Бұқар жырау ауданының тарихы

ВИДЕО Ботақара кенті
Бұқар жырау Қалқаманұлы 
(1668 - 1781)
Арыстанға Абылайдай ақыл айтқан,
Бұқар жырау кемеңгер данышпаным.
Бұқар жырау бақ мекен тәңір берген.
Ботақара арқаның сәнін берген.
Көмекей әулие атанған Бұқар жырау
Тәуке мен Абылайға әмір берген.
Айтбай Жұмағұл
Қысырақтың үйірі жирен ала,
Орыс, қазақ байлары жапты жала.
Сүйіндікке бет алып шыққанымда,
Алдымен көрінуші ең Ботақара...
Иманжүсіп  «Бұғылы –Тағылы»

Бұқар Жырау ауданы  Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде, негізінде Қарағанды – Теміртау агломерациясын қоршай орналасқан әкімшілік – аумақтық бөлігі. Аудан 1997 жылы бұрынғы Ульянов  (1938ж құрылған) және Тельман (1928ж. құрылған) аудандарын біріктіру арқылы ұйымдастырылды. Атауы осы жерді мекендеген қазақтың атақты суырып салма ақыны Бұқар жыраудың құрметіне қойылған. Алғаш құрылғанда ауданға Ворошиловтың есімі берілсе, 1961 жылдан Ульянов ауданы аталды. Жерінің жалпы ауданы – 14,4 мың шаршы шақырым. Халқының саны – 60 мың адам. Ауданда 3 кент, 30 селолық және ауылдық округ бар. Аумағында Қушоқы,  Жоғары соқыр тас көмір, Қымызқұдық қоңыр көмір, Нұрқазған мыс және құрылыс материалдарының мол шикізат қоры барланған. Ауыл шаруашылық  құрылымдары астық, жемшөп, көкөніс, картоп егетін, сүтті-етті қара мал бордақылайтын,жылқы, шошқа, құс өсіретін акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, жеке шаруа қожалықтарынан құрылған. Аудан жерін қазақтың Қуандық, Сүйіндік, Қаракесек сияқты қонысы бір, жайлауы ортақ белгілі рулары мекендеген. Шұрайлы  жерлеріне XIX ғасырда Ресей мен Украинадан шаруалар қоныстанып, олардың ұрпақтары осы күнге дейін жергілікті халықпен бірге тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Аудан тұрғындары Ресейдің отаршылдық саясатына батыл қарсы тұрып, Кенесары қозғалысына (1837-47), 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісіне белсене қатысты. Кеңес өкіметінің 30-жылдардың басында ашаршылыққа ұрындырған саясатына қарсы шыққандарды жақтаушылар да табылды. Мұның бәрі тарихта Алабас, Айғыржал көтерілісі (1916), Абыралы, боқты (1931) көтерілісі ретінде енді. Сталиннің қанды репрессиясы жылдары халықты  сесңгіретіп тастағаны да рас. Бірақ аудан аумағын мекендеген халықтар өздерінің ұлттық дәстүрлерін, ата – бабаларынан ғасырлар бойы дарыған қасиеттерінен арылған жоқ. Жаңа заман ағымына сай еңбек етіп, енді коллективтендіру мен индустрияландыруға өз мүмкіндіктерінше үлес қоств. Еңбекте үздік болуға тырысып, оқуға, білімге талпынды. Сондықтан да Қарағанды сияқты өнеркәсіпті орталыққа жақын болғандықтан бұл өңірден небір атақты өндіріс ұйымдастырушылары, оқымысты ғалымдар, өнер, білім қайраткерлері өсіп шықты. Мәселен, сол кездегі «үлестірмелі» саясат болса да, біздің өңірден БК(б)п 18-съезіне (1939ж) қазіргі Доскей ауылы ұжымшарының парторгы А.Ауғамбаев делегат болып сайланды. Қазақ әйелдері ішінен 1948 жылы тұңғыш Соцалистік Еңбек Ері атағына ие болған Д.Асылбекова да осы ауылдың тумасы. Уақыт өткен сайын аудан ардақтыларының да саны арта түсті. Заман ағымына сай кейбір «үлестірме» жолмен атақ алғандардың аты ұмтыла бастады. Бірақ адал еңбекгімен  ел құрметіне бөленіп,халқының даңқын асырғандар қаншама?! Олар туған халқының мәңгі жадында!
Бұқар Жырау ауданының елді мекендер атауы.
Әкімшілік аумақтық бірліктері
Орталығы
1
Ботақара кенті
Ботақара кенті
2
Қушоқы кенті
Қушоқы кенті
3
Ғабиден Мұстафин кенті
Ғабиден Мұстафин кенті
4
Ақбел селолық округі
Ақбел селосы
5
Ақөре селосы
Ақөре селосы
6
Ақтөбе селолық округі
Ақтөбе селосы
7
Баймырза  селолық округі
Баймырза селосы
8
Белағаш селолық округі
Белағаш селосы
9
Ботақара селосы
Ботақара селосы
10
Бұқар Жырау селолық округі
Бұқар Жырау селосы
11
Гагарин селолық округі
Гагарин селосы
12
Доскей ауылдық округі
Доскей ауылы
13
Дубовка селолық округі
Дубовка селосы
14
Қаражар селолық округі
Қаражар селосы
15
Қарақұдық селосы
Қарақұдық селосы
16
Көкпекті селолық округі
Көкпекті селосы
17
Корнеевка селолық округі
Корнеевка селосы
18
Березняки ауылдық округі
Березняки селосы
19
Молодецкое селосы
Молодецкое селосы
20
Новоузенка селолық округі
Новоузенка селосы
21
Петровка селолық округі
Петровка селосы
22
Ростовка селолық округі
Ростовка селосы
23
Самарқанд  ауылдық округ
Самарқанд селосы
24
Суықсу селосы
Суықсу селосы
25
Тоғызқұдық ауылдық округ
Тоғыз құдық  селосы
26
Тұзды селолық округі
Тұзды селосы
27
Үміткер ауылдық округ
Үміткер селосы
28
Үштөбе селолық округі
Үштөбе селосы
29
Центральный селолық округі
Центральный селосы
30
Шешенқара селолық округі
Шешенқара селосы
ВИДЕО Ескерткіштің ашылуы

2008 жылы  1- шілде күні ҚР Президеті  Н.Ә.Назарбаевтың  қатысуымен Қарағанды  қаласында ашылған Бұқар жырау ескерткіші

Кисловод. М. Горький атындағы шипажайдағы демалыс. Таисия Алексеева, Раушан Әбікейқызы, Әлкей Марғұлан және Қаныш Сәтбаев
Қ.Бабаев совхозындағы Ш.Әмірхановтың директор жанындағы жиыны 
Ұлы Отан соғысының ардагері А.Арыстанбеков Бұқар жыраудың 345 жылдық тойында.
Қ.Сатбаев шәкірті Ш.Шокинмен


Белағаш селолық округі – аудан құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Белағаш, Аюлы, Ташық ауылдары кіреді. Тұрғыны 1,1 мың адам. Орталығы – Белағаш ауылы.
Белағашелді мекен, орналасқан жері тоғайлы ағашты жер. Қарқаралы мен Баянаула арасындағы ұсақ тоғайлықтар осы Белағаш үстімен өтеді. Белағаш – қуысына ағаш біткен қырат, қайың, көктерек және аракідік қарағай өскен орманды алқап. Ұсақ ормандар Қарқаралыдан Баянауылға дейін Белағаш арқылы өтеді.

Ботақара – Нұра өңірі аумағында орналасқан Белағаш мемлекеттік табиғи экологиялық қорығы Қазақстан Өкіметінің 2001жылдың 27-маусым күні №877 Қаулысы бойынша құрылған. Қорықтың республикалық дәрежесі бар. Қорықтың жалпы аумағы 1500 га.

Доскей селолық округі. Орталығы – Доскей ауылы. Қарағанды қаласының шығысында, облыс орталығынан 20км жерде орналасқан. 1911 жылы осы арада Қызылқұдық қонысы болды. Сол араға келген шығыс-еуропалық қоныс аударушылар келеді. Жер атын өзгертіп, Зеленая балка деп атады. 2001 жылы Доскей ауылы болып қайта өзгертілді. Округ аумағында 1929 жылы «Трудовик» шаруашылық артелі ұйымдасты. 1945 жылы Чапаев  және Доскей атындағы ұжымшарларды біріктіру нәтижесінде жаңа ұжымдар құрылып,  Жеңіс деп аталды. Құрамына Доскей, Аққұдық, Трудовое ауылдары кіреді. Белгілі ақын Доскей Әлімбайұлының ескерткіші, құлпытасы орнатылған. Орталық көше де Доскей ақын атымен аталады.

Көкпекті селолық округі –  Байқадам, Сарытөбе ауылдары кіреді. Тұрғын саны 4,3 мың адам. Орталығы Көкпектіде.
л араға келген шығыс-еуропалық қоныс аударушылар келеді. Жер атын өзгертіп, Зеленая балка деп атады. 2001 жылы Доскей ауылы болып қайта өзгертілді. Округ аумағында 1929 жылы «Трудовик» шаруашылық артелі ұйымдасты. 1945 жылы Чапаев  және Доскей атындағы ұжымшарларды біріктіру нәтижесінде жаңа ұжымдар құрылып,  Жеңіс деп аталды. Құрамына Доскей, Аққұдық, Трудовое ауылдары кіреді. Белгілі ақын Доскей Әлімбайұлының ескерткіші, құлпытасы орнатылған. Орталық көше де Доскей ақын атымен аталады.

-align:justify;text-indent: 21.3pt;line-height:normal'>Ботақара – Нұра өңірі аумағында орналасқан Белағаш мемлекеттік табиғи экологиялық қорығы Қазақстан Өкіметінің 2001жылдың 27-маусым күні №877 Қаулысы бойынша құрылған. Қорықтың республикалық дәрежесі бар. Қорықтың жалпы аумағы 1500 га.

Байқадам - Сармантай - Мұрттан шыққан белгілі би. Кенесары жорығына қатысқан. Мәңкі батырмен немере туыс болған. Байқадам би – халықтың мұң-мұқтажын ойлап, сөзін сөйлейтін, ел-жұртына жағымды адам болған. Осындай жақсы қасиеттерімен ел-жұрртының есінде қалып, бұрынғы Миньковка-бүгінде Байқадам ауылы аталады.

Қаражар селолық округі – аудан құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қаражар, Асыл, Волковское, Геологическое ауылдары кіреді. Тұрғыны 1,9 мың адам. Орталығы – Қаражар ауылы. 


Новоузенка селолық округі – аудан құрамындағы  әкімшілік бірлік. Құрамына Новоузенка, Сыбан, Стан ауылдары кіреді. Тұрғыны 1,6 мың адам. Орталығы – Новоузенка ауылы.


Самарқан селолық округі – аудан құрамындағы бірлік. Құрамына Самарқан, Тегісжол, Чкалово ауылдары кіреді. Тұрғыны 1,9 мың адам. Орталығы – Самарқан ауылы.



Суықсу селолық округі – аудан құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Суықсу ауылы кіреді. Тұрғыны 0,5 мың адам. Орталығы – Суықсу ауылы
.
Шешенқара ауылдық округі. Шешенқара аулы Нұраның сол жақ жағалауында, Шешенқара тауынын етегінде, Ботақара кентінен шығысқа қарай 25 км, ал облыс орталығы Қарағандыдан шығысқа қарай 75 км жерде орналасқан.          1907 жылы мұнда шығыс-еуропалық қоныс аударушылар келіп, қоныс тепті. Қазақтың жаз жайлауы болған Шешенқара алқабы 1910 жылы Меколай деген атпен белгілі жеке елді мекен ретінде бекітілді. 1920 жылы большевиктер «Пролетарское» деп өзгертті. 1965 жылы «Кузнецк», «Буденый» атты кеңшарларының жерінен құрылған «Пролетар» кеңшарының және Пролетар ауылдық Кеңесінің орталығы болды. 1997 жылдан бері Шешенқара деген байырғы қазақша атымен аталды.


Ақбел селолық округі – аудан құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Ақбел, Алабас, Құрама ауылдары кіреді. Тұрғыны 0,9 мың адам.  Орталығы – Ақбел ауылы.


Ақтөбе селолық округі – аудан құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Ақтөбе, Ынтымақ ауылдары    кіреді. Тұрғыны 1,4 мың адам. Орталығы – Ақтөбе.


  Баймырза селолық округі – аудан құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Баймырза, Астахов ауылдары кіреді. Тұрғыны  2,1 мың адам.  Орталығы – Баймырза ауылы.


     Березняки селолық округі – аудан құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Березняки,          Тасауыл, Сарытау ауылдары кіреді. Тұрғыны 1,6 мың адам. Орталығы – Қызылқайың.

Ботақара селолық округі – аудан құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Бұқар жырау, Семізбұғы, Шалқар ауылдары кіреді. Тұрғыны 0,7 мың адам. Орталығы – Бұқар жырау ауылы.


 Гагарин селолық округі – аудын құрамындағы әкімшілік бірлік. Новоузенка селолық округі – аудан құрамындағы әкімшілік бірілік. Құрамына  Новоузенка, Сыбан, Стан ауылдары кіреді. Тұрғыны 1,6  мың адам. Орталығы Новоузенка.


 Зеленобалко селолық округі – аудан құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Доскей, Аққұдық, Трудовое ауылдары кіреді. Тұрғыны 4,5 мың адам. Орталығы–Доскей ауылы.


  Қарақұдық селолық округі – аудан құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қарақұдық, Жалғызқұдық, Күмісқұдық ауылдары кіреді. Тұрғыны 1,0 мың адам. Орталығы – Қарақұдық ауылы.


   Корнеевка селолық округі – аудан  құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Корнеевка, Ақжар,Алғабас ауылдары кіреді. Тұрғыны 2,2 мың адам.Орталығы – Корнеевка ауылы.
    Молодецкий селолық округі – аудан құрамындағы әкімшілік бірлігі. Құрамына  Молодецкое ауылы кіреді. Тұрғыны 1,1 мың адам. Орталығы – Молодецкое ауылы.

    Петров селолық округі – аудан құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Петровка,  Жаңақала, Жастілек, Шийлы ауылдары кіреді. Тұрғыны 2,6 мың адам. Орталығы – Петровка ауылы.
Шийлі – Нұра өзенінің кіші саласы, жағасына көп құрақ біткен, ши өскен мағынаны білдіреді. Кішкентай өзен. 
      
Ростов селолық округі – аудан құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Ростовка, Красная Нива, Қызылжар ауылдары кіреді. Тұрғыны – 3,0 мың адам. Орталығы – Ростовка ауылы.


Тоғызқұдық селолық округі – аудан құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Тоғызқұдық, Плотинное,  Тасшоқы ауылдары кіреді. Тұрғыны 1,4 мың адам. Орталығы – Тоғызқұдық ауылы. Халқының саны – 1,4 мың.

Тұзды селолық округі – аудан құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Тұзды, Көне тұзды, Первое Мая ауылдары кіреді. Тұрғыны 1,2 мың адам. Орталығы – тұзды ауылы.
Халқының саны – 1,4 мың.

Үштөбе селолық округі – аудан құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Үштөбе, Ақжар, Заречное, Құрылыс, Соқыр ауылдары кіреді.

Соқыр – өзенінің соқыр аталуы оның бірде сулы, бірде сусыз, бірде нулы, талды, тоғайлы, бірде тал тоғайсыз, нусыз болуына және өзінің арнасы бойында бірде жер үсті, бірде жер асты су ағынымен болатынына қарай қойылған.

Центральный селолық округі – аудан құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Центральный, Урожайный ауылдары кіреді. Тұрғыны 2,0 мың адам.
Ботақара  жерінің  атауына  байланысты  мазмұны  екі  түрлі топонимикалық  аңыз бар. Аңыздың  екі  нұсқасы  түйе, ботаға  байланысты. Ботақараға  қатысты  аңыздың  екі  нұсқасы  түйе, ботаға байланысты. Ботақараға қатысты аңыздың  үшінші  нұсқасы Ботақара  мен  Шешенқара  төбелерін  бір   мазмұнға  ұйымдастырады. Мұнда  таудың  Бота атануы XVIII ғасырда  өмір  сүрген  Нарбота  батырдың атына  байланысты  делінеді. Халық аңызы осы. Аңыз бойынша бір күн жау, бір күн дос  тұрған  жаугершілік  заман  екен,  осы  шоқылардың  арасында  қазақ  пен  қалмақтың  соғысы болады. Қазақ  жауынгерлерін  Нарбота  батыр, қалмақ  әскерлерін Шешен  қыз басқарған – мыс. Осыған байланысты  қазақ  жауынгерлері  бекінген  жер – Ботақара , ал қалмақ  жағы тұрған  жер  Шешенқара атанған. Бір  айтушы  Еңсегей  бойлы  ер Есімханның  заманы  болған  оқиға десе, ендігі  бір  айтушылар  Салқам  Жәңгір  тұсында  болған  оқиға деседі.
Нарбота  мен  Шешеннің құрметіне  Ботақара  көліне  Өткелсіз  өзені  құяр сағада  бейіт  орнатыпты дейді. Бейіт  осы  сырды  шертіп тұр. Жылқы  қылын, ешкі  майын  қосып  илеген  бейіт  кірпіші  алыстан жылт – жылт етеді. Қарашоқы  сол  оқиғадан  бері  Ботақара аталды. Осынау  сан  ғасыр  баба  тарихының  куәсіндей  аңыз – ақиқатқа  ие Ботақара атауы нешеме  рет өзгертілді. 

Бұқар жырау  ауданы  жеріндегі  біршама  тарихи  - әлеуметтік мағынадағы  атаулар  бергі замандағы  оқиғалармен байланысты. Заманы  аса алшақ  болмағанымен, оның  өзі  бұл  күнде  аңызға  жақын  мағынада  айтылады. Соның  бір үлгісі  Хан  сүйегі деп  аталатын  жерге  байланысты. Бұған  байланысты тарихи әпсананың  екі  нұсқасы  бар. Хан сүйегі  аңызының  бірінші нұсқасы Нұра жағасында жерленген,  аты аңызға  айналған  Қансүйек  батырдың  атымен аталған.

Бұқар жырау ауданының географиясы


Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы - Қарағанды облысының орталығында орналасқан. Ауданның әкімшілік- аумақтық бірліктері облыс орталығын және спутник қалаларды айналдыра орнаған

Аудан оңтүстікте Абай және Қарқаралы аудандарымен, сібірде Осакаровка және Павлодар облысымен, сібір-оңтүстікте Павлодар облысымен, сібір-шығыста Осакаровка ауданымен шекаралас. Батыста Нұра ауданымен, оңтүстік-шығыста Абай ауданында, оңтүстік-шығыста Қарағанды облысының Қарқаралы ауданымен

Үстіңгі құрылымы бойынша тегіс-шағын белесті қойма тәріздес. 500-600 м абсолюттік белгілеулері бойынша географиялық жер, Ишим, Нұра, Шідерті және Өлеңті өзендерінің су бөлу кеңістіктерін алады. Ауданды бөлек белес аралық төмендіктері, тегістіктер мен далалар бөледі. Ауданның ең жоғарғы нүктесі 1049 м абсолюттік белгідегі Семізбұғы таулары. Шешенқарада 708 м биіктік, Аюулы -871 м. 

Аудан аумағы 14,6 мың шаршы километр, бұл облыстың жалпы алаңынан 3,4% құрайды

Бұқар жырау ауданының аумағында 63,5 мың.адам тұрады Қарағанды облысының барлық тұрғындарының 5 бөлігі. Ауданда 5 айылдық, 17 селолық, 5 село 3 кент бар. 

Аудан бойынша тұрғындар тығыздылығы орташа (аумақтың 1 ш.м) 4,3 адамды құрайды

Ауданда 11-ден аса ұлт өкілдері тұрады. Тұрғындардың жалпы санында қазақтар үлесі 56,8%, орыстар-27,3%, украиндар-1,8%, немістер-1,5%, татарлар- 4,2%, белорустер-4,2% құрайды. Басқа ұлт өкілдерінің үлесі 4,2% құрайды

Ботақара аудан орталығы облыс орталығынан 60 км орналасқан



Жер сипаты, су қоры, табиғат  байлығы

Жер сипаты, су қоры, табиғат байлығы
  Аудан Сарыарқа кіндігі – Қарағанды облысының солт.-шығ. орналасқан жері түгелдей қазақтың ұсақ шоқырлы таулары аймағындағы қыратты төбелерге тиесілі. Жер аумағының жалпы көлемі – 14,6 мың ш км құрайды. Қазақтың қыратты өлке жерлері батыстан шығысқа қарай 1200 шақырымға  созылған. Бұл ең ежелгі, тау тасты мүжілген өлкелердің бірі. Батысында ені 900 шақырымнан астам, ал шығысында 350 шақырымға жуық.
  Қазақтың ұсақ шоқысы – ертедегі тас қатпарлы өлке. Жер бедері төбелі қырқалы болып келеді. Теңіз деңгейінің орташа биіктігі 300-450м. Бұқар жырау ауданының ең биік нүктесі – Семізбұғы тауы солт.-шығ бөлігінде орналасқан. Ол солт.-батыстан, оңт.-шығысқа қарай 7км, ал ені 4км мөлшерде созылып жатыр. Бұл таудың биіктігі – 1049 м. Салыстыратын болсақ, баянауыл тауының биігі Ақбет – 1027 м. Қызылтаудағы Әулиелі биігі – 1057м. Қызыларайдағы Ақсоран шыңы – 1565м.

Ауа- райы, топырағы
  Шұғыл ауа – райының басты белгілері  -жазы ыстық әрі құрғақ, қысы қатаң, ұзақ болып келеді. Сондықтан, Сарыарқаның кіндікті жері болып келетін Ботақара – Нұра өңіріне шұғыл ауа –райы тән.
   Қысы қатаң,  жазы ыстық, құрғақ болуы, жылдық және бір күндік ауытқушылықтың жоғары болуы бұл жердегі Сібір антициклоны мен арктикалық ауа массалары кедергісіз ұдайы айналымға түсуіне байланысты.
 
Жылдық жауын-шашын мөлшері 250-300 мм дейін жетеді.
  Қаңтар айының орташа температурасы -19-29, шілде айының орташа температурасы +20+22 С. жауын –шашынның жылдық мөлшері 250-300 мм.Ауданның ауа райының жылдық көрсеткіштерін сипаттайтын болсақ, ауаның температуралық орта жылдық көрсеткіші 2,0 тең. Ең суық ай – қаңтар айы. Орташа тәуліктік температурасы -16,2. Ең жылы ай – шілде айы. Орташа тәуліктік температурасы +21,4.
  Өсімдіктің өсіп –өңу кезеңінің ұзақтығы 156-162күн.

Табиғи-климаттық жағдайлар

Аудан Қазақстанның шағын белесті Сарыарқасының  жоғарғы орталық бөлігінде орналасақан.
Жердің рельфі басты жағдайда тегіс, жергілікті жерлерде шағын белесті. Ауарайы ұзақ суық қысты, ыстық қысқа жазды және белсенді желді. Жылдық ауа-райы түсімі 300-305 мм шегінде, бұл ауа-райының құрғақшылығын екендігін сипаттайды.
Бұқар жырау ауданының ескерткіштерінің арасында бірінші орынды Белағаш тапсырушысы алады. Мұнда Қарағандыға жақын жерде баяу дамуы жер қойынауы құздарында, 334 га қалын ну орманы бар. Тапсырушыға құрғаған өзендер алаңқайлары, оның жағдайларында талдар, қайың мен емен өскен. Бұл ормандардың су қоймалық маңызы бар, аңдар мен құстар  үшін бір мезеттегі жай болған. Белағаш қорығында аң аулаушылыққа 10 жыл мерзіміне тиым салынған.
Аң әлемінің әр түрлілігі оның тарихи дамуының маңыздылығымен, заманауи табиғи жағдайлармен, сондай ақ оларға заманның  әсер етуі сипаты және дәрежесімен анықталған.
Аудан аумағында кеміргіштердің 8 түрлері, 2 жыртықш, 13 аз қоректілер, 34 құс, 8 рептилия, 3 амфибия түрлері саналады.
Ең көп тараған- кішкентай суыр, үлкен кіші тышқандар, әдеттегі саршұнақ, сондай -ақ ақ-қоян кездеседі.
Жыртқыштардан қасқыр мен түлкі тараған.
Барлық жерде ауасыз кеңістіктерді алып тастағанда борсық, ашық аумақтарда қарсақ өмір сүреді.
Ауданда құстардың бірнеше торғай топтары бар. 
Көлдер мен өзендерде сазан, ала бұға, шортан, карп және өзге де балықтардың түрлері бар.

Пайдалы қазбалар

(оның ішінде игеру үшін тиімділер)
Бұқар жырау ауданында тас көмір шығатын орындар бар (кокс көмір), құм, саз, қиыршық тас және басқа да пайдалы қазбалар. Облыс аумағы Орталық Қазақстанның орта бөлігін алып жатыр.
Барлық геологиялық құрылымдардан жақсы зерттелгені Қарағанды көмір бассейні. Оған енеді сондай ақ тас көмір шығатын жерлер: Самарское, Завьяловское, Қушоқы, Бөрлі.
Құм-тасты қабаттардың зерттелген кеніштерінің негізгі бөлігі өзендердің аумағында орналасқан. Юр қорлары бойынша дамыған желдету қабатының саздары құрылыстық аязға төзімді кірпішті, қыш бұйымдарын, отқа төзімді өнімдерді жасауда қолданылады. Саздың Ақтас, Сары қарасу кеніштері қолданылады. Құрылыс тасының кеніштері табылып, қолданылады.

Су ресурстары

Бұқар жырау ауданында 214 өзендер бар. Аудан өзендерінде жыл сайын 200 центнер балықтар ауланады, 100 мың.үйрек өсіріледі, сулармен ауылдың жырту жерлері суарылады.
Көлдер арасында негізігі тұздылары, олардан ірілері: Ботақара, Құндыкөл және басқалар. 2 суқоймасы бар: Ынтымақ, Ащысу, 18 көлдер мен 20 плотиналар. Сулардың орташа жер асты тереңдігі 20-дан 100 метрге дейін.
Өзен желісі жақсы дамыған және шағын белестің сібір және орталық бөліктеріне байланған. Өзендер ауқымды сулармен дараланбайды, жазда құрғап қалады. Аудан Орталық Қазақстанның ең ұзын өзені Нұрамен бөлшектес. Нұра- Бұқар жырау ауданының басты су артериясы. Оның ұзындығы - 978 км.
Сондай ақ аудан аумағынан, ауданның тұрғындары мен ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ететін Ертіс-Қарағанды каналы өтеді.
Өзендер су тасқынды жылдары 0,5 тен 1 км-ге дейін құйылады, Нұрада төменгі ағысында 2 км. Ірі өзендер ауқымы 50-70 м, шағын су ағыстары 15-30 м құрайды. Олардың қиылысының тереңдігі 3-5м аса емес.
Аласа таулы рельефтің саны, қазақтың әдеттегі тегіс өзендерінің негізгі сипатында. Олардың су тәртібінің айрықша белгілері, сәуірдің бірінші он күндігінде басталатын, жылдам көктемгі су тасқыны.

Нұра Қарағанды  және Ақмола облыстарының жерімен ағатын өзен. Ұзындығы978 км, су жинау алқабы60,8 мың км2. Нұра Қызылтас тауының батыс сілемдеріндегі бұлақтардан басталып, Теңіз көліне кұяды. 
Нұра жоғарғы ағысында аласа таулардың арасымен, орта тұсында ұсақ шоқылар бойымен және төменгі ағысында төбелі жазықпен ағады. Өзен аңғары жоғары және орта бөлігінде қатты кристалды шөгінді жыныстардан (ені — 2-10 км) түзілген, төменгі жағында аңғары 25 км-ге дейін ұлғаяды. Жайылмасы кең (кейде 15 км-ге дейін) келеді. Тереңдігі 1-4 м. Жылдық орташа су шығыны 19,5 м3 (сағасынан 369 км жерде). Негізінен қар және жер асты суымен толығады. Жылдық ағынының 92,1%сәуірмамырда, 7%маусым-қазанда, ал 0,9%қыста өтеді. Жылдық ағынының орташа көп жылдық көлемі (Романовское селосы тұсында) — 473 млн. м3. Өзен қарашаның басында қатып, сәуірде мұзы ериді. Суға тапшы Орталық Қазақстан жағдайыңда Нұраның шаруашылық маңызы өте зор. Өзен бойында Самарқан, Самар және Шерубайнұра бөгендері салынған. Нұра су құбыры іске қосылған. Сағасында Қорғалжын мемлекеттік қорығы ұйымдастырылған. Самарқан бөгені,Теміртау бөгені,Нұра бөгені-Нұра өзені аңғарында,Қарағанды облысы Осакаров ауданы жерінде. 1941 жылы іске қосылған.Шарасының ұзындығы 84 км², ұзындығы 20 км,ені 7км,орташа тереңдігі 3,25 м (ең терең жері 17 м),суының мөлшері 260 млн.м³. Бөгеннің су жиналатын алабы 115500 км².Шарасы қалың құмды-малтатасты шөгіндерден,саз және саздақтан түзілген.Түбі тегіс, батыс жағына қарай еңкіштеу келеді.Солтүстік көк желекті жағасы ( ені 200-300 м) демалыс орнына айналдырылған. Батыс жағалауы Теміртау қаласының шетіне тиіп жатыр. Солтүстік жағалауында Сарымсақ, Қарабұйрат қоныстары жайласқан. Бөгенге Ертіс-Қарғанды каналының суы Нұра өзені арқылы ауық-ауық қосылып отырады. Бөген деңгейінің жылдық өзгерісі 2 м шамасында. Суы мөлдір, минералдылығы 0,7-1 г/л. Бөген суын Қарағанды,Теміртау қалаларының өндірістік кәсіпорындары пайдаланады.





ШӘДЕТОВ ЖЕҢІС ЖҰМАШҰЛЫ
 БҰҚАР  БАБА  ЕЛІНДЕ


ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТҮТІНІ ДЕ ТӘТТІ
                         
            Жеңіс Жұмашұлы Шәдетов – Қарағанды облысының қазіргі Бұқар жырау атындағы ауданының түлегі. Осы жерде туып-өсіп, бүкіл өмір бойы қызмет атқарғандықтан, оның ішінде бұрынғы Пушкин атындағы және Бабаев атындағы совхоздарда басшы қызметтерде, совхоз директоры болғандықтан болар, ауданның өзімен бірге қоян-қолтық еңбек еткен азаматтарын, малшы-диқандарын, тіпті жаңағы аталған екі округке қарасты жерлердің әр тау-тасына дейін жақсы біледі. Мектеп жасынан зеректілігімен танылған Жекең орысша, қазақшаға бірдей сауатты, сонымен қатар ауыл ақсақалдарының сөзін тыңдап, әңгімесін естіп дегендей құлағына құйғандары көп.
            Кейінгі жылдары ол облыстық «Орталық Қазақстан» газеті редакциясының тапсырмасымен Бұқар жырау ауданының 80 жылдығы қарсаңында туған ауданының, өскен өлкесінің тарихына қатысты тұшымды мақалалар жариялап, оқырмандарымыздың көңілінен шыға білді. Оның қаламынан шыққан «Қасиетті жер тумасы», «Қанағаңның көзін көргенмін», «Мақыш ағаның мағыналы өмірі», «Бабаевтың бастапқы басшысы», «Ордалы оқу орны», «Үміткердің ұландары» және т.б. туған жердің тарихын зерделеген мақала-естеліктері Бұқар жырау ауданының өлкетану ісіне қосылған елеулі үлес дер едік. Бұларда автор Баянауламен көршілес осы өңірден шыққан академик ғалымдар Қылыш Бабаев пен Қаныш Сәтбаевтың, ұзақ жылдар прокуратура органдарында басшы қызмет атқарған Мақыш Қапеновтың, асқаралы алпысыншы жылдары ауыл басқарған ардақты азамат Шопанай Әмірхановтардың өнегелі өмір жолдарын кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде ұсынады. Туып-өскен Үлгі аулының түлектерін, өзі еңбек еткен Үміткер аулының еңбеккер ұландарын ілтипатпен еске алады.
            Жеңіс Шәдетов осы жазбаларын кейін де жалғастырып, аудан және облыс басшысы болған аяулы азамат Серік Ағыбаев, ұстазы Дүйсенбек Тұрғанбеков, үркердей ауыл – Үлгіден шыққан қаламы қарымды журналист Шайхан Жандаев, ұстаз-ақын Рамазан Нәрешев, Югославия тауларында жаумен алысқан ержүрек партизан жерлесіміз Бошай Қанапиянов туралы татымды дүниелер жазды. Ауылдық жағдайда адам өмірін арашалап жүрген ақ халатты абзал жандар – дәрігерлер туралы да шын көңілімен шынайы деректер келтірген. Өз әкесі, ел ағасы бола білген Жұмаш Шәдетов ақсақал туралы да естеліктері орынды. Әсіресе, Жұмекеңнің атбегілік, аңшылық өнері боямасыз, әсем суреттелген. Қазақтың мұндай ұмытылып бара жатқан өнер түрін жаңғыртуда Жеңістің жазбаларының маңызы зор дер едік.
            Автордың қай шығармасынан болмасын оның туған жеріне деген ыстық ықыласын, адамдарына деген дарқан көңілін сезінесің. Туған жердің түтіні де тәтті деген сөз осындайда айтылса керек.
            Қорыта айтқанда, Жеңіс Шәдетов өзінің «Бұқар баба елінде» деген естелік кітабы арқылы жоғарыда атап өткеніміздей, ауданның өлкетану ісіне үлкен үлес қосып отыр.

Аман ЖАНҒОЖИН,
Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан»
газеті бас редакторының орынбасары,
ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
9 қаңтар 2011 жыл.

ӘКЕМ  ӨМІРІНІҢ  ӨТКЕЛДЕРІ

Көп толғаныстардан соң әкем туралы, өзімнің өмірлік жолдарым туралы өмірбаяндық жазбалар жазуға қолыма қалам алдым.
Бұл біреуге еліктеуден немесе дәріптеуден туындаған ой емес. Әркім өз ісімен айналысқаны жөн, етікші етік тігуі, әнші ән шырқауы, жазушы кітап жазуы тиіс дегендей. Көп жылдар ауылшаруашылығында маман болып істеген, менің қолымнан естелік жазбалар жазу келер ме екен деген күдіктің болғаны анық. Әкеге деген жылы лебіз, сағыныш, толғаныс осы ойларды жеңіп, қолыма қалам ұстауға мәжбүр етті.
Өмір өткінші. Даналар айтқандай «Таудың өзі де бірте-бірте шөгеді, жұлдыздар да, ерте ме, кеш пе сөнеді». Қалатыны – естелік.
 Адамға берілген азғана ғұмыр тартыс, күрес, ел  мұраты үшін өмір сүру.
Әкем замана көшінің куәгері болған адам, бүкіл өмірін халқына еңбек етуге бағыштаған.
Кедей шаруаның отбасында дүниеге келіп, еңбекке ерте араласқан, жалшылықта байлардың малын баққан.
Кеңес өкіметі орнаған соң еті тірі, жас жігіт басқару жұмысына алынады. Байлардың мал-мүлкін тәркілеуге қатысады, зұлмат ашаршылықты басынан өткереді, репрессия заманында қуғынға ұшыраған.
Қандай қиыншылықта қажырлығымен тура жолдан таймаған, әділеттің ақ жолынан адаспаған.
Коллективизация дәуірін, елді отырықшылық өмірге көшіру кезінде коп істер атқарған.
Сұрапыл соғыс жылдарында «броньмен» әскерден қалдырылып, колхоздарды басқарып, қиын еңбектің қайнаған ортасында болып, азық-түлік өнімдерін өндіруде үлкен табыстарға жеткен.
Ешкімге қиянат жасамаған, елге сыйлы адам болған. Жетімдерге жанашырлық білдіріп, жағдайларын шешіп, өзінің тәрбиесіне алып, еліне пайдасы тиетін азаматтар болуларына көмек жасаған.
Қартайған шағында да Үлгі ауылының кәрі-жасы қатты құрмет көрсетті, келіп сәлем беріп, әңгімелерің естіп, ақыл-кеңес сұрап отыратын, бәйбішелер-келіндері алдынан өтпеген.
Байлықты, дүние-мүлікті мақсат етпеді. «Бүлінгеннен бүлдірге алма» деген сөзді әкем жиі айтатын. Бірде осы сөздің айтылу мәнісін сұрағанымда: – «Конфискация кезінде бір көпті көрген, елге сыйлы бай адам үйге келіп, қарағым, ертең басқа кигенше сен ки деп, жаңа, жақсы тігілген саптама етігін менің қарсылығыма қарамай беріп кетті. Кейін сол етікті киіп шыққан күні аттан құлап, аяғым сынды. Сондықтан адалдықпен, мандай теріңмен дүние жина» деген еді.
Еліміз тәуелсіздік алып, Қазақстан мемлекеті құрылды. Бұл халықтың бақыты, ата-бабамыздың талай ғасырдағы арманы еді.
Егемендік аясында, Құдайға шүкір, 19 жыл өмір сүріп отырмыз. Ел Президенті Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендік саясатымен қазақ мемлекеті өркендеп, халықтың әл-ауқаты нығайып, дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы дамыған 50 мемлекеттің қатарында көрінбекпіз.
Қазіргі жаһандану заманында ел басымыз бүкіл халық алдына ұлттық сүйіспеншілікті арттыруды, отан сүйгіштікке, еліне, жеріне деген махаббатты, ұлтымызды, тілімізді сақтауды, жастар тәрбиесін, ғылымды, әдебиетті, мәдиениетті дамытуды мақсат қойып отыр.
Менің осы жазбаларымда Сарыарқаның кіндігі есептелетін Қарағанды – Баянауыл аралығындағы жерде 1928 -1991 жылдар аралығында  өмір сүрген елдің тұрмыс – тіршілігі баяндалады.
Ойымды ауылдар, мектептер, кеңшарлар тыныс-тірлігі арқылы, жекелеген адамдарға арналған естеліктермен жеткізбекке тырыстым.
Бұл қасиетті, киелі жердің топырағында қазақ халқына аты әйгілі Олжабай, Жасыбай батырлар, Бұхар-жырау Қалқаманұлы, Шон,  Едіге, Шорман мен Сәтбай, Жаяу Мұса мен Сұлтанмахұт Торайғыров, Мұса Шорманов, Садуақас (Сәкен аға), ғұламалар Мәшhүр Жүсіп Көпеев, Қаныш Сәтбаев, Қылыш Бабаев, Әлкей Марғұлан, Әбікен Бектұров,  Шәкен Айманов, Дихан Әбілев дүниеге келген.
Дана халқымыздың «өткенге топырақ шашсаң, келесі ұрпақ тас атады» деген қанатты сөзі тарихты ұлықтау, оны биікке көтеруді мақсат етеді.
Шәдетов Жұмаш Шәдетұлы 1899 жылы сәуір айында Павлодар уезі Ақкелін болысы Қарамұрын деген жерде (қазір Баянауыл ауданының Теңдік ауылынан күншығысқа қарай 5 шақырым) кедей шаруаның отбасында дүниеге келген.
Жасында ауылдағы молдадан оқып сауатын ашады.
Өміріндегі үлкен өзгерістер қазақ даласына кеңес үкіметінің келуімен тығыз байланысты.
Сарықамыс ауылдық кеңесінде ашылған алғашқы болыстық қосшы ұйымына төраға болады.
Кейіннен ТОЗ (товарищество обработки земли) болып ұйымдасқанда сол шаруашылық құрылымын басқарады.
1928 жылы большевиктер партиясына кандидаттыққа алынады, 1929 жылдан партия мүшесі. Коллективті шаруашылықттарды құруға және дамытуға көп еңбек етеді.
1934 жылдан Ворошилов ауданында (қазіргі Бұхар-Жырау) еңбек еткен. Жаңа-қала, Жастілек, Құрама, Үміткер, Үлгі колхоздарында басқарма бастығы, ауылдық кеңестің төрағасы болып қызмет атқарған.
Үлкендерге арналған сауат ашу мектебінде оқып, латын алфавитінде сауат алады.
Соғыс жылдарында Үміткер колхозында басқарма төрағасы болған, 1946 жылдан 1953 жылға дейін Үлгі колхозын басқарған.
1953-61 жылдары Үлгі колхозының басқарма төрағасының орынбасары болып істеген. 1961 жылы Бабаев совхозы ұйымдасқанда жылқы фермасын басқарып, сол жылдары зейнеткерлікке шығады.
1985 жылы 31 қаңтарында дүниеден өтеді.
Заманның қиыншылық уақыттарында ғұмыр кешкен әкем бар саналы өмірін адалдықпен, халқына еңбек етуге арнаған адам. Шығыс ғұламасы Саит Сарадидың «Азаматтық жасамаған адам - өмірге келмеген адам» деген сөзі елінің келешегін ойлап, өмірін сол іске бағыштағандарға арналған тәрізді.
Қай жұмыста болмасын іскерлігімен, үлкен ұйымдастырушылық қабілетімен танылған.
Еңбектері бағаланып екі мәрте Қазақ ССР Жоғары Советінің құрмет грамотасымен (1944, 1947жж), 1949 жылы «Еңбекте үздік шыққаны» үшін медалімен (за трудовое отличие), Германияны жеңгені үшін медалімен марапатталған.
1979 жылы партия қатарында 50 жыл белгісін алған.
Қарапайымдылығы мен сыпайылығымен ерекшелінген әкем сегіз қырлы, бір сырлы азамат болаған.   Бабалардан келе жатқан атбегілік өнерді дамытып, насихаттап келер ұрпаққа жеткізген. Баптаған жүйріктері бәйгенің алдын бермеген. Атбегілік мен аңшылық өнермен айналысуға уақыт тапқан. Аттары қашанда күтімде, бабында болатын. Ертеректе екі қарагер аты болыпты, бәйгеде бірінен соң бірі келетін көрінеді.
Кейіннен жегетін екі ақ боз аты болды. Қарағандыдан Үлгіге дейінгі аралықты төрт сағаттың шамасында жүріп өтеді екен (110 шақырым). Салт мінетін аттары бөлек болатын, ер-тұрмандары, ат-әбзелдері сәнді, көзге түсерлік етіп жасалған.
Бәйгеге ат баптаудың қыры-сырын жақсы білетін, ат жаратумен тек өзі ғана айналысатын. Аттың ащы терін алу, жүйрікке беретін жем-шөпті бір ықтиятпен істеуші еді. Сұлыны тазартып, електен өткізетін, даланың қару шөбін тарамдап, басқадай шөп түрлерінің болмауын қадағалайтын. Шауып келген аттың терін аузына алып, дәмін көріп, келешек баптаудың жолын шешетін. Атты суға жүзгізіп,  тазартып отыратын.
Ворошилов (қазіргі Бұқар-жырау) ауданында соғыс жылдары НКВД (нар. ком. внутренних дел) бастығы болып Жангелдин Мырзамсейіт істеген.
Ауданда соғысқа барғысы келмей, әскери коммисариаттың шақыруынан бас тартып, қашқындық жолға түскен адамдар болыпты. Сол адамдарды іздеп тауып, ұстаумен НКВД айналысқан. Қашқындар жүйрік аттарды ұрлап мініп, жақсы мылтықтармен қаруланған.
Сондықтан осы адамдарды ұстауға әкеміздің жүйрік екі қарагер аттарын арнайы қағазбен (повестка) НКВД-ның қарауына алады.
1944 жылы Октябрь мерекесінің қарсанында  ауданда ат жарысы болады. «Үміткер» колхозында басқарма төрағасы әкем сұр биені жаратып, бәйгеге қосуға әкеледі. НКВД үлкен қарагерді бәйгеге қоспақ болыпты, атты бәйгеге жіберер алдында көрген Жұмекең, НКВД бастығы Жангелдинге қарагердің баптауының кемсіндігін айтып, бұл жолы бәйгеге қоспауын өтінеді.
Жангелдин: -«Жұмекең байталы бәйге алсын деп, қарагерді бәйгеге қоспауымды қалады » деген екен.
Бәйгеде мәреден сұр бие бірінші өтеді де, қарагер жолда ақсап калыпты. Сол жолы үлкен қарагерді ауылға алып келіп, емдеп, кейін бәйгеге қосып жүріпті.
Арада көп  уақыт салып, ауданда ат бәйгесі 1957 жылы болыпты.
«Үлгі» колхозының шабдар атын әкем баптап қосады. Аламан бәйгеде шабдар ат жеке дара мәреден өтеді, кейінгі ат бір шақырым кейінге қалыпты.
Аң алатын жүйрік иттері, қасқырға түсетін ерейменнің аққасқа иттері болатын. Бірде мынадай жәйттің куәсі болғанбыз: менен  екі жас кіші Кеңес інім екеуміз (1949 жылы) қыстың  күні киініп, далаға шығуға үйдің есігін ашқанымызда үйге екі ит келіп кірді, алдыңғысы төменгі ас үйге қарай  кіріп, екіншісі өзіміздің Жолбарыс атты ит төргі бөлмеге өтіп кетті. Шешемізге үйге бөтен ит кіріп кетті дедік. Ол кісі бізді дереу ас үйге қарай өткізіп, бұрышқа кішкене үстелді қойып, бізді жасырып, қолына балтаны ұстап тұрды. Бөтен ит дегеніміз қасқыр екен. Жолбарыс даладан қуып әкеліп үйге қамаған, сол уақытта есік ашылған.
Бұл кезде бізің үйдің жанынына ауылдың көп адамдары жиналып, ішке кіруге жүрексініп тұрады. Әкеміз кеңседен шықса, үйдің маңындағы көп адамдарды көріп, жүгіре басып келеді. Жағдайды білген әкем үйге кірем дегенде Бөпежан деген бәйбіше  ереді. Үйге кірген әкей ас үйде бұрышта жатқан қасқырды көріп, кіреберістегі  киіз текеметті алып, қасқырдың үстіне жауып, тапжылтпай басып отырып, киіздің сыртынан тұмсықтан шешеме балтамен екі-үш рет ұрғызып қасқырды өлтіреді.
Бұл уақиғаны келер жазда іссапармен  ел аралап жүрген облыстық «Советтік Қарағанды» газетінің бас редакторы Бейсенғали Тәйкіманов естіп, газетке «қасқыр соққан Қапса жеңгей» деген көлемді мақала жазыпты.
Әкей аңшылық өнерді де бір кісідей білген. Жақсы мылтықтар ұстаған. Мылтық оғын өзі жасаған, бытыраның әр түрін қорғасыннан кесіп, екі темірдің ортасына салып, домалақтап, аса ұқыпты даярлаушы еді. Мылтықты көздемей «қол мергендікпен» нұсқап атады екен. Оғы бос кетпеген. Қиыншылық уақытта Қызыл тау деген жерде «Заготскот» бөлімшесін басқарғанда біраз адамдарды даланың аңы мен құсын  аулап, тамақтарын тауып беріп отырыпты. Осы жерде ауыз судан тапшылық көргенде ауыл адамдарын ұйымдастырып апарып, таяу шатқалындағы бұлақты тазартып, суды ауылға бұрып,  ел тұщы суға қарық болыпты.
1943 жылы шілде айының 27 жұлдызында Үміткер ауылында дүниеге келіппін. Герман мемлекетімен соғыстың үшінші жылы. Отбасында мен үшінші баламын. Апаларым Сәлима, Кәлима мектепте оқитын. Шешем Қапса Зейлекпар қызы үй шаруасымен айналысып, науқан уақытында төл алуда сақманшы, астық жинау кезінде қырманда істеген, кейінгі уақытта жұмыскерлерге нан пісірген.
Әкем 1946 жылы көрші Үлгі колхозына басқарма бастығы болып ауысады. Балалық бал дәуренім, бірінші мектеп есігін ашуым, мектеп бітіріп есейген шақтарым осы Үлгі ауылында өтті. Ақсу өзеніне суға түсіп, қамысында балапан қуып, тақырда асық ойнап, қыста Сары-Төбеден шана, шаңғы тепкен кездерімді тәтті сезіммен есіме алып отырамын.
Ауыл ақсақалдары кешке қарай көгал шөпке текемет төсетіп, екі-үш жерде дойбы ойнап, домбыра шертіп, сан алуан әңгіме айтатын. Әзіл сөздері жарасқан қариялардың қасына ауыл балалары отырып әңгіме, домбыра тыңдап, дойбы үйренетінбіз.
Үлкен ілтипатпен Жандай Османұлы, Молдабек Симанбайұлы, Мұқыш Сисаұлы, Әшірбек Исаұлы, Жаман Қорабайұлы, Ақтан Құлұлы, Баязит, Уәйра Келдібекұлдары, Сәби, Қизат Ахметұлдары, Мұқыш Қонақбайұлы, Иманбай, Боранбай Балғожаұлдары, Диханбай Қаракүшікұлы, Сабыртай Ыдырысұлы, Зейлекпар Абушахманұлы, Ақтай Бекмағанбетұлы, Майшеке, Рысқұл Мәкұлдары, Кәрмән Сабенұлы,  Қасен Бұхпашұлы, Құрманғали Қошанұлы, Сопақ Қосшығұлұлы, Шәкіш Қошанұлы, Әміржан, Томпыш Жақсыбекұлдары, Шәмшиден, Хамит Жүсіпұлдары, Жүкен Томарбайұлы, Қибаділдә Әлғожаұлы, Құлжа, Сәдірбек, Кәрібжан Үкібайұлдары, Бақтияр Мақатұлы, Боқай Көбентайұлы, Шахан Мұрсалұлы, Дүйсенбай, Смағұл Қасенұлдары, Әбдіш Қарасартұлы, Төлеубек Өтешұлы, Әбдіраман Айтжанұлы, Хамит Үркімбайұлы, Көкен Әрінұлы, Жапар Құсайұлы, Аяпберген Жантуғанұлы, Жұматай Бекмағанбетұлы, Сағынтай Диханбайұлы, Оқас Садырбекұлы, Қалиолла Қосшығұлұлы, Ақымбек Бекмағанбетұлы, Бәркен, Сарбас, Қырбас Ақтанұлдары, Оразбек Үмітбайұлы, Нұрғали Мәшенұлы, Қаппас Тақауұлы, Ғазиз Гизатуллаұлы, Құрманғали Мамыт, Қадыр, Ерсін, Нұртұрсынұлдары, Айтмұқан Әлпеиісұлы, Нүрілдә Нұртазаұлы, Мұқаш Бекұлы, Шәкен Мәжікенұлы, Жамау Әліқұлұлы, Құрманғали Әбдіраманұлы, Ахмадия Әлғожаұлы, Қабыкен Балбекұлы, Базкен Асқарұлы, Ғабдолла Ермекұлы, Қайып, Жұмажан аталарды еске аламыз.
Соғыстан кейін тұралаған колхоз шаруашылығын қалпына келтіруде, ауыр тұрмыстың қасіретін көрген осы аталған адамдар күні-түні тыным көрмей еңбек етіп, ауыл өмірін жандандырып, колхоз іргелі үлкен шаруашылыққа айналады. Аталған ауыл еңбеккерлерінен Көкен аға Әрінұлын ерекше атап өткен орынды. Соғыс кезінде Қарағанды шахталарында аянбай еңбек еткен ағамыз соғыс аяқталған соң туған жеріне оралып, жұмыстың ең қиын жеріне баруға сұранады.
Ауылда шөп шабу науқанының ұзаққа созылатыны және өте қиындықпен атқарылатыны кімге болсын белгілі.
Көкен аға жаздың аптап ыстығында бөренеден қиылып істелген ағаш сырғыға екі өгіз жегіп, жаяу жүріп, бөкеден шөп жинайды.
Кешкілік колхоздың берген екі сиырын сауып, ұннан қамыр илеп, сүттен кеспе істеп жұмыскерлерді тамақтандырады. Таңертең шай қайнатып, ерте шөпшілерді тұрғызып, шайларын беріп, жұмысқа жібереді. Жүзінен еш шаршағандық білінбейтін, реніші жоқ аға әзіл-қалжыңымен жастардың көңілін тауып, жігерлендіріп отыратын.
Ыстық күндері де басына бөрік киіп, үстінен шапанын тастамайтын. Түскі тамақтану кезінде жастар суға, қымызға бас қойса, Көкен аға: «нан жеп шөлімді басайын, қарның тоқ болса шөлдемейсің» деуші еді.
1957-58 жылдары жаз айлары жауынды болды. Шөпшілер жұмысын тоқтатып, ауылға қайтады. Шөпші қосынын күзетуге де Көкен аға қалады.  «–Жеңіс, ауылда не бар, менімен бірге қал, саған тәтті сүт кеспе істеп беремін, қызықты әңгімелер айтамын» дейтін. Мен қуана-қуана қалатынмын. Көкен ағаның дайындаған кеспесін ұзақ отырып, ішетінбіз. Ондай кеспені кейін ешқашан ішпеппін. Түнде ағаның жанында жатып, қызықты әңгімелерін тыңдаушы едім...
Мен Көкен аға туралы біреуден естігенім емес, өзімнің көргенімді жазып отырмын. Жазғы демалыс уақытында 1957-58 жылдары колхозға шөп шабуға қолғабыс еткем. Көкен аға жұбайы Мәпруза апамен 10 баланы тәрбиелеп, өсіріп, оқытып жеткізген ата-ана, бақытты өмір кешкен адамдар.
Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, немере, шөбере сүйіп, қызықтап, қартайып, Үлгі ауылында өмірден өтті.
Кішкене ауылда орта мектеп, учаскелік аурухана, ауылдық кеңес, пошта, радио торабы ашылды.
Әкем Үлгі колхозын басқарған уақытта шаруашылық көп салалы болып дамыған, жаңалыққа құмар болған. 1947 жылдан бастап колхоз бау-бақша, құс, шошқа өсірумен айналысқан. Бұл жұмысты отбасымен неміс азаматы Япс атқарған. Өсірілген бау-бақша өнімдері: қарбыз, қияр, қызанақ, сәбіз, пияз, орамжапырақ, картоп, темекі күзгі терімнен кейін колхозшыларға еңбек күн есебіне берілген. Құс фермасында тауық, қаз өсірілген. Жыл сайын күзде өтетін ауданның ауылшаруашылық көрмесінде Үлгі колхозының бау-бақша өнімдері, сүтті сиырлары, бұқалары, қошқар мен айғырлары жоғары орындардан көрінетін.
Бірде әкем салт атпен дала жұмыстарын аралап жүргенде алыстан шөп артқан жүк машинасы көзіне түсіп, атпен қуып береді. Көп ұзатпай жетіп, тоқтауын сұраған, бірақ жүргізуші тыңдамай жүре берген. Еркін жетіп отырған аттың үстінен қолындағы дойыр қамшымен машинаның кабинасын ұрғылап, шыныларын сындырып, біраз әуре болыпты.
Осы кезде алдарынан жеңіл МК машинасымен келе жатқан Қарағанды МТС-інің директоры Айткен Арыстанбеков кездеседі. Жағдайды түсінген Айткен машинаны бұрғызып, қуып береді. Қырға қарай шөп ұрлаған машинаның жүрісі баяулаған кезде Айткен аға секіріп машинаның басқышына (подножка) мініп, қарулы, әрі жас кезі ғой (сол кезде 37 жаста) машинаның есігін ашып, жүргізушіні лақтырып жіберіп, машинаны тоқтатқан екен. Сол жерде шөп ұрлаған жігіттерді (үш адам) кішкене сабап Айткен ағаның жүргізушісі Мәди Асқаровқа машинаны жүрмейтіндей етіп, бегуногын алғызып ауылға қайтады. Машинаны тіркеп әкелуге трактор барғанша машина кетіп қалыпты, қосалқы саймандары болған болу керек. Осы жағдайға куә болған Айткен аға: «Жұмекең лошадь казенный, Шадетов казенный, таптай-таптай деп машинаның алдын орай шауып жүр екен» деген әзіл айтыпты.  
Әзілдері жарасқан екі ағаның бұл сөздерін қазіргі  кезде де көзкөргендер естеріне алып отырады.
Әрқашан үйде бір атты ерттеулі дайын ұстаған, көбінесе үлкен қарагерін, аң қууға әбден машықтанған ат суарғанда да, жем-шөп жегенде де екі құлағын қайшылап, жан-жағына қарап, аң-құс көрсе  аяғын тарпып, пысқырынып тұратын көрінеді.
Дағдыланған ат аң қуғанда жете бере аңмен қатарласып, мылтық ататын қашықтықты ұстап отырады екен.
Әкем үстіне «сталинка» аталатын костюм, галифе шалбар, аяғына етік, салқын уақытта былғары пальто киетін.
Байсалды мінезі,  байыпты іскерлігі арқасында шаруашылық жұмыстары уақытымен істеліп жататын. Жұмыстың көпшілігі колхоз басқармасының мәжілісінде, көпшілік жиналыста шешілетін.
Малды асылдандыру, шошқа түлегін өсіру туралы мәселелер көп уақыт қарсылыққа ұшырайды, әсіресе асыл тұқымды ахалтеке, дон айғырларын үйірге салуға колхозшылар көнбеген. Бірақ кейін шешімін тапқан.
Шошқа түлегі пайдалы саланың біріне айналған, етке көптеп өткізілген, бірде күзде суық түсе шошқалар мал қорасына симайтыны белгілі болады, шошқа қорасының жанына сабан тасытып, шошқалар қыстай сабанды үңгіп кіріп күйін төмендетпей,   шығынсыз қыстап шығыпты.
1950 жылдары Бекет деген жерде үлкен плотина (тоған) тоқтатылып, 17 гектар суармалы жер игерілді. Арықтар қазылып, бау-бақша өнімдері, картоп егіліп, суармалы жерден мол өнімдер алынды.
Тоған суы халықтың демалатын орнына айналды, кейіннен балық жіберілді. Сапалы, дұрыс жобамен салынған тоған 60 жылдай уақыт өтсе де әлі халық игілігіне жұмыс істеуде.
Үлгі орта мектебіне және оның жанындағы 150 балалық интернатқа колхоз үнемі көмек көрсетіп тұратын. Күзде қысқы отынын дайындаған, ол уақытта отын ретінде ағаш, қараған, сабан пайдаланатын.
Интернат балаларына тамаққа арнайы мал сойылып, қоймадан ұн, картоп, май босатылып отырған.
Колхозда егіс көлемі біршама ұлғайған. Құнарлы «Қайнар» деген жерден көп тың жер жыртылып, дәнді дақылдар себілген. Сол жерден үлкен астық қоймасы, тұрғын үй салынып, бір жылдан кейін мал қорасы мен үй құрылысы жүргізілген.
Үлкен, кіші Сұнқарқия, Шөптібай, Әсір, Шымылдық  жал, Қайдабай, Қарақұдық, Қарақойтас, Ескі Бекетте қой отарлары, ірі қара мал, жылқы өсірілген. Күзде бөлтіріктері есейгенде қасқырлар колхоз малына шауып, маза бермеген уақыттарда ауыл азаматтары ұйымдасып, 30 – 40 атпен ит ертіп, мылтық, сойылмен қаруланып, аңға шығатын. Қасқырлардың мекенін анықтап алып, біразын қырып, қуып малшыларға көп көмек жасайтын.
Әкем бірде салт атпен мал табындарын аралап жүріп колхоздың сауын сиырларын бағатын малшы Иманбай Балғожин ақсақалға жолығып, жайылым жағдайын сұрастырып біраз бөгеледі. Жанында еріп жүрген көкқасқа «Лашын»  деген тазысы мал жатқан шилеуіт жерді тіміскелеп жүгіріп кетеді. Имекең ыңғайсызданып: «Жұмаш қарағым, мылтығың бар екен, мына қырдың астында «Томарлы» қағында қаз-үйрек өте көп, сонда барып құс атсаңшы» деп тезірек кеткенін қалап, бірақ онысын сездірмеген болады. Жұмекең итін дауыстап шақырып алып, Иманбай айтқан «Томарлыға» қарай шаба жөнеледі. Барса, қақтың  суы кеуіп кеткен, ешбір құс та көренбейді.
Әкем қайтып келіп: «Имеке, мұныңыз дұрыс болмады, қақта су да, құс та жоқ екен» деп, атынан түсіп бөгелетін болыпты.
Біреулердің: «Иманбай далада сиыр сауып, дәмді ашыма істейтін көрінеді» деген сөздері есіне түсіп: «Имеке, қатты шөлдеп кеттім, сізде ашыма бар деп естимін, соңыныздан ауыз тисек»деп қолқа салады. Иманбай ақсақал еріксіз істеп жүрген ұрлығын мойындамақ болады, шидің түбіне жасырып қойған ағаш ыдысындағы ашымасын қазір иті тауып алады деген ой келген Имекең: «Бастық жолдас, сиыр сауып, ашыма істегеніме көп болған жоқ, енді бұл шаруаны тоқтатуға уәде берейін, бұл іс екеуміздің арамызда қалсын» деп шелегіндегі ашымасын өзі әкеліп берген екен.
Иманбай ақсақал ақылды, тапқыр, қу тілді адам болған. Қолы да епті, қурайдан жоңып сыбызғы істеп, халық әндерін, тар заманға арналған жырларды көп айтатын.
Соғыста қаза болған Тұрсынтай деген баласына арнап шығарған өлеңін әдемі әуенге қосатын.
Өзінің жақын туыс ағасы Мекен Есентаев ақсақалмен жолаушылап келе жатқан Иманбай ауылға жақындап қалғанда: «Меке, казір үйге жақындағанда менің үстімді шапанмен жауып, бәйбішем Қаят пен келініме өзім өлгенде айтатын жырымды үйретіп едім, сол жырды қалай айтады екен, сынайық» депті.  Қашанда байсалды Мекен ақсақал: «Иманбай, жынданбай тыныш отыр» деп көнбепті.
Ауылда тілге шешен, өнерлі, домбыра тартатын үлкендер көп болатын.Солардың бірі Жаман ақсақал Қорабаев еді, 1970 жылдары 100 жастан асып қайтыс болды. Өле-өлгенше қолына таяқ ұстамай, тік жүріп өмірден өтті. Ол кісі ағаштан «түйін түйетін» шебер болған. Бір шеті Баянауылға дейінгі аймақта Жамекең істеген ағаш ерін мінбеген адам кемде кем. Ол кісінің ағаш ері жеңіл, әдемі, мықты, атқа тимейтін жайлы болған. Өзі істеген домбыраларымен халық күйлері мен әуендерін аса шебер орынайтын. Үй тұрмысына қажетті қымызға арнап үлкен шара, қымыз сапыратын ожауларды әшекейлеп аса бір ептілікпен істеген.
Ауылдың қадірлі ақсақалдардың бірі Мұқыш Сисаұлы. Бұл кісі туралы жеке бір естелік жазуға болар еді. Мұқаң ұзын бойлы, батыр тұлғалы адам. Қыста суық күндері жеңіл киініп жүреді екен, суыққа тоңбайтын көрінеді.
Өзімен немере Әшірбек Исаұлымен қысты күні Керней ауылына барады. Әшекең ауылға Кернейден пошта таситын. Шанада келе жатқан Мұқаң: «Әшірбек, менің не ойлап отырғанымды білемісің» депті. Әшекең: «сен ойлағанды баяғыдан мен де ойлап келемін» деген екен. Бір уақытта Мұқаң насыбай атпақ болып,қалтасынан шақшасын алып, етігінің басына соғып-соғып жіберіп, алақанға толтырған насыбайын ерінге салып жатқанда Әшекең бишігінің сабымен аяқтарынан көтеріп, шанадан аунатып, түсіріп кетеді. Біраз жер жаяу жүргізіп,  қайыра шанаға мінгізіп алады. Әшекең: «Ал Мұқа, бағана не ойлап едін, сонынды айта отыр» дейді. Сонда Мұқыш ақсақал: «Әшірбек, осы шаруаны мен де ойлап едім» деген екен.
         Мағзұм Әбжанов 1950 жылдары Қарағанды МТС-да директордың саяси істер жөніндегі орынбасары (зам. полит) болып қызмет атқарады. Ұзын бойлы, иықты келген, зор адам екен. Қайратты қара шашын «ежик» етіп қидырып жүретін көрінеді.Әкем екеуі құрдас, әзілдері жарасып, сыйласып жүріпті. Бірде әкеймен аудан орталығында кездесіп, үйіне түскі шайға шақырады. Дастарқанға тәтті қуырдақ келеді. Қонақтарға кішірек шай қасықтары беріліп, өзінің қолына үлкен қасықты алып, қуырдақты жей бастайды. Екі-үш рет қуырдақтан алғаннан кейін әкем құрдасының қолынан ұстай алып: «Мағзұм, үйіңе әкеліп, азғана қуырдағыңды өзің жейін деп пе едің, бұл ісің дұрыстыққа жатпайтын шаруа болды ғой» – деген екен.
Кейіннен Мағзұм аға: «Шәдетов үйімде қолымнан ұстап, тамағымды ішкізбеді деп»– әзілдеп, айтып жүріпті.
Әкем өте әңгімешіл адам еді. Тарихи уақиғаларды, шежірелерді көп білетін. Есте ұстау қабілеті аса жоғары болатын. Балаларының тәрбиесіне көп көңіл бөлетін, біздермен әңгімелесіп, сабақ үлгерімдерімізді әрқашан сұрап, қадағалап отыратын.


                      
       Өзім туралы өмірбаяндық жазбалар

1967 жылы Алматы мал дәрігерлік-зоотехникалық институтын бітіріп Бабаев кеңшарының Үлгі ауылында бөлімше зоотехнигі болып жұмысқа кірістім. Ол жылдар жер-жерде қуаңшылық болып, мал азығының жетімсіз уақыты. Жігіттердің көпшілігі басқа облыстарда шөп, сабан дайындаумен айналысып, малдың күтімі көп қиыншылықтар туғызатын. Бүкіл ауыл тұрғындары үлкен ұйымшылдықпен еңбек етіп, 2400 бас ірі қара шығынсыз, күйлі қыстап шықты.
1968 жылы май айында әскер қатарына шақырылып, оңтүстік шекарада әскери борышымды өтедім. 1969 жылы март айында Даманск аралында Қытаймен болған қанды қақтығыстың куәсі болдым.
Атқыштар полкында отделение командирі, кейіннен взвод командирінің комекшісі болып қызмет атқардым. 1969 жылдан 1971 жылға дейін Бабаев кеңшарында бөлімше зоотехнигі, бас зоотехниктің міндетін атқардым.
1971 жылы көрші Пушкин атындағы кеңшарға бас зоотехник болып тағайындалдым. Аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Тұрсын Төреғожинның қабылдауында болып, үлкен өмір жолынан өткен, парасатты аға көп ақыл-кеңес берді.
Пушкин кеңшарында директор болған Инебай Әбішев, Орынбек Қарабасов, Анатолий Пархоменко, бас бухгалтерлер Қындыбай Сүлейменов, Болтай Әбенов, бас экономист Әшім Шалабеков, бас агроном Әбдіхамит Әлімжанов, парторг Шабал Мәдиев, ауылдық кеңестің төреағасы Жанғазы Садықов ағалар үлкен қамқорлық көрсетіп, өміріме,еңбек жолыма рухани нәр берді.
Сол кездерде кеңшардағы шаруашылықтың қай саласы болса да дамыған уақыттар еді.
Облыс бойынша 1,50–2 жылдық малға жем-шөп қорын дайындауға бірінші болып бастама көтерген осы шаруашылық еді. Алдыңғылардың бірі болып 1972 жылы мемлекетке 1 миллион пұт астық тапсырушылар қатарынан көрінді. Жаңа технологиямен (вихрь) аудан бойынша шөп дайындау да осы жерде игерілді.
Бір сөзбен айтқанда, шаруашылық ауыл шаруашылық өнімін өндіруде, экономикасы күрт көтеріліп алдыңғы қатарға шыққаны ақиқат.
Қазір 40 жылға жуық уақыт өтсе де, жанқиярлықпен еңбек еткен азаматтарды еске түсіремін.
Олар: бөлімше меңгерушілері Мүсілім Әшірбеков, Қабен Молдабеков, Балшкен Әлімжанов бригада жетекшілері Еркін Ахметов, Амантай Оралханов, Сапар Уаисов, механизатор-комбайнерлер Төлеу Нокин, Боранбай Сарбасов, Боранбай Карманов, Қайрат Хикметов, Серік Қайырбеков, Иван Артеменко, Юрий Попондопуло, Николай Стрекач, Иван Сидоренко,Тілеуқабыл Омаров, Иван Хохлов, Бусель, Николай Баран, Егінбай Хасенов, Айшықай Қайырбеков, Ерғали Түсіпбеков. Механизатор – келіншектер Рая Еремина, Валентина Сидоренко, Александра Залевская. Жүргізушілер: Айтпек Жуанышбеков, Совет Сағындықов, Бақтыбай Ысқақов, Мәстай Жақсыбаев, Ғылым Молдабаев, Евгений Еремин, Тайлақ Жапаров, Жаңбырбай Дүйсеков, Иван Семенчук, Қали Сәмекин, Рамазан Жанұзақов, Аман Жүнісов, Ашу Қазымов, Қаппас Жантеміров. Малшылар: Қалдыбай Жұмағұлов, Сәрсенбек Әміров, Рахметолла, Қыдырәлі Төрегелдиндер, Ыдырыс Мұстаханов, Қазым Жүнісов, Бояуғали Қозбағаров, Төлеубек Қозбағаров, Сейтхан Әкімжанов, Шая Қоқы, Исай Сарбоқов, Қаби Шадыкенов, Хасан Сербиев, Шекен Жұмашев. Сауыншылар: Күлпаш Балабекова, Любовь Александровна Овод, Мария Дусупова, Нина Бусель, Зинаида Сербиева, Күлшәт Күмкенова, Роза Старцева, апалы-сіңілі Өлмесековалар.
Директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары болып Адамбай аға Мәліков, кейіннен Қуат Кәрімов істеді. Құрылыс бөлімін прораб Иван Демьянович Белинский, көмекші мамандары болып Мәт аға Мағатов пен Николай Алпатов қызмет атқарды, үлкен құрылыс жұмыстары жүргізілді. Сол кезде зейнеткерлікке шығып, жастарының алды 90-ға келіп отырған сыйлы ақсақал–аталар мен ағалар шаруашылық жұмысының алға басуына ақыл кеңестерін айтып, тілеуқор болып отырғандар көптеп саналатын. Оларды атасақ: Көшек Айтқожин, Жарылғасын Жүнісбеков, Қабзелел Түсіпов, Мұқып Дүйсеков, Әли Мәліков, Ғафур Махметов, Ақылбек Қозыбағаров, Бейсенбек, Бейсен Әріновтер, Қазыкен, Мұқыш Зәкіровтер, Төлеш Әрінов, Махмет, Төлеубек Қозбағаровтер, Раимбек Шөптібаев, Қабыкен Раисов, Әділхан Жұматаев, Қали Самекин, Жетпісбай Төребаев, Рақым Мінішев, Асан Күнешев, Болат Хамитов, Әбдікәрім Әбітаев, Бақтыбай Сәмекин, Зарлық, Ібін Шадыкеновтер, Бекіш Мусин, Батыр Добаров, Есім, Оралхан, Ібін, Айтыш аталар, қадырлы Зәмзә ағамыз бен Төлеген Аңдамасов аға.
Осындай шаруашылығы өркендеген, байлығы шалқыған кеңшарда 7 жылдан артық бас зоотехник, 6 жылдай директордың өндіріс саласындағы орынбасары болып қызмет атқарып, 1978 жылы туған жеріме Бабаев атындағы совхозға бас зоотехник болып ауыстым.
Жаңа жұмыс орнының өз ерекшеліктері, қиыншылықтары болары сөзсіз. Бел шешіп, жұмысқа кірістім.
Мал өнімдерін өндіру (қосым салмағы) аудан бойынша төменгі орында екен, малдың өлім – жітіміне жол берілген, есеп–қисап жұмысы да жақсартуды керек етеді. Бір адамның қолынан көп шаруа келмейтіні белгілі. Сондықтан бөлімшедегі мамандарды оқу бітіріп келген жастармен ауыстыру жұмысын жедел қолға алдым. Сәті түсіп, оқу бітірген Қабаш Айтпақаев, Қайдар Ахмадин, Әлімтай Қырбасов, Төлеу Оспановтар жұмысқа кірісті. Білімді, жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарайтын жігіттер аз уақыт ішінде мал фермаларын тәртіпке келтіріп, малдың тәуліктік салмақ қосуы көтерілді. Бұл ет малын өсірудегі басты көрсеткіш болып есептеледі.
Малшыларға еңбек ақы бұрынғыдай ай сайын бір мөлшерде емес, алынған өнімге (привес) төленетін болды.
Малшылар малдың күтімін жақсартып, өнім алуға құлшыныстары артып, еңбек ақылары молайды, әр малды етке семіз қоңдылықпен тапсырғандары үшін 2 килограммнан ет алатын еді. Бордақыға қойылған малдардың күйі артып, тәуліктік салмақ қосуы 800-1000 граммға жетті. Енді жыл бойы малдар бордақылау алаңдарында тұратын болды, бұл алаңдардың сиымдылығы 3000 басқа жеткізілді. Етке өткізілген өгізшелердің орта салмағы 400 килограммнан асып, қашарлардың салмағы 360 килограммға жетті. Малға берілетін жем суға бұқтырылып, бумен пісіріп азықтылығы арттырылды.
Осындай жүргізілген шаралар айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық ет тапсыру жоспарының орындалуын қамтамасыз етті.
Сөйтіп еңсеміз  көтеріліп, мал шаруашылығы табысты салаға айналды. Қол жеткен табыстармен шектелмей, мал өнімін арттыруды іздестірумен болдық.
Мал азығының берік қорын жасаудың шаралары қарастырылды. Агроном мамандармен бірлесіп мал азығын өндіретін  танаптар белгіленді. Сүрлемдік жүгері, күнбағыс дақылдары жақын жерлерге себіліп, «көк конвейер» деген атпен күзгі суыққа дейін малға берілді. Ерте пісетін арпа дақылы сәуір айының екінші жартысында себіліп, ерте малға жем алынды.
Мал бордақылау алаңдарында малға азық беру  трактордың таратушы тележкалармен, көң тазалау тіркемелі күректермен атқарылды. Бір малшы 300 малды күтімге алатын.
Жазғы жайылымды тиімді, дұрыс пайдалану жұмысы қолға алынып, артезиан құбырлары қазылып, моторлы су көтергіштер қойылып, мал жаз айларында таза сумен суарылды. Артезиан құбырларының тоқтаусыз жұмысын арнаулы көшпелі бригада қамтамасыз еттті.
Ақпарат құралдары арқылы берілген мал шаруашылығындағы жаңалықтар, озық технология басты назарымызда болды. Сол жерлерге малшыларды, мамандарды апарып, тәжірибе алмасу ісін жолға қойдық.
Осы орайда Нұра ауданының «Октябрьдің 17 жылдығы», Егіндібұлақ ауданының  «Комсомол», өз ауданымыздағы «Октябрь», «Ақбастау» шаруашылықтарына, тіпті Шығыс Қазақстан облысына дейін барып, ет малын өсірудегі жаңалықтарға қанығып, көзбен көрген, көңілге қонған істердегі өзімізде пайдаланып, нәтижесін көрдік.
1988 жылы ақпан айында Бабаев атындағы кеңшарға директор болып тағайындалдым.
Облыстағы үлкен шаруашылықтардың бірі, 16 мың гектар дәнді дақыл себетін, 6500 бас ірі қара өсіретін күрделі де қиын шаруашылық. Үш елді мекенде 3 мыңдай адам тұрады. Халқы дерлік жергілікті тұрғындар, осы жерде 10 жылға жуық бас зоотехник болып істеген маған шаруашылық жұмыстары етене таныс.
Сонда да бірінші басшы болып істеу алғашқыда жүрекке қобалжулар туғызды, оның үстіне қуаңшылық салдарынан егін өнімі төмен болып, жыл сайын миллиондаған шығын әкелетін.
Кейінгі жылдары кеңшар ауданда, облыста егін шаруашылығы саласынан үлкен сынға алынып, кейбір жауапты басшы азаматтар совхоздың даму жобасын қайта қарап, өзгеріс енгізіп, тек ірі қара, қой, жылқы өсірумен шұғылдануды ұсынған уақыт еді.
Бірінші, мамандармен, бригада жетекшілерімен үлкен әңгіме өткізілді, біраз кемшіліктердің беті ашылды. Егін себуде агротехникалық шаралардың сақталмауынан, көктемгі егіске техниканың сапасыз дайындалуынан, егін себу сапасыз дәрежеде, кешігіп жүргізілетіні белгілі болды. Көп жағдайда егін себу алдында топырақты өңдеу шаралары қолданылмай, арамшөптердің қаулап өсуіне, ылғал сақтау жұмыстары нақтылы жүргізілмегендіктен өнімнің нашарлауына әкелген. Осы кемшіліктерді болдырмаудың шаралары қарастырылды. Арнайы тұқым танаптары іріктеліп алынып, элиталық тұқымдар себілді.
Пар аңыздары жаз айларында 3-4 рет өңделіп, күзде сүрдігер жырту жұмысын жолға қойдық.
Машина-трактор паркі жаңа техникамен толықты. Ленинградтың Киров заводынан, Павлодар трактор заводынан тікелей шартпен тракторлар алынды, комбайн паркі да жаңа техникамен толықтырылды.
Небары 1-2 жылдың ішінде егіншілік мәдениетін көтеріп, маман-механизаторлардың еңбегі еш кетпей астық өнімі көбейді. 1989 жылы әр гектардан 11 центнерден бидай, 16 центнерден арпа жиналды. Келер жылдары гектар өнімі 10 центнерден кем болған жоқ.
Бұрын айналымнан шығып қалған жерлер қайта жыртылып, өңделіп егін себілді. 1990 жылы дәнді дақылдар көлемін 20 мың гектарға жеткіздік.
Жыл сайын кеңшардың экономикасы нығайып, егін шаруашылығы миллиондаған табыс әкелді.
Халықтың тұрмыс-ахуалын жақсарту үшін үлкен құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Үміткер, Төрткөл ауылдарында тұрғын үйлер салынды, ал Үлгі ауылын жаңадан салуды қолға алдық.
Құрылысқа қажет ағаш Павлодардағы Шалдай орман шаруашылығынан, сонау Сібірге арнайы барып, келісім-шартпен көп ағаш әкелінді.
Жылына 20 екі пәтерлі жаңа жобадағы үйлер салынып, малшы-механизаторлар, мамандар, мұғалім-дәрігерлер, зейнеткерлер қоныс майларын тойлады.
Орталықтағы кішірек клуб үйінің жанынан 36х12 метр көлемде көрермендер залы, монша үйі күрделі жөндеуден өтіп, кеңейтілді, автогараж 360 шаршы метрге ұлғайтылып, қайта салынды.
Үлгі, Төрткөл елді мекендеріне су (құбыры) тартылып, үш ауылда су құбырлары жұмыс істеп тұрды.
Ауылдарымыздың сән-салтанаты көркейіп, кімге болсын ұялмай көрсететін жағдайға келдік.
Қазақтың мақтанышы үлкен өнер иелері Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Нұрғали Нүсіпжанов, Қайрат Байбосыновтар әдейілеп келіп, халыққа өнерлерін көрсетті.
Ауылымызға ақын-жазушылар Амантай Сатаев, Жаппар Өмірбеков, Ғабит Мүсірепов, Шәрбану Құмарова ат басын тіреп, халықпен дидарласып, қызықты кездесулер өткізді.
1991 жылы кеңшардың құрылғанына 30 жыл толуына арналған той өткізілді. Шаруашылықта бұрын жұмыс істеген басшылар, мамандар шықырылып, үлкен той думанға ұласты. Кеңшардың даму жолдары, қиындық жылдары мен өркендеу жолдары әңгіме арқауы болды. Бөлімше, бөлімдер киіз үйлер тігіп, мерекені көркейтті. Соңынан ұлттық ат ойындары, қазақ күресі өткізіліп тиісінше сый-сыяпаттар берілді.
«Өлі жебемей, тірі байымайды» деген аталы сөздің мағынасынан көп ойлар туындайды.
1993 жылы кеңшар атымен аталатын, халқымыздың бір туар ұлдарының бірі, осы жердің тумасы Қылыш Бабаевтың 80 жылдық мерей тойын өткіздік. Тойға арнайы Қылыш ағаның балалары, туыстары шақырылды. Қазақтың егіншілік зерттеу институтынан келген ғалымдар Қылыш Бабаевтың өмір жолын, ғылымға қосқан үлестерін әңгімеледі.
Қылыш ағаның немере інісі биология ғылымдарының кандидаты Мэлс Бабаев сөйлеген сөзінде, ата-бабаның кіндік қаны тамған жеріне бірінші келулері екендігін, елі де бай, жері де бай, қасиетті жұртқа сәлем беріп, көзіне жас алып, шексіз алғыс білдірген еді. Келер жылы осы азамат өз қаржысына кеңшар кеңсесінің алдындағы саябаққа Қылыш Бабаевтың ескерткіш – бюстін қойдырған еді.
Сөздің реті келген соң, айта кету керек, кеңшар тарағанынан кейін бұл ескерткіш қараусыз қалған соң, жанашыр туыстары Үміткер мектебінің алдына орнатқан.
Қазір Қылыш аға Бабаевтың аты аталмайды, ал мектепке Қылыш Бабаевтың аты берілуі өзінен өзі сұранып тұрған тәрізді. Тіпті ауыл Қылыш ағаның атымен аталса да артық болмас еді.
Мен бұл жазбаларымда Қылыш Бабаев кеңшарында мал және егін шаруашылығының даму жолдарын, экономикасы көтеріліп, ауылдың, елдің тұрмыс –жағдайларының жақсара түскенін сөз еттім.
Ауқымды шаруаның іске асуы, көлемді, сапалы өнімдердің өндірілуі тек қана малшы, диқан қауымының қажырлы еңбегі.
Үлкен құрметпен, еңбек еткен азаматтарды атасақ: Қыздарбеков Айтпай, Нұржанов Шайзында, Әбдікенов Қайныкеш, Абильгазин Қайыр, Зейнеденов Сайлау, Шәдетов Кеңес, Уайрин Рымбек, Бағырамов Қалиакпар, Қизатов Ібікен, Исабеков Амантай, Мұқышев Дулат, Ахметов Жетпіс, Рахметолла, Ырзатай Қосшығұловтар, Мажкенов Бекен, Мардашев Мәулет, Жұмабеков Аманжол, Әмірхан, Қаныш Жетішевтер, Траев Сайлаубай, Жонқабаев Төлеген, Диханбаев Төлеген, Айдарбеков Сайран, Бекмағанбетов Шаяхмет, Тұрғанбеков Сапар, Үмітбаев Төлеген, Шәкішев Қабдыл, Тосқұмбаев Орынбай, Қаратаев Қабдығали, Нәби, Тілеу Қабдыманановтар, Жұмабеков Қасқатай, Илларионов Николай, Басьяров Илья, Хожбиев Шаран, Маханов Қапатай, Айдарбеков Төлеш, Көбентаев Сағынтай, Ахмадин Қайсар, Кулов Қырбас, Қабдиев Смағұл, Хамитов Амантай, Иманбаев Сайран, Күзденов Молдабай, Верас Виктор, Молдабаев Төлеу, Шәуешеков Сапар, Әрінов Кенжебай, Арыстанбеков Жанат, Қайыров Сағынбай, Асқаров Ерсаин, Кулов Ғалымтай, Шәкішев Қали, Әдешов Тілеубек.
Әрине, кеңшарда еңбек еткен 500-ге жуық адамды тегіс атауға мүмкіндік жоқ. Сондықтан барлығы үлкен еңбекке үлесімізді қостық деп санауларын сұраймын.
Міне, бірігіп шаруа атқарып жеріміздің байлығын, еңбектене білетін елдің барлығын көрсете білдік деп ойлаймын. Бұл орындалған арман еді.
Еріксіз сол армандаған ойлардың туындаған сәттерін еске түсіресің.
Жазғы демалыста ауылдас, бірге мектепте оқыған, құрбы-құрдас студенттер ауылға жиналатын әдетіміз болатын. Кешке қарай «Қаныш бағында» волейбол ойнап, домбыра, қобыз, мандалина, баянда ойнап ән айтып, ауылдағы достармен қызықты кештер өткізетінбіз, ауылдастар да көптеп жиналатын. Сөз кезегі көңілді әңгімеге де берілетін, ай астында түннің бір уақытына дейін отыратынбыз.
Ол жігіттер: Целиноград ауылшаруашылық институтында оқитын Қайыржан Әрінов, Сайран Хасенов, Мәрден Ахметов, Нұрғали Смаилов, Қарағанды институтында оқитын Серік Маков, Кенжебек Рүстембеков, Сайлау Нокин, Саят Қазтаев, Ғалымтай Бахтияров, Камалиден Айнашев, Алматы институттарының студенттері Ақан Дүйсенбаев, Қаби Қошанов, Шарапиден Шохшин, Шайхан Жандаев, Елкен Сәбенов, Мирас Батталов, Әбусаттар Тұрғанбеков және осы жолдардың авторы.
Әр мамандықтарда оқып жүрген жігіттердің армандарының ақ жолы дәл осы жерде ашылған тәрізді.
Шындығында, осы жігіттердің көпшілігі ауылда қызмет атқарып, жеткіншіктерге сапалы білім беруде, көп салалы шаруашылықтың өркендеп, дамуына көп еңбек етті.
Қазіргі уақытта бәрі зейнеткер, немере-шөберелерін тәрбиелеп, аталық, әкелік парыздарын өтеуде.  
АУДАН АРДАҚТЫЛАРЫ

         Ұлан-ғайыр жерді игеру, елді мекендер мен бірге әлеуметтік құрылымдар, шаруашылыққа қажетті басқа да құрылымдарды салу үшін жұмсалған қаржылық шығындарды, төгілген терді ескерсек бастан өткен қиыншылықтарды көз алдыңызға елестетесіз.
         Қазір енді осының бәрі айтқанға жеңіл, бірақ бәрі үлкен күшке түскен еді.
Адам аяғы баспаған бос жерде астық, ет, сүт, жұмыртқа, көкөністер, басқа да қажеті ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін үлкен, байлығы шалқыған шаруашылықтар 20-30 жылдың ішінде пайда болды.
         Алғашқы құрылған ТОЗ (товарищество обработки земли) қосшы ұйымдары, артельдер, ұсақ колхоздар, дәулеттің шағын кезі еді.
         Негізгі шаруашылық жұмыстары дихан, малшы қауымға қиыншылық туғызса да қол жұмыстың бел қайыстырар тұстары оңай болмаса керек.
         Нақтылы мағлұматтар болмаса да, ел ішінде кең тараған әңгімелерден, жиі айтылатын қызықты да ащы шындықтардан өзіме керекті тұстарды пайдаландым.
         Ел басына күн туған кезде сұрапыл соғыс дауылы ауылға да жетті. Ер-азаматтар әскерге алынып, ауылда қариялар, әйелдер мен балалар қалды. Қарттар мен бұғанасы қатпаған жасөспірімдер жер жыртып, егін салды, шөп шапты, мал бағып, астық бастырды. Барша жұрт күні-түні тыным көрместен Отан үшін, майдан үшін еңбек етті.
         Жеңіс туы желбіреп, соғыс аяқталған соң майданнан ер-азаматтар оралып, елдің тынысы кеңейіп, ауылдың өркендеу, көркею дәуірі басталды.
         1950 жылдары Ворошилов ауданында 30-ға жуық кішірек колхоздар болған. 1951 жылы ірілендіру науқаны қолға алынып, 2-3 колхоздан қосылып, үлкен ұйымшарларға айналды.
         Аудандағы екі МТС (Қарағанды, Ворошилов) қуаттылығы артып, жаңа техникалар берілген. Ірілендірілген ұжымшарлар өздері техника ала бастағандықтан, МТС-тар РТС болып қайта жабдықталып, негізінен техниканы күрделі жөндеуден өткізетін кішігірім зауыттарға айналды.
         Осы орайда алғашқы колхоздарға басшылық жасаған, талай қиыншылықтарды бастарынан өткерген, елі үшін жанқиярлықпен еңбек еткен азаматтарды атасақ, әрине бәрін атап өтуге мүмкіндік жоқ, көпшілігі ұмыт болған.
         Олар туралы естелік айтатын көне көз қариялар да азайған.
         Басшының еңбегіне бағаны халық береді.
         Елге құрметті болу қиын іс, ол үшін ұзақ жолдан, не бір тар қыспақтан мойымай өтуің керек. Ел сонда ғана сенеді, құрметтейді.
         Ешкімге қиянат жасамаған, еш залалы жоқ, ақ жүректі адамдар да бұл өмірден өткен: Жұмаш Шәдетов, Ыбырай Әлмағанбетов, Темірғали Жадаев, Жарылқасын Жүнісбеков, Қазым Ибатов, Төлен Шәріпов, Бапық Жұманов, Мекен Смақов, Бекен Ыдырысов, Айткен Арыстанбеков, Амантай Қиқымов, Төлеу Түлкібаев, Байдүйсен Сембаев, Қарымсақ Әпиев, Жанғазы Садықов, Әбдіғалық Бескеев, Гнедин, Ливадный, Лебидинский, Богдан Карлович, Гергерт, Степан Иванович Бурда, Нұрілдинов Қали, Алдангоров Ахмадия, Текебаев Ықыш, Айнабеков Сәбит, Көшжанов Балташ.
         1961 жылы ұжымшарлардан кеңшарлар (совхоздар) құрылды. Аудандағы 30-ға жуық колхоздан 13 совхоз ұйымдасты.
         Бірер жылдың ішінде бұл кеңшарлар ғылыми негізде дамыған, жаңа технологияларды игерген, заманауи жаңа техникалармен жабдықталған үлкен шаруашылықтарға айналды.
         Орналасқан жер жағдайына және топырағының құнарлығына орай мамандандырылып, өсіретін дақылдары мен өндіретін мал өнімдері анықталды.
Егіншілікпен айналысатын шаруашылықтар орта есеппен 15-18 мың гектар жерге дәнді дақылдар септі, қала маңындағы сүт өндіретін кеңшарларда 2500-3000 бас сауын сиырлары болды.
         Суармалы жерлер игерілді, картофель, көкөністер өсірілді. Жаңарған өлкеде жаңа мамандық иелері қалыптасты.
         Сауыншылар: Дулина Надежда Павловна – Социалистік Еңбек Ері.
         Досанова Несібелі – Қазақ ССР Жоғары Советінің депутаты.
         Жұмалдинова Мәуия – Ленин орденді.
         Көкөніс өсірушілер Ленин орденді. Кутузова Валентина, Рассул Рамазан Оглы.
         Астық өндіруде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендер: Асылбекова     Дәкия Социалистік Еңбек Ері.
         Любименко Алексей Андреевич – Социалистік Еңбек Ері.
         Христенко Александр Федорович – Халық қаһарманы.
         Ленин орденімен марапатталғандар:
         Қыздарбеков Айтбай, Кәрібаев Тілеукеш, Оралханов Амантай, Нокин Төлеутай, Толстиков Николай Ананьевич, Чидорьян Ваграм Семенович, Исабеков Амантай, малшы Мусин Айтбай.
         Ульянов ауданы бойынша (қазіргі Бұқар жырау) өндірістік технологияда  6 құс фабрикалары іске қосылып, облыс орталығы Қарағанды қаласын және қанаттас шахтер, металлургтер қалалары: Абай, Шахтинск, Саран, Теміртау тұрғындарын жұмыртқа, құс етімен қамтамасыз ететін мүмкіндіктер жасалды.
Бұл өндірістік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын өз істерін жетік меңгерген Котов Николай Константинович, Цицер Андрей Яковлевич, Нечесов Андрей Петрович, Пак Анатолий Михайлович, Рубинштеин Владимир Моисеевич, Пшеняник Юлия Владимировна, Делеске Иван Аронович басқарды.
         Ауданның ауыл шаруашылығының қалыптасып, дамуына үлкен еңбегін сіңірген, бүгінде 98 жастағы Мәулет аға Мәненов десек орынды айтылған сөз дер едік.
         Баянауылдың бастауыш мектебін бітіріп, Семейдің педагогикалық техникумында білімін жалғастырып, 1932 жылы Қарағанды қаласындағы балалар үйінде тәрбиеші, кейін сол балалар үйін басқарады.
         Шалқар мектебінде директор болып істейді. 1941-45 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысады.
         Әскерден келген соң өмір жолын ауыл шаруашылығымен байланыстырады. «Крепость», «Киров» колхоздарының басқарма төрағасы болып істейді. 1952 жылдан аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бастығы, аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарады.
         1961 жылдан «Қызыл Октябрь» совхозының директоры, 1974 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін осы қызметін абыроймен атқарады.
         Көп жылдар аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болды. Мәкең басқарған шаруашылық аудан, облыс көлемінде алдыңғы қатарда болды.
         Өзінің бай тәжірибесін оқу бітіріп келген жас мамандарға үйретуге еш жалықпаған.
         Сол кездерде «Қызыл Октябрь» кеңшарын «кузница кадров» деп орынды атаған.
         Осы шаруашылықта істеген жас мамандар: Танабаев Нұртай – агроном, аудандық партия комитетінің хатшысы, аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарып, Талдықорған облысында үлкен бір колхозды көп жылдар басқарды.
         Мәулет ағадан тәжірибе алған мамандар Орынбек Қарабасов, Рақатай Мәуненов, Тілеш Қыдыралин, Назар Мағзұмов ауданның совхоздарында директор  болып, жемісті еңбек етті. Бөлімшеде маман болып істеген Берібаев Өкен, Күлбеков Имаш, Рүстембеков Қазбек басқа шаруашылықтарда бас маман болып істеді.
         Мәулет аға зейнеткерлікке шыққан соң бұл шаруашылықты Әбдіхамит Әлімжанов басқарды. Әбекең экономикасы дамыған шаруашылықта пайдаланбаған резервтерді іске қосып, байлығы шалқыған кеңшар тағы да басқа қырынан көрінді. Әбдіхамит аға «Қызыл Октябрь» совхозында тапжылмай 12 жыл қызмет істеп, 1986 жылы туған жері Ақбелге директор болып ауысты.
Өз істеріне берілген, мамандықтарын жете меңгеріп, жұмыс істеу қабілеттілігімен ерекшеленген, кезінде лауазымды қызметтерді үлкен жауапкершілікпен атқарған азаматтар:
         Кеңшар (совхоз) директорлары: Заика Григорий Афанасьевич, Әшірбеков Мейрам Қасенұлы, Әлиленов Қибат Қасенұлы, Хомутов Амангелді Күлманұлы, Ақатаев Құдайберген, Шаймерденов Жанат, Қалиақпаров Клим Сәтпекұлы, Гурьянов Виктор Иванович, Байсарин Адалбек, Миллер Виктор Владимирович, Рейслер Дмитрий Васильевич, Шалабеков Рамазан, Ахметов Рамазан, Мәкішев Әділхан, Бірахметов Мұқан, Жарқымбеков Қабиден, Босенок Анатолий Сергеевич, Бейсенов Қыдырбай, Олжабаев Қабдыуахап Бимендіұлы, Өміртаев Құрманғали Рыспайұлы, Кноль Виктор Эмильевич, Пархоменко Анатолий Сергеевич, Максимов Василий Максимович, Гамм Владимир Яковлевич, Мажура Василий Макарович, Керней астық қабылдау пунктінің директоры болып істеген Усин Орынбай Әбілдәұлы.
         Кеңшар бөлімшелерінде басқарушы болып істеп, шаруашылықтың бар қиыншылықтарын бастарынан өткеріп, үлкен қажырлықпен еңбек етіп, зор ықыласқа бөленген азаматтар: Жұмекенов Әкрәмәш Жұмаділдаұлы, Әшірбеков Мүсілім, Молдабеков Қабен Батырұлы, Әлімжанов Балшкен Әлімжанұлы, Маташев Қалтай Дүйсенбайұлы, Сармантаев Әбу, Маханов Кәрібай, Әшірбеков Қадыкен, Құлов Қырбас Ақтанұлы, Айтпақаев Төкен, Түсіпбеков Аман Қабыкенұлы, Тілеубаев Серік Тілеубайұлы, Ақпаев Имантай, Нұрмағанбетов Қайрат, Әдешов Тілеубек, Әпеисов Амангелді Көмекұлы, Дахаев Ильяс Ахмедович, Исакиев Сұлтан, Сарыбаев Ахат Сәметович, Құсайынов Армия.
         Аудан мекемелерінде абыройлы қызмет атқарып, аудан шаруашылықтарының өркендеуіне ат салысып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға көп еңбек сіңіріп, ел мақтанышы болғандар: Сүлейменов Қындыбай, Әдиетов Баттал, Санаубаров Көшен, Дөкеев Кәкім, Жұмашев Қанағат, Беркамалов Нұртаза Рақымбекұлы, Ерданаева Роза Ярмұхамедовна, Айсанов Айткен, Жүнісбеков Айтжан, Әміров Қасым Әмірұлы, Көшегенов Бәден, Мауиенов Рақатай Қалиұлы ерлі-зайыпты Нілдеш, Мәрзия Бықтаевтар, Ысқақов Қабден Қасылқасұлы, Әбжанов Көйлекбай, Айтжанов Ермекбай, Әйкенов Сағымбек, Айтпаев Мұлти Мағауияұлы, Айтжанов Құрманғали, Қоқышев Мұқағали, Жақыпбеков Құрмаш, Жүнісбеков Имаш, Жұманов Әлібек, Бәкішев Базарбай, Ыдырысов Махмет, Қазтаев Саят, Балпанов Серік, Ильясов Ерғали, Сүлейменов Тайлаш, Абдрахманов Қазали, Жақаева Орынбасар Шубаевна, Татишев Төлеу, Ханкешеев Хамзат Закырьянович, Нұрпейісов Қабыкеш Жарылқасынұлы, Веляева Нина Петровна, Пархоменко Екатерина Пантелеевна, Абжанов Елубай Абжанұлы, Тақиров Төлеухан, Дүйсебаев Қыдыртай, Жұмақаев Қазкен Нұрғалиұлы, Байжұманов Ертай, Мағзұмов Ғазиз Қабылтайұлы, Әрінов Пасев, Танашев Құрмет Бұқпанұлы, Кадучко Владимир Викторович, Паламурчук Александр Сергеевич, Братишкин Виктор Никитович, Лавриков Виктор Петрович, Шибаева Мүгілсім Ғұбайдоллақызы, Платунов Николай Алексеевич, Рысбеков Мұқыш, Есенбеков, Сәтиев Шәміш, Айсанов Құбайділдә, Жахин Тобыл Қорғанбекұлы, Сембаев Сәкен Байдүйсенұлы, Сорока Любовь Михайловна, Богданцева Зоя Петровна, Белашов Виктор Андреевич, Дральщиков  Василий Семенович, Уваров Петр Петрович, Баранова Анна Тарасовна, Штонда Мария Алексеевна, Климов Геннадий Григорьевич, Зікіриянов Садық, Құсайынов Ілияс, Байжанов Тасболат, Нүркенов Марат, Рождественский Нил Анатольевич, Баймағанбетов Үмбетжан, Тоқтаров Жұмағұл, Дүйсенбаев Үмбетхан, Дүржанов Карл, Соколов Өзбек, Санаубаров Дәукен, Иванов Владимир Федорович.
         1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты «Кузнецкий» кеңшары құрылған. Шаруашылықта 20 мың гектар тың жер игеріліп, астық, сүт, ет өнімдерін өндірумен айналысқан. 15000 гектар жерге дәнді-дақылдар себіліп, мал фермаларында 2500 бас сауын сиыр, бір елді мекені шошқа өсірумен айналысқан.
         Асыл тұқымды қашарларды өсіретін арнайы ферма ашылған. Бір жерде қашарлар қолдан ұрықтандырылып, төлдетіліп, сауылып, мал дәрігерлік бақылаудан өткеннен соң, сүт фермаларына беріліп отырған.
         Бұл әдістің тиімділігі өте жоғары болып, әр сиырдан сауылған сүт пен төл алуда ауданда алдыңғы орында болып отырған.
         Құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілген. Жаңа жобамен мектеп, мәдениет сарайы, сауда орталығы, тұрғын үйлер, МТМ, автогараж салынған.
Толық механикаландырылған сүт фермалары, әр түрлі технологияда сүт сауу, оны салқындату әдістері жолға қойылған. Азық-түлік дайындау бөлімі (кормоцех) малдарды құнарлы азықпен қамтамасыз еткен, тәжірибе алмасу үшін бұл шаруашылықта семинарлар жиі өткізіліп тұрған.
         Кеңшар директорлары болып: Войцеховский Александр Кондратьевич, Шестак Леонид Алексеевич, Максимов Василий Максимович, Босенок Анатолий Сергеевич, Свистунов істеген.
         Бөлімше басқарушылары: Шрайнер Иван Андреевич, Дахаев Ильяс Ахмадович, Сарыбаев Ахат Сәметович бүкіл ауданға белгілі азаматтар болған. Кеңшарлардың озат механизаторы Шрайнер Константин КПСС съезіне делегат болған. Осы уақыттарда кеңшарда бас зоотехник болып Эбель, бас агроном болып Арыстанбеков Жанат Айткенұлы, бас инженер болып Лукьянчук Дмитрий Васильевич істеген.
         1960 жылдары Петровка құс өсірумен айналысатын кеңшары республика көлемінде қарқынды дамыған шаруашылықтардың қатарында болған. 1966 жылы жетіжылдық жоспардың орындалу қорытындысы бойынша кеңшар «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған.
         Әсіресе, шаруашылық тәжірибелі, білгір маман Рубинштейн Владимир Моисеевич басқарған 1955-1970 жылдар аралығында көп салалы кеңшар болған; құс шаруашылығындағы көрсеткіштері өте жоғары болған, әр тауыққа жылына 280-300 дана жұмыртқа өндірген. Әр сауын сиырға жылына орта есеппен 3100-3200 литр сүт сауылған. Шилі бөлімшесі шошқа өсірумен айналысқан. Егін шаруашылығында, картоп, көкөніс өсіруде үлкен жетістіктерге жеткен. Бұл жылдары шаруашылықтың бас зоотехнигі болып Кобылкина Екатерина Федоровна істеген, бас агроном Кунах Николай Алексеевич болған. Кейіннен Петровка құс фабрикасы жеке шаруашылық болып құрылған. Бұл құс фабрикасын көп жылдар Керней ауылының тумасы Нечесов Андрей Петрович басқарды. Петровка құс фабрикасынан бөлініп шыққан шаруашылық «Ульянов» кеңшары аталып, 1972 жылы Пушкин кеңшарынан Жаңа қала, Жас тілек елді мекендерін қосып, үлкен кеңшарға айналды. Шаруашылықты басқаруға тәжірибелі маман – агроном Кунах Николай Алексеевич тағайындалады.
         Кеңшар негізінен сүт, картофель, көкөніс, ет, астық өндірумен айналысып, аудандағы ең ірі шаруашылық болды. Өндірістік көрсеткіштері де өте жоғары деңгейде болған. Әр сауын сиырдан 2500-2800 литр сүт алынған, картофель гектарынан 400-450 центнерге дейін өнім берген.
         Сауыншы, Социалистік Еңбек Ері Дулина Надежда Павловна, картофель, көкөніс өсіруші бригадирлер Ленин орденді Кутузова Валентина Ивановна, Рассул Рамазан Оглы, бөлімше басқарушысы Түсіпбеков Аман Қабыкенұлы, бригадирлер Мұқамедиев Дәкен Жүнісұлы, Файст Федор Оттович, Ленин орденді механизатор Марченко Евгений Петрович, Шыңғысбаев Аманкелді, Хасенов Кәрібай Құсаинұлы есімдері құрметпен аталып, аудан, облыс көлемінде белгілі адамдар болды. Көп жылдар Петровка ауылдық Кеңесінің төрағасы болып Мақатов Қазбек Қалдыбайұлы істеді.
         Кеңшардың ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге үлкен табыстарға жетуіне әр жылдарда шаруашылық басшылары болып істеген: Грохолький, Филипьев Михаил Васильевич, Максимов Василий Максимович, Кноль Виктор Эмильевич, Босенок Анатолий Анатольевич еңбектерін айтқанымыз орынды болар.
         Осы орайда мына бір жәйтті еске түсірмекпін: 1966 жылы тамыз-қыркүйек айларында құс шаруашылығы бойынша Петровка құс фабрикасында өндірістік тәжірибеден өттім. Жұмыстың қызу, қауырт уақыты. Жатақханаларда картоп, көкөніс жинасуға көмекке келген студенттер болды. Жатар орынның қиыншылығы туындаған уақытта ерлі-зайыпты Рубинштеин Владимир Моисеевич пен Кобылкина Екатерина Федоровна мені өз үйлеріне жатқызып, мезгілінде тамақтандырып, қамқорлық көрсетіп еді. Үлкен жүректі бұл кісілердің адамгершілігі, қашанда жақсылық жасауға дайын тұратын адами қасиеттері өмір бойына есімде қалды.



ҚАНАҒАҢНЫҢ КӨЗІН КӨРГЕНМІН

Қазақ ғылымының негізін салушылардың бірі, көрнекті ғалым, КСРО және Қазақ КСР Ғылым академияларының академигі, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, мемлекет, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қасиетті Баянауыл топырағында дүниеге келген.
Бүкіл жер шарына атағы шыққан, геология ғылымының бірден-бір білгері, ел  сыйлаған аға туралы қолға қалам алу да оңай іс емес екен. Десе де, қолға қалам алуда біраз себептер болды.
Біріншіден, Қаныш аға менің әкем Жұмаш Шәдетұлымен туыс, құрдас, өмірлерінің соңына дейін сыйласып өткен адамдар.
1899 жылы сәуір айында Қарамұрын деген жерде Қаныш аға мен әкем дүниеге келген. Балдәурен балалық шақтары бірге өткен, жазғы жайлауда (Шыбындыкөл, Батпақкөл, Қаракөл), суға түсіп, балапан ұстап, тай – құнанға мініп жарысып, қыста сырғанақ теуіп, шанамен қыстаудағы бір жатаған үйдің кішкене қарын әйнегінен кіріп кеткендерін қызықты әңгімелеп, еске алып отырушы еді.
Қаныштың әкесі Имантай ақсақал сауатты адам болған. 1862 жылы Омбы медресінде 3 жыл оқып, араб, парсы, шағатай тілдерінің әліппесін танып, өз бетімен оқырлық сауат алады. Омбыда Шоқан Уәлихановпен танысады, орысша тіл үйренеді.
Сәтбайдың екі ауылының балаларын жасы толысымен молда алдына барып, сауат ашуын қатаң қадағалап отырады.
Кенжесі Қаныш екі жыл молдадан сабақ алады, зеректілігімен көзге түскен бала арабша еркін оқитын болады. Бірінші Қанекең Жұмаш молла Жолдыбайұлынан хат таниды. Оны алғашқы ұстазым деп әр уақытта сәлем беріп, сыйлап өтіпті.
Кейін 10 жасқа толған соң, Сәдуақас Шорманов ауылындағы 4 жылдық орыс-қырғыз қазақ мектебінің оқуын 2 жылда тәмамдайды.
Имекең қаладан алған азын-аулақ өнеге-тағылымын, өнер, білімге құштарлығының пайдасын өзінен гөрі ағайын-туыстары, барша халық көрген.
Екі ауылдың үлкен-кішісі түгел дерлік аңқұмар, құсбегі, атқұмар болатын.
«Нағыз өнер, қас шеберлік – мергендікте», - дейді екен Имекең.
Атбегілік өнерді кейінге дейін ұстап келген Қаныштың немере ағасы Әкімтай ақсақал мен әкем Жұмаш болды. Бұл кісілердің жүйрік жылқыны тани білуі, аламан бәйгеге баптап, «ат шаба ма, бап шаба ма» деген қағиданы ұстаған, баптаған жүйріктері бәйгенің алдын бермеуші еді.
1950 жылы Қаныш аға Қарағанды облысының ауылдық округінен Қазақ ССР Жоғары Кеңесіне депутаттыққа кандидат болып ұсынылады. Ақпан айында сайлаушылармен кездесу үшін Қарағандыға келеді. Қақаған қыс, қар қалың. Бірінші жол Ворошилов (қазіргі Бұқар жырау) ауданына түседі, аудан орталығына дейін екі газик машинасымен жүреді, әрі қарай пар ат жегілген шаналар. Аудан орталығындағы сайлаушылармен кездесу өткен соң, Үлгі колхозына бару керек. Колхоз басқармасының төрағасы өзінің құрдасы Шәдетов Жұмаш. Үлгіге Қаныш аға келеді деген хабар төңіректегі ауылдарға тараған. Үміткер, Төрткөл, Құрама колхоздарынан кездесуге келген адамдар көп. Жолдағы Құрама ауылына әдейілеп барып, тосып, тұрған Сисаның Мұқышы деген ақсақал ақбоз атқа мініп, қолына қызыл ту ұстап, Қанекең бастаған шаналы топты Үлгіге кештете алып келеді. Кездесу мектептің үлкен залында өтеді. Жиын тараған соң, қуанышты, сағынышты қауышулар. Қаныш аға ауыл ақсақалдарын, ақ жаулықты бәйбішелерін аттарын атап, қол ұстасып амандасады. Көздеріне жас, жүздеріне қуаныш ұялаған қарттар ризашылық сезім білдіреді. Кездесу Жұмаш Шәдетовтің  үйінде жалғасады. Бұл жерде Қанекеңмен осы сапарда бірге болған көмекші жігіті Бөпежан Аяпбергеновтің естелігінен үзінділер беруді жөн көріп отырмын: «Үлгіде Қаныш ағай бір түрлі көңілді отырды. Жұрт ағылып келіп сәлем беріп жатты. Мұңдайда домбырасыз бола ма, ән де айтылды, күй де тартылды. Жұрт ағайға домбыра ұсынуға бата алмай отырды да, Қанекең өзі қол созғанда, домбыраны ұстата берді де, жым-жырт бола қалысты. Ағай домбыра құлағын бұрап, күйін келтіріп алып,  зор иықтарын қомдап, бір уақытта «Бүркітбайға» салсын-ай кеп:
Бүркітбай әкем аты – Ғазиз Омар,
    Ауылым айдын шалқар көлге қонар.
   Құдайдың маған берген бір нәубеті,
                   Қыздары Жанқозының маған құмар-ей-и-и ...
Құлаққа жағымды қоңыр дауыс кетпесін бе көтеріліп. Ағайдың Затаевичке 25 ән жазып бергенін оқығанмын. Ал өзінің аузынан естіп отырғаным осы. Музыкалық әуенді нақышына келтіретіні сонша, тіпті, жанынды жай тапқызады екен. Жұртта ес жоқ. Жиналғандар «тағы да, тағы да» деп шуласып, енді ағай Иманжүсіпке салды...
Мен Қаныш ағайдың соңынан жиырма жылдай ерген адаммын. Осы уақытта ол кісінің Үлгіде өткізген түніндей көңілді шағын көрген емен және ол кісінің сол түнгі сәл қимыл-қозғалысы көз алдымда мәңгі қалыпты».
 Ертеңіне аудан орталығына қайтқалы жатқан Қаныш ағаға «1 Май» колхозының (қазіргі Керней ауылы) басқарма төрағасы Гнедин келіп: «Қанеке, сізді сайлаушылар жиналып, клубта тосып отыр» – деді.
Қаныш аға бірден жиналып, тосып отырған сайлаушыларға бару керектігін айтып, Керней ауылына жол тартады. Алғабас ауылының тұрғындары жол тосып тұрады, кездесу өткізуін сұрайды. Тұрғандар ішінен бір ақсақал Қаныш ағаға тақап келіп: «Қарағым, Қаныш, мен Рамазанмын ғой, танымадың ба?» – дейді. Қанекең танығанын білдіріп, сәлемдесіп, амандық-саулығын сұрайды.
Бұл Рамазан деген ел ішінде белгілі бір, ержүрек, батырлығымен аты шыққан, сыйлы адам.
Рақаң үйіне түсіп, дәм татуға шақырады. Үлкен ақсақалдың  шақыруын Қанекең қабыл алып, сол үйге түседі. Түні бойы ауыл тұрғындарымен жақсы мәжіліс болып, ән айтылып, күй тартылады. Ертеңінде жолға шығар алдында Рамазан ақсақал Қаныш ағаға жағдайын айтады: жалғыз қызының қолында тұратынын, күйеу баласы Сұлтан Машрапов, мұғалім екенін, қосылғандарына біраз жыл болса да балалары жоқ екенін айтып: «Дуалы елдің ұлысың, балаларыма бата бер» дейді. Қаныш аға қолын жайып, жастарға бата береді. Міне, осыдан кейін бір жыл өткенде жас отбасы балалы болады. «Жақсыдан – шарапат, жаманнан – кесапат» деген сөз тегін айтылмағанын осы уақиғаның куәсі болған ел адамдары әр уақытта айтып жүреді.
Қаныш ағаның елге келесі  келуі 1959 жылы тамыз айында болды. Бұл жолы аға ата-ананың алдындағы парызын орындап, қабыр басына Қордайдың қызыл гранит тасынан  қашалып істелген ескерткіш тастарды қоюға келеді. Хабарланып отырған ел жиналып, құран оқылып, ас беріледі.
Қаныш аға әкесі Имантай қайтыс болғанда елде болмаған екен. Бұл өңірде алғашқы ірі бай ретінде 1928 жылы Сәтбай мен Шорман ұрпақтары тәркіленеді. Ол кезде Сәтбай ұрпағының үлкені Имантай болатын.
Имантай тұтқындалып Баянауыл түрмесіне қамалады. Ертеңінде менің әкем Жұмаш Баянауылға келеді. Әкей бұл уақытта Ақкелінде ашылған болыстық қосшының төрағасының қызметін атқарған, 1929 жылдан партия мүшесі, кейін совет – партия, шаруашылық қызметтерінде болады. Түрмеге келген әкеме түнде Имантайдың қайтыс болғанын хабарлайды. Сол жерде ат – арба тауып, әкем Имантай ақсақалдың денесін Айрыққа алып келеді, ел –жұрт жиналып жерлейді.
Қайтыр жолда Қаныш аға Үлгіге соқты. Ол 1950 жылы келгенде халық берген аманат ауылға ағаш отырғызып, үлкен бақ ашуға уәде берген екен, кейін бұл жұмысты Қарағандыдағы ботаникалық бақтың мамандарының басқаруымен бүкіл ел болып атқарып, мектеп оқушыларының көмегімен ағаш отырғызылған. Жас көшеттерді күту, бақты қоршау жұмыстары мектеп оқушыларына жүктелген.
Қанекең әдейі осы баққа келіп, көк мәуеге оранған қара ағаш, қайың, терек, акация, жеміс ағаштарын көріп, қуанышқа бөленіп, алаңқайға қойылған орындықтарға отырып, демалып, қатты ризашылық білдіріпті.
Кейін ауыл тұрғындары бұл бақты «Қаныш бағы» деп атап кетті.
1962 жылы шілде айында әкем екеуміз Алматыға келіп Қанекеңнің бәйбішесі Шәрипа апайдың үйінде болдық. Әкемнің келгенін естіген Қаныш аға әйелі Таисия Алексеевна екеуі сол үйге келіп, әкеме сәлем берді, түннің бір уағына дейін әңгіме құрды. Әйелі Таисия Алексеевна да өте кішіпейіл, қазақылық әдеп-ғұрыпты аса қадірлейтін жан екен. Сөз арасында әкеймен қалжыңдасып отырды. Отырыста әкем мені оқуға әкелгені туралы айтты.
Қаныш аға 10 жылдық бітірген аттестатымды көріп, политехникалық институтқа түсуің керек деп ақыл берді. Мен орта мектепті күміс медальмен бітіріп келгенмін. Әкем ауыл шаруашылық маманы болғанымды қалады. Біраз ойланып отырған Қанекең де әке сөзін құптап: «ауылға да жақсы оқыған жоғары білімді мамандар қажет» - деді. Сонымен еш қиындықсыз бір ғана химия пәнінен емтиханды «беске» тапсырып, Алматы малдәрігерлік- зоотехникалық институтының студенті болдым.
Алматыда оқуда болған жылдарымда Қазақ ССР Ғылым академиясының іс басқару бөлімінің бастығы Бөпежан Аяпбергенов ағамен жақсы таныстықта болдым. Бөпежан аға Бұқар жырау Қалқаманұлының жетінші ұрпағы. Осы кісі Қаныш ағаның өте жақын көмекшісі болған. Ісіне тындырымды Бөпекең қашанда Қаныш ағамен бірге сапарлас болған, ағаның айтқан нақыл сөздерін жазып жүр екен.
Қан қысымының көтерілуіне байланысты Қаныш аға жолға көбінесе поездбен шығады екен. Айына бір, не екі рет Москваға сапар шегеді. Көбінесе Жоғарғы Кеңестің сессиялары, ҒА сессиялары, Ғылыми Советтің кеңестері. Сапарда поезд ішінде де болашақ ғалымдардың еңбектерін, диссертация материалдарын оқып, танысады екен. Жұмысты өте көп істеп, қанша кеш жатса да, ерте тұрады, демалу керектігін айтқан Бөпекеңе «Жанын ойлаған адам президент болмау керек» деп жауап береді.
Осы тұста мына бір оқиғаны айта кетуді жөн көріп отырмын.
1963 жылы маусым айында біз үш студент жігіттер: Тілеухан Жүсіпов (кейін «Орталық Қазақстан» газетінің бас редакторы болды), Қаби Қошанов және мен бір үйде пәтерде тұрдық.
Демалыс күні болатын. Таңертең ерте тұрып, Есік көліне демалуға бармақ болып жатырмыз. Алматы тұрғындары демалыстарын көбінесе сол көлде өткізетін уақыт.
Осы кезде есік алдына бір машина келіп тоқтап, ішінен Бөпежан ағаның жүргізушісі Сағи деген азамат түсіп: «Жеңіс, мені саған Бөпекең жіберді, қазір әуежайда тығыз шаруамен Москваға Қаныш аға ұшады. Өзіңді сонда жетсін» деді. Амал қанша, Есік көліне бару өз жайына қалды. Үш жігіт дереу машинаға мініп, әуежайға тарттық.
Қаныш аға мен Бөпежан аға, тағы біз танымайтын төрт-бес адамдарды көріп, сәлем бердік. Қанекең менен ауыл, елдің амандығын, әкемді сұрады. Мен тиісінше сұрақтарына жауап беріп жатырмын. Қаныш аға: «Түнде түсіме Жұмекең (әкемді солай атайтын) кірді, содан сені көріп кетейін деп хабарластым» деді. Әуежайда біраз бөгеліп, ұшақ әуеге көтерілгенше тұрдық, қайтар жолда Есік көлі жақта ұшып жүрген жеті-сегіз тік ұшақтарды көріп, таңырқастық. Қалаға келсек, у-шу, Есік көлінде лай көшкіні болып, демалуға барған көп адам опат болыпты. Жағдай былай болған екен, көлдің маңындағы таудың басындағы көл арнасынан асып-тасып, Есік көлін лай көшкінімен шайып кетіпті. Міне, Алланың ісіне дау жоқ деген осы, екінші, өмір бойы біріне - бірі адал сыйластықта болған Қаныш аға мен әкемнің құдыреті.
Қаныш аға Москвада Кунцево деген жерге орналасқан «Кремль» ауруханасында ұзаққа созылған ауыр науқастан 1964 жылы 31 қаңтар күні қайтыс болды. Дүние жүзіне әйгілі болған ғалым ағаны соңғы сапарға шығарып салу рәсімі 3 ақпан күні Абай атындағы опера және балет театрында болды. Бүкіл алматылықтар Қаныш ағамен қоштасуға келді десем, артық болмас. Шет елден келген ғалымдар да көп болды. Баянауылдан, Жезқазған мен Қарағандыдан, басқа да облыстардан келген туыстары мен әріптестерінде есеп жоқ. Жылаған, күңіренген халық. Осы көріністерден кейін мынадай тұжырым туады: оны жұрт жаппай сыйлады деу аз, Қаныш аға халық сүйіспеншілігіне ие болған адам.
Қаныш аға мәйіті жан досы, қимасы Мұқтар Әуезовтің жанына жерленді. Қандай сәйкестік, менің әкем Жұмаш Шәдетов те 1985 жылы 31-ші қаңтарда өмірден өтті. Біраз қиыншылықтармен інісіндей сыйласқан Бөпежан Аяпбергеновтің басқаруымен Қанекең басына Коль тасынан істелген ескерткіш қойылды. Онда Қаныш аға бейнесі шатқалдан шығып келе жатқандай бейнеленген. Қанекеңмен 20 жыл бірге жүріп, ең жақын көмекшісі болған Баянауыл тумасы, қазақтың абзал азаматтарының бірі Бөпежан Байбалаұлы Аяпбергенов 2006 жылы ақпан айында 90 жасында Алматы қаласында дүниеден өтті. Имандарың кәміл болсын, қайран ағаларым!
Орталық Қазақстан газеті
12 қаңтар, 2008 жыл

  
ҚАСИЕТТІ ЕЛДІҢ ТУМАСЫ

Шетсіз-шексіз туған жерін, байтақ өлкесін жанындай сүйіп, көзінің қарашағындай қорғап, алдағы атар таңынан бір сәтте үміт үзбеген, мына күнге шаршап-шалдығып, азып-тоза жаздап жеткен біздің халқымыз рухани байлықтан ешкімге есесін бермеген екен.
Оcының жасаушылары да, сақтаушылары да халықтың өзі, халықтан шыққан даналар. Солардың ішінде де өмірдің өзіндей байтақ, жарық дүниенің өзіндей дархан ғажайып тұлғалары болады. Олардың өмір жолы мәңгілікпен астасып, ғасырлардан ғасырларға асып, сан ұрпақтың елдік мектебіне, тұтас бір ұлттық рухани болмысының алтын арқауына айналады.
Қазақ даласы ондай кемел азаматтарға ешқашан кенде болып көрмеген.
Бағалай білсек, халықтың маңдайына біткен абзал азаматтары, ардагерлері, арыстары аз емес. Ақ алмастай асылдардың әзіз есімін әспеттеп, қымбат мұрасын үкілеп ұстау, қадір-қасиетін өзіміз тану, өзгеге таныту, оларды ардақтау, қастерлеу-біздің баршамыздың  елдік, әрқайсымыздың– перзенттік парызымыз.
Аса көрнекті ғалымдардың бірі, еліміздің Шығысындағы оқығандардың бірі, қазақ елінің адал перзенті, осы жердің тумасы, жерлесіміз Қылыш Бабаев туралы сөз етпекпін.
Ежелден төсінен талай-талай дүлдүл шыққан көне Сарыарқа – Баян даласы осыған куә. Елде Қаныш аға Сәтбаев пен Қылыш аға Бабаев аттары ерекше құрметпен аталады.
Бірі жер асты кенінің көріпкел ғалымы, бірі жер беті әлемінің – өсімдіктер әлемінің ғалымы. Қаныш аға Қылышты мейлінше силап, жақсы көрген. Қылыш аға мезгілсіз өмірден өткенде Қанекең қатты қайғырып, көзіне жас алған деседі.
Сүйер ұлың болса сен сүй,
Сүйінерге жарар ол,
-деп Абай айтқандай, халықтың рухын асқақтап, қызмет еткен даналарға қашанда арнау болу керек.
Қылыш Бабайұлы 1913 жылы көкек айының 4-ші жұлдызында бұрынғы Баянауыл ауданы, Кереку округі №9 Сарықамыс ауылында туған. Әкесі Бабай қажы (Балағұмар) орта шаруашылығы бар, Бұхара шаһарындағы «Көкұлан» медресесін бітірген, қажылық атақ алған, діни оқыған адам.
Қылыш – ауылдық бастауыш мектебін бітірген соң 1926 жылы Баянауыл ауданындағы шаруа жастар мектебіне келіп оқуға түседі.
1930-31 оқу жылында бұл мектепті үздік бітірді. 1928 жылдан Ленин комсомолы қатарында болып,  1930 жылға дейін пионер ұйымында, 1930 жылдан 1931 жылға дейін осы мектептің және Баянауыл ОГПУ-ның комсомол ұжымының хатшылық қызметін атқарады.
1931 жылы қазан айының 1-нен Баянауыл аудандық БЛКЖО ұйымының жолдамасымен Алматы ауылшаруашылық институтының жанындағы жұмысшы факультетінде (раб.фак) 1932 жылға дейін оқып, 1932 жылы Ауылшаруашылық институтына оқуға түсіп, бұл оқу орнын 1937 жылы үздік дипломмен бітіреді.
Ауылшаруашылығы ғылымының докторы В.Маловтың жолдамасы бойынша Бабайұлы Қылыш осы институтта 3-курстан бастап сабақ бере бастайды және институттың кәсіподақ ұйымын басқарады.
Осы жылдарда үздік оқығаны үшін 4 рет мақтау қағазымен, Қазақстан Орталық Комитетінің «Кеуде значогі» мен марапатталады.
1941 жылдан КПСС мүшесі, 1937-42 жылдарда осы институтта ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі болып қызмет істейді.
1942-48 жылдарда В.Р.Вильямс атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу егіншілік институтының директоры. Республика ауылшаруашылығын дамытуға, агрономиялық ғылымның міндеттерін шешу мәселесіне арналған бірқатар еңбектердің авторы.
Республиканың әрбір облыстарында ғылыми негізге сүйенген егіншілік жүйесін жасау, агрономиялық жағдайларына орай әрбір аудан мен облыста ауылшаруашылық өндірісін мамандандыру және ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарға басшылық етті.
Әрбір облыстағы тәжірибе станцияларының жұмысын қадағалап, көп уақыт іссапармен Ақтөбе, Орал, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола тағы басқа облыстарда болып, дәнді дақылдың аудандастырылған жаңа тұқымдарын шығарып, өндіріске кіргізген. Егіншіліктің жаңа технологиясын  өмірге әкелген, ауыспалы егіндіктердің (севеоборот) ғылыми негіздерінің авторы болды. Аймақтағы шөл және шөлейіт жерде өсірілетін қуаншылыққа төзімді екпе шөптердің жаңа түрлерін өсіруді қолға алған.
Ауылшаруашылығын дамытудағы ғылыми еңбегі мен педагогикалық еңбегі үшін Ленин орденімен, 3 рет Қазақ ССР Жоғары советінің Құрмет грамотасымен, басқада көптеген медальдармен марапатталған.
1944 жылы Москвада кандидаттық диссертация қорғап, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидатты атағын алады. Докторлық диссертациясын қорғау 1949 жылға жоспарланған екен, онысын Қазақ ССР Ғылым Академиясының корреспондент мүшелігіне ұсынылған  материалдары, өзі істеген Қазақ ғылыми-зерттеу институтының құжаттары растайды.
1937 жылы үйленген, сүйген жары Мухамбетова  Магуй дүниеге екі бала әкелген. Марат Қылышұлы физика-математика ғылымдарының кандидаты, Алматының ядролық-физика институтында аға ғылыми қызметкер. Қызы Маия биология ғылымдарының кандидаты.
Ерекше дарын иесі, абзал азамат, ғалым Қылыш Бабайұлы 1948 жылдың қыркүйек айының 30 жұлдызында әуе кемесі апатынан қаза тапқан.
Қазақтың біртуар ұлдарының бірі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Қылыш Бабаев өлімі туралы былай деген екен: Қылыштың мезгілсіз қазасы бүкіл елдің қабырғасын қайыстырып, ауыр қайғы әкелді. Қазақтың маңдайына симай кетті-ау!
Озар ел арыстарын ардақтайды демекші Қылыш аға арамызда болмаса да оның ауылшаруашылығының өркендеп, өсуіне елеулі еңбек сіңірген, дара талантымен көзге түскен, аз жасаса да, артында асыл мұра қалдырған Қылыш  Бабайұлын, туған халқы-жерлестері  ұмытпай 80 жылдығын тойлады. Бүкіл ел аталарының  құрметі үшін, оның аруағына бас ие, ыстық ықыластық білдірді.
Ғалымның мерейтойына Алматы қаласына арнайы кісі барып, Қылыш ағаның  балаларын, туған-туыстарын тойға шақырды.
Тойға келген Қылыш ағаның балалары, туыстары ризашылық білдіріп, ата-баба жерін көріп, бабаларына дұға бағыштады.
Өткізілген той өзінің негізгі мақсатын орындады деп ойлаймыз. Осындай ауқымды шараның басты міндеті: Қылыш ағаның өмірін, еңбек жолын еліне, жастарға жеткізу еді. Сол ойымызға жеткен тәріздіміз. 


СЕКЕҢ ТУРАЛЫ СЫР

Бүкіл саналы өмірін халқына еңбек етуге арнаған, күні кеше ғана дүниеден озған азаматтардың бірі Серік Кәрібайұлы Ағыбаеав.
Ол 1939 жылы Ворошилов ауданының (қазіргі Бұқар жырау) Колзозное селосында көп балалы қарапайым шаруаның отбасынла дүниеге келген.
Балалық шағы соғыс уақытының қиыншылықтарымен тұспа-тұс келді. Әкесі әскерге алынып, жас балаларды асырау тауқыметі шешесі Рахиманың мойынына түседі. Колхозда әр түрлі жұмыс істеп, балаларын «қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай» тәрбие беріп, мектеп жасындағы балаларына білім алуына мүмкіндік жасаған.
Соғыс аяқталған соң Кәрібай үлкен абыроймен елге оралып, бұрынғы кәсібі жылқы бағумен айналысқан. Секең 1957 жылы орта мектепті жақсы тәмәмдап шоферлык  оқуды бітіріп, колхозда жұмыс істейді.
Келесі жылы Қарағанды  политехникалық институтына түсіп, 1963 жылы құрылысшы-инженер мамандығы бойынша бітіреді. Еңбек жолын Қаражал қаласындағы құрылыс учаскесіне мастер болып бастаған ол 1964-65 жылдары Жезқазғанда құрылыс техникумында мұғалім болып істейді.
1965 жылы туған жеріне келіп, ДЭСУ №354 мекемесіне бас инженер болып қызметке кіріседі, ал 1967 жылдан 1973 жылға дейін осы мекемені басқарады. Бұл жас маманның білімділігі, іскерлігі, тиянақтылығымен  ерекше көзге түскен уақыттар еді. Тас жолдар тегістеліп, қалпына келтіріледі. Қыс айларында Сарыарқаның ақ түтек борандары апталап соғып, жолдар қармен бітеліп қалатып жағдайлар жиі болатын. Бірде боранда сүт таситын машинамен ауданға келе жатқан бізге ДЭСУ қар тазартатын техникалары жолықты. Қатты боранда техникаларды Серік аға өзі басқарып келеді екен. Бір-бірімізді сырттай білгенмен, таныстығымыз осындай жағдайда басталды.  
Орта бойлы, иықты, келбетті Секең мейлінше кішіпейіл, ақжарқын, сөз сөйлесу мәдениеті аса жоғары екен.
Осылайша басталған таныстығымыз келешек өмірімізде үлкен сыйластыққа, сырластыққа ұласты. Серік Кәрібайұлы 1973 жылы аудандық кеңеске депутат болып сайланды. Алғашқы ұйымдастыру сессиясында аудандық кеңестің төрағасының орынбасарлығына ұсынылып, депутаттардан бірауыздан қолдау тауып, оған аудандық құрылыс, энергетика, байланыс және коммуналдық шаруашылық жүмыстарын басқару жүктеледі.
Ауданда құрылыс жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқан кезі.   Ауылдық  жерлерде мектеп, мәдениет үйлері, сүт, ет малдарына арналған кешендер, құс фабрикалары, тұрғын үйлер, астық қоймалары салынып, қым-қуыт жұмыстар жеткілікті еді. Құрылыс жұмыстарының сапасын қадағалап, жобадағы кейбір түйткіл  тұстарды бас мердігерлермен анықтап, жобалау институттарында болып, мамандардың келісімімен жұмыс жүргізді.
Уақытпен санаспай, күніне 3-4 құрылыс объектілерінде болып, құрылыс мамандарымен лездемелер өткізіп, нақты шаралар іске асырылды. Аз уақыт ішінде біліктілігімен, күш-жігерімен, өз ісіне жауапкершілігімен көпшіліктің ықыласына бөленді.
Сол кезде Пушкин кеңшарында аға прораб болып істеген, құрылыс саласының қыр-сырын жетік меңгерген тәжірибелі маман Иван Демьянович Белинский Секең туралы былай дегені әлі есімде: «Жас  орынбасар өте білімді екен. Екі тілде бірдей сөйлейтін, жұмысқа жан-тәнімен берілген, жанып тұрған іскер, келешегі мол азамат, біздің ауданда қызметте көп отырмай, жоғары жаққа баратын шығар». 
Бірақ Серік Кәрібайұлы тапжылмай бұл қызметті 18 жыл атқарды. Аудан өміріне, халыққа қалтқысыз еңбек етті. Аудан мекемелері, аурухана, мектептер, мәдениет үйі, тұрғын үйлерге бір орталықтан жылу беруді қолға алады. Әр жердегі ескірген қазандықтар істен шығып, жылы су айдайтын насостары жиі тоқтап,  электр жүйелері үзіліп қазандықтарда істейтін адамдар саны көбейіп, көп шығын келтіреді. Аудандық «Казсельхозтехника» бірлестігінің қазандық ғимараты үлкейтіліп, қосымша қазандықтар орнатылып, бір жерден жылу жүйесі іске қосылды. Бұл орталық жылу жүйесі 1992 жылға дейін ел игілігіне қызмет жасады.
Серік ағаның тікелей басқаруымен ауданда жол қатынасы біршама жақсарды. Ауыл шаруашылық өнімдерін қабылдау орындарына тасымалдау үлкен қиындықтар туғызатын. Көп елді мекендерге автобустар жүрмейтін, әсіресе, қыс айларында жолаушылар жолда қалып, үсікке шалдығып, тіпті кісі өліміне әкелген жағдайлар болған.
Жол құрылысын бастаудың қиындығына қарамай тиісті облыстық мекемелердің басшыларының есіктерін тоздыра жүріп, жоспарға енгізіп, ішкі мүмкіндіктерді пайдаланып, елді мекендерге тас жолдар салынып, кейінгі кезде игерілген арзан технологиямен асфальт төселінді.
1991-1994 жылға дейін ДЭУ № 59 басқарды. 1994 жылы облыстық Мәслихатқа депутат болып сайланды. Облыс депутаттары үлкен сенім білдіріп, облыстық Мәслихатқа хатшы болады.
1997 жылы облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары болады. 1998-1999 жылдары Бұқар жырау аудандық РЭС бастығының орынбасары қызметін атқарады. 1999 жылы облыстық Мәслихатқа екінші рет депутат болып, Мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы болып сайланады. 2003 жылы зейнеткерлікке шығады.
Шындығында 18 жыл бойы Серік аға ауданның көпшілік жұмысының атқарылуына басшылық жасады десек, артық айтпаған болар едік. Сол кездерде замандастары еңбекқорлығына орай, «Біздің Секең ауданның бас «кочегары» деген әдемі әзіл айтқан екен. Үлкенге ілтипат, кішіге ізет танытатын абзал ел ағасы ұлан-ғайыр ісімен, еңбегімен халқының сүйіспеншілігіне ие болған сыйлы адам.
Бірде облыстық Мәслихатқа депутаттыққа кандидат болып тіркелген Секең сайлаушылармен кездесуге келді. Кездесуге көп тұрғындар жиналды. Ашық болған әңгімеде ауыл өмірі, елдің хал-ахуалы, жастар тәрбиесі, жекелеген шаруа қожалықтары туралы сөз болды, Серік аға әңгімеге қызу кірісіп, көп пайдалы кеңестер айтып, шырғалаң кезеннен шығу туралы ойларын ортаға салды. 
Осыншама қызмет атқарып, қарақан басының қамы емес ел үшін  еңбек етуге бүкіл қабілетін, күш-жігерін, денсаулығын жұмсаған. Серік ағамен өмір жолы туралы сөйлескенімде, бойына біткен қарапайымдылығы мен парасаттылығынан аспай: «Мен тек қана ел алдындағы міндетімді орындадым», - деген еді.

«Орталық Қазақстан» газеті
11 шілде, 2009 жыл

АҚЫН АҒА - РАМАЗАН НӘРЕШОВ

Алғаш рет Рамазан Нәрешов ағамен таныстық - білістігіміз 1963жылдың тамыз айында Үлгі ауылында болды.
Ақжарқын, кішіпейілдігімен бірге, құлаққа жағымды қоңыр дауысымен адамды өзіне баурап алады екен. Азғана уақыт ішінде біраз әңгімеге қанықтым. Алматы жайлы көп сұрастырды. Сөз арасында 1946-50 жылдары Алматыда оқығаны туралы әңгіме шертті.
Рамазан Нәрешов 1927 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданында өмірге келген.
Қарағандының екі жылдық мұғалімдер институтының оқытушысы, проректоры болған туған ағасы Айтбай Нәрешовтың тәрбиесінде болып қаланың №2 қазақ орта мектебін тәмамдайды.
Жеңгесі Сара Ахметжанова да осы институтта ұстаздық етеді. Осындай әдебиетшілер отбасында тәрбиеленген Рамазан аға жасынан өлең-жырға әуес болып өседі.
Рамазан Нәрешов 1942 жылы осы институттың филология факультетің бірінші курсына оқуға түседі. Сабақты жақсы оқыған, институттағы әдебиет үйірмесін басқарады.
Институтты бітірген соң облыстық газетке әдеби қызметкер болып істейді. 1944-46 жылдары мектептерде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді.
1946 жылы Алматыдағы С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің филология факультетінің екінші курсына оқуға түседі. Университетте ғалым-жазушы Зейнолла Қабдолов, ақын Аманжол Шамкенов, жазушы Сафуан Шаймерденовпен бірге оқиды. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады.
Әдебиетке деген алғырлығымен университетте сабақ берген ұстаздары Мұқтар Әуезов, Есмағанбет Ысмайылов т.б. оқымыстылардың көзіне түседі.
Дарынды ақын Қасым Аманжоловпен кездесіп, ақындық шеберлігін, адамгершілік қасиеттерін естелігінде әсерлі етіп әңгімелеген.
Рамазан Нәрешов 1949 жылы университетті ойдағыдай бітіріп шығады.
Қазақ Республикасының Ұлттық ғылым академиясы тіл-әдебиет институтының аспирантурасына қабылданады. Кандидаттық диссертациясының жетекшілігіне заманымыздың ұлы жазушысы, академик Мұқтар Әуезов бекітіледі.
Ғылым Академиясында Мұқтар Омарханұлының басшылығымен ұйымдастырылған ғылыми экспедицияның құрамына алынып, Рамазан аға Ұлытау жерінде болып, ауыз әдебиетінің құнды нұсқаларын жинау, халық аузындағы жыр-дастандарды жазып алу, жыршы-термеші, айтыскер ақындарды тауып, анықтау мәселесіне көп ат салысқан.
Ғылымға бар ынтасымен беріліп, кандидаттық минимумды тапсырып, дисертациясын 1952 жылдың күзінде қорғау жоспарланып қойылады.
Бірақ адамның ойлағаны болған ба?

Бір-ақ күнде тағдырдың тәлкегіне түседі. 1951 жылдың 20 қаңтарында оны қаннен-қаперсіз отырған жерінде НКВД адамдары келіп тұтқындайды. Апарып түрмеге жауып, карцерге отырғызады. Ұрып-соғып азаптайды. Сондағы оған таққан кінәсі Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романын оқығаны болып шығады. Мағжан Жұмабаевтың шағармаларын оқыдың деп айыптап, 24 жастағы аспирант Рамазан Нәрешовты «Ұлтшылсың, халық жауларының шығармаларын оқыдың» деп 10 жылға соттап, көз көріп, құлақ естімеген жерге айдап әкетеді. Ол ауыр жолда қаншама тауқымет шексе де болашақтың жарқын күндерінен күдерін үзген жоқ.
Тар жол, тайғақ кешуден Нәрешов Рамазан 1956 жылдың ақпанында ақталып аман-есен елге оралады. Сүйген жары Рая мен баласы Сапашпен Қарқаралы жерінде қауышады.
Семья жағдайына байланысты аспирантурадағы оқуын жалғастыра алмайды. Жұмысқа түсуге «саяси қылмыскер» деген желеумен  мектептерге мұғалімдікке алынбайды. Содан аз уақыт Қарқаралы аудандық газетінің сол кездегі редакторы Әбікен Бақтыбаев газетке қызметке алады.
Қарағайлы мектебінде мұғалім болып істеп, 1962 жылы Ульянов аудандық оқу бөліміне инспектор болып ауысады. Содан көп жылдар зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандағы кешкі жастар мектебінде директор болады.
Жасынан ақындыққа бейім Рамазан аға институт, университетте оқып жүріп өлең жазуды бір уақыт ұмытпаған. Әдеби үйірмелерде өлеңдерін талапкер ақындармен бірге жарыса оқығанын аса бір шабытпен айтып  отыратын. «Қамауда туған шумақтар» топтамасында:

Басым жас келмейді өлгім, жаным жеңге.
Жар болар бір құдайым біздей ерге.
Жамандықтан жабысқан ауру емес, 
Жазылар жарақаттан бұл бір дене-деп жырлаған.

Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына 325 жыл толған мерейтойында «Ұлы баба, Әулие» атты толғауын төгілдіре жырға қосты. Халық зор қошемет көрсетіп, үлкен ризашылық білдірді. Автордың Бұқар жырауға арнаған бұл толғауын танымал ақын Серік Ақсұңқарұлы зор баға беріп, толғау жүлделі орынға ие болды.
Өлең-жырларында қарапайым ауыл еңбеккерлерінің ерен істерін, кеңшар басшыларының іс-тәжірибелерін көпке үлгі-өнеге етіп көрстетуге тырысады.
1992 жылы Бабаев атындағы кеңшар ауылшаруашылық  өнімдерін өндіруде үлкен табыстарға қол жеткізді.
Кеңшар директоры маған егеменді еліміздің алғашқы марапаты-Құрмет грамотасы  берілді.
Осы хабарды газеттен оқыған қарт ақын Рамазан ағамыз өлең жолдарын жолдапты.
Ата жолын қуған ер

(Қылыш Бабаев атындағы совхоздың
директоры Жеңіс Шәдетов Жұмашұлына)

Бағалап еңбегіңді таңғажайып,
Қарсы алды елің бүгін құшақ жайып.
Жеңіске, жеңістерге жеткені үшін,
Ұсынды өз сыйлығын Назарбаев.
Әкеден жақсы ұл туса,
Ата жолын ол қуса.
Еңбек етсе ерінбей,
Жұмыстан ешбір жерінбей.
Тайсалмай іске бел буса,
Ондай ұлдан ағайын
Айналып кетсең болмай ма?!
Алған беттен қайтпаса,
Жалған сөз ешбір айтпаса.
Түсі қашып, түн қатып,
Ерте тұрып, кеш жатып.
Халқының қамын ойласа.
Мұндай жанды көргенде
Көтеріліп көңілің,
Қуанып жаның қалмай ма?!
Бақ қайтпаған басынан,
Кетпеген жұрты қасынан.
Жұмаш деген қарт болған
Ел басқарған жасынан.
Дос боп өскен Қанышпен,
Жақын болып арасы.
Жырға қосып айтпағым,
Сол қарттың Жеңіс баласы.
Қоймаған бекер атыңды
Жеңіске жет «Жеңіс» деп
Дамыл таппай жүрдің сен,
Шықсын бітік егіс деп.
Алла тағала оңғарып,
Еңбегің жанды өнімді.
Бейнеттің арты зейнет боп,
Елін бүгін көңілді.
Алтын дән алдың еселеп,
 Шықтың биік тұғырға.
Даңқын шықты ерледің,
Қосылды атың ән-жырға
Орындалып арманың,
Табысқа зор кенелдің.
Шешімін тауып әр істің,
Алғысқа көптің бөлендің.
Іскерлікпен басқардың,
Диханшы, малшы қауымын.
Ел мен жерді көркейттің,
Келтіріп сәнін ауылдың.
Адамың бар атақты
Оза шауып, жүлде алған
Айтпай менен Нұржанов
Еңбек үшін жаралған.
Жастарың да жалынды,
Көркейтер елдің ертеңін.
Серігің ғой сенімді,
Өсірер халық өркенін.
Әкеңе тартып туыпсың,
Ата жолын қуыпсың.
Айналайын Жеңісім,
Басыңа сенің бақ қонсын.
Қамбаңа әр кез дән толсын,
Жаңа жыл құтты болсын
Табыстан табысқа,
Жеңістен жеңіске жете бер.
Риза саған туған ел,
Ата жолын қуған ер.

Рамазан Нәрешов ағамыз осы өлеңін газет бетінде жариялап, қолмен жазылған түп нұсқасын маған пошта арқылы жіберіпті.
Осыған орай мен де өзімнің ризашылығымды, жүрекжарды тілегімді хатпен білдірдім.
1993 жылы қаңтар айында жазушы-журналист, қоғам қайраткері, «Орталық Қазақстан» газетінде бас редактор болып істеген Нұрмұқан Оразбеков Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесіне депутаттыққа кандидат болып тіркеліп, сайлаушылармен кездесуге ауылға келді.
Нұрмұқан Оразбековтың сенімді өкілі болып Рамазан Нәрешов кездесуде сөз сөйледі.
Рамазан ағамен осындай кездесулеріміз аудандағы өткізілетін жиындарда да болып тұратын. Үлкенге де, кішіге де үлкен сыйластық танытып, біреудің қайғы-қасіретіне көңіл білдіріп, қуаныштарын бөлісуге дайын тұратын, өлең-жырларын арнап, ағалық сезімін білдіруші еді.
50 жасқа толуыма орай жыр жолдарын арнапты.




     Бата
(Жеңіс Жұмашұлы 50 жаста)

Келіпсің бүгінгі күн елу жасқа,
Құдайым саулық берсін мал мен басқа.
Құттықтап жатқан шығар бұл күніңді,
Туысқан, құрбы-құрдас, кәрі, жас та.
Жігіттің жасы бұл ғой кемелденген,
Өткен күн белгісі жоқ білінбеген.
Сен де бір ерен ерсің ел қорғаны,
Халықтың бағын ойлап, қамын жеген.
Студент шағыңнан-ақ білуші едім,
Жалынды жанарыңнан көруші едім.
-Жақсы оқы, талабыңа нұр жаусын,-деп
Батамды сол кезден-ақ беруші едім.
Ақтадың, айналайын ақ батамды,
Қуанттың ел мен жұртты, ата-анаңды.
Ерінбей еңбек етіп, таппай дамыл,
Өткіздің талай күнді, атар таңды ...
Кешегі Жұмаш қарттың бел баласы,
Атанды бүгінгі күн ел ағасы.
Жасампаз еңбегінің арқасында,
Көркейді туған жердің сар даласы.
Көп жаса, бақытты бол Жеңіс жаным,
Өшпесін сендегі от, шуақ, жалын.
Ұрпағың өркен жайып өсе берсін,
Аман боп Сәкең келін – сүйген жарың.

Рамазан Нәрешовтың өлеңдеріне арқау болған ары таза, өзінің арман биігіндегі үлгілі, өнегелі адамдар болды.
Әр жылдарда жазған өлеңдерін 1994 жылы бастырып жарыққа шағарды.
Мен Рамазан ағаға арнаған естелігімде тағдырдың тәлкегіне түскен, келешегінен көп үміт күттіретін азамат туралы, басына түскен қиыншылықтар адам өмірін ойламаған шырғалаңдарға әкеліп соқтырғанын баяндадым.
Бәріне кінәлі Кеңес дәуіріндегі «солақай саясат». Сол идеология салдарынан қазақ халқы талай елін, ұлтын сүйген талантты, дарынды ұлдарынан айрылғаны ащы шындық.
Бұл халық үшін орны толмас ауыр қасірет еді.



АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР

         Өткен ғасырдың екінші жартысының басында (дәлірек айтқанда 1949 жылы) Семей полигонында адамзат баласына қасірет әкелген алапат қарудың сынақтары басталғаны белгілі.
         Жер асты және ашық ауада жүргізілген сынақтардың салдарынан адам баласының басында көз көріп, құлақ естімеген қатерлі аурулар көбейді. Асқазан, тыныс алу жолдарының, басқа да ішкі ағзалардың қатерлі ісік аурулары, қан, жүрек аурулары, қан қысымын көтеретін дерт етек алып, адам өлімі күрт көбейді. Өмірге жарымжан балалардың келуі жиіледі. Қалайда, бұл қазақ елінің басына келген зауалды шақ еді.
         Міне, осы уақытта көзі қарақты, білімді дәрігерлерге деген сұраныс туындады.
         1950-60 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірушілер алыстағы ауылдарға жұмысқа келіп, адам жанына арашашы болды. Сол жылдары бұрынғы Ворошилов ауданының (қазіргі Бұқар жырау) елді мекендерінде қызмет атқарған ақ халатты абзал жандар туралы сөз етпекпін.
       
  Тақыров Төлеухан 1958 жылы Қарағанды медицина институтын дәрігер-терапевт мамандығы бойынша бітіріп, Керней ауылындағы 25 кісілік учаскелік ауруханаға бас дәрігер болады. Бұл аурухана ауданның шығысына қарай орналасқан елді мекендерді қамтитын үлкен емдеу орны болды. «Жас келсе-іске» дегендей, Төлеухан аға аурухананың ішкі тәртібі мен емдеу жұмыстарын жақсартуға аянбай еңбек етеді. Аз ғана уақыт ішінде аурухана аудан, облыс көлемінде алдыңғы қатардағы емдеу орнына айналады.
         Дәрігерлік білгірлігімен қатар, үлкен адами қасиеттері мен кішіпейілдігі арқасында халықтың сый-құрметіне бөленеді. Жас дәрігер ауылдық кеңестің депутаты болып сайланып, қоғамдық жұмысқа араласады.
         Алпысыншы жылдардың орта кезінде аудандық орталық ауруханаға бас дәрігердің орынбасарлығына ауыстырылады. Жаңа жұмыста да қабілеттілігімен көзге түседі. Өзіндік емдеу жүйесін құрып, соның нәтижесінде аудандағы емдеу-профилактика жұмыстары жақсара түседі.
         Қазір Төкең аудан орталығы Ботақарада тұрады. Тыл және еңбек ардагері, Бұқар жырау ауданының Құрметті азаматы. Әлі де ауданның қоғамдық-саяси өмірінен тыс қалмайды. Абыройлы еңбек жолдары туралы әңгіме тиегін ағытып отырады.
         Мейірімді жүзінен нұр төгіледі. «Өсетін елдің қарты қазыналы болар» деген сөз ағаға арналғандай. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі. Бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған. Апамыз Шәкен екеуі 8 бала өсіріп, тәрбиеледі.
         Қызы Аймангүл Қарағанды мәдени-ағарту училищесін, кейін «Болашақ» маңызды білім беру институтын бітірген. Мәдениет қайраткері (2008 жыл). Қазір Бұқар жырау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры, бірнеше рет аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланған.
         Ұлы Қаныш – Қарағанды педагогикалық институтын бітірген, мұғалім. Шешенқара орта мектебінде директор болған, қазір аудан орталығындағы Ю.Гагарин атындағы орыс мектебінде директор болып істейді.
         Қызы Айгүл – бала дәрігері, қаладағы дәрігерлер білімін көтеретін институтта істейді.
         Балалары Асқар, Алмагүл, Армангүл ауданда мұғалім болып қызмет атқарады.
         Қызы Айнагүл университетті экономист мамандығында бітіріп, Евразиялық банкта қызмет етеді.
         Ұлы Жеңіс ҚарММИ-ді бітірген, Бұқар жырау ауданының медицина бірлестігі директорының орынбасары болып істейді.
         Әшкенов Жәлелтай 1958 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын бітіріп, Үлгі ауылындағы 15 кереуеттік ауруханаға бас дәрігер болып келеді. Бұл аурухананың ашылғанына бар-жоғы 3 жыл ғана болған.
1955 жылы аудан орталығынан шалғай халық көп қоныстанған Үлгі ауылында шағын аурухана ашуға шешім қабылданады.
         Ауданның ауруханасынан фельдшер-дәрігер Фролов Николай Николаевич, зайыбы фельдшер-дәрігер Свистунова Мария Константиновна екеуін Үлгіден ашылған ауруханаға жұмысқа жібереді. Ерлі-зайыпты дәрігерлер бұл ауруханада екі жылдай еңбек етеді.
         1957 жылы ауруханада дәрігер болып Ермек Хайруллина апай істеген. Апайдың жолдасы Төлеген Жазыкенов колхозда агроном, кейіннен совхоздың алғашқы жылдарында бас агроном болды. Ермек апай кейін Шет ауданында дәрігер, аудандық атқару комитетінде төраға орынбасары қызметін атқарды.
Аурухана ғимараты үшін колхоз үлкен кеңсесін босатып берген.
         Ауруханаға керекті жабдықтардың тапшылық  кезі, медбикелер де жетіспейтін. Табиғатынан берілген еңбекқорлығының арқасында қиыншылықтарды жеңе білген Жәкең аурухананы үлгілі емдеу орнына лайықтады.
         1961 жылы Қылыш Бабаев атындағы совхоздың ұйымдастыруына байланысты аурухана көрші Үміткер ауылына көшірілді.
         Алыстағы емдеу орнында жалғыз білімді дәрігер төрт елді мекендегі 3 мыңға жуық халықпен көп жылдар жұмыс істеді. Ол кезде тас жолдар жоқ, ауданмен байланыс та нашар болатын. Білікті жасқа медицинаның бар саласын білуге тура келді. Негізгі мамандығы дәрігер-терапевт болса да, хирургия, тіс дәрігері, акушер-гинеколог мамандықтарын меңгереді.
         Сол жылдары аурухананың әйелдер босанатын бөлімінде жылына 120-ға жуық сәби өмірге келетін көрінеді. Қыс айларында емханаға ат-шана бекітіліп берілген.
         Жәлелтай аға кішіпейілдігімен, үлкен адамгершілігімен тұрғындардың құрметіне бөленген. Науқастар Жәкеңе үлкен сеніммен келетін. Өзінің әзіл-қалжыңымен ауру адамдардың көңілін тауып, тез сауығуына жағдай жасайтын.
Жәлелтай ағаның балалық бал дәурен шағы соғыс кезіне тап келіп, қиындықпен ұласыпты.
         Ауылдағы қарттармен, аналармен бірге шаруашылықтың қара жұмыстарын атқарады. Шөп шауып, шөмеле салды, бидай орып, оны бастырды, қой қырқу, тағы басқа науқандық жұмыстарға қатысады.
         Өмірінің ақырына дейін бір ауылдық ауруханада жұмыс істеп, ажалға араша тұрған Жәкең қандай да мақтауға, марапатқа лайық азамат еді.
         Нағима апай мен Жәлелтай аға бес бала өсіріп, тәрбиеледі. Апамыз 40 жылдан артық бір мектепте химия пәнінен сабақ берген ұлағатты ұстаз.        Апайдың мен де шәкірттерінің бірімін. Балалары жоғары оқу орнын бітірген.
         Гүлмирасы мен Ерланы әке жолын қуып, медицина институтын бітірген.
         Нағима апай қазір Қарағанды қаласында тұрады. Немерелерін тәрбиелеп, бала қызығын көріп отырған бақытты ана.
        
Әрінов Пасев Қарағанды мемлекеттік медицина институтын 1962 жылы бітіріп, жолдамамен Керней ауылындағы учаскелік ауруханаға екінші дәрігер болып орналасады. Екі жыл өткен соң сол ауруханаға бас дәрігер болады да, 2008 жылға дейін осы жерде бас дәрігерлік қызмет атқарып келді.
45 жыл аурухананы басқарған уақытта «Озат тәжірибе мектебі» атағын алып, ауыспалы Қызыл туға ие болған, республика көлемінде учаскелік ауруханалар арасында жүлделі үшінші орында болған. Бұл бас дәрігер Пасев ағаның еңбегі десек қателік болмас.
         Ізденімпаз, жаңалыққа құмар бас дәрігер емдеу жұмысында жаңа әдістерді пайдаланды. Ауданда, тіпті облыс көлемінде алғашқы болып «сужок-терапия» деп аталатын корей емін (инемен емдеу арқылы) барлық аурулардың түріне қолданады. Нәтижесі күткеннен де жоғары болады. Алыс-жақыннан арнайы келіп, ем алушылар саны көбейіп, халықтың алғысына бөленеді.
         1990 жылдардың орта кезінде емхана ғимаратының бұзылуына жол бермей, қайта аурухана қызметкерлерін ұйымдастырып, жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Қиыншылық уақыттарда көршілес ауылдарда ауруханалар жаппай жабылып жатқанда аурухананың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
         Пасев ағаның зайыбы Зылиха жеңгеміз көп жылдар ауылдық мектепте химия пәнінен дәріс берген. Балалары да әкесінің жолын қуып, Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген. Гүлнәр Пасевқызы Керней орта мектебін алтын белгімен бітірген, ҚарММИ-дің емдеу факультетін бітірді. Облыстық офтальмологиялық ауруханада интернатурадан өтіп, аспирантурада оқыған. Қазір медицина ғылымының кандидаты. ҚарММИ-да доцент, облыстағы белгілі офтальмолог.
         Сәуле Пасевқызы ҚарММИ-ды 1989 жылы бітірген. Ординатура бітіріп, ҚарММИ-дің лор аурулары кафедрасында ассистент, 1997 жылы кандидаттық диссертация қорғаған. Қазір мединститутта доцент болып істейді.
         Марияш Пасевқызы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының санитарлық-гигиеналық факультетін 1988 жылы бітірген. 2005 жылы заңгерлік мамандығын оқып бітіреді. Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, кейіннен жетекші маманы қызметін атқарған. Білгір маман ретінде әріптестерінің құрметіне бөленген.
         Қапен Қақыш Мұхамеджанұлы Ақжар ауылының тумасы, 10 сыныпты Үлгі мектебінде бітірген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын 1964 жылы бітіріп, Ульянов ауданына (қазіргі Бұқар жырау) жолдамамен дәрігер болып келеді. Ол жылдарда халық арасында туберкулез ауруы белең алып тұрған уақыт еді.
         1965 жылы Алматы қаласындағы Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институтында мамандандырудан өткен жас дәрігер Қақыш аға аудан орталығында жаңадан ашылған туберкулез ауруын емдейтін ауруханаға бас дәрігер болып тағайындалады.
         Бұл жұмыс үлкен ұйымдастырушылық қабілетті, тиянақтылық пен біліктілікті керек етеді. Көп қиындықтарды жеңе отырып Қақыш аға аурухананы үлкен емдеу орнына айналдырады. Ауданда туберкулезге қарсы қызмет жақсарып, ауруларды диспансерлік есепке алу, емдеу жұмыстары жөнінен ауылдық аудандар арасында облыста екінші орынға ие болады.
         1970-76 жылдары Баянауыл ауданының туберкулез ауруханасының бас дәрігері, 1976 жылы «Қызыл Октябрь» кеңшарындағы ауылдық ауруханасының бас дәрігері болады.
         Отбасы жағдайына байланысты 1986 жылы Шешенқара ауылының дәрігерлік амбулаториясын басқарып, 2003 жылы зейнеткерлікке шығады.
Отбасында 7 бала тәрбиелеп, өсірген.
         Барлығы оқыған, әр салада еңбек етеді. Жұбайы екеуі немерелерін тәрбиелеп, аталық-әжелік парыздарын өтеген бақытты жандар.
         Өмірден көргені, көңілге түйгені мол аға ауылдастарымен әр кез кездесіп, қолынан келген көмегін аямай, халық құрметіне бөленген жан.
         Дәрігерлік қызметтің әр саласында еңбек еткен Жұмақаевтар әулеті аудан жұртшылығының алғысына бөленген.
         Әулеттің отағасы Нұрғали аға Ұлы Отан соғысының ардагері, ашық мінезді, ақ көңіл, қарапайым, еңбекқор адам болған. Ауылшаруашылық өнімдерін дайындау инспекциясында еңбек еткен.
Жұбайы Зейнеп Нүкенқызы көп жылдар Белағаш ауылында тұтынушылар кооперациясында сатушы болып істеген. Елеулі еңбегі үшін 1985 жылы Қазақстан тұтынушылар кооперациясының еңбек сіңірген қызметкері атағы берілген.
         Отбасында 10 бала дүниеге келіп, барлығы оқып, жоғары білім алған.
Қазкен Нұрғалиұлы 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітіріп, алғашқы еңбек жолын облыстық клиникалық ауруханада хирург болып бастаған. 1975 жылы Ульянов аудандық ауруханасына хирургия бөліміне меңгеруші болып ауысады. 1985-2003 жж. аурухананың бас дәрігері, 2003 жылдан аудандық медицина бірлестігі бас дәрігерінің орынбасары.
         Осы жылдарда қаншама адамдардың өміріне арашашы болды, қолынан келген жақсылығын халық игілігіне арнады. КСРО және ҚазССР, Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарымен марапатталған, биылғы 2010 жылы мемлекетіміздің «денсаулық саласындағы үздігі» атағын иеленді.
         Бұл өз ісінің білгірі, тамаша ұйымдастырушы Қазкен Нұрғалиұлына көп жылғы еңбегі үшін көрсетілген құрмет деп білеміз. Аудандық кеңестің екі шақырылымында депутат болып сайланған.
         1980 жылдың жаз айы болатын. Апам Кәлиманің ойнап жүрген баласы Сертай қолын ауыртып алып, кешке қарай аудандық ауруханаға алып бардық.
         Қазкен Нұрғалиұлы өзі хирургиялық бөлмелерді жөндеуден өткізіп, төбесіне кереуеттің ескі сеткесін қағып, сылап жатыр екен.
         Тез жұмыс киімдерін шешіп, жуынып, баланың қолын сипалап, сынған сүйектерін орнына келтіріп, гипстеп берді.
         «Жұмысымыз осылай, аға, керек шаруаны өзіміз істей береміз, тозығы жеткен, ескірген аурухананы осылай жөндеуден өткіземіз»,- деді.
Халық игілігі үшін еңбектеніп жүрген Қазкен Нұрғалиұлына шексіз алғысымызды білдірдік.
         Зайыбы Зура аудандық ауруханада 40 жылға жуық невропатолог болып істейді. Қалтқысыз еңбегімен халықтың ықыласына бөленген жан.
Қазекең мен Зура отбасында үш бала тәрбиелеп, өсірген. Балалары әке-шеше жолын қуып, дәрігерлік мамандықты таңдаған.
         Қызы Гүлжан медицина ғылымдарының кандидаты, Денсаулық сақтау министрлігінің Астана қаласындағы дәрігерлер білімін жетілдіретін институтта дәріс береді.
         Қызы Айжан акушер-гинеколог, Астана қаласында ана мен баланы қорғау институтында бөлім меңгерушісі болып істейді.
         Ұлы Асқар Қарағанды қаласында Мақажанов атындағы травмотология және ортопедия клиникасында хирург-травмотолог қызметін атқарады.
       
  Мереке Нұрғалиұлы ҚарММИ-ді 1988 жылы бітірген. Сол уақыттан бері аудандық ауруханада хирург-дәрігер. Қазір аурухананың хирургия бөлімін басқарады. Өз ісін жете меңгерген іскер маман ретінде облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қолы жеңіл, білгір хирург Мереке інімізге әдейілеп келіп, күрделі операцияларды жасатушылар көптеп саналады.
Роза Нұрғалиқызы көп жылдар 
аудандық ауруханада жетекші 
         дәрігер - терапевт болып істеді.
         Қазір тері ауруларын емдейтін бөлімді басқарады.
         Белсенді, білгір дәрігер көпшілік құрметіне бөленген жан.
         Хасенов Ермек Смағұлұлы Үлгі ауылының тумасы. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын 1962 жылы бітіріп, облыстық денсаулық сақтау басқармасының жолдамасымен жаңадан салынып жатқан Шахтинск қаласына қалалық ауруханаға хирург-дәрігер болып келеді. Сабырлы да ұстамды мінезімен ерекшеленетін Ерекең жаңа жерде қиындыққа мойымай, аурухананың бар жұмысына қоян-қолтық араласып кетеді. Бір жерде хирург-дәрігер болып 30 жыл еңбек етеді.
         Ауыр жұмыстан денсаулығының нашарлауына байланысты Шахтинск қан құю орталығында меңгеруші болып қызмет атқарады. Жұбайы Хауаш та көп жылдар қалалық ауруханада дәрігер-терапевт болып істеді.
«Ерлі-зайыпты дәрігерлердің кәсіби біліктіліктерін, адами қасиеттерін қаланың байырғы тұрғындары әр уақытта естеріне алып отырады»,– дейді қаланың қарт тұрғыны Егінбай ақсақал.
         Ермек аға мен Қауаш жеңгеміздің үлкендері Алихан – заң қызметкері көп жылдар Қарағанды облыстық сотында судья қызметін атқарады. Қазір Астана қаласында судья болып істейді.
         Әлібектері өз жолдарын қуып дәрігерлік мамандықты игерген. Германияда тұрады. Іскер маман сол жерде меншікті клиника ашып, еңбек етеді.
         Қыздары Ләззат Астана қаласында заң қызметкері, әрі социолог – маман.
         Қауаш жеңгеміз балалары мен немерелерінің арасында Астанада тұрады.
         Бегімов Дүйсенәлі Ақанұлы – Алғабас ауылының тумасы, 1953 жылы Үлгі орта мектебін бітіріп, сол жылы ҚарММИ түседі. Еңбек жолын 1959 жылы Шахтинск қалалық ауруханадан бастайды, хирургия бөлімінің меңгерушісі болады, ҚарММИ травмотология және ортопедия кафедрасында ассистент, доцент қызметтерін атқарады. 1980-98 жылдар аралығында облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бас травматологы, медицина ғылымдарының кандидаты, көптеген ғылыми жұмыстар мен монография авторы. Үлкен мамандық иесі Дүйсен ағамыз облыс, республика көлеміндегі медицина білгірлерінің арасында құрметке бөленген.
         Денсаулық сақтау ісінің үздігі белгісімен, «Еңбек ардагері» медальдарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.
         Зейнеткерлік демалыста болса да, ҚарММИ-да, Мақажанов клиникасында травмотология және ортопедия саласында кеңесшілік қызмет атқарады.
         Абжанов Елубай Абжанұлы Ақжар ауылының тумасы. 1963 жылы ҚарММИ бітіріп, Семізбұғы кенішінің ауруханасында бас дәрігер болады. 1965-76 жылдары аудандық ауруханада терапия бөлімін басқарады. 1976-80 жылдары ҚарММИ-дің факультеттік терапия кафедрасының ассистенті, 1981-1998 жылдары облыстық кардиология диспансерінің бас дәрігері, 1998 жылы Кардиодиспансер облыстық медициналық диагностикалық емдеу бірлестігінің құрамына енгізіліп, бас дәрігердің орынбасары қызметіне ауыстырылады. Елекең облыста жүрек аурулары саласынан бірден-бір жетекші маман. Медицина ғылымдарының кандидаты, бірнеше ғылыми жұмыстардың авторы. «Құрмет белгісі» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, Құрмет грамоталарымен наградталған.
         Ақжарқын, кішіпейіл мінезді ағамыз қу тілді, мейлінше шешен сөйлейтін, ел тарихын көп білетін, елдің сый-құрметіне бөленген азамат.
         Бір атаның ғана баласы емес, халықтың ұлы.
         Аудандағы денсаулық сақтау саласындағы жұмыстың қалыптасуына, оның халық игілігіне қызмет етуіне көп еңбегі сіңген 
Нұрпейісов Қабыкеш Жарылғасынұлы.
         Қабыкеш аға Алабас ауылының тумасы. Әкесі Жарылғасын Жүніспекұлы көп жылдар ауданда коллективизация кезінде ұйымдастыру, кейіннен басқару жұмыстарын атқарған.
         Жаңадан ұйымдасқан артельдер мен колхоздарды басқарып, қиыншылық уақытта халықты жақсылыққа жеткіземін деп еңбек еткен адам.
Қабекең Қарағанды мемлекеттік медицина институтын 1956 жылы бітіріп, Ульянов (Бұқар жырау) аудандық ауруханада бас дәрігердің орынбасары, хирургия бөлімінің меңгерушісі болады. Кейіннен аудандық орталық ауруханаға бас дәрігер болып тағайындалады. Келешегінен мол үміт күттіретін маманды Қарағанды облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігерлігіне жоғарылатады (1973-1986 жылдар). Кейіннен облыстық медициналық әлеуметтік сараптау комиссиясының бастығы (1986-97 жж.).
         Бірнеше рет аудандық, облыстық Кеңестердің депутаттығына сайланған. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен, «Қазан революциясы» орденімен марапатталған, ауданның Құрметті азаматы атағы берілген.
         Елім деп жүрегі соққан, елін сүйген азамат, көп жылғы еңбегі осының дәлелі.
         Дүйсенбаев Қыдыртай Зейтінұлы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын 1961 жылы бітіріп, Белағаш ауылында ауруханада бір жыл еңбек етіп, аудандық ауруханаға терапевт-дәрігер болып ауысады.
         Жан-жақты біліміне байланысты біраз уақыт рентгенолог-дәрігер болып істейді.
         1966 жылы аудандық аурухана жанынан Қарағанды медициналық училищесінің филиалы ашылып, орта дәрежелі медициналық мамандарды даярлайды. Филиал директоры болып Қыдыртай аға тағайындалады. Филиал 6 жыл жұмыс істеген уақытта 100-ге жуық медбикелер шығарады. Қыдыртай Зейтінұлы көп жылдар аудандық емхананың (поликлиника) меңгерушісі болып істеген. Білгір маман ағамыз өте қарапайым, адамға жақсылығын аямаған абзал азамат еді. Реніші жоқ, ақкөңіл, адал еңбегімен халқына сыйлы болды.
         Ағаның зайыбы Роза апай Үкібасқызы Қарағанды педагогикалық институтын бітіріп, мектептерде математика пәнінен сабақ берген, кейіннен аудан орталығындағы балабақшада меңгеруші болып істеген. Қазір зейнеткер, Ботақара кентінде тұрады, балалары оқу бітіріп, әр салада еңбек етеді. Немерелеріне тәрбие беріп, бақытын балаларынан тапқан ана.
         Мен дәрігерлер жайында жазған жазбаларымды осы жерден тәмамдамақпын, әлі жазылуға тиіс ақ халатты абзал жандар бар, олар туралы талай жазылатынына сенімдімін.
         Оқу бітіріп, шалғайдағы ауылдарға жұмысқа барып, жетімсіздіктерге, қиындықтарға қарамай адам өмірі үшін күрескен мамандардың бәріне бірдей ортақ жағдай: «Сен осы жерде тудың, ұмытпа, перзенттік парызыңды өте» деген мағынада айтылатын сөз, туған жеріне деген сүйіспеншілік шығар деп түсінемін.
         Ол жылдары жоғары білімді маманның ауылға келуі өте сирек кездесетін жәйт.
         Олар өздерімен бірге ауылға қай салада болмасын, «Қанатымен су сепкен қарлығаштай», ауылдың мәдениетін, тұрмыс деңгейін көтеруге ат салысып, үлкен жұмыстар атқарды. Осылайша ауыл интеллигенциясы қалыптасты, жоғары білімді мұғалімдер, дәрігерлер, ауыл шаруашылығы мамандары осы дәстүрді жалғастырушылар болды.

«



























  





Комментариев нет:

Отправить комментарий