еңбек сіңірген шебері» атағына ие болып (1968), ІІ  дәрежелі Отан соғысы, Ленин орденімен, «Ерлік еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне», «Тың жерлерді игергені үшін» медальдарымен марапатталған.


Смайлов Қабылда Боранбайұлы
(1916-1983)
     Төрткөл ауылының тумасы. 1941 жылы майданға аттанып 1944 жылы аман - есен елге оралған. Ауылда механизатор және малшы болып еңбек етті.  Көптеген орден, медалдары бар.
9 мамыр Ұлы жеңіс күні.

Ұлы жеңістің 60  жылдығы.




 Ешкім де  ұмытылмайды, 
ештеңе  де ұмыт қалмайды.    



Ұлы Отан Соғысы жеңісінің 60 жылдығына ЖШС «Нұрхан» фирмасының директоры Жанибеков Нұрланның демеушілігімен құрылған ескерткіш алаңы.

1945-2005
 

ВИДЕО: Ұлы Жеңістің 70 жылдығы



Тыл ардагерлері


АУЫЛЫМЫЗДЫҢ  ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ



               Ырзаұлы Жәмін 

10 шілде 1904 жылы Қарағанды облысы, Ульянов ауданы, 

 Үміткер ауылында Қызылтұмсық қыстағында дүниеге келген. Ескіше сауатты, білімді болған. 1992 жылғы 8 желтоқсан күні 88 жасында дүниеден өтті. Ұлы Отан соғысы жылдары еңбек армиясында болып тыл жұмыстарына қатысқан. Соғыстан кейін дирменші қызметін атқарып колхозшылардың бидайын тартқан. Совхоз құрылғаннан кейін МТМ – де ұста болған. Қарағанды шахтасында Садық (Қара) екеуі жұмыс істеген. Зейнетке шыққаннан кейін Үміткер ауылында қой бағып қойшы болған. 1985 жылдан қатыс болғанға дейін ауылдың бас имамы болды. Жәмін атаның еңбек сүйгіштігі, ақкөңілдігі мен адамкешілігі халықтың ықыласы мен сүйспеншілігіне бөленге жан еді. 


Ыдырысов Бекен
(1898-1978)
   
 Далба болысының №4 ауылының тумасы. 16 жасынан орыс деревнясында кулактарда жалшылықта жүрді (1914-1925), Семізбұғы кенішінде геологиялық барлау экспедициясында жұмыс істеп, кейіннен забойшы болған (1925-1938). Шалқар селолық кеңесі (қазіргі Шалқар ауылы) атқару комитетінің төрағасы болып сайланды (1938-1944). Төрткөл ұжымшарының төрағасы (1944-1951), одан кейін тағы да Шалқар селолық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып 1961 жылға дейін қызметін атқарған. Қазақ КСР үкіметі тағайындаған «Қазақ АКСР-не 15 жыл» арнайы белгісімен марапатталған.

Бижанов Жұмажан Қажиұлы. 
                              (1918-1982)  
Ішкі істер органының қызметкері, КСРО ІІМ үздігі. Баянауыл ауданы № 4 ауылының тумасы. Ташкент милиция мектебін бітірген (1940). Ворошилов ауданына (қазіргі Бұқар жырау ауданы) жолдама бойынша жіберілген. ҰОС жылдарында арнайы комендатураның бастығы болып, қарақшы, тонаушы, қашқындармен мейірімсіз қарсы күрес жүргізген. Жаңаарқа ауданында социалистік меншікті ұрлау қауіпсіздік бөлімі бастығы (1953), Жамбыл кентінің ішкі істер бөлімінің бастығы (1957), Шет аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (1960). Ульянов ауданының Красный Октябрь (қазіргі Ақөре ауылы), Бабаев атындағы кеңшарларында учаскелік инспектор болып қызмет атқарды (1969-1974). Көптеген медалдармен марапатталған.

Үміткер ауылының коммунистері

Аюпова Балкен, Торбаева Зекен, Хамиқызы Әдия, Жетишева Сағынтай, Бояубаева Серікжан, Нұғманова Ұмсын.



Ниязбеков Қайри

    (1929-1997)
        
      Үміткер ауылының тумасы, механизатор. Еңбекке жас кезінен араласып, тракторшы, тракторшылар бригадасының бригадирі болған. Кеңшарда гараж меңгерушісі болған. Ауыл шаруашылығын өркендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін  өндіруді арттыруда қол жеткен табыстары үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен (1972), «Тың жерлерді игергені үшін» (1957), КСРО халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің қола (1972) медалімен марапатталған. Еңбек және тыл ардагері. Өзінің адамгершілігімен ел құрметіне бөленген адам.

                     
      Жанибеков Кайролла 
   
   Қарағанды  облысы, Бұқар-Жырау ауданы,Үміткер ауылында 1932 жылы наурыз айының 5 - ші жұлдызында дүниеге келген.
Кайролла ағамыз еңбек жолын Ұлы Отан соғысының отты жылдарында  10 жастағы бала кезінен бастады. Бұл кезде ер азаматтар түгел туған елін қорғауға майданға аттанып кетіп, елде, шаруашылықта қалған еңбеккерлердің көпшілігі әйелдер мен балалар еді. Қажырлы еңбек етер ер азаматтардың саны өте аз, саусақпен санарлықтай.  Сондықтан ағамыз сияқты жастар мектептегі оқуын аяқтамай еңбекке араласады. Өзінің бүкіл болмысына көз жүгіртер болсақ, жүрегі тек «елім» деп соққан қарапайым ғана бозбала намысты қолдан бермеді. Өзі атқарған қай жұмыста болсын, сол істеген қызметінің ауқымында елі үшін қандай шаруа тындыруға тиісті екендігін әрқашан ақылға салып, алыстан ойлап отырады. Бірнеше жыл шопан болып еңбеккке араласады. 1955 жылдың қаңтар айында шешеміз Қорлықайыңмен шаңырақ көтереді. Сол кездегі абзал ақсақалдарымыз ағамыздың алғырлығын жоғары бағалап, кітапхана қызметіне ауыстырады, ол жылдары жастарды ұйымдастырушы «Қызыл бұрыш» - дейді екен.
Кәкеңді колхозшы деп те санаймыз. Өйткені қырық жыл табан аудармай ауылшаруашылығына еңбек сіңірген. Совхоз кездері рабочком, одан совхоз директорының орынбасары қызметін атқарды. Ауылшаруашылығын өркендету кезінде абыроймен орындап, талай рет орден,  «Еңбек ардагері» медалға да, мақтау қағаз, дипломдарға да ие болды.   Қайролла аға, анамыз Қорлықайың дүниеге 8 ұл 2 - қыз әкеліп, өсіріп, оқытып тәрбилеген. Бәрі оқыған, жоғары мамандық иелері, қазір еліміздің сан саласында абыройлы еңбек етіп келеді. Үлкені Гүлстан  «Нұрали» ұжымының басшысы, Мадина Ынталы ауылында беделді ұстаз, ұлы Нұрлан ауылымыздың құрметті азаматы,Үміткер ауылының гүлденуіне еңбек сіңірген  демеуші. Қарағанды қаласындағы  «Нұрхан» фирмасының басшысы,  Нұрбай «Әсем» ШҚ басшысы, Ақлима  «Дән-Мол» ШҚ басшысы, Нұртай  «Кенесары» ШҚ  басшысы, Нүркен  «Жантөре»  ұжымының басшысы, кенже ұлдары Ерхан  «Әбілқайыр» ұжымының басшысы.
Әкеміз бен шешеміз мәпелеп өсірген сегіз баладан  29 немере,12 шөбере бар.
Елінің, жұртының алдында қадірінше еңбек етті. Бар әулетке жетерліктей абырой атағы болды. Елі мен халқының қамын жеген  азамат осындай болса керекті.

   

Алпысбаев Қиқым Алпысбайұлы
Алпысбай Қиқым 1936 жылдың 22 қыркүйегінде Қарағанды облысы қазіргі Бұқар жырау (бұрынғы Ворошилов, Ульянов) ауданының Үлгі  аулында дүниеге келген. Алпысбай Қиқым 1936 жылдың 22 қыркүйегінде Қарағанды облысы қазіргі Бұқар жырау (бұрынғы Ворошилов, Ульянов) ауданының Үлгі  аулында дүниеге келген.
1941-1945 соғыс жылдары көктемде сақманда, егін салу, мал пішуге көмектесті, жазда шөп шабу жұмыстары, қой қырқу, күзде егін жинап және қырманда молынан еңбек етті.
Үлгі мектебін 1953 жылы бітірді. Үлгі колхозында 1954 жылы колхоздың қозыларын бағушы шопан ретінде бастаған.
Спортпен шұғылданған. Спорттың волейбол түрінен ауданаралық жарыстарда Үлгі командасының сапында бірнеше рет бірінші орынды иеленген. Үлгінің волейбол командасы 1956-1962 жылдары Ульянов (Ворошилов) ауданы бойынша тек бірінші үш үздік команданың қатарынан көрініп жүлдегер атанып жүрген. Ауыл өміріне белсене араласып,  ауыл оркестрінде домбырада ойнап талай аудандық, облыстық жарыстарға қатысты.
1959 жылдың қаңтары мен 1960 жылдың желтоқсаны аралығында тракторшы.
1961 жылдың наурызы мен желтоқсаны аралығында әртүрлі жұмыстарды істеді.
1961 жылы колхоздар ірілендіріліп, бірнеше колхоздар біріктіріліп Қылыш Бабаев атындағы совхоз ұйымдастырылды.
1962 жылдың қаңтары мен желтоқсанына дейін қоймашы.
1963 жылдың қаңтарынан бастап Үлгі бөлімшесіне қатардағы есепші болып тағайындалып, 1967 жылдың желтоқсанына дейін осы қызметті атқарды.
1968 жылы Целиноград (қазіргі Астана) қаласындағы ауыл шаруашылық институтына сырттай бухгалтерлер факультетіне оқуға түсті (қазіргі Қазақ агротехникалық университеті) және оқуды бітіріп бухгалтер мамандығын алып шықты.
1968 жылы Ульянов ауданы Қ.Бабаев атындағы совхоз орталығының бас бухгалтері көмекшісі болып тағайындалды.
1969 жылдың қаңтарынан бастап өмірінің соңына дейін (26.01.1992ж.) бас бухгалтер болып қызмет атқарды.   
Қызмет істеген жылдары тек қана кеңсе қызметімен айналыспай, ауыл өмірінің өркендеуіне ат салысты. Ауылдағы «Балдырған» екіқабатты балабақша ғимаратын салуына және ашылуына ат салысты, сондай-ақ ауыл тұрғындарына арналған мәдени орталықтың, ауылға су құбырын жүргізілуіне және т.б. жұмыстарды жүргізу үшін керекті ұйымдармен келіссөздер жүргізіп, ұйымдастыру мәселелерімен айналысты.
         Алпысбайұлы Қиқым өмірде өте қарапайым адам болған. Қазіргі таңда адамдардың бойында көп кездесе бермейтін адами қасиеттерге ие болған.
Өмірінің соңына дейін түгел ағайындардың басын қосып, қолынан келетін көмегін көрсетіп, ақылын айтатын үлкен абыройлы ел ағасы болатын. Үйінен қонақ үзілмейтін, келген қонаққа барын жайып салатын көңілі кең азамат болды. 
Дүниеге 10 бала әкеліп тәрбиеледі. Барлығы жоғары оқу орнын тәмәмдаған, қазіргі уақытта әртүрлі қызмет атқарып жүр.
Бірнеше медальдармен марапатталған. 1992 жылдың 26 қаңтарында ауыр науқастан кейін дүниеден озды.



Әшкенұлы Жәлелтай
(1933-1991)
      Үміткер ауылының тумасы, бірінші категориялы дәрігер. Оқыуды ауылдың бастауыш мектебінде бастап, 10 – сыныпты Қарағанды қаласындағы №2 мектеп – интернатында бітірген. Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетін 1958 жылы ойдағыдай бітіріп, туып – өскен еліне келіп 25 төсектік уцаскелік ауруханасында бас дәрігер болып өмірінің соңына дейін қызмет атқарады. Өзі хирург әрі терапевт, бала дәрігері, акушер – геноколог болғандықтан уақытпен санаспай, кеншардың Үлгі, Төртқөл, Шат бөлімшелеріне өгіз, ат – арбамен тұрғындарға тиісті медициналық көмек көрсетіп отырды. Осынау ерен еңбегі үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. Әлі күнге ел ішінде Жәкең айтты деген қанатты сөздері айтылып жүреді.

 
 
Шайхин  Таубебай Нүркішұлы
(1937-1992
      Еңбек жолын 1954 жылы, Алабас ауылында тракторист, механик, комбайнер болып бастаған. 1959-1960 жылдары  Пушкин  совхозында бас инженер болып қызмет атқарды. 1960 -1963 жыл аралығында  Қарағанды қаласының  жоғарғы партия мектебінде оқыды. Құрама бөлімшесінде 1964 жылдан - 1970 жыл аралығында меңгеруші қызметін атқарды. Шайхин  Таубебай Нүркішұлы өзі қызмет қылған жылдары  өзін еңбекте көрсете білді. Сол еңбегінің арқасында, жоғары қызмет ұсынылды. 1970 жылы Үміткер ауылына  партия комитетінің хатшысы болып сайланды. Бұл қызметті 1970-1985 жыл аралығында атқарды. Шайхин Таубебай Нүркішұлы биязы мінезді, үлкенге іні, кішіге ағалық қамқоршы болып өте жақсы қызмет атқарды. 1985 жылы Үміткер ауылдық кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл қызметті 1985 - 1989 жыл аралығында атқарды, қай қызметте істеседе өзін жақсы жағынан көрсете білді. Ескілікті әңгімелерді жақсы білетін, тілге шешен, ұтымды пікір айтатын, ел силайтын азамат еді.

Әбікеев Төлеп    Махметұлы
 (
1937-1997)
 1964 жылы Қарағанды ММИ бітіргеннен кейін Тельман ауданының Токаревка кентінде хирург дәрігері болып қызмет атқарды. Көптеген күрделі оталарды сәтті жасаған, оның ішінде травматологиялық оталар.
 1992 жылдан Қазақстан Халық Емшілері Ассоциациясының мүшесі ретінде көптеген сырқат адамдарға жәрдемі тиді.
Ерен еңбегі үшін Мемлекет тарабынан көптеген марапаттарға ие болды 
“Денсаулық сақтау ісінің үздігі”, “Ерен еңбегі үшін”, “Еңбек ардагері” төс белгілерінің иегері.
      1997 жылы 17 қаңтарда ұзаққа созылған ауыр науқастан көз жұмды.


Ахметов Абдрахман
(1908-1974)

  1933-1950 жылдары  Қарағанды қаласында шахтыда бригадир болып жұмыс істеген.
1950 жылы Үміткер ауылына келіп малшы болған. Еңбек Қызыл Ту” ордендерімен бірнеше төсбелгілермен                                       марапатталған.



Қазтаев Қайрат
    1930 жылы мамыр айында Төрткөл ауылында, 18 жыл бір темірдөңгелекті трактор мінген алғашқы механизатор Қойекен ұлы Қазтай ақсақалдың жанұясында дүниеге келген. Ауылдың төртжылдық  мектебін бітіргенде, соғыс басталып, 11 жасынан колхоздың  қара жұмысына араласып, көктемде бұқа жеккен соқаға ие болып, жазда шөп шауып, күзде ораққа араласып жүріп, 1944 жылы Семізбұғының жеті жылдық  мектебін үздікпен бітіріп, сол Төрткөл ауылының дүкеніне ие болған.
      1948 жылы күзінде Қарағанды Тау – кен техникумының жеті айлық дайындық курсін бітіріп Үміткер колхозының бас есепшісі болып қызметке орналасқан.
      1949 жылы наурыз айында комсомол қатарына кірген, ал келесі жылы Қазақ оқу комбинатының 3 айлық есепшілер дайындау курсын бітірген.
   1957 жылы 2 тамыз айында сырттай Бүкілодақтық колхоз есепшілердің бухгалтерлік курсын Петропавл қаласында үздік оқып бітірген.
        1958 жылы партия қатарына қабылданған.
  1964- 1969 жылдары жаңадан ашылған өзіміздің ауданның Октябрь мал бордақылау совхозында бас бухгалтер болып еңбек етіп, қайта ауылға келіп Бабаев  строй участкіде десятшик болып қызмет атқарған.
   1971 жылы Қарағанды облысы Ульянов ауданында сырттай Үміткер орта мектебінің толық курсын  бітіріп,  ал
    1972 жылы сырттай Целиноград ауыл шаруашылық институтына түсіп оны 1977 жылы бітіріп ауыл шаруашылығының бухгалтер экономисі деген мамандыққа ие болды.
  1973 жылы сол Целиноград ауыл шаруашылық институтының 3 айлық колхоз совхоздардың бас мамандарына арналған курсын бітіріп совхозға экономист плановик болып тағайындалды. 1981 жылдан бас экономист болып, дүниеден кеткенше 19.04.1989 ж. сол қызметке жұмыс атқарған.
       Қоғамдық жұмысқа белсене қатысып өмірінің  ақырғы 16 жылын ауылдың халық ( контроль) бақылау комитетінің  председателі болған.
Какеңнің адал еңбегін үкімет пен партия бағалап  20.04.1956 жылы  Жоғарғы Совет Президиумының атынан «За освоение цеменных земель» медалімен, 12.04.1985 жылы «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 г» медалімен, 02.06.1988 жылы «Ветеран труда» медалімен марапатталды. Әр түрлі диплом  грамоталары бар. 



Ахметова Қапиза
(1911-2002)
 11 жылы Ақжар ауылында дүниеге келген. 1928 жылы Үміткер ауылына келін болып түсіп, сауыншы болып және басқа да әр түрлі жұмыстарда жүрген. “Тыл ардагері медалімен марапатталған.” 

                    
  Баяубаева Серікжан
     (1920-1998)
   1920 жылы туған. Колхоз – совхоз құрлысына белсене араласқан. 1946 жылы наурыз айында Қарағанды облысының Қазақстан КП Ульянов аудандық комитетінің мүшесі болған. 



  Батталова Мариам 
(1928-2007)
       Батталова Мариам Бәженқызы
1928 жылы Алабас ауылында туған. Ұлы Отан соғысы кезінде ауыл шаруашылық салаларында  жұмыс істеген. 2007 жылы дүние салған.  «Тыл ардагері». 

Аширбекова  Нағи 
(1922-2012)
    

  1922 жылы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Кедей шаруа отбасында өскен. Жеті жылдық білімімен мектепті бітірген. Соғыс  кезеңінде пошта қызметін атқарған. Одан кейін Үлгі негізгі мектебінде әр түрлі жұмыстар атқарған. 1984 жылы зейнеткерлікке шыққан.

       Абдыкадирова Майдаш 
   1924 жылы Үміткер ауылында дүниеге келген. Отыз жеті жыл бойы ұстаздық қызметін атқарды. «Еңбек және тыл ардагері» және «Қазақ КСР – не еңбек сіңірген ұстаз» Майдаш апамыз соғыс жылдары егіс алқабында егін салып, ауыр жұмыстар атқарған. Бес бала тәрбиелеп оларға жоғары  білім алуларына бағыт – бағдар берген. Жолдасы Садықов Ыбрайым марқұм ағамызбен бірге Үміткер орта мектебінде көп жыл ұстаздақ еңбек атқарған  
                                                   
   Серкебаева Әше
1929 жылы Баянауыл ауданына қарасты Ақшиман ауылында дүниеге келген.  Ашаршылық жылдары 1932 жылдары Қарағанды облысына қоныс аударған. Қарағанды қаласында Шахтада жұмыс жасаған. 1949 жылы Серкебаев Қабиден (марқұм) екеуі отау құрған. Бірнеше жыл Үміткер ауылында есепші, рабочком хатшысы болып еңбек атқарған. 1973 жылы жолдасынан айрылып, сегіз баласымен орта жолда жалғыз қалған. Бүгінде Әше апамыз «Тыл ардагері» атағына ие болып отыр. Жолдасы Қабиден Серкебаев «соғыс ардагері».


                 Қабирахманова                                     Күлтай                   Бақтыбайқызы
   Қабирахманова Күлтай 1934 жылдың 1-ші маусымда Үміткер ауылында дүниеге келген. Соғыс басталғанда жеті жастағы қыз бала дала қосында егін салып, өгзібен жер жыртып, мал баққан. 1945 жылдан совхоздың құрылуына еңбек еткен. Жолдасы Қабирахманов Аңсар «соғыс ардагері». 1966 жылдан 1983 жылға дейін Үміткер совхозында сауыншы болып еңбек еткен. Бес бала тәрбиелеп өсірген. Соғыс кездеріндегі еңбектері бағаланып «тыл ардагері» медалі берілген.



Жанибекова Қорлығайым
(1935 - 2014)
   1935  жылы 18 қыркүйекте Ақжар ауылында дүниеге келген. Колхоз кезінде сауыншы, қойшының көмекшісі болып басқа да түрлі жұмыстарды атқарған. Ұлы Отан соғысы кезінде тыл жұмыстарына қатысқан, көп бала тәрбиелеген ардақты ана.


   
  Мұстафин  Мұхамеджан
  1932 жылы Егіндібұлақ ауданында өмірге келген. 1940 жылға дейін Қарағанды облысы станция «Сортирововочнаяда» тұрған. 1940 жылдан 1957 жылға дейін Егіндібұлақ ауданы көлемінде еңбек етті. 1957 жылдан Семіз – бұғы руднигінде 10 сынып бітіріп, Қарағанды қаласынан энергетик білімін алып шығады. Теміртау қаласында мамандығы бойынша жұмыс жасаған. Одан 1964 жылы Қ.Бабаев совхозында подстанцияда электрик болған. 1965 жылдан 1973 жылға дейін аудандық милиция бөлімшесінде жүріп, Қ.Бабаев совхозында учаскелік инспектор болған. 2014 жылы өмірден озды.

Жұматов Әнуарбек
     1935 жылы дүниеге келген.


1943 - 44 жылдары колхоздың бұзауларын баққан, кейін  механизатор, шофер болып жұмыс істеген. Зейнетке шыққаннан соң, мүшенің малын бақты. «Еңбек және тыл ардагері»


                       Қабдығали Байжұманұлы
                                   (1940-1994)
    
Қабдығали Байжұманұлы Үміткер ауылының тумасы, өмірге 1940 жылы келген.
Әкесі Байжұман Өршелеков Қанай ұрпағынан, адамгершілігі мол, адал таза адам болған. Үміткер колхозының өркендеуіне көп үлес қосқан адам. Қанышер, жауыздардың қолынан колхоз мүлкін қорғауда қаза тапқан.
Қабдығали жасынан пысық,а лғыр болып өседі. Сабақ үлгерімі жақсы болғанмен де жетім бала ауыл мектебін бітіргенсін әрі қарай оқуға мүмкіндігі болмай колхозда жұмыс істейді. Механизатор мамандығын игереді.Ауыр жұмыстың қиындығын көтеріп қана қоймай озат колхозшылар қатарына кіреді.
Еңбек сүйгіштігінің арқасында трактор бригадирінің көмекшісі, механик, бригадир қызметіне жоғарылатады және осы жұмыстарды аброймен атқарады. Осы жұмыстарды совхоз кезінде де істейді. Еңбектері еленіп «Құрмет белгісі» (1976), «Еңбек қызыл ту» (1972) ордендерімен,т ың және тыңайған жерлерді игергені үшін медальдарымен марапатталады.
Қабекеннің еңбек сүйгіштігін, ауылдастарымен қарым-қатынастарын ерекше айтып өткен орынды.
Тракторлардың қай маркасын болсын, басқы да ауылшаруашылық техникаларын жете меңгерген.
Қабекен бөлімшедегі бар техникаларды тоқтаусыз жүргізіп, науқанды жұмыстардың уақытылы орындалуын  қамтамасыз етуші еді.
Таңертеңнен кешке дейін, керек болса түнде жөндеп ертеңгі жұмысқа дайын етіп қоятын. Қандай шаршап-қажып жүрсе де бір реніші болмайтын.
Осындай еңбегімен механизаторлар, ауылдастары алдында абыройлы болды. Бәрі сыйлап, еркелетін біздің Қабең дейтін. Ауылдастарының бар қуанышымен, қиындықтарын бірге бөлісті. Үлкенді сыйлып, кішіні еркелетіп отыратын. Ауыл тұрғындарымен бірге той-думанды қыздыратын.  Әдемі, әсем даусымен халық әндерін, сүйікті композиторлары Шәмшінің, Әсеттің әндерін нақышына келтіріп орындайтын.
Сүйген жары Рысты екеуі бақытты отбасын құрған адамдар. Өмірге 9 бала әкеліп, бәрін оқытып, тәрбиелеп өсірді. Балаларның бәрі тәртіпті, ата-ана парызын аброймен атқаруда.




 Адешов Зейнолла  

      (1936-2003)
Үміткер ауылының тумасы, Үміткер ауылында бірнеше жыл шопан болып отбасымен қой баққан, зейнеткерлікке шыққанша механизатор болып еңбек етті. Қажырлы еңбегі бағаланып Еңбек Қызыл Ту Орденімен және Еңбек Даңқы Орденімен марапатталған.
                              
                                                                                 Қарасартов Мәзәли
                                Имашұлы                                                                                                      
 1931 жылдың 9-қарашасында Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы қазіргі Ж.Аймауытов ауылында  әулиелі Қызылтаудың баурайында дүниеге келген. Әкесі Имаш, шешесі Қаныкей қарапайым еңбек адамдары болған. Өткен ғасырдың 30-жылдарындағы қиын кезеңде ата - анасы Семей облысы Жарма ауданына қонысаударып, өзі сонда орысша жеті жылдық мектепті бітіреді. 1949 жылы әкесі Имаш қайтыс болуына байланысты
Қарағанды облысы бұрынғы Ворошилов (бүгінде Бұқар Жырау) ауданының Үлгі колхозына көшіп келіп, еңбекке ерте араласып, жесір анасымен жетім қалған екі інісі мен
бір қарындасына қамқор болады. Әуелде колхозшы ретінде жұмыс істеп, Үлгі орта мектебінде шаруалық, интернат менгрушілігін атқарады.
      Мәзәли Имашұлы 1961 жылы құрылған Қылыш Бабаев атындағы кеңшардың алғаш уығын қадасып, оның экономикасының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан жандардың бірі. Сауатылығының және іскерлігінің арқасында ол әуелде кеңшар директорының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары, Үлгі бөлімшесінің меңгерушісі болып, 1967 жылдан өмірінің соңына дейін қашан кеңшар таралғанша отыз жыл прораб болып еңбек етті. Оның басшылық және ұйымдастырушылық қабілеттері дәл осы кезеңде жарқырай көрініп, ауыл құрылысы ғарыштай дамыды. Жергілікті жастардан қаншама шебер құрылысшыларды тәрбиелеп шығарды. Атап айтқанда, Зәкәрия Әшмұқанов, Белгібай Айтмолдин, Мұрат Маханов, Володя Путятин, Сақани Мазенов, Төлеу Ақтаев сынды жастар өз ісінің білгірі атанды.
Бұл жылдарда кеңшарда жасақталған құрлысшылар бригадалары мен көмекке келетін студенттік құрылыс отрядтары, мердегер ұйымдардың күшімен кеңшар орталығы Үміткер және Үлгі, Төрткөл, Шат бөлімшелерінде жаңа мал қоралары мен жайлы үйлер, типтік үлгідегі мектеп, балабақша, клуб ғимараттары салынып, жолдар жөнделіп, әр үйге ауызсу тартылып, олар көрікті елді мекендерге айналды. Осы атқарылған шаруалардың басы - қасында  жүріп, өзіндік қолтаңбасын қалдырған білікті басшы, іскер маман Мәз Имашұлы Қарасатов ел алғысына бөлініп, аудандық, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының құрмет грамоталарымен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
Жұбайы Тұрымтай Түсіпқызы Рүстембековамен екеуі жеті баласын тәрбиелеп өсіріп, немере сүйіп, Мәз Имашұлы 1998 жылдың 6 маусымында өмірден озды.
                         
    Жүнісов Үмітжан 
(1938 - 2016)
  
            Үміткер ауылының тумасы, жастайынан холхоз - совхоз еңбегіне араласқан, механизатор Қ. Бабаев атындағы кеңшардың мүшесі (1954 - 1961). Кейіннен ұзақ жылдар бойы тракторшы болып жұмыс істеген (1961). Еңбек Қызыл Ту (1971), 3 - дәрежелі «Еңбек Даңқы» (1980) ордендерімен, «Еңбекте үздік шыққаны үшін» (1957) медалімен марапатталды. Құрметті демалысқа шыққаннан кейін ауылдың бас имамы болып тағайындалып, ауылдастарды имандылыққа шақырып, тәрбиелеуде үлкен жұмыстар атқарды. 2016 ж. 13 сәуірде дүниеден қайтты. Еңбек және тыл ардагері. Өзінің инабаттылығымен ел құрметіне бөленген адам.
      
Смаилов Нұрғали Жолдыкенұлы
(1939-2003)


1939 жылы 14 қарашада Қарағанды облысы Ульянов ауданы Қ. Бабаев атындағы совхоздың Төрткел ауылында дүниеге келген. 1958 жылы Үлгі орта мектебін оқып бітірген. Отан алдыңдағы борышын атқаруға 1958 жылы барып, 1961 жылы келген. Әскерден келісімен Ақмола ауылшаруашылық институтының агрономия факултетіне оқуға түседі. 1964 жылы оқуды аяқтап Қ.Бабаев атындағы совхоздың Төрткөл бөлімшесіне агроном болып орналасады. 1970 жылы партия қатарына қабылданады сол жылдардан Қ.Бабаев атындағы селолық кеңесінің төрағасы болып тағайындалған. 1975 жылы Қ. Бабаев атындағы совхоздың №4 бөлімшесінің басшысы қызметіне тағайындалады. 1977 жылы совхоздың орталығы Үміткер ауылына №1 бөлімшесінің басшылық қызметіне ауыстырылады. Өзіне жүктелген қызметін абыройлы атқарып, әр жыл қорытындысы бойынша мадақтау грамотасы, алғыс хаттар жоғарғы наградалар алып отырған. 1973 жылы «За трудовое отличие» медалімен марапатталады. 1978 жылы Қ. Бабаев атындағы совхоздың жұмысшылар одағының төрағасы қызметін 1992 жылға дейін атқарады.

Нұржанов Шайзында Жағыпарұлы
1944 жылғы Төрткөл ауылының тумасы. 1960 жылдан бастап механизатор болып қызмет атқарды. Үміткер ауылына көшіп келіп механизатор, бригадир болып табысты еңбек етті. Жүрген жерінде өзінің іскерлігімен, жанға жайлы жайма-шуақ мінезімен, орынды қалжыңымен орта толтырып жүретін азамат ретінде үлкен жұмыстар атқарды. Аттай 30 жыл табан аудармастан техника тізгіндей жүріп, талай ігілікті шаралардың ұйтқысы бола білді. Бірнеше жылғы еңбегі бағаланып (1972 ж.)  Құрмет Белгісі орденімен, (1980 ж.) III-дәрежелі Еңбек Даңқы орденімен марапатталған. 1972 жылы КСРО халық шарушылығы саласындағы жетістіктері үшін КСРО БХШК қола медалымен марапатталды. 1973 жылы облыстың үздік механизаторы ретінде құрмет тақтасына есімі жазылды. Жанұялық жағдайымен 1999 Қарағанды қаласына көшіп, зейнеткрелікке шыққанша ТОО «Корпорация Казахмыс» ұжымында жемісті еңбек етті. Көптеген мадақтау грамоталарына ие болды. «Еңбек ардагері», қазіргі уақытта құрметті демалыста.

Әрінов  Айткеш Көкенұлы
( 1938 - 2013)

     Қарағанды қаласыңда  дүниеге  келген. Әкесі  Көкен Әрінұлы  соғыс біткенше  дейін  «Шахтер»  болған, соғыс  бітісімен  туған  ауылына  яғни Карағанды  облысы  Бұхар жырау (Ворошилов) ауданы Үлгі колхозына көшіп келеді. Үлгі орта мектебін  бітіреді. 1961  жылынан  Бабаев  кеншарында бухгалтериянын кассирінде    қызметін   бастап, 1970 ж  шілдесіне  дейін  бас  бухгалтеріне дейін қызметін     атқарды. 1974 ж.   аяғында  қараша  айынан 1975 ж.  мамыр айына  дейін  Озёрный кеншарында бас бухгалтерінің  орынбасарының қызметін  атқарды. 1975 ж. мамыр айынан 1997 ж  көктеміне дейін Бабай атындағы кеншарда  бөлімше бастығы, экономист, бухгалтер қызметінде жұмыс істеді. 1997 ж. көктемінде кеншардың  таратылуына    байланысты 1997-98 ж (Үлгі)  Сарыөзек шаруа қожалығында басшы, бухгалтер қызметін істей жүріп, зейнетке шықты. Аринова Төкіш Мұқатайқызы екеуі 5 ұл және 2 қыз туып - өсіріп  жеткізді. Бәріде  жоғары білімді. Балалары Төлеген Айткешұлы әскери борышын Ауғаныстан жерінде интернационалдық борышын өтеп батырлық көрсетті.  Қайырбек Айткешұлы подполковник  шенінде зейнеткерлікте, Марат Айткешұлы полковник шенінде әлі Отанымызға қызмет етіп жатыр. Ерболат Айткешұлы жоғары білімді ұстаз. Әлібек Айткешұлы, Әсемгүл Айткешқызы, Бибігүл Айткешқызы еліміздің әр түрлі салаларында қызмет етіп жатыр. Әрінов Айткеш Көкенұлы өмірден бірнеше немере шөбере көріп өтті.

Маханов Қазали Базылұлы
(1937-2001)

Қазали Базылұлы 1937 жылдың 1-ші ақпанында Ворошилов  ауданында дүниеге келген. Әкесі Базыл   шопан болған. Анасы Айша үйде бала қарап, үй шаруасымен айналысқан.
Қазали атамыз бес балалы, оның ішінде апасы және үш інісі бар, бес балалы отбасында, екінші бала болған. Ол кісі кішкентайынан еңбекқор, білімге құштар болған. Төрт жасында оқыс жағдайға түсіп, оң қолынан айырылғанына қарамастан, өмірден еш түнілмей, өзін ешкімнен кем санамаған.
Мектепте де үлгілі оқу және өнегелі тәртібімен әрдайым ілгері қатардан табылған. Қазали Базылұлы 1957-1958 жылдар аралығында Қарағанды облысы, Шахта ауданы қаласындағы №5 қазақ орта мектебіне оқуға түсіп, мектептің толық курсын бітірді. Мінез-құлқынан өте жақсы деген баға алып, оқыған пәндерінен жақсы білім дәрежесін көрсеткен.
Қазали атамыз Рахима Хамитқызымен отауласып, шаңырақ көтерді. Ол отбасында адал жар, тоғыз баласына, төрт ұл, бес қызына қамқор әке болды.
Қазали атамыз еңбек ету жолын  1957-1961 жылдар аралығында Бабаев атындағы колхозға мүше болудан бастаған. 1961 жылдың 20-шы наурызынан бастап  Бабаев атындағы колхоздың совхоз жұмыскерлер қатарына диспейчер ретінде қабылданған. 1961 жылдың 15-ші қазанында құрылыс бойынша келістіруші қызметіне ауыстырылған. 1965 жылдың 19-шы тамызында бөлімшенің бас есепшісі (бухгалтер) ретінде ауыстырылған. 1969 жылдың 25-ші ақпанында  келістіруші ретінде аударылған. 1969 жылдың 8-ші сәуірінде МТМ есепшісі болып ауыстырылған. 1969 жылдың 27-ші қарашасында ЖКО есепшісі болған. 1971 жылдың 16-шы қарашасында ондық құрылысшыларды дайындауға арналған бір жылдық курсына жіберілген. 1972 жылдың 23-ші маусымында бір жылдық курсты бітіргеннен соң, оңдық (десятник) болып тағайындалды. 1989 жылдың 2-ші қаңтарында күрделі жөндеу бойынша ұста болып аударылды. 1992 жылдың 13-ші қазанында мүгедектік бойынша зейнетке шығуына байланысты жұмыстан шығарылды.
Білім алу жағына келетін болсақ, Қазали атамызға 1968 жылдың 29-шы наурызында Мичурин ауылшаруашылық техникумында есеп және қаржы мамндығы бойынша кәсіби біліктілігін жоғарлату мектебін бітіргені туралы куәлік алған. 1972 жылдың  15-ші қыркүйегінде Целиноград Мемлекеттік құрылысшылар мектебінде оқығаны туралы куәлік алған.
2001 жылдың 2-ші мамырында Қазали атамыз 63 жасында өмірден қайтты.


1 комментарий: