Бұқар жырау ауданының атақты тұлғалары

Бұқар жырау ауданының атақты тұлғалары


ВИДЕО: Бұқар жырау ауданының 70 жылдығы

ВИДЕО: Бұқар жырау ескерткішінің ашылу салтанаты

Бұқар жырау Қалқаманұлы.
      (1668-1781)
 ХVІІІ ғасырда өмір сүрген ойшыл, ақын,  жыраулық дәстүрдің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері. Замана талқысына түскен шақта елдің елдігін, намысы мен арын, жері мен суын сақтап қалған қасиетті ұлдарының бірі – Бұқар жырау  Қалқаманұлы.
Жаугершілік заманда сергелдеңге түскен Әз Тәуке хан ордасымен Түркістаннан әрі Бұқара Шәріпке қоныс аударды. Осы жерлерді қазақ ертеден  өз жерім деп иеленіп, еркелетіп Жиделі Байсыным дейтіні бар. Осы жерге келіп, ел есін жинаған уақытта Әз Тәуке хан ерекше жарлық қылып, қалмақ қонтәжісі  Қалдан Бесоқтыға елшілік дайындауға кіріседі.
Елшіліктің абыр-сабыры кезінде нәрестелі болған Қалқаман батырдың шаңырағына  Әз Тәуке өзі келіп, жөргектегі нәрестенің маңдайынан иіскеп: «Ел - бұқара  қамын ойлар азамат болсын.  Ғұламалардың қаласы -  Бұқара қаласында туды, кеудесіне ой қонған бала болсын» деп есімін Бұқар қойған. 12 жасқа келгенге дейін «мылқау бала» атанған, тек мүшел жасқа келгенде ғана тілі шыққан, шыққанда жай сөйлемей, жырлап сөйлеген  көрінеді.
Белгілі шежіреші  Мәшһүр Жүсіп айтуынша: «Өз заманыңдағы  жандар бұл кісіні «көмекей әулие»  деседі  екен. Қарасөз білмейді, сөйлесе  тек көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен».
Бұқар жырау өзінің ұзақ өмірінде  Әз-Тәукеден  бастап, Қайып, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Күшік, Әбілқайыр, Барақ, Абылай  сынды - тоғыз ханды толғаумен талай - талай тарихи оқиғаларды басынан  кешкен. Әз Тәуке ханнан кейінгі хандармен ортақ тіл табыса алмаған Бұқар тек Абылай ханның бас ақылгөй биі болған. Ол Абылай ханға үлкен үміт артып, оның  ел басқарудағы саясаты  мен жорықтарын қолдады. Абылайдың іс-әрекеттерін асыра мақтап, оның асқақ  бейнесін жасауға дейін барады.  Алайда, жырау ханның барлық іс - әрекеттерін, саясатын түгелдей қостай бермеген. Үлкен мәні бар әлеуметтік мәселелер  төңірегіндегі келелі кеңеске көнбеген тұста ол ханды аяусыз сынап, ащы шындықты бетке айтып отырған.
Далба тауының етегіндегі Баба кесенесі
Атақты  Қалқаман  батырдың  баласы  Көмекей  әулие  өз  басы  қара  таяқты  кедей  болған. Бұқар  жырау  зерлі  тон  кимеген, не  жорға  мініп  жүрмеген. Жігерін  құм  қылған  жоқшылық, шайпау  қатын, қуғын - сүргін  өмірді  тағдыр  оның  маңдайына  жазыпты. Алайда, жыраудың  бақыты - жарда  да, малда  да емес  екенін  өзі  былай  айтады:
Бірде: «Қазына  қайда?» - деген  Абылай  ханға  жырау: «Басы  жеткен  жігіттің  екі  езуі  қазына: бір  езуі - алтын, бір езуі - күміс, аузы - қазына» - депті.
Бұқар  жыраудың  бізге  жеткен  мұрасы - 1300 жол  ғана. Ал, шынында   бір  ғасыр  бойы  көмекейі  бүлкілдеп, аузынан  тоқтаусыз  інжу - маржан  сөз  төккен  жыраудың  шығармалары  том - том  болары  хақ.
Белгі тас
«Бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтын өмірі, Айыптын сабыры, Аплатонның ақылы керек» деген  шежіреші   Мәшһүр  Жүсіп  бабасының  өлмес  жырларын  бала күнінен  жаттап, жадында  сақтап  өскен, бір  емес, екі  мәрте - 800 жолдай жыр көшіріп, «Қарамесіне» салып  сақтап  кейінгі  ұрпаққа  жеткізген. 1927 жылы  түсінде  берген  аян  бойынша  Далба  тауының  етегіндегі  400 қорым   арасынан  бабаның   моласын  анықтап, басына  қызыл  тастан  белгі  қойып  кеткен. Ал  кейінгі  ұрпақтары  ауданымыздың  белгілі  азаматы  Әмірханов  Шопанай   ағалар  бастауымен  1993  жылы           325 жылдық  тойы  республика  көлемінде  аталып  өтіп, биіктігі  18 метр кесенесі  тұрғызылған.
1990 жылы  Қытайдың  астанасы  Пекиндегі  байырғы  Маңжың  патшалығының  қоймасы  аталатын  Хуаншишың  сарайында  сақталып  келген  940 жолдық  Бұқар  жыраудың    36 толғауын  белгілі  тарихшы  Мұхтархан  Оразбайұлы  тауып, асыл  мұраны  біздерге  жеткізген.
Далба тауы
Бұқар  жыраудың  өсиеті: «Бұқар  қария  күтушілерінен  далаға  алып  шығуды  өтінеді. Жырау  созалаң  қимылмен  қарсы  беткейдегі  қарағанды  дөңді  нұсқап: «Мен  дүниеден  қайтқанда  аманатқа  сақтап  Әзіретті  Сұлтанға  апарып  қоймаңдар. Қыс  ішінде  әуре  болып  қарбаласқа  түспеңдер. Маған  осы  Сарыарқаның  төсінің  топырағы  бұйырсын, әйтпесе  елдің  құты  қашады, ырысы  кетеді. Басыма  қорған  тас  үйіңдер, әспеттеп  бейіт  көтермеңдер. Менің  кием  осы  Сарыарқаға  ие  болсын. Қазақтың  ендігі  Жиделі  Байсыны - осы  жер» - деген  екен.
«Ел бастау қиын емес -  қонатын жерден көл табылады,
Қол бастау қиын емес - шабатын жерден ел табылады. Бәрінен де шаршы топта сөз бастаудан қиынды көрген жоқпын», - деген Бұқар жырау өз заманыңда алқалы топты тамсандырған, қалың қауымды соңынан ерткен  көсемсөз иесі, шешендік  өнерді кемел меңгерген ділмәр. 1993 жылы  өткізілген  тойдағы «Бұқар жырау және оның заманы» театрландырылған  көрініс - қойылымның  авторы – Софы  Сматаев, Ақмола  музыкалық  театрының  бас  режиссері - Жақып  Омаров. Кесененің  авторы  - архитектор Ақжайық  Сәуменов ҚР Жоғарғы  Кеңесінің  07.10.1993 жылғы  № 2410- ХІІ  Қаулысымен  Озерное селолық  округі   Бұқар жырау  ауылдық  округі  деп  аталды. ҚР Президентінің  23.05. 1998 жылғы  Қаулысымен  Ульянов  ауданы Бұқар  жырау  ауданы  деп  аталды. 1999 жылы  аудан әкімі  Т.Е.Зейнешевтің  шешімімен  әкімшілік  алдына  Бұқар  бабаға  бюст - мүсін  орнатылды.  Салтанатты  ашылуына  облыс  әкімі  К.Е.Мұхаметжанов  қатысты. Мүсіннің  авторлары: Мұрат Қалқабаев, Виктор Санин, Виктор  Боев.
2001 жылы  Ульянов кенті  атауы  өзгертіліп, 100 жылдан кейін  көне  тарихи  атауы – Ботақара  қайтарылып  берілді. 
Аудан әкімі Т.Е.Зейнешевтің шешімімен кентіміздің    8  көшесінің атауы өзгертіліп, бұрынғы Гагарин көшесі Бұқар жырау  атындағы  көше  болып  аталды.


Корнеев Иван Ильич
(6.06.1914ж.т.)  Ульянов ауданы (қазіргі Бұқаржырау ауданы) Петровка селосының тумасы, гвардия сержанты, Кеңес Одағының Батыры (1945).
Ауылда еңбек етіп, ер жетті. 1936-1939 жылдары Қызыл Армия қатарында қызмет етті. 1941 жылы шілде айында майданға шақырылған жерлесіміз Жеңіс күніне дейін ұрыс алаңында болды.
1945 жылғы қаңтарда I - Белорусь майданының әскерлері Варшава – Берлин бағытында шабуыл жасай отырып, ілгері жылжи берді. Жауға орасан соққы берілді. Әсіресе, Польшаның Побьянице қаласында кескілескен ұрыстар өтті. Сол жерде сержант Корнеев қоршаудан шығуға ұмтылған жаудың бес танкін жойып жіберді. Бұған қоса екі машина талқандалып, қалған жаудың беті қайтты.
Қаһарман Корнеев, өзі бекініп алған орнынан қозғалмай, соңынан көмек келгенше беріспей соғысты. Осынау теңдесі жоқ ерлігі үшін 1945 жылғы ақпанның 25 - де КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен И.И.Корнеевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ол соғыстан оралғанда омырауында Ленин, Қызыл Ту, Қызыл жұлдыз, І дәрежелі Отан соғысы орденінің екеуі, осы орденнің ІІ дәрежесі жарқырап тұрды.


Корниенко Прокофий Прокофьевич
(9.02.1911- 10.06.1972) 

Ростовка селосының тумасы, қатардағы жауынгер, Кеңес Одағының Батыры (1943). 1933 жылдан Қарағанды облысы жабдықтау базасының тауар айырушы маманы. 1942 жылдан Кеңес Армиясы қатарында, әскери қызметті 303-атқыштар дивизиясының 347-атқыштар полкінің барлаушылар ротасында атқарды. Украина мен Молдавияны азат ету ұрыстарына қатысты. 27 қыркүйек 1943 жылы Днепропетровск облысы Верхнеднепровск ауданы Червонное селосы маңында бөлімшенің Днепрден өту сәтінде ерлік көрсетті. Барлаушылар бөлімшесінің құрамында бола тұра 2 пулемет нүктесін, 1 ротадай немістің  жаяу әскерін жойып жіберіп, негізгі күштердің оң жағалауға өтуін қамтамасыз етті. 1943 жылғы қазанның 20-нда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1945 жылдан Токаревка кентінде тұрды. Тельман аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, сондай-ақ, әскери комиссариатта қызмет істеді. Ауданымызға қарасты Ғ.Мұстафин кентінде, Ростовка селосында П.Корниенко құрметіне аталған көшелер бар.


Любименко Алексей Андреевич
(1927 - 2006) 
 Егінші, Социалистік Еңбек Ері (1981). Керней селосының тумасы. Еңбек жолын  1943 жылы МТС - та тракторшы болудан бастады. 1961 жылдың 20 - партсъезд атындағы кеңшарда трактор - егіс бригадасының бригадирі болған, еңбекте ірі табысқа жеткен. 3 мәрте Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Есімі ҚазКСР - ның Құрмет Алтын кітабына енгізілген (1981).

Христенко Александр Федорович
( 1936-2003)

      Инженер - механик, экономика ғылымының кандидаты, Халық қаһарманы (1994). Харьков механика техникумын (1954), Целиноград ауыл шаруашылығы институтын (1970) бітірген. Қазақстанға тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде келген. Қарағанды облысы «Пржевальский» кеңшарында бригадир, «Киев» кеңшарының директоры,  Нұра ауданы ауыл шаруашылығының басқармасы бастығы, Киров атындағы кеңшар директоры болды. 1981-1982 жж. облыстық ауыл шаруашылығы басқарма бастығының 1 –  ші орынбасары, 1982 жылдан Қарағанды ауыл шаруашылығы тәжірбие стансасында (кейін Орталық Қазақстан а.ш. ҒЗИ, Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция ҒЗИ деп аталды) директор, бас директор. 11-13 шақырылған ҚР Жоғары Кеңесінің депутаты, Ленин, «Қазан революциясы», 2 мәрте «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Қазақ КСР - інің еңбек сіңірген ауыл шарашылығының қызметкері. «Сельское хозяйство в сухостепеной зоне Казакстана» (2001) т.б. 60 ғылыми еңбек авторы.

 ВИДЕО: Ғ.Мұстафин
Ғабиден Мұстафин
 (1902-1985) 
  Жазушы, қоғам қайраткері, ҚазКСР ҒА-ның корр. мүшесі, (1958). ҚазКСР халық жазушысы (1984). Бұқар ауданының Жауыртау баурайында туған. Қарағанды шахталарында еңбек етті. Шығармалары 1927 жылдан баспасөз бетінде жариялана бастады. «Ер Шойын» атты тұңғыш әңгімелер жинағы 1929 жылы басылды. «Өмір не өлім» (1941) романы – қазақ прозасындағы жұмысшы тақырыбына арналған алғашқы шығармалардың бірі. «Шығанақ» (1945, орыс тілінде 1947) романында тары өсіруден дүниежүзілік рекорд жасаған. Ш.Берсиев өмірі бейнеленген «Миллионер» (1944) повесінде ұжымшарды ауыл өмірінің жаңалықтары суреттеледі. «Қарағанды» (1952, Абай атындағы ҚазКСР Мемл. сыйл., 1953) романының басты кейіпкерлері – Қарағанды шахтерлері. «Дауылдан кейін» (1959) романында қазақ ауылындағы социалистік өзгерістер бейнеленді. 1963 жылы «Көзкөрген» (орыс тілінде – 1965) өмірбаяндық романы жарияланды. Мұстафин шығармалары дүниежүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылды. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы (1953-57). Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы (1962-66), 1956 жылдан Қазақстан Компартиясы ОК-нің мүшесі (1954 жылдан кандидат), 6-сайл. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 4-5, 8-10 сайланған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 2 мәрте Ленин орденімен т.б. орден және медальдарымен марапатталған. Мұстафиннің есімі Қарағанды қаласындағы №83 орта мектеп пен көшеге, Бұқар жырау ауданында бір кентке берілген.

Видео;Кенесары дастаны. https://youtu.be/WhRurfRzNc8

Доскей Әлімбайұлы 
1850-1946 
Халық ақыны, ҚазКСР інің еңбек сіңірген өнер қайраткері. (1939). Доскей жас шағында ұлттық руханияттың бірегей өкілдері болып табылатын әйгілі Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Біржан салдардан үйреніп, оларды өнеге тұтқан. Өз жанынан өлеңдер шығарып, онда қазақ қоғамының шындығын жырлап, діни, әлеуметтік мәселелерді арқау етеді. Ақын туған жер, өскен өлкені жырлайды, 1930 жылдардағы алғашқы жарық көрген өлеңдері жергілікті газеттерге басылып, ақындар айтысы жинақтарына (Ыбырай Сандыбайұлымен айтысы, «Айтыс» 1 т. 1965) енді. Ақынның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өлеңдері түгелдей дерлік Отан қорғауға арналған. Облыс ақындарының айтысын ұйымдастырушылардың бірі. «Жүрегім», «Ел Байлығы», «Қарағанды», «Қазақстан» т.б. шығармалары елімізге есімдері әйгілі ақындардың өлең жинақтарына енді. Доскей Әлімбайұлы «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Оның есімімен Қарағандыда, Ботақара кентінде – көше, Бұқар жырау ауданында – елді мекен аталады. Зираты қазіргі Доскей ауылының қорымында.

Боранбаев Қабыл 
(1915-1978) 

 Ақын, КСРО Жазушылар одағының мүшесі. Баян ауыл ауданының тумасы, Петропавл педагогикалық техникумын (1936), Абай атындағы Қазақ педагогика институтын (1949) бітірді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Пионер» журналы редакторының орынбасары. Алматы қаласы, Қарағанды облысындағы мектептерде мұғалім,  директор болып қызмет істеді. 
Қ.Боранбаевтың алғашқы өлеңдері 30-жылдары «Қарағанды пролетариаты» газетінде жарық көрді. «Дәурен» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1949 жылы басылып шықты. Одан кейін жарық көрген өлең жинақтары: «Ант» (1950), «Достар отряды» (1955),  «Дән дария» (1977). Қ.Боранбаев шығармаларының көпшілігі жас оқырмандарға арналған. Ол қазақ тіліне Н.Некрасовтың, В.Маяковскийдің, М.Исаковскийдің, К.Симоновтың, Г.Гулямның өлеңдерін, И.Василенконың «Звездочка» повесін аударды. Оның құрметіне туған ауылы Жаңақалада мектеп аталады. 

Назарбаева Сара Алпысқызы 1941ж.т. - қоғам қайраткері, экономист. Бұқар жырау ауданы, Қызылжар ауылының тумасы. Қарағанды зауыт - ЖТО-ны бітірген. Қарағанды металлургия комбинатында, «Қарағанды көмір» өндірістік бірлестігінде мамандығы бойынша жұмыс істеді. 1992 жылдан «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті. Қор аурудың асқынған түрлерімен сырқаттанған балаларға Қазақстан мен шетел клиникаларында емдейтін балалар мекемелері мен ұйымдарына қамқорлық көрсетеді. 

Шаймұқанов Дүйсетай Аймағамбетұлы 
 (1928-2006).

Отан тарихы саласындағы маман, тарих ғылымының докторы (1969), профессор (1970). Жастілек ауылының тумасы. Ботақара селосының жетіжылдық мектебінде (1942-1943) оқыған. Бұқар жырау ауданының Үлгі ауылында және Семізбұғы кенішінде мұғалім     (1946-51). С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқыды (1948-51). Қарағанды облыстық партия комитетінің лекторы (1951), нұсқаушысы  (1957-1960), хатшысы (1963-65). Облыстық комсомол комитетінің хатшысы (1952-1956). Мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподағы, облыстық комитетінің төрағасы (1960-62, 1965-72). Қарағанды политехникалық институты тарих кафедрасының меңгерушісі (1974-1982). Қарағанды дене тәрбиесі  педагогикалық институтының ректоры (1972-74).   1982 жылдан Е.А.Бөкетов атындағы тарих кафедрасының меңгерушісі, профессоры. 2005 жылдан ҚарМТУ әлеуметтік-гуманитарлық  пәндер (ӘГП) кафедрасының  профессоры,    150-ден астам ғылыми еңбектің, 5 монографияның авторы. Негізгі  ғылыми еңбектері: Қарағанды көмір бассейні мен Қарағанды  металлургия комбинатының  қалыптасу және даму, қасіретті КарЛаг-Қарағанды  лагерінің тарихына арналды. 1959ж. Қарағанды комсомолының соғыстан кейінгі кезеңдегі (1946-58 жж.) көмір үшін күресі тақырыбына кандидаттық,   1968 ж. КОКП-ның Қазақстанда қара металлургияны құру және дамыту жөніндегі қызметі тақырыбына докторлық диссертация қорғады. Д. Шаймұханов Орталық Қазақстан өңірінде тарих ғылымынан докторлық диссертация қорғаған тұңғыш ғалым болып табылады. Д.Шаймұханов ҚарМУ-дегі докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау жөніндегі ғылыми кеңесті құрушы және оның алғашқы төрағасы болды. Оның ғылыми жетекшілігімен 2 докторлық және 15 кандидаттық диссертация қорғалды. «КСРО халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Қазақ КСР-і білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген  қызметкері» . Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы (2004). Жастілек аулына жерленген.
Балапанов Зейнель Таукенұлы

 (20.12.1947 ж.т.) - партия қызметкері. Белағаш ауылының тумасы.  Қарағанды мемлекеттік уневерситетін бітірген (1982).  Еңбек жолын Кеңес Армиясының қатарында болып келгеннен кейін 1968 жылы Ульянов ауданы Буденный атындағы кеңшарында суқұбыршысы - слесарь болып бастаған. Ульянов аудандық комсомол комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі  (1970), аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі (1974), аудандық партия комитеті агро - өнеркәсіп комлексі кәсіподағының хатшысы (1987), Халық депутаттары аудандық кеңесі төрағасының орынбасары  (1990), аудандық атқару комитетінің экономика саласы бойынша аға маманы (1991), Ульянов ауданының әкімі (1995-96).
1996-1999 Қазахстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
1999-2007 Қазақстан Республикасы экономика және жоспарлау Министерлігінің бюджеттік қатынас және аймақтық саясат бөлімінің директоры.
 2007-2009 «Қазақстандағы өзін-өзі басқаруды дамытудың»  Еуропалық Одақ Жобасының ұлттык эксперті.
2009 – 2012 Көлік және коммуникация министерлігінің «ақпараттық-таныстыру орталығының» бас директоры.
Көптеген төсбелгілермен марапатталған, Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығы, «Ерен еңбегi үшiн», Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет грамотасымен».
Қазақстан Республикасы экономика және жоспарлау Министерлігінде қызмет атқару барысында көптеген жобаларды жүзеге асыруда аянбай еңбек етті. Кедейшілікпен күресу жобасын жүзеге асыру барысында, шағын қалаларды дамыту барысында, «Астананың көркейуі - Қазақстанның көркейуі», Арал өңірінің дамуы, 2015 жылға дейінгі Қазақстанның аймақтық  даму стратегиясы.

Бижанова Гүлнара Қадыржанқызы 1969 жылдың 7-қаңтарында, Қарағанды политехникалық институтын бітірген әкесі – Бижанов Қадыржан Жұмажанұлын Жамбыл руднигіне директордың көмекшісі болып тағайындалған кеншілер қаласы Қаражалда дүниеге келген. 1971 жылы Бижановтар отбасы еліміздің барлық басты шахталары шоғырланған Шахтинск қаласына көшеді. Солардың бірінде – Долинская шахтасында Қадыржан Жұмажанұлы участок бастығы, кейіннен бас инженер болып жұмыс жасайды. Анасы – Абілханова Рауза Шаяхметқызы - № 9 мектепте физика және математика пәндерінің мұғалімі. Жас отбасының осынау белсенді жұмыс жылдары көптеген наградалармен, алғыс хаттармен және грамоларамен атап өтілген. Отбасында үш бала дүниеге келеді, бүгінгі күні Ғалым - жеке кәсіпкер, Айтуған – Орталық  әскери гарнизонның әскери прокуроры. Оның елімізде ең бірінші болып Орал әскери гарнизонының ең жас әскери прокуроры лауазымын атқарғаны барлық туған-туыстары үшін үлкен мақтаныш.Гүлнара Шахтинск қаласының неміс тілін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған мекетебінде оқыған, үздік оқушы, қалалық және облыстық олимпиадаларда неміс және орыс тілдерінен әрдайым жүлделі орындарға ие болатын. 1982 жылы өңірдің шахталарында бірқатар жарылыстар болғаннан кейін, аталары – бүкіл саналы ғұмыры бойы милиция органдарында қызмет атқарған әскери чекист баласын отбасымен туған өлкелері – Бұқар жырау ауданының (ол кезде – Ульяновск ауданы) Үміткер ауылына көшуге көндіреді. Бұл жерде Гүлнара орыс мектебінде 7-8 сыныптарда оқиды, сынып старостасы болып, мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Өзінің ол кездегі ұстаздарын әлі күнге дейін мақтанышпен, сағынышпен еске түсіреді.
Рауза Шаяхметқызы мен Қадыржан Жұмажанұлы барлық күш-жігерлерін салып сол мектепте жұмыс жасайды. Қадыржан Жұмажанұлы – әуесқой-фотограф, мектептің де, ауылдың да барлық қызықты сәттерінің фотосуреттерін кәсіби деңгейде жасай білетін. Бабай ауылының тұрғындарының альбомдарында бүгінгі күнге дейін оның қолымен жасалған фотосуреттер сақтаулы. Рауза Шаяхметқызы керемет сопрано дауысының иесі болатын. Оқушылар оларды өте жақсы көруші еді. 
 8-сыныптан кейін Рауза Шаяхметқызы Гүлнараның қала мектебіне ауысқанын дұрыс көреді, алайда,  Гүлнара табандылық танытып, Қарағанды сауда-кулинарлық техникумына азық-түлік тауарларын танушы (товаровед) мамандығына түседі. Ол жерде де қоғамдық, комсомол ұйымының жұмыстарына белсенді қатысып, өзін проза жазуда байқап көреді. Техникумды аяқтағаннан кейін үш жыл қалалық, ауылдық саудада жұмыс жасайды. Бұл оның жолы емес екеніне көз жеткізсе де, сол жылдарды ризалықпен есіне алады, себебі, сауда жұмысы жас, аңқау бойжеткенді шынықтырып, ақ пен қараны айыруды үйретті.
1989 жылы Гүлнара Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетіне сырттай оқуға түседі. Сол жылы асқар таудай әкесінен айырылады. Әрине, бүгінгі күні көзі тірі болғанда ол шексіз еркелетіп, аялаған қызының жетістіктеріне қуанып, айдарынан жел есетін еді...
Сол жылы Гүлнара Бұқар жырау ауданының халықты әлеуметтік қорғау бөліміне маман болып орналасады, бір жылдан соң – аудандық әлеуметтік қорғау бөлімі бастығының орынбасары лауазымына ауысады. Өзін тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, сабырлыққа үйреткен сол кездегі бастығы – Хасенов Бауыржан Ақпарұлын аса құрметтеп, бағалайды.  Сол кісі баптаған қасиеттер Гүлнараға кейіннен прокуратура органдарында қызмет атқарғанда өте үлкен көмегін тигізді. 1994 жылы тамаша адам, Ауғанстанда интернационалдық борышын атқарып келген кенші жігітке тұрмысқа шығады. Алайда, тағдыр тағы да бір соққы дайындап қойған екен.... Сол жылы аяулы анасы – Рауза Шаяхметқызы мезгілсіз көз жұмады. Анасы қайтыс болған айда туған егіз ұлдар, өздерінің дүниеге келгендерін күткен әжелерін ешқашан көре алмайды...
Жазылмас жараның орнын толтыруға армандаған сәбилері, жолдасының махаббаты мен көмегі, туған-туыстардың жылы лебіздері  мүмкіндік береді. Гүлнара өзіне жақындарынан айырылса да, 90-шы жылдардың барлық қиындығын артып келе жатса  да моймауға, бәріне төзуге сөз береді. Себебі, ол соңынан еріп келе жатқан кіші бауырына анасын жоқтатпауы керек еді. Оны әскерге шығарып салды, әскерден күтіп алып көңілді мереке ұйымдастырды. Борышын өтеп келгеннен кейін Айтуған Қарағанды мемлекеттік университетіндегі оқуын жалғастырды, ал Гүлнара жұмысқа шықты. Қиын да қыстау 90-шы жылдар... Елде қолма-қол ақша жоқ, қолданыста оларға ештеңе сатып ала алмайтын чектер ғана. Гүлнара әлеуметтік салаға жауап беретініне қарамастан, өзіне қарттарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүгін қосымша артты.  Қарағандыдағы нан-макарон фабрикасына тіке жол тауып, сол жылдары қаптап кеткен делдарларсыз, ауданмен өзара есеп айырысу жолымен, қарттар, мүгедектер мен жағдайсыз отбастарын азық-түлік, бакалея тауарларымен мүмкіндігінше қамтамасыз етті.
Аудан әкімі, әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, жартылай қирап жатқан совхоздардың директорларының арасында жүгіріп жүріп, қарттарға зейнетақы төленуі үшін зейнетақы қорына төлемдерді көмірмен, шөппен, жеммен аударуға келістіретін. Ел үшін күрделі жылдары халыққа осындай жолмен қолынан келгеннің бәрін жасады. 
Аудандағы көзі тірі қарттардың көбісі бүгінгі күнге дейін әлеуметтік қорғау бөлімінің сол жылдардағы қажырлы жұмыстарын ұмытпай, жиі естеріне алып отырады.                  
Қиын жылдар аяқталып, жоғары оқу орнындағы оқу тәмамдалған сәтте сол кезде Бұқар жырау ауданының прокуроры болған Куляшкин Алексей Аркадьевич Гүлнараны аудан прокуратурасына қызметке шақырады.
Міне, осы жерде Гүлнара Қадыржанқызы өзінің өмірдегі орнын тапқанын түсінді. 13 жылдық қызметінде көптеген грамоталармен, алғыс хаттармен, ерекшелік белгілерімен марапатталды. Аудан прокурорының көмекшісінен Қарағанды облысы прокуратурасының басқарма басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Департаментінің аға прокурорына дейінгі жолды жүріп өтті. Әділет кеңесшісі шенінде.
Прокуратурада қызмет атқарған жылдарда Гүлнара он мыңдаған адамдардың конституциялық құқықтарын қорғап, мемлекет бюджетіне жүздеген миллион теңге сомаларды өндіріп, өзі жетекшілік еткен – әлеуметтік, тұрғын үй, қоршаған ортаны қорғау, медицина, білім, еңбек қатынастары салаларындағы күрделі мәселелерде әділдік орнатты.
Өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау салаларын қадағалау жұмысын жандандырды.
Шетелдік инвестор Лакшми Миттал жұмыс жасаған жылдарда бірінші рет, Гүлнара дайындаған қадағалау актілері бойынша, Үкімет «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-н шахталарда 4,5 млрд. долларға құрылыс және құрылғыларды ауыстыруға арналған 5 жылдық модернизациялау Жоспарын  даярлауға міндеттеді.  Бұл компанияның он мыңдаған жұмыскерлерінің еңбек жағдайлары жақсартылды деген сөз.
Гүлнараны әрқашан өзінің тәжірибесі мен білімін, біліктілігін пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа, таңсық жолдар шақыратын. Сондықтан, 2010 жылы прокуратура органдарында қызметін адал аяқтап, ол Бас прокуратурадан Қазақстанның ең ірі Қазақмыс корпорациясы холдингі акционерлерінің шақыруы бойынша аталған компанияға кеңесші лауазымына келеді. 
Жарты жылдан кейін-ақ Гүлнара Қадыржанқызы өзінің жеке бөлімін ұйымдастырып, комплаенс менеджмент функцияларын дайындап, енгізуді қолға алады. Прокурорлық қадағалау мен комплаенс бақылаудың халықаралық практикасын осылайша біріктіру компанияның активтерін, он мыңдаған жұмыскерлерінің құқықтарын, қоршаған ортаны өндірістік қызметтің зиянды зардаптарынан сақтай отырып, оның құқықтық алаңдағы операциялық қызметін қамтамасыз етті.   
Жаңа белестер жаңа білімді талап ететінін түсініп, 2011-2014 жылдары Гүлнара Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Халықаралық бизнес бойынша Жоғары мектебінің «іскерлік әкімшілік шебері» деңгейін үздік аяқтап, аталған Академияның «менеджмент» мамандығы бойынша магистратурасын бітіреді.
Компанияның, Қазақстанның тау-кен секторында бұған дейін ешқашан болмаған жаңа функционалын дамыта отырып, Гүлнара Ұлыбританияның Халықаралық комплаенс ұйымында комплаенс офицерінің жоғары деңгейі бойынша білім алды.
Белсенді өмірлік ұстанымы Гүлнара Қадыржанқызын 2012 жылы облыстық мәслихатқа жұмысқа әкелді, ол 5-шақырылымның депутаты болып, тұрақты түрде жұмыс жасайтын, заңдылық және азаматтардың құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалды.
Мәслихатта жұмыс жасаған жылдары ол сайлаушыларының мүдделерінде көптеген ірі мәселелерді шешті. Сонымен қатар, мәслихаттың 13-сессиясында учаскелік қызметтің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі ешқандай сын көтермейтіні туралы сұрақ көтеріп, республикалық бюджеттен қаражат бөліну мәселесін шешуге атсалысты. Нәтижесінде, 2014 жылы облыстың учаскелік инспекторлары үшін 500 бірлік автокөлік алынды. 2016 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев басқарып отырған «Нұр Отан» партиясы Гүлнара Қадыржанқызына кезекті рет үлкен сенім артып, ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлану сайысына қатысуды ұсынды. Елбасының өзі мемлекетте қабылданатын заңдардың сапасы жоғары болуы үшін Мәжіліс құрамы жоғары білікті заңгерлер мен экономисттерден тұруы қажет екенін атап өткен болатын.
Қазіргі уақытта Гүлнара Қадыржанқызы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заң және сот-құқықтық реформалар комитетінің мүшесі. Заңдардың сапасы мен тиімділігі осы Комитеттің жұмысына тікелей байланысты. 6-шақырылымның депуттатары барлық күш-жігерлерін, тәжірибелерін, біліктіліктері мен білімдерін өздеріне жүктелген маңызды жұмысқа салуда.  Бірінші сессия кезінің өзінде Гүлнара Қадыржанқызы елдің Премьер-Министрінің атына, олардың арқасында елдің экономикасы мен халықтың өмір деңгейі қалыптасатын ауыл шаруашылығы мен бизнестің мүдделерінде екі депутаттық сұраныс дайындады. Ішкі істер және Әділет Министрлерінің қатысуымен өткен екі Үкімет сағаттарын дайындауға белсенді атсалысты. Басқа да маңызды жұмыстарды атқаруда.  
                        ВИДЕО: Бижанова Г.Қ.

Зейнешев Тілеубек Ережепұлы (18.09.1942 ж.т.) – партия, кеңес қызметкері. Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы, Айнабұлақ ауылының тумасы. Орта мектепті тәмамдағаннан кейін (1958) еңбек жолын Қу ауданындағы Қазақстанның 30 жылдығы атындағы ұжымшарда тракторшы болып бастаған. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (1966) қызыл дипломмен бітірген, туған жерінде түрлі шаруашылық қызметтерін атқарды. 1968 жылдан бастап Қарағанды облыстық комсомол комитетінде және облыстық, партия комитетінде қызмет етеді. Мичурин аудандық партия комитетінің II – хатшысы (1963), Молодежный ауатком төрағасы (1979), Егіндібұлақ аупарткомының I-хатшысы, аудандық Кеңес төрағасы (1987-1992) болды. Мичурин ауданының әкімі (1992). Қарағанды облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы (1997-1999). Бұқар жырау ауданының әкімі (1999-2006). Мемлекет алдындағы көп жылғы еңбегі бағаланып, «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ауылшаруашылық қызметкері» атағымен (1996), «Құрмет Белгісі» орденімен екі рет марапатталған. Осакаров ауданының (2000), Бұқар жырау аудандарының Құрметті азаматы (2002). Қазіргі уақытта құрметті демалыста, Қарағанды облысы ардагерлері алқасының төрағасы.


ЛЮДМИЛА ИОСИФОВНА ПЕТРОВСКАЯ

1948 жылы туған.1975-2007 жылдар аралығында атқарушы органдарда, аппарат жетекшісі болып қызмет атқарды, соның 10 жылдан астам уақытын аудан әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасары қызметін атқарды.Аппараттың бірінші басшылардың жұмысын, дайындығын, біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға бағытталды. Сонымен қатар, аудан экономикасын дамытуға, халықтың өмір деңгейін көтеруге бағытталды. Білім беру жүйесіне аса маңызды көңіл аударды. Л.И. Петровскаяның қызметі барысында ауданның басым көпшілігі ауылдарында мектептер ашылып, Пушкино ОМ, Амангелді ОМ жанынан интернаттар ашылды.


Людмила Иосифовнаның бастамасымен аудан орталығында стадион салынып, ауылдарда 5 филиалы бар спорт мектебі ашылды.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына - 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне - 10 жыл» мерейтойлық медальдармен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Петровка, Доскей, Дубовка ауылдарында музыка мектептерінің ашылуына өз септігін тигізді.
Ғ.Мұстафин кентінде «Жизнь» рақымшылдық үйінің ашылуына бастамашы болды, онда қазіргі уақытта жалғыз басты қарттар тұрып жатыр.


ТАКИРОВ ТОЛЕУХАН ТАКИРОВИЧ
1934 жылы Қарағанды облысы Ворошилов ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген.
1958 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын бітірді.
1958-1967 жылдары Ульяновка ауданының Керней ауылында бас дәрігер қызметін атқарады.
1967-1998 жылдары Ульянов ауданының орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары болып қызметін атқарды.
1994 жылы зейнеткерлікке шыққан.
1994-2001 жылдары учаскелік терапевт және СӨС бойынша дәрігер болып қызмет етті.
Денсаулық саласындағы жемісті еңбегі үшін Құрметті және мақтау грамоталарымен, ҚССР-ның «Денсаулық сақтаудың үздігі» атағы берілді, «Ерлік еңбегі үшін В.И. Лениннің 100 жыл толуы құрметіне» «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.
Бірнеше рет ауылдың және кенттік Халықтық депутаттар Кеңесінің депутаты болып сайланған.
Қазіргі уақытта Бұқар-Жырау ауданы Ботақара кентінде тұрады.
«Бұқар-Жырау ауданының Құрметті азаматы» жоғарғы атағы Төлеухан Такирұлы Такировқа Бұқар-Жырау аудандық Мәслихаттың 2006 жылдың 9 қазанындағы XXXI сессиясының шешімімен берілді.


ҚАЗКЕН НҰРҒАЛИҰЛЫ (1947-2016)


 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітіріп, алғашқы еңбек жолын облыстық клиникалық ауруханада хирург болып бастаған. 1975 жылы Ульянов аудандық ауруханасына хирургия бөліміне меңгеруші болып ауысады. 1985-2003 жж. аурухананың бас дәрігері, 2003 жылдан аудандық медицина бірлестігі бас дәрігерінің орынбасары.
         Осы жылдарда қаншама адамдардың өміріне арашашы болды, қолынан келген жақсылығын халық игілігіне арнады. КСРО және ҚазССР, Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарымен марапатталған, 2010 жылы мемлекетіміздің «денсаулық саласындағы үздігі» атағын иеленді.

         Зайыбы Зура аудандық ауруханада 40 жылға жуық невропатолог болып істейді. Қалтқысыз еңбегімен халықтың ықыласына бөленген жан.
Қазекең мен Зура отбасында үш бала тәрбиелеп, өсірген. Балалары әке-шеше жолын қуып, дәрігерлік мамандықты таңдаған.
    
     Қызы Гүлжан медицина ғылымдарының кандидаты, Денсаулық сақтау министрлігінің Астана қаласындағы дәрігерлер білімін жетілдіретін институтта дәріс береді.
         Қызы Айжан акушер-гинеколог, Астана қаласында ана мен баланы қорғау институтында бөлім меңгерушісі болып істейді.
         Ұлы Асқар Қарағанды қаласында Мақажанов атындағы травмотология және ортопедия клиникасында хирург-травмотолог қызметін атқарады.
.

 ВИДЕО: Сыздыков М.М.
Cыздыков Мереке Мансурович, 
1933 жылы 1 қаңтарда Қарағанды обылысы Телман  ауданы Ақтөбе ауылында туылған.
1952 жылы Қарағанды қаласы Жамбыл атындағы №7 орта мектепті бітіреді.

1957 жылыдың күзінде аудандық комсомол ұйымының конференцияда Тельман аудандық комсомолы ұйымының екінші хатшысы ретінде сайлағандықтан, осы шаруашлықта 2 жыл жұмыс істейді.
Жастармен жұмыс істеу қызықты болғанымен өзіндік қиындықтары да болады. Ресей, Украинадан тың және тыңайған жерлерді игеруге келген жас механизаторлар еңбектенген біздің облыстағы Чапай атындағы, «Красная поляна», «Топарский» т.б.  совхоздарға жиі іссапарларға баратын. Тың совхоздарда жұмыс күшін,  тәжірибелі мамандардың санын  және әйелдер санын арттыру мақсатында БЛКЖО ОК Белоруссия, Украина және Ресейден 25 мың қыз-келіншектерді Қазақстанға жіберуге шешім қабылдады. 1957 жылдың қазанында аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Максимов Виктор Петрович біздің ауданға 200 қыздарды әкелу үшін мені Смоленск, Вязьма, Гжатск қалаларына жібереді.
Смоленск қаласында Мереке Мансуровичты облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы Кручин Евгений Иванович жақсы қарсы алады. Ол бұл іс-шараға көмек көрсете отырып, Қазақстанға ерікті түрде баруға ниет білдірген әйелдерді, яғни ешқандай қысымсыз баратын әйелдерді  ғана жіберетіндігін хабардар етіп. Облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысымен бірге қала ұйымдары мен мекемелердегі қыздарға Қазақстан, Қарағанды және біздің облыс, аудан, кеңшарлардағы тың жерлер туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Осылайша 20 күннің ішінде өз еріктерімен Қазақстанға барғысы келген 202 қыздарды поезбен біздің ауданға алып келді.
1957 жылдан 1960 жылға дейін Тельман аудандық партия комитетінің нұсқаушы болып жұмыс атқарады. 1960 жылы аудандық партия комитетінің нұсқаушыларының бәрін жаңа совхоздарға жіберді. Мереке Мансурович «Ақбастау» совхозының партия комитетінің хатшысы ретінде тағайындалады. Ал 1961 жылы - «Курминский» совхозының партия комитетінің хатшысы, 1964 жылы аудандағы ең ірі шаруашылық Киров атындағы совхоздың рабочком төрағасы етіп сайлады.
1968 жылы агроном мамандығы бойынша Целиноградтық ауыл шаруашылығы институтының сырттай бөлімін бітіреді.
1970 жылы ол осы шаруашылықтың партком хатшысы болып сайланады.

Совхозда жұмыс істеген жылдары "Құрмет белгісі" (1971 жылы) және "Октябрь революциясы" (1973 жылы) және Каз.ССР Жоғарғы Кеңесінің, ОК Қазақстан Кәсіподағының медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталады.
1974 жылы Қарағанды партия облыстық комитеті мені Тимирязев атындағы Тельман ауданындағы кеңшардың директоры болып тағайындалады. Шаруашылық көкөніс, сүт бағытында жұмыс істегенімен басшылығы және мамандары жиі ауысып, жер шаруашылығында жердің жеткіліксіз құнарсыздығы мен табиғи су көздерінің тапшылығынан шаруашылық қиындады. Сонының салдарынан ірі малдарға қажетті азықты Көкшетау, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарынан әкеліп отырады. Жемнің мұндай дайындығы мен тасымалдануы шығынға әкеліп, экономикалық жағынан  тиімсіз болатын.
Тимирязев атындағы  совхозы - бұл халықты ерте пісетін көкөністермен, картоп, сүтпен қамтамасыз етуге бағытталған қала сыртындағы шаруашылық. Барлық қиындықтарға қарамастан,  осы совхоздың еңбекшілері қиындыққа төтеп беріп, қойылған міндеттерді жақсы орындады. Совхозда 11 түрлі көкөніс, оның ішінде  ерте пісетін қызанақ, қияр, гүл және т. б. өсіруге арналған алғашқы жылыжай салынды.

  • Партияның облыстық комитеті бюросының қаулысымен облыстағы совхоздарға  қалалық басқарма ұйымдары бекітілді. Нәтижесінде қалалық басқарма ұйымдарының басқаруымен  совхозда 2 кормоцех, 200 балаға  еңбек және демалыс лагері салынды. Сонымен қатар қала тұрғындары көкөніс пен картоп қазуға және жинауға көмек көрсететін. Тиісінше совхоз қала тұрғындарына өнімдерін арзан бағамен өткізетін. Мұндай қала мен ауылдың өзара байланысы тиімді және жемістің мол қорын әкеліп,  жұмысшылар мен шаруалардың өндірістік және моральдық  жағдайын жақсартатын.
  • 1988 жылы денсаулығына байланысты  совхоздың директоры қызметінен кетіп, Тельман ауданының Дубовка селолық кеңесінің төрағасы болып сайланып, осы қызметте құрметті демалысқа шыққанға дейін, 1993 жылға дейін жұмыс істеді.

Қазіргі уақытта ауылдың қоғамдық өміріне белсене қатысып,  2000 жылдан бастап Новоузенка селолық округінің ардагерлер Кеңесінің төрағасы болып келеді. Ардагерлер Кеңесіне құрметті зейнеткерлік демалысқа шыққан тәжірибелі шаруашылық мамандары, мектеп директоры, механизаторлар, мал өсірушілерден 7 адам сайланған.
Қазіргі уақытта  Қазақстан Республикасының дербес зейнеткері, Бұқар-Жырау ауданының құрметті азаматы. 1974 жылдан қазіргі уақытқа дейін Новоузенка ауылында тұрады. Еңбек өтілімім 42 жыл, барлық жылдарда Қарағанды облысының бір Тельман ауданында (қазіргі Бұқар жырау) жұмыс жасаған.


АЙТЖАН ЖАРЫЛҒАСЫНҰЛЫ ЖҮНІСПЕКОВ

1949 жылы туған.1962 – 1972 жылдар аралығында Қарқаралы зооветтехникумында оқып, оқуды аяқтағаннан кейін, Ульянов ауданының Пушкино атындағы совхозында ветеринарлық фельдшер, мал шаруашылығының бригадирі, бөлімше зоотехнигі болып жұмыс істейді.
1966 - 1969 жылдар аралығында Ульянов ауданының Пушкино атындағы совхозында малшы, механизаторшы болып жұмыс істеді.
1976 жылы Пушкино атындағы совхозының кәсіподақ комитетінің төрағасы болып сайланады.
1981 жылы Алма-Атаның жоғары партиялық мектебіне оқуға жіберіледі. кейін Ульянов аудандық партия комитеті аппаратында насихаттау және үгіттеу бөлімінің нұсқаушысы болып жұмыс істейді.
1985 жылдың қазан айында Бабаев атындағы совхозының біріншілік партиялық ұйымының хатшысы болып сайланады.
1990 жылдың сәуір айнда Ульянов аудандық комитеті партиясының хатшысы болып сайланып
1991 жылдың қарашасынан 1992 жылдың наурыз аралығында ауыл шаруашылық басқармасында іс-қағаздарын жүргізу бойынша бас маманы қызметін атқарады.
1992 жылдың  наурыз айынан бастап аудандық әкімшілік басшысының орынбасары, бірінші орынбасары
1996 жылдың мамыры мен 1997 жылдың наурызы аралығында аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарады.
1997 жылдың наурызында  «Ақбел» ашық түрдегі акционерлік қоғамының  президенті болып сайланады.

Мереке Нұрғалиұлы Жұмақаев 1987 жылы емдік іс мамандығы бойынша біліктілігі дәрігер оташы, Қарағанды мемлекетік медициналық институтын бітірді.
1987 жылдан 1988 жыл арылығында Қарағанды қаласында №4 Қалалық клиникалық аурухана базасында интернатурадан өтті.
1988 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін аудандық ауруханада дәрігер-оташы болып қызмет атқарады.
Оның Ульянов аудандық ауруханасына жұмысқа келуінен бастап хирургиялық қызметтің қарқынды дамуы басталды. 1990 жылы Ульянов аудандық ауруханасында аудан ауылдарының ішінде бірінші-анестезиология және реаниматология бөлімі ашылды.
Мереке Нұрғалиұлы ауқымы кең  жедел аралусына ие: травматологиялық, акушерлік-гинеколоялық оталармен, іш қуысы оталарымен, пациенттерді емдеу мен диагностикалауда инновациялық технолгияларды енгізуде және оның дайындығына, дәрігерлер, фельдшерлер, мейірбикелер үшін сабақтар өткізуге қатысады. Облыс және ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысады.
Ол халыққа шұғыл және бірінші көмек көрсету, ауруларды диспансерлеу, пациенттерді стацианарда болу шартында қызмет ету дағдыларына ие, флюорографиялық, рентгенологиялық суреттерді оқу, онкологиялық ауруларға шалдыққан пациенттерді тексеру, клиникалық бағалау және түсіндіру, биохимиялық және инструметалдық зерттеу тәсілдері, инфекциялық аурулар және туберкулезді, дәрігерлік еңбек сараптама жасау дағдылары бар.

Үлкен тәжірибесі бола тұра жас мамандарға әрдайым көмектеседі. Білім деңгейін үнемі жетілдіруде, тәжірибесіне озық медицина жетістіктерін енгізеді. Халыққа білікті медициналық көмек көрсету сапасын жақсартады. Операциялық араласулар  кезінде заманауи жабдықтар мен әдіснамасын пайдаланады. Мамандығы бойынша нормативтік құжаттарды зерттейді, оларды өз практикалық іс-әрекетінде қатаң басшылыққа алады, мазмұнын қызметкерлеріне уақытында жеткізеді.

М.Н. Жұмақаевтың арқасында тәулік бойы жұмыс істейтін реанимация бөлімі іске қосылды.
Мереке Нұрғалиұлы Қарағанды облысының Хирургиялық Қауымдастығының мүшесі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Эндоскопиялық хирургтер қауымдастығының мүшесі болып табылады. Мақала баспалары бар. Мереке Нұрғалиұлы үнемі біліктілік деңгейін көтереді, хирургия бойынша мастер-класстарға, Қазақстанның хирургиялық  қоғамдарына қатысады.
Бүгінгі күні «Бұқар жырау ауданының орталық аудандық ауруханасы» КМК Қарағанды облысы бойынша Мереке Нұрғалиұлы 2015 жылдан бастап эндо-видео жолымен оталар жасайды. Қаламайтын әсерлерге жеткізетін дәрігерлік қателіктер болған емес.
Жұмыс уақыты ішінде Мереке Нұрғалиұлы өзін сауатты, жауапты, тәртіпті, білікті, жігерлі, адал, өз жұмысын білетін маман ретінде көрсетті. Өз жұмысын сүйеді, пациенттерге мұқият қарайды, әріптестерімен жақсы іскерлік қарым-қатынас орнатады. Кәсіби құзыреттілікке, дәрігерлік шеберлікке, әріптестерінің құрметін қамтамасыз ететін жеке қасиеттеріне ие.

«Шапағат» мемлекеттік наградамен, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, сондай-ақ, Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының және «Бұқар жырау ауданының аудандық орталық ауруханасы» КМК грамоталарымен марапатталған.




Шибаева Мугулсім Ғубайдуллақызы
23 ақпан 1954 жылы туған, туған  жері – Семізбұғы ауылы. Сол жерде 1971 жылы орта  мектепті бітіргеннен соң екі жыл 1971-1973жж  аудандық  балалар  кітапханасында , кітапханашы  болып жұмыс атқарады.  1973-1975 жж.  Қарағанды мәдени - ағарту училищесінде оқыды, бітіріп келгеннен соң  аудандық орталықтырылған кітапхана жұйесінде кітапхананың әдіскері (1975 ж.), бас әдіскері (1976 ж), әдістемелік - библиографиалық бөлім меңгерушісі  (1976-1982жж.), содан кейін (1982 -1985жж. ) аудандық  орталықтарылған  кітапхана   жүйесінің  директоры  болды. Сол  қызметтен   (1985ж) аудандық  мәдениет  бөлімінің  меңгерушісі  болып тағайындалады, кейінгі жылдары бөлімнің аты  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі  болды. Аудан  мәдениетін 1985 тің шілдесінен - 2016 жылғы ақпан айына дейін   басқарады. (1979-1984жж)  сырттай Шымкент қаласындағы  Әль-Фараби  атындағы педагогиқалық мәдениет  институтын  сырттай  оқып  бітірген.
- 1977 жылы кітапхана  әдіскерлері  арасында  болған республикалық
байқауында  бірінші орын .
- 1980 жылы «Қазақстан ұгітшісі» журналы ұйымдастырған байқауына
белсенді қатысқан ұшін Құрмет Грамотасы
- Бұқар жырау  ауданының  Құрметті   азаматы
- Тәуелсіздіктің  10 жылдығында  ҚР  Президентінің  Алғыс  хаты
- Облыс, аудан әкімдерінің көптеген  Құрмет Грамоталары
- Облыстық  мәдениет  басқармасының  Алтын  төс  белгісі
- Бұқар жырау  ауданы   әкімінің  2017  жылғы  «Мәдениет майталманы» сыйлығы
- Қарағанды облыстық  мәдениет, тілдер басқармаларының  көптеген
марапаттары бар.

Қайыржан Мұқатұлы Әубәкіров (1951-2003)
Ақбелдін тумасы. Жақсылыққа, ізгілікке, қазақылыққа жаны құмар жан болатын. 1951 жылы бұрынғы Пушкин кеңшары, Алабас ауылында дүниеге келген. 1960 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1969 жылы аяқтайды. Сол жылы Қарағанды қаласындағы Пединституттың физика-математика факультетіне түсіп, «өте жақсы» деген бағамен аяқтайды, мұғалімдік қызметін өзі аяқтаған мектептен 1972 жылы бастайды. Өз пәнінен сабақ бере жүріп, «Қазақша күрес» пен «Самбо» күресінен секция жұмысын қолға алады. 1975 жылы мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі болады. Өз ісін жетік менгерген, ұйымдастыру қабілеті ерен Қайыржан Мұқатұлы ел әкімдері Калинин мектебінің директорлығына ұсынылады. Мұнда екі жыл істеп, 1979 жылы өз ауылындағы мектебін басқаруды қолға алады.
     Осы аралықта қанша пән мұғалімдеріне тәрбие, білім беруден бөлек спорт саңлақтарының томағысын сыпырды. Көптеген азаматтардың біразы – бүгінде облыс көлемінде бір-бір білім шаңырағы тізгінін ұстаған басшылар. Мұндай жандарды тізе берсек, бір-екі беттен асып кетер. Ал ол кісінің аудандық оқу бөліміне келген жылдар 1993 өте қиын кезең болатын бүкіл еліміз үшін. Бұрынғы кеңестік жүйе опырылып, жаңа қоғам ескіден шыға алмай жалпы елімізде, білім ошақтарында тоқырау болды.  Өзі басқа жұмысқа ауысқанша 1996 жылдар өзім деген адамға қоң етін кесіп берген кезі көп болыпты. Қай жерде жүрсе де, абыройы асқақтап, туған жердің ұлықты ұлы екенін дәлелдей білді. Тіпті кезінде Ақбел ауылында екі рет «Қазақша күрес» екі мәрте шайбалы хоккейден облыстық деңгейде жарыс өткізуі ол кісінің үлкен қасиет иесі екендінің айғағы дер едік.
     Ұстаз бола жүріп, ұйымдастыра жүріп отбасын құру арманына қол жеткізді. Шаңырақ шаттығы балалар іңгәсіне ұласты. Желкілдеп немерелері өсіп келеді.
     Қаза оларға ауыр болды. Алайда, уақыт – емші. Ел есін жиып, еңсесін тіктеп жатыр. Өз маңайынан шыққан ерлерін еске алуда. Жақсының жақсы істерін үлгі етпек. Қайрекеңнің бір-екі оқиғаға байланысты өнерге, қазақылыққа деген көзқарасын деп басып айтуға болады.   
    Ағайын-туыс, мектебі, шәкірттері, балалары облыстық деңгейде Қ. Әубәкіров атындағы күрес жарысын өткізуде. Өздері демеуші, ұйймдастырушы, өткізуші.         
     Осынау шарада алыс - жақын, білікті жанашыр, балуан жандар бас қостып, өнер шашпақ. Көптің тілегі - көл деген. Ізгі істің жанашыры болған азаматтарға ақ жол тіледік.
          
Смагулов Б.К, Аубакиров К.М.


Мақсұтхан Тирмизиұлы АҚЫШ

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданындағы Семізбұғы кентінде 1948 жылы дүниеге келген. Осы жердің мектебін 1967 жылы тәмәмдап, сол жылы Қарағанды педагогикалық институтына түсіп, аталмыш оқу орнын 1971 жылы бітіріп шыққан. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Керней мектебі аталған ұжымда 45 жыл бойы ұстаз болуда. Аға мұғалім. Өлекетанушы қаламгер. Мәскеу, Астана, Алматы, Түркістан қалаларында тәжрибе алмасып қайтқан. Көне жәдігерлерді зердесіне тоқып, оларды зерттеп білуге құштар. Жер аралау, тауға шығу, төл тарихты зерделеу оның сүйікті ісі. Жергілікті «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, аудандық Бұқар жырауға арналған «Заман-ай» этно-фальклорлық, поэтико-саздық ансамбілінің көркемдік-шығармашылық жетекшісі болған. Бүкіл Одақтық Педагогикалық Ғылым Академиясының өткізген «Физика сабақтары – 88» ғылыми – әдістемелік Фестиальына қатынасқан. Республикалық «Мастер – класс» журналының 2009 жылғы  №8(44), №9(45), 2011 жылғы №1(61), №2(62), №4(64)... сандарында және басқа да түрлі деңгейдегі басылымдарда статьялары жарық көрген. «Жырлап өтем өлкемді өзім туған» атты халық ақыны Ахметбек Байсалбайұлы атында өткен жыр мүшәйраның Доскей Әлімбайұлы атындағы жүлде иегері (17.05.2007). Журналист, сатирик ақын Матай Айнабеков атындағы қаламгерлер байқауына қатысып (19.11.2010), поэзия жанырындағы ерекше қабілеті мен ой мазмұндылығы үшін I орын иегері. «Құс жолы», «Бақыт құсы», «Кернейлің әулие бұлағы», «Аққу қаздар қайтқанда», «Аққу ақеркем – аққу әуенім» т.б. кітаптардың авторы.
Көркем өлеңнің тууы да жаратылыс құбылыстарына тән. Сондай бір ғажап миятты мезет, шабыт шалқары шалқыған шақта, ғайыптан түйсік түрткен сәулелі сезімдердің әдемі кескін түзіп, ой-кербезге айналуы – ақын шеберлігінің айғағы. Ә дегеннен-ақ әрбір өлеңі көңілдің күйіндей қабылданғанмен арғы түпкірінде ықылымдық сырлармен, тылсым дүниемен астарласып жататынын аңғарасың. Таразының бір басына нәзік лирика, екіншісіне өмірдің дүрмегі мен пәлсапалық қисыны тең тартылғандай, жүрек тебіренісіне әсемдік әлемін әкеледі. 
Қорта айтқанда, автордың кітаптары ел, жер, тарлан тарих, айтулы адамдар мәселелерін қамтиды. Елін, жерін сүюге, патриот болуға, салауатты өмір сүруге, қазақы асқақ болмысқа, биік адамгершілік қасиеттерге оқырмандарын тәлімдейді, тәрбиелейді. Сондай-ақ, шығармалары таудай талапқа жүгініп, бармақтай баққа ұмтылуға, асыл арманға жету жолдарын келешек ұрпаққа аманаттайды
Мәуенов Рақатай Қалиұлы
(25.10.1940-25.06.1999)
    
Ақжар ауылының тумасы. Еңбек жолын Ворошилов ауданық комсомол комитетінде нұсқаушы, кейін қараша айында аталған ауданның атқару комитетінде жалпы бөлімдер меңгерушісі болып бастаған. 1960-65 жылдары Қарағанды педагогикалық институтының  студенті. 1965 жылы институт бітіргеннен кейін Ульянов ауданы Шалқар жетіжылдық мектебінде биология және химия пәнінің мұғалімі. 1969 жылы «Красный Октябрь» кеңшарының № 4  бөлімшесінде агроном. 1975 жылы жоғарыдағы кеңшардың партия комитетінің хатшысы. 1982 жылы Бабаев атындағы кеңшар директоры. 1988 жылы Қарағанды облысы Ульянов ауданы «Красный Октябрь» кеңшарының директоры. 1990-92 жылдары Еңбекшілер депутаттары Ульянов аудандық атқару комитетінің Кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. «Құрмет Белгісі» орденімен және Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.



   Өмірбаев Нүриден Марякұлы
 
Ростовка мектебінің директоры
1950 жылы Солоничка селосында туған. 1997 жылдан бастап Ростовка тірек мектебінде директор болып жұмыс істейді. Осы кезеңде өзін кәсіби шеберлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тереңнен ойлайтын ұйымдастырушы және басшы ретінде көрсете білді.
 Қызметінің алғашқы күндерінен бастап алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін мектептің педагогикалық ұжымын ұйымдастырып, жұмылдыра білді. Іскер басшы белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде тоқырауға ұшыраған Ростовка тірек мектебі адам танымастай өзгеріп, 2000 жылы Республикадағы «Ең үздік ауыл мектебі» дәрежесіне дейін көтерілді.  Оның  тынымсыз еңбегінің арқасында балабақша ғимараты талан-таражға түсуден аман қалды. Қайта жөндеуден өткізілген осы ғимаратта бүгінде жақын ауылдардың балалары мектеп жанындағы 70 орындық интернатта тұрады. Осы ғимаратта 20 баладан тәрбиеленетін толық күндік үш топтан тұратын, барлық жағдай жасалған шағын орталық жұмыс істеуде.  Нүриден Марякұлы мектеп ұжымын тынымсыз еңбекке ұйымдастыра алды.,
Оқушыларға сапалы білім беру үшін мектепте барлық жағдай жасалған. Барлық оқу кабинеттері заман талабына сай, эстетикалық тұрғыда жабдықталған. Мұның бәрі балалардың жақсы білім алуына, білімдерін нығайтуына  зор әсер етеді. Мектеп оқушылары жыл сайын ҰБТ-ге 100% қатысып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізеді. Орташа ұпай 2010 жылы-84,6, 2011 жылы 88,4 ұпай, 2012 жылы – 96,6 ұпай, 2013 жылы – 109 ұпай, 2014 жылы – ұпай, 2015 жылы – 91,7 ұпай нәтиже көрсетті. Жыл сайын 100% түлектер Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарына мемлекеттік грантпен оқуға түседі. 2007 жылы Мельников Вадим, Санк-Петербургтағы әйгілі Петр атындағы әскери-теңіздік Академияға; Филиппов КонстантинСмоленск қаласындағы әскери Академияға; 2008 жылы Москаленко Денис Новосибирск қаласындағы техникалық университетке түсті; ал 2012 жылдан бастап Москаленко Анна Новосибирск қаласындағы Техникалық университетінде оқып жатыр.  Мектеп 2003 жылдан бастап «Ресурстық орталық» инновациялық жобасы бойынша жұмыс істейді.  Нүриден Марякұлы басқаратын Ресурстық орталықтың директорлар кеңесі экспериментті жетістікпен жүзеге асыру үшін магниттік мектептермен бірге жемісті еңбек етіп келеді. 2004 жылдан бастап мектеп Республикалық  «12-жылдық оқытуды» байқау және енгізу бойынша республикалық эксперименттік бағытта білім беруді жүзеге асыра бастады. Нүриден Марякұлы оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыруға көп күш салды. Педагогикалық ұжымның мақтанышы болатын нақты нәтижелерге қол жеткізіп, ғылыми қоғам мүшелері облыстық, республикалық, ғылыми жарыстарға қатысуда. Атап айтқанда, 2011 жылы шағын орталық тәрбиеленушісі Серикова Аяулым республикалық «Зерде» зертханалық жобалар сайысында «Үш тілдің патшалығы» тақырыбымен  жүлделі екінші орынды иеленді. Нүриден Марякұлының тікелей басшылығымен 2005 жылдан бастап мектептің жертөлесінде «Сұңқар» әскери-спорттық сауықтыру кешені жұмыс істейді, мұнда күрес залы, тренажер, шахмат-шашки клубы, шаңғы клубы, теннис, тир залдары бар. Клубтың құрамында 100-ге тарта оқушы  спортпен айналысып, әскери өнерді үйреніп, аудан, облыс, республика көлемінде жеңімпаз атанып келе жатыр. «Сұңқар» клубының тәрбиеленушілері жыл сайын аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі әскери-спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленеді. 2010 жылы 20-25 шілдеде әскери-спорттық және патриоттық клубтар арасында Қарағанды қаласында өткен Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Отан қорғаушы-2010» I-ші Республикалық Форумында  I-ші орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. 2008 жылдан бастап мектебімізде жол қозғалысының жас инспекторлары «Жас талап» тобы жұмыс жасайды. Аудандық, облыстық сайыстардан жүлделі орындарға ие болып жүрген бұл топ, өзінің жол қозғалысын ерекше насихаттауларымен көзге түскен. Балқаш, Жезқазған қалаларында өткен облыстық слеттардан жүлделі орындарды жеңіп алып отырды.  Нүриден Марякұлы іскер басшы ғана емес, шаруашылықты да тәжірибелі жүргізеді. Оның күш салуымен жылу қазандығы іске қосылды, жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді, мектептің шаруашылық мәселелерін шешуге қажетті Газ-53 жүк көлігі жөнделді. 2010 жылы мектеп жанындағы интернат аясында ешқандай көмексіз, қолда бар материалдардан жылыжай кешені, гүлзарлар, жеміс-жидек бақшасы салынды. Бұл оқушылардың ғылыми-эксперименттік, зерттеу жұмыстарын жасауы үшін зертханалық кешен және шығармашылық шеберхана болып табылады. Мектеп директорының таяу уақыттағы жоспарларының ішінде бюджеттің көмегімен спорт кешенін салу, оқушылардың өндірістік бригадасын жаңғырту, қосалқы шаруашылық ұйымдастыру және тағы басқа мақсатттар бар.  Ростовка тірек мектебі аудандық рейтинг бойынша үнемі бірінші орында келе жатыр, ал облыстық рейтинг бойынша құрметті үшінші орынға ие.   
   Нүриден Марякұлы Өмірбаев 2010 жылы ерең еңбегі үшін Қарағанды облысы әкімінің сыйақысының лауреаты атанып, 1000000 теңге сыйақы және Сертификат, естелік сыйлық пен дипломға ие болды. 2011 жылы Үкімет марапаты – «Құрмет» орденімен марапатталды.  
Нүриден Марякұлы бар күш-жігері мен денсаулығын аямастан барлық жоспарларын жүзеге асыру үшін қызмет етеді. Мұның бәрін ол жеке мақсаттарға  жету үшін емес, балалар үшін және олардың жүрегінде мектеп, педагогикалық ұжым мен өзі туралы жарқын із қалдыру үшін жасайды.
     
  
 Жұмағұлов Айтбай Ботпайұлы 1975 жылы 7 желтоқсанда Қарағанды облысы Бұқар жырау аудан Қарақұдық ауылында туылған. 1999 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
2008 жылдан бастап тікелей А.Жұмағұловтың бастамасымен облыстық «Бұқарекең жырлайды» атты жыршылар мен ақындардың сайысы өтіп келеді. Сайыстың нәтижесінде кеңжелеп қалған жыршылық дәстүр жаңданып облысымызда жыр-дастандар мен  терме-толғауларды айтатын өнерпаздар қатары көбейді. Жыршы-жыраулық дәстүрдің көрнекті өкілдері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, жырау Алмас Алматов, жыршы Серік Жақсұғылдар облысқа келіп шеберлік сыныптарын өткізіп, жастарға жыраулық дәстүр мен жыршылық өнердің керемет үлгісін көрсетіп, ата дәстүрдің арқада жалғасын табуға зор септігін тигізіп келеді.
А.Жұмағұловтың бастамасымен 2013 жылдан бері Бұқар жырау ауданында Өнер мектебінде Бұқар жырау атындағы жыршы-жыраулар сыныбы ашылып,  жұмыс істеп келеді.
            А.Жұмағұловтың ұйымдастыруымен 2010 жылдан бастап жылда мамыр айының соңғы жексенбісінде Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылында ауыл жастар арасында салауатты өмірді насихаттау және оларды туған елі мен туған жерін сүюге, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жерлесіміз Асылбек Жұматаевтың құрметіне арналған футболдан турнир өтіп келеді. Турнирге облысымызға танымал ақын-жазушылар мен өнер жұлдыздары қатысып, халыққа өз өнерлерін көрсетіп, елге рухани азық, көңілдеріне шаттық сыйлап келеді.
 Бірнеше аймақтық, Республикалық және халықаралық ақындар айтысының жүлдегері.
      А.Б.Жұмағұлов қазақ әдебиеті тарихы және әдебиеттанудың көкейкесті мәселелері бойынша 80-нен астам ғылыми мақала жариялады. Ол «Қазақ әдебиетінің дәуірлеу тарихы» (2012) атты монографиясының, «Қазақ әдебиеті тарихының зерттелуі (1968-1984 жылдардағы еңбектер негізінде)» (2015) атты оқу-әдістемелік құралының және «Бұқар жырау тағылымы» (2015) атты ғылыми жинақтың авторы.

ВИДЕО:Сарин Е.С.
Сарин Ермек Сәрсенбайұлы
Сарин Ермек Сәрсенбайұлы, 1954 жылы 25 тамызда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданына қарасты Сарыкөл деген жерде дүниеге  келген. 
1961 жылы Бейбітшілік деген жердегі бастауыш мектепке оқуға барды. Оны бітіргеннен кейін 1965 жылы Нүркен Әбдіров атындағы совхоз орталығындағы он жылдық орта мектепте 5-6-сыныптарда оқыған. 1968 жылы 8 тамызда үй-ішімен Қарағанды облысы Ульянов ауданына қарасты Победа совхозына көшіп келеді. Сол жердегі Елтай орта мектебінде 7-сыныптан бастап оқып, 1972 жылы 10 жылдықты бітірді. 1972 жылдың тамызында Теміртау қаласындағы Жоғары техникалық оқу орнында (ВТУЗ) химия-металлургия факультетінде оқып. Мектепте 7-сыныпта оқып жүрген кезден өлең жазып, 9-сыныпта алғашқы «Ән салсаң тұнған көңіл ашылады» атты өлеңі облыстық «Орталық Қазақстан» газетіне жарияланған. 1975 жылы филология факультетіне сырттай оқуға түсіп, Елтай орта мектебінде лаборант болып жұмыс істеді. Үзбей өлең және мақалалар жазып тұрды.
   1981 жылы Жігер фестивалінің лауреаттары ретінде топтама өлеңдері «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланды. Осыдан бастап аудандық  «Знамя Ильича», «Сарыарқа», облыстық «Орталық Қазақстан», «Қарағанды жастары» және республикалық «Лениншіл жас», «Ана тілі», «Қазақстан мұғалімі» газеттерінде «Мәдениет және тұрмыс», «Қазақстан әйелдері»  журналдарында үзбей жарияланып тұрды. 1981 жылы «Қос ана» атты поэмасы жарық көрді. Содан 2004 жылға дейін өлеңдері мен мақалалары және ақын Әбділда Тәжібаевтың жинағы бойынша «Көне қоңырау сыңғыры», Тортай Сәдуақасовтың өлең жинағына байланысты «Жартастағы жаңғырық туралы», жазушы Молдахмет Қаназовтың «Ақ тайлағым-ай!» кітабына «Балалар ұғымына лайық», ғалым Әбулақап Райымбековтің «Жұмысшы мәртебесі» сын кітабына «Жұмысшы образы туралы зерттеу» атты рецензиялары және «Абайдың діни көзқарастары»,  «Абайдың адамгершілік тәрбиесі» сынды ғылыми еңбектері баспасөз бетінде жарық көріп тұрды.
               
Жұмакенов Қайролла
(1955-2008)
     
Белгілі флейташы. Төрткөл ауылының тумасы. Ауылындағы орта мектепті бітіріп, 1963 – 1973 жылдары А. Жұбанов атындағы республикалық музыкалық мектепте оқиды. Одан кейін Құманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын, П.И.Чайковский атындағы Мәскәу мемлекеттік  консерваториясының аспирантурасын бітірген. 1979 жылы Белоруссияда өткен КСРО жас флейташылары конкурсының, 1983 жылы Одессадағы конкурстың, 1998 жылы АҚШ Оризоне штатының Финикс қаласында өткен Халықаралық конкурстарының лауериаты. 1991 жылдан КСРО Білім министрлігі жоғарғы аттестациялық комиссиясының доценті, 2003 жылдан ҚР ғылым және білім министрлігінің профессоры. Астанадағы Қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры. Оның орындалуындағы шығармалар Қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы. ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен (1994), «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.



Фогелер Генрих Эдуардович 
(1872-1942)
Еуропаға танымал суретші. Германияның Бремен қаласында дүниеге келген. Бүгінде осы маңға жақын Ворпсвед атты жерде мұражай үйі ашылған. Дюссельдорф қаласында суретшілер академиясында оқыған. Оның шығармашылығы жалпыға әйгілі болып, мұражайлар, жинаушы - коллекционерлер Г.Фогелердің суреттерін сатып алады. Баспа орындары кітаптарға жаңа бейнемелер жасап беруге тапсырыстар береді. 1914 жылы Кельндегі үлкен көрмеге қатысады. Міне, осы тұста бірінші дүниежүзілік соғыс басталып кетеді. Генрих Фогелер майданға өзі тіленіп аттанады. Мұнда көрген жайлары оны түршіктіріп, тітіркентеді. Бұл кезде орыс жазушысы М.Горькийдің шығармашылығымен танысып, ол өмірде, шығармаларында жаңа бағыт іздеуге талпынады. Соғыста жүріп  ол Ресейде төңкеріс жасалғанын біледі. 1919 жылы ол Германияда Баркенхоф селосында коммуна құрады. Коммунаның қабырғаларына Г.Фогелер іліп қоятын суреттердің тұтастай сериясын жасайды. 1923 жылы бірінші рет Кеңес Одағына келіп, елді ұзақ аралап, адамдармен көп араласып, шығармашылығында үлкен өзгеріс басталады. 1931 жылы КСРО ға біржолата келіп, эмигрант есебінде тұрады. Соғысқа дейін төңкерісті жақтаушы ретінде он жыл уақыт Мәскеуде тұрған. КСРО-ны көп аралап, көптеген тамаша туындыларын – картиналарын жазып, кітаптарын жарыққа шығарған. 1941  жылы ұлты неміс болғандықтан Мәскеуден аласталып, Қарағанды облысы, Ворошилов ауданы, Корнеевка селосына жер аударылады. Өмірінің соңына дейін сол селода тұрған. 1942 жылы 14 маусымда Хорошевское (қазіргі Белағаш) селосындағы ауруханада көз жұмған. Зираты Белағаш селосында. Г.Фогелердің мұрасы: 38 картинасы мен 500-ге тарта суреттерін 1953 жылы КСРО үкіметі ГДР-ға табыстаған, ал бірқатар жұмыстары Қарағанды облыстық бейнелеу өнерінің мұражайында сақтаулы.
Талашев Қазбек Александрұлы

 Бұқар жырау аудандық мәдениет үйінің әдіскер бөлімінің меңгерушісі Қазбек Талашев Александрұлы  бірнеше конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болған.   2006 жылы   Қостанай    қаласында    өткен «Қазақшаныз қалай?» атты өзге ұлт өкілдері арасында өткен республикалық конкурста 3 - орынды иленіп қайтқан. Көптеген айшықты конкурстарға ҚР атынан қатысып жеңістерге жетті. «Жас қанат», «Жас сұңқар» конкурстарының дипломанты, «Ауыл мәдениетінің үздік қызметкері» облыс әкімі сйлығының иегері. «Өз елім»  республикалық конкурсының Гран-при 2008 жылы, халықаралық «Алтын гюнюш» конкурсының Гран-при 2014 жылы, силықтарына ие болды. Үнемі ізденіс үстінде жүретін Қазбек әлі көптеген жетістіктерге жететініне сенім мол. 


 Қазақ жерінде туып - өскен шешен ұлы Қазбек Талашев туған жерінің, қазақ елінің атын асқақтатып жүр  десек, артық айтқандық  болмас.
ВИДЕО; Қалиасқар Шыныбектегі

 Қалиасқар Шыныбектегі 1965 жылдың 28 ақпанында Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Алғабас ауылында қарапайым жұмысшылардың отбасында дүниеге келген.
1972 жылы ауылдағы мектептің табалдырығын аттап, 9-сыныпты бітірген соң, Қарағанды қаласындағы Нығмет Нұрмақов атындағы мектепке білімін жалғастыруға барады. Осы жерде жүріп, қазақтың қара домбырасынан әндер мен күйлерді төгілдірдім, мектеп сахнасынан шырқайды. Наурыз тойы, Бұқар жырау шығармашылығын замандастарына осы мектепте жүріп насихаттайды.
1982 жылы мектепті тәмамдап, Тәттімбет атындағы колледжге түседі. Контрабас-домбыра аспаптары бойынша білім алып, Бұқар жырау ауданының Қарақұдық ауылындағы клубқа мәдени ұйымдастырушы болып орналасады. Онан соң аудан орталығындағы мәдениет үйінде, кейіннен Қарағанды Мемлекеттік Университетінің қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне түседі.
Осы оқу орнында оқи жүріп,  аудандық "Сарыарқа" газетінде тілші болып қызмет етеді. Осы жылдары қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, мақалалар жазды. Бұқар жырау шығармашылығын зерттеп, оның кесенесінің тұрғызылуына еңбек сіңірді. Қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қазақтың ат жарысы, салбурыны, наурызы туралы қалам тербеді. Мектепте оқушылармен бірге  "Балдәурен" газетін шығарып жүрді.
Бүгінгі таңда  №1 аудандық қазақ орта мектебінде жоғары санатты мұғалім. Алдындағы оқушыларды қазақи дәстүрмен тәрбиелеп, оларды ана тіліне сүйіспеншілікпен қарауға баулиды. .
Ұстаздық, ақындық, журналистік, композиторлық, өлкетанушылықты бірдей алып жүр. Осы салаларда көптеген жетістіктерге қол жеткізді. ҚР Журналистер Одағының, Қарағанды облыстық "Балауса" композиторлар Одағының мүшесі, "Ботақара вальсінің" авторы. "Ботақара - кием, Бұқар жырау кием" атты кітаптың, 70-ке тарта әннің, 15 күйдің, ауданымыздың сыйлы адамдары жөніндегі бірнеше кітаптың авторы.

ВИДЕО: Әуесқой сазгер, ақын, журналист, мұғалім


                                               Ақан Құмай 1982 жылы дүниеге келген.
Орта мектепті аяқтаған соң Е.А.Бөкетов атындағы
ҚарМУ-нің филология факультетіне түсіп, оны
2006 жылы бітіріп шыққан. Қазіргі таңда
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
Ботақара ауылындағы мектепте ұстаздық етуде.
Марапаттары: 2007 жылы өткен аудандық  «Дауылпаз ақын - өр Қасым» атты мүшәйрада І орын, 2008 жылы қазақ әдебиетінің классигі, дауылпаз ақын Қасым Аманжолов атындағы І облыстық жазба ақындар мүшәйрасында ынталандыру сыйлығы, 2009 жылы ІІІ облыстық Мұқағали Мақатаев атындағы ақындар байқауына қатысып «Халқым барда» номинациясымен, 2009 жылы аудандық Ілияс Манкин атындағы «Нұра бойын жағалай...» мүшәйрасында І орын, 2009 жылы аудандық «Мемлекеттік тілмен - ХХІ ғасырға» айдарымен жарияланған  «Ең үздік мақала» атты байқауда ІІІ орын, 2010 жылы «Жыр қуған 15 жастан Доскей едім...» І аудандық Доскей оқуында ақынға арнауы үшін бас жүлде, 2010 жылы Ғабиден Мұстафин атындағы ІІІ облыстық жас қаламгерлер байқауында ІІ дәрежелі дипломмен, 2011 жылы Қазақстан халықтар бірлігі күні және Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған “Бірлік – тәуелсіздіктің тірегі» атты аудандық ақындар айтысында ІІ орын,  2011 жылы ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Бұқарекең жырлайды»  атты облыстық жыр-толғаулар үлгісінде жазылған жыр бәйгесінде ІІ орын, 2015 жылы ҚР Конституциясының 20 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Әдеби есімдер» аудандық байқауының проза  жанры бойынша І орын, 2016 жылы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған қазақ руханиятының аса көрнекті өкілі Ақселеу Сейдімбеков атындағы дәстүрлі жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің облыстық әдеби – шығармашылық  байқауында проза  жанры бойынша ІІ орын иеленген.
Шығармалары 2012 жылы жарық көрген «Ғабиден Мұстафин атындағы жас қаламгерлер байқауына» ұсынылған әңгімелер жинағында, 2013 жылы жарық көрген «Бұқар бабаға тағзым» жинағында және баспасөз беттерінде жарияланған


Бекежанов Айтуар Боранбайұлы
Бекежанов Айтуар Боранбайұлы 1988 жылдың 29 тамызында Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы (сол кездегі Ульянов), Ботақара кентінде дүниеге келді.
Мектеп жасына келгеннен соң, аудандық №1 қазақ орта мектебінің 1-сыныбына қабылданды. Оқуды 2006 жылы аяқтады. 2007 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, экономика, бизнес және құқық колледжінің құқықтану мамандығына, сырттай оқуға түскен. 2010 жылы ҚарМУ-дің филология факультетіне сырттай оқуға түсті. Оқи жүріп, аудандық «Сарыарқа» (қазіргі таңда «Бұқар жырау жаршысы») газетінде фототілші, аудандық мәдениет үйінің бейнеоператоры болып қызмет атқарды. Қазіргі таңда аудандық №1 қазақ тірек мектебінде жұмыс істейді.
Поэзияға, өлеңге деген сүйіспеншілігі, мектепте оянды. Өмірдегі, өнердегі ұстазы – облысымызға, ауданымызға белгілі қаламгер, сазгер – Қалиасқар Шыныбектегі. Өмірлік ұраны: «Өмір – өзен, ал мен – қарсы жүзген қайықпын».

Дәулетханұлы Сұлтан – ақын, жазушы. 1980 жылы Моңғолияның Байөлке аймағында дүниеге келген. 1992 жылы Атажұртына  келген. 2002 жылы ҚарМУ-дың филология факультетін үздік дипломмен бітірген. Қазіргі уақытта Бұқар жырау ауданының Тоғызқұдық ауылындағы мектепте Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқаруда. Облыстық мүшәйралардың жүлдегері. Ғ.Мұстафин, А. Сейдімбеков атындағы облыстық жас жазушылар байқауының жеңімпазы. Ж.А.Тәшеневтің 100 жылдық мерейтойына арналған«Ұлтына қорған болған ұлы тұлға» атты байқауда «Жылдың үздік жазушысы» жүлдесімен марапатталды. «Галстуксыз мұғалім», «Бейкүнә достарым» әңгімелері жарық көрді. Өлеңдері «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Үркер» сынды республикалық басылымдарда жарияланға.
Проза жаныры бойынша I-орын иегері болған сәт.
Хамитов Жасұлан Олжабайұлы
Хамитов Жасұлан Олжабайұлы, 1975 жылы 21 мамырда Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Құрама ауылында дүниеге келді.1982- 1985 жылдары Құрама бастауыш мектебінде, 1985-1992 жылдары Қарағанды қаласындағы Н. Нұрмақов атындағы №2 мектеп-интернатында білім алды.
1992-1997 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыды. 1999 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектепке қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі қызметіне қабылданды. Қазіргі уақытта аталған мектепте мамандығым бойынша қызмет етуде.
 А.Байсалбайұлы атындағы аудандық мүшәйраның І жүлдегері, Ш. Жандаев атындағы байқаудың проза жанрында Бас жүлдегері, «ХХІ ғасырға мемлекеттік тілмен» байқауының ІІ жүлдегері, «Жеңістің мұрагерлеріміз» атты қаламгерлер байқауының Бас жүлдегері, М.Жұмабаев  шығармашылығын насихаттауда «Бір ел – бір кітап» акциясының дипломанты. «Әдеби есімдер» байқауының проза жанрында бас жүлдесіне ие болды.
    Мамандығыма байланысты алғыс хаттармен марапатталдым. Жазған еңбектері аудандық, облыстық басылымдарда жарық көрді.


Бақтияров Ернар Нұркенұлы
1989 жылы 16 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған. 1996 жылы Үміткер орта мектебінің 1 сыныбына барып, 2007 жылы Доскей ауылының Елтай орта мектебін бітірді. Сонымен бірге, саз мектебінің домбыра класының толық курсын аяқтады. Мектепте оқып жүріп, Ернар Нұркенұлы Доскей ауылының халық аспаптар оркестріне қатысты. 2004 жылы «Замана бұлбұлдары» шығармашылық Ассамблея шеңберінде өткен жас орындаушылардың облыстық «Күй қайнары» конкурсына қатысып лауреат атанады.
2007 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетіне түсіп, 2011 жылы қаржыгер мамандығы бойынша қызыл диплом алды.
2012 жылы аталған университеттің қаржыгер мамандығы бойынша магистратурасын тамамдады.
Университетте оқып жүргенде, «Сарын» фольклорлық ансамблінде домбырада ойнады. Жастайынан тілдің құдіретін сезініп өскендіктен, студент кезінде шешендік өнерді меңгеру мақсатында ҚарМУ-дың зияткерлік пікірсайыс клубына белсене қатысып, облыстық және республикалық жарыстарда жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, оқуда жеткен жетістіктері үшін мемлекеттік грантқа және «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның арнайы шәкіртақысын жеңіп алды.
Еңбек жолын «Қарағанды облыстық соты кеңсесі» ММ-де Соттарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаржыландыру жөніндегі бөлімінде қызмет ете жүріп, ҚарМУ-дың заң факультетіне түсіп, 2014 жылы үздік бағамен бітірді.
2012 жылдан бастап «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ-не бас маман болып мемлекеттік қызметке орналасып,  жұмыс бабында сыртқы экономикалық байланыстар, инвестиция, арнайы экономикалық аймақ, даму институттарымен тығыз байланыста болды. Мемлекеттік қызмет барысында Астана, Павлодар қалаларында, сонымен қатар «Қарағанды Инвест-2012» халықаралық инвестициялық форумын ұйымдастыруға ат салысты. Қарағанды облысы әкімінің және аймақтың іскер топтарымен бірге халықаралық әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастықты орнату мақсатында Белорусь Республикасына іс-сапарды ұйымдастырып, бірге қатысты.
Қазіргі уақытта, Ернар Нұркенұлы теңізге қосқан тамшыдай болса да ел еңсесін еселеу жолында өз үлесін қосу үшін «Болашақ» халықаралық бағдарламасы арқылы білімін шыңдау мақсатында Ұлыбритания мемлекетінің ең үздік жоғары оқу орынының магистратурасында оқып жүр.

1 комментарий:

  1. Этот комментарий был удален администратором блога.

    ОтветитьУдалить