Үміткердің атақты азаматтары



   Алшынбай Тіленшіұлы  (1784ж ХІХ ғас. 2 жартысы) – қоғам қайраткері, би, шешен. Арғы атасы Қаз дауысты Қазыбек би. Қазыбектен – Бекболат – Тіленші – Алшынбай болып тарайды. Алшынбай би ұзақ жылдар Қарқаралы округінде Айбике - Шаншар болысын басқарып, Ресей үкіметінен поручик шенін алған. Алшынбай би есімі өз елін шашау шығармай, уысында ұстаған алғыр да ықпалды би, әкім ретінде, сол кездегі ел билеген игі жақсылар Құнанбай, Шалғынбай, Тәттімбет, Шорманның Мұсасы, Баймұрын, Тілеуберді, Қисық, от ауызды, орақ тілді Шөже, Жанақ, Балта ақындармен сөз қағыстыру арқылы тарихта қалды. Бидің немере қызы Ділдә – Абайдың зайыбы, тағы бір немересі белгілі әнші, кампозитор, ақын Мәди Бәпиұлы. Өз кезінде Алшынбай би ел ішінде жер, жесір дауын, екі рулы ел арасындағы түйіні қиын мәселелерді әділ шешкен. Атақты тұлғаның зираты Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылы жанындағы Алшынбай қорығы деп аталады. Бұл Далбаның сыртында Шаңтимес, Ханқашты деген жерде. Тіленші тамы да осы жерде.



Қылыш Бабаев (1913-1948)–агроном–ғалым, ауылшаруа-шылығы ғылымының кандидаты, ҚазКСР–інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1943). Үміткер ауылының тумасы. Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітірген (1937).1937 – 42 жылдары осы институтта ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі, 1942 – 48 жылдары В.Р. Вильямс атындағы қазақ ғылыми – зерттеу егіншілік институтының директоры.
Республикамыздың ауыл шаруа-шылығын дамытуға, агрономиялық ғылым міндеттерін шешу мәселесіне арналған бір қатар ғылыми еңбектердің авторы. Республиканың әрбір облыстарында ғылыми негізге сүйенген егіншілік жүйесін жасау, агрономиялық жағдайларына орай әрбір аудан мен облыста ауылшаруашылық өндірісін мамандандыру және ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарға басшылық етті. Ленин орденімен марапатталған. Авиация апаты кезінде қаза тапты. Оның есімімен ауданда кеңшар аталды (Үміткер ауылы).



Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – аса көрнекті геолог, қоғам қайраткері, геология – минерология ғылымының докторы (1942),  профессор (1950), ҚазКСР ҒА – сын ұйымдастырушы әрі тұңғыш президенті (1946), КСРО ҒА – ның академигі, ҚазКСР  ға – ның академигі (1946), тәжік КСР ҒА – ның құрметті мүшесі (1951). Томск технология институтын бітірген (1926). 1926-1929 ж.ж. «Атбасар түсті металл» тіресінің геология бөлімінің жетекшісі, 1929 – 1941 ж.ж. Қарсақбай комбинатының геологиялық барлау бөлімінің бастығы, бас геологы, 1941 – 64 ж.ж. ҚазКСР ҒА – ның. Геологиялық ғылым институтының директоры, КСРО  ҒА қазақ филиалы Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы (1941-46),  Қаз КСР ҒА – ның президенті (1946-52 және 1955 -1964). Сәтбаев – кең геологиясы саласындағы көрнекті маман, Кеңес Одағында металлогения ғылымын бастаушылардың белгілі өкілі, Қазақстандық металлогения мектебінің негізін салушы. КСРО ҒА – ның академигі М.А.Усовтың шәкірті. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанның кең орындарын және минерал қорларын зерттеуге арналған. Жезқазған кенін зерттеу және Орталық  Қазақстанның металлогендік болжам картасын жасауда көп еңбек сіңірген. Сәтбавтың құрметіне ҚазКСР ҒА–ның Геол. ғылымдар институты, Жезқазған кен – металлургия комбинаты, Ертіс – Қарағанды каналы, Жоңғар Алатауындағы мұздық және шың, Қаратау ванадий кенінен табылған минерал аталған. Көптеген қала, ауылдардағы мектептерге, көшелерге Сәтбаев есімі берілген. Томск политех. институтында,  ҚазКСР ҒА – ның геол. ғылымдары институтында, Алматыда тұрған үйінде мемориалдық тақта, Жезқазған, Алматыда ескерткіш орнатылған. Бұқар жырау ауданының Үдгі ауылында  Қ.И.Сәтбаевтың бастамасымен отырғызылған «Қаныш бағы» бар. 1950 жылы Қ.Сәтбаев Қарағанды облысындағы № 104 сайлау округінен КСРО Жоғарғы Кеңесінің ұлттар кеңесіне депутаттыққа кандидат болып, ауданымыздың Үлгі, Алғабас, Ақбел ауылдарының колхозшыларымен кездескен, Тельман, Ворошилов аудандарының колхозшылары ол кісіні бірауыздан қолдаған. 1999ж. ЮНЕСКО деңгейінде 100 жылдығы атап өтілді.

     
  Шадетов Жұмаш (1899-1985) – басқарушы.  Ақкелін болысы №4 ауылының тумасы. Қаныш Сәтпаевқа немере іні болып келеді. Жас кезінде Қанышты оқуға, Баянға, Керекуге шығарып салу, үйге қайтарда тосып алу  осы кісінің мойынында болған. Болыстық қосшының  бастығы болған (1922– 1924). Кейін Үлгі ауылына көшіп келген. Үлгі кеңшары басқарма төрағасының  орынбасары (1946-1953). Ж.Шадетовтың бастамасымен, Қ.Сәтпаевтың қолдауымен Үлгі ауылында аурухана мен мектеп салынған, «Қаныш бағы» қолға алынған, бүгінде үлкен баққа айналды. Шаруашылық жұмыстарын басқарудағы  жетістіктері үшін  Ж.Шадетов Қазақ КСР Жоғарғы Кеңісінің Құрмет грамоталарымен марапатталған (1946-1948). 1961 жылы зейнеткерлікке шыққан.



Садықов Ибрагим Салықұлы (1920 жылдың 1- ші мамыр - 1989 жылдың 12 - ші маусымы)
Қарағанды облысы, Ульянов ауданы (Бұқар жырау), Үміткер ауылында дүниеге келген. Қарағанды  В.М.Молотов атындағы мемлекеттік мұғалім-дер институтын бітіріп, тарихшы мамандығын меңгеріп, туған ауылында ұстаз болып қызмет атқарады. 1966 жылы Қарағанды Мемлекеттік педогогикалық институтына түсіп, сырттай 1967 жылы толық курсын бітіріп тарихшы мамандығы бойынша еңбек еткен. 1955 жылдан 1961 жылға дейін Үміткер орта мектебінде  директорлық қызметін атқарады. 1961 жылдан 1967 жылға дейін Үміткер ауылында жергілікті Кеңес төрағасы қызметін атқарады.
1967 жылдан құрметті зейнеткер жасына жеткенше, Үміткер орта мектебінде бала тәрбиелеп ұстаз болып қызмет атқарды. «Еңбек ардагері» төс белгісімен марапатталған. «Қызыл Ту» орденімен №63357, 1948 жылы 11 май, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша марапатталған. 1946 жылы 7-ші қыркүйек айында «За доблестный и самоотверженный труд в период великой Отечественной войны». 1957 жылы  4-ші қазан, «За освоение целинных земель». 1975 жылы «Ұлы Отан соғысының 40-50-55 жылдары» медалімен марапатталған. «Тыл және еңбек» ардагері.

  Ысқақов Хисамиден Ысқақұлы
      Ысқақов Хисамиден 5 мамыр айында 1926 жылы бұрынғы (Ворошилов) қазіргі Бұқаржырау ауданына қарасты Үміткер ауылында дүниеге келген. «Тыл», «еңбек» ардагері, 21 маусым 1991 жылы СССР президентінің жарлығы бойынша «За доблесный труд в Великой Отечественной войне 1941 -1945 г.г» медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 наурызындағы жарлығы бойынша «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңісінің 50-55 жылдығы» атты мерекелік медалімен  марапатталған. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі №1439 жарлығы бойынша «1941-1945 ж Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» мерекелік медалімен награтталған. 40 жыл ұстаз болып шәкіртерге тәлім – тәрбие берген ақылшы да ұлағатты қария. ҚР білім беру ісінің үздігі. 2014 жылы дүниеден озды.

     Жұмакенов Акрамаш  Жұмаділдаұлы
(1927 – 1997)

Төрткөл ауылының тумасы. 1936 жылы Төрткөл артелінде мектепке барып, 1939 -  1940 жж. Қарағанды қаласы Киров ауданындағы фабрика – зауыттық мектебін оқып бітіреді. 1941 жылдары кеңшарға жұмыскер болып тұрады. 1946 -  1953 жж. Керней  ауылындағы МТС - те механизатор оқуын оқып, тракторшы мамандығын алып шығып, тракторшылар бригадасы бригадирінің көмекшісі болды. 1954 жылы тың жерлерді игерудегі еңбегі үшін «Еңбек Қызыл Ту» ординімен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.  1961 - 1983 жж. Қ.Бабаев атындағы (қазіргі Үміткер  селосы) кеңшарының Төркөл бөлімшесінің басқарушысы болып қызмет етеді. 1972 жылы Қазақстанның миллиард пұт астық тапсыруына үлес қосқаны үшін екінші рет «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Акрамаш Жұмаділдаұлының еңбекқорлығымен қатар, адамгершілік мінездері, ауылды көркейтуге қосқан ерен еңбегі әлі күнге дейін ауыл тұрғындарының есінде.

   
ҚЫЗДАРБЕКОВ АЙТПАЙ
1935 жылы 1 қарашада, Қарағанды облысы, Ворошилов ауданы, Төрткөл ауылында дүниеге келді.
8 сыныпты бітірген соң, 1961 жылы Бабаев совхозына тракторист болып орналасты.
1964 жылы 5 мамырда трактор бригадасына бригадир болып тағайындалды, содан 32 жыл бригадир болып, зейнеткерлікке шықты.
1966 жылы «Ерең еңбек» медалімен марапатталды.
1973 жылғы қаңтар айында «Ленин Орденімен» марапатталды.
1980 жылдың наурыз айында «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды.
Зейнеткерлікке шыққаннан бері «Маржан» ШҚ-нда балаларына ақылкеңес беріп отыр.
Аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы 29 шілдедегі 10 сессиясының шешімімен Айтпай Қыздарбековке «Бұқар – Жырау ауданының құрметті азаматы» жоғары атағы берілді.

   Қазтаев Саят Қазтайұлы
10.10.1945. Үміткер ауылының тумасы. Үміткер орта мектебінің түлегі. 1967 жылы Қарағанды педагогикалық институтын химия және биология мамандығы бойынша бітіріп, туған ауылына мұғалімдік қызметке кіріседі. 1967-1968 жылдары КСРО қарулы күштерінің қатарына шақырылып, Мәскеу әскери округінде азаматтық борышын атқарады. 1968-1973 жылдары Үміткер орта мектебінде химия, биология және АӘД пәндерінен сабақ береді. 1973-1977 жылдары Төртқөл негізгі мектебінің директоры қызметін атқарады. 1977-2002  жылдары  Үміткер орта мектебінің директоры болып тағайындалып, аталған мектептің аудан, облыс көлемінде іргелі білім ордасы болып қалыптасуына үлкен еңбек сіңірді. 2002-2006 жылдары Бұқар жырау аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. 2006-2013 жылдары Ақжар негізгі мектебінің басшысы қызметін атқарып, құрметті демалысқа шығады. Көптеген төсбелгілермен, мадақтамалармен марапатталған. «Білім беру ісінің үздігі». Білім беру жүйесінің қай саласында болса да жемісті еңбек етті. Өмір тәжірибесі мол, білікті басшы, білімді маман ретінде көптеген азаматтарға жол сілтеп, тәрбиелеген ұлағатты ұстаз.  
АҚПАНБАЕВ ТОҚАН КЕНЖЕБЕКҰЛЫ

Адамның өмір жолы оның азды көпті жасаған еңбегімен бағаланатыны кімге болса белгілі ғой.
       Соғыстан кейінгі 1946 жылы 18 тамызда  Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарайтын Үміткер аулында дүниеге келді. Әкесі Кенжебек пен анасы Балкеннің отбасында дүниеге келген ол әжесі Дәметкеннің бауырында өсіп, сол кісінің тәрбиесінде болды.
1953 жылы үміткердегі жеті жылдық мектептің бірінші сыныбына барады, оны 1964 жылы орта мектеп болған кезінде бітіріп шығады. Сол кездегі Ульянов ауданындағы Бабаев атындағы совхозында спорт нұсқаушысы болып қызмет атқарады. 

1965 - 1968 жылдар аралығында Мәскеу облысының Солнечногорск қаласында Совет Армиясының қатарында әскери борышын өтеді. Отан алдындағы әскери борышын абыроймен атқарып кегеннен кейін, екі айдай ауылда жұмыс істейді. 
        1970 жылы Алматы қаласындағы КСРО ІІМ орта арнаулы милиция мектебіне оқуға түседі. Осы оқу орнының арнайы жолдамасымен Теміртау қаласының қылмыстық істерді іздестіру бөліміне нұсқаушы қызметіне жіберіліп, 1976 жылға дейін еңбек етті. 
1971 жылы отбасын құрады. Осындай жауапты қызметтерде  еңбек ете жүріп Қарағандының жоғары милиция мектебінде сырттай оқып, оны 1982 жылы бітіріп шықты.
Өзінің еңбек жолын одан әрі:
-         1977-1980 жылдары Ульянов аудандық ІІБ бөлім бастығының бірінші орынбасарының қызметінде;
-         1980-1988 жылдары Саран қаласынынң ІІБ қылмыстық істерді іздестіру бөлімінің бастығы;
-         1980 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Саран қалалық ІІБ әр түрлі жауапты қызметтерді атқарды;    
1988-1997 жылдары Саран ІІБ бастығының кезекші көмекшісі қызметінде жалғастырды. 1997 жылы зейнеткерлікке майор атағымен шықты. Осындай қиыншылығы мол қызметтегі еңбегі еш кеткен жоқ. Үкіметіміз ерекше бағалап, 20 жылғы қиыншылығы мен қызығы мол еңбегі үшін бірінші және екінші дәрежелі медальдармен марапаттап, 2013 жылы ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметіне мен қол жеткізген табыстары үшін Қазақстан Республикасының ІІМ вице-министірі Е.Д.Тұрғанбаев Саран қаласына келіп, арнайы алғыс білдіріп, ескерткіш сыйлығын өз қолымен табыс етті. Жолдасы Лира Сабитовна бар өмірін мектепте мұғалімдік қызметке арнаған. Көп жылдар бойын Саран қаласының №17 орта метебінде қазақ тілі мен әдебиетінен білім берді. Осы мектепте еңбек ете жүріп зейнеткерлікке шықты. Көп балалы ана. Екеуі үш қыз, екі ұл тәрбиелеп өсіріп, қызын қияға, ұлын ұяға қондырып отыр.

Қазіргі уақытта Саран қаласында тұрады, құдай қосқан жары Елемесова Лира Сабитовна екеуі 13 немере сүйген туыстарының арасында сыйлы, жолдастарының алдында беделді және кейінгі ұрпаққа үлгі болар аяулы жандар.



Қарашев Тұрсын
        
Қарашев Тұрсын 1927 жылдың 4 қантарында  Павлодар облысы Баянаул ауданының Қарашы ауылында (қазіргі Қаныш Сатбаев атындағы совхоз) дүниеге келген 1930-1931 жылдары Қарағанды облысының  Ворошилов ауданы Пушкин қолхозының Алабас бөлімшесіне көшіп келіп,есепші қызметін атқарған. 1947 жылы Айтжанова Қайынжамал Айтжанқызымен отбасын құрып, 9 бала тәрбиелеп осы күні балалары көптеген салаларда жұмыс істеп жатыр бірі инженер, ревизор, электрик, связист, тракторист  т. басқа жұмыстарда істеп жатыр. Аяулы шешеміз Үлгі орта мектебінде қазах тілі мен әдебиеті пәнінен ұстаздық қызметін 45 жыл атқарған.
Содан жас отбасы Қарағанды облысы қазіргі Бұқар жырау (бұрынғы Воршилов, Ульянов) ауданы, Үлгі колхозына көшіп келген. 1952-1958 жылдары Қарашев Тұрсын Үлгі колхозында бас есепші қызыметін атқарған, (Колхоз басшылары  Жұмаш Шадетов, Қарымсақ Алпиев, Жанғазы ағайлардын кезінде).
         1958-1961 жылдары Қарағандыдағы Советтік партия мектебін бітіріп, сырттай Алматы халық шаруашылық институтына түскен.
         Советтік партия мектебін бітіргеннен кейін, 1961-1962 жылдары бұрынғы Ульнов ауданы мемлекеттік инспекциясында ауылшаруашылық тағамдарын сатып алу инспекторы болып қызымет етті.
         Одан кейін Бабаев совхозында есепші, плановик, агроном, Шат бөлімшесінің менгерушісі болып көптеген қызыметтер атқарды.
Үлгі бөлімшесінің менгерушісі болып 5 жыл жұмыс істеп, содан зейнеткерлікке шықты.  
   

   Әрінов Қайржан Көкенұлы  Қарағанды облысы, Ульянов қазіргі Бұхар-Жырау ауданы, Үлгі ауылында 1940 жылы дүниеге келген.
Орта мектепті күміс медалімен аяқтап,  1960-1965 жылдар аралығында Целиноград ауылшаруашылығы институтында (қазіргі С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті) «Агрономия» мамандығы бойынша оқып бітірді.  
1965-1968 жылдыры Қарағанды облысы, Ульянов қазіргі Бұхар-Жырау ауданы, Қ. Бабаев атындағы совхозда агроном, агроном-тұқымтанушы  болып жұмыс атқарды.
 1968-1971 жылдар аралығында Целиноград АШИ-да аспирантурада оқыды және 1972 жылы  кандидаттық диссертациясын Украйнада  Харьков қаласындағы В.Я.Юрьев атындағы  өсімдік шаруашылығы, селекция және генетика ҒЗИ-да  қорғады.
Әрінов Қайржан Көкенұлы  1971 жылдан бастап Целиноград АШИ-да ассистент, аға оқытушы, доцент болып жұмыс істеді (1981-1990) және 1977-1981 жылдары аралығында деканның орынбасары болып, 1981-1990 жылдар аралығында факультет деканы, 1990-2000  жылдары өсімдік шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі болды, ал 1996 жылдан бастап қазіргі кезге дейін өсімдік шаруашылығы, а.-ш. өнімдерін стандарттау және сертификаттау кафедрасында профессор болып жұмыс атқарып жүр.
Қайржан Көкенұлы Әріновтін ұсынысымен және тікелей басқаруымен агрономия факультетінде 1986-1990 жылдары шаруашылық негізінде студенттердің оқу – ғылыми - өндірістік отрядтарын құрып Солтүстік Қазақстанның шаруашылықтарында жұмыс істеді. Сөйтіп бұл отрядтар болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруда үлкен рөл атқарды.
Профессор Әрінов Қ.К. «Агрономия» мамандығының студенттеріне «Өсімдік шаруашылығы» пәнінен қазақ тілінде, сондай ақ орыс тілінде жоғары әдістемелік деңгейде сабақ жүргізеді. Оның жалпы редакциялық басқаруымен және басқа туындыгерлермен бірлесіп Қазақстан Республикасының сәйкес министірліктерінің грифімен ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына «өсімдік шаруашылығы» (1993 ж.), «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау, қайта өндеу және стандарттау технологиясын» (2001 ж.), оқулықтарын және «Өсімдік шаруашылығының өнімдерін өндеу технологиясының практикумы» (1996 ж.), «Агрономия негіздері» (2005 ж.) және т.б. оқу құралдары баспадан шықты. Аталған оқулықтар мен оқу құралдары оыс тілінде де жарық көрді. Ең бастысы олардың барлығы  Қазақстан Республикасының аграрлық өндірістік кәсіп орындар жүйесінің жоғары оқу орындары мен колледждерінде пайдаланылуда.
Профессор Қ.К. Әрінов агрономиялық кескіндегі пәндердін түртектік бағдарламасының туындыгерлерінің бірі болып саналады және осы кісінің қатысуымен Қазақстан Республикасының а.-ш-қ ЖОО-ң оқу пәндерінің 12 түртектік бағдарламасы жарық көрді. Солардың ішінде: Өсімдік шаруашылығы, 4501-агрономия мамандығына арналған түртектік бағдарлама, 4502-агрохимия және топырақтану, 4503-жеміс-көкөніс шаруашылығы және жүзім шаруашылығы, өсімдікті қорғау және агроэкология (1995 ж., қазақ және орыс тілінде); «Өсімдік шаруашылығы 450140 – агрономия, 450540 – агрохимия және өсімдік қорғау түртектік оқу бағдарламасы кәсіби білім» (2003 ж. Қазақша және орысша); «Өсімдік шаруашылығы. 050801-агрономия» мамандықтары бойынша (жоғары кәсіби білім - бакалавриат) түртектік оқу бағдарламасы, 2005 жыл, қазақша және орысша.
 Әрінов Қайржан Көкенұлы  дайындаған және баспадан шыққан ғылыми монографиялар «жаздық бидайдың сапасына агротехниканың әсері», «Солтүстік Қазақстан бидайы» аграрлықтардың көнілінен шығып қана қойған жоқ, сондай ақ студенттердін білімін жетілдіруге қосымша көз болып табылды.
Әрінов Қайржан Көкенұлы ғылыми зерттеу жұмыстарымен де белсенді айналысады. Оның ғылыми жұмысының негізгі тақырыбы «Солтүстік және орталық Қазақстанның аймақтарының жағдайында астық дақылдарының (жаздық, күздік бидай) өсіру технологиясын дайындау және оны жетілдіру» деп аталады. Ол жаздық бидайды қарқынды технологиямен өсіруді Қазақстанның солтүстік өнірлерінде өндіріске енгізудін ғылыми жетекшісі болып саналады. Оның басшылығымен 4 кандидаттық диссертация қорғалды. Ол ең жетік ғылыми әзірлемелерді өңірдін шаруашылықтарына (Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары) еңгізілуін белсенді үгіттеуші. Қазіргі кезде шаруашылық келісім негізінде ҒЗЖ-ң жетекшісі болып табылады.
«Астық» мәселесі бойынша көптеген халық аралық және Республикалық ғылыми конференцияларына (Горький, Барнауыл, Алматы, Астана, Шортанды) қатысып, ғылыми баяндамалар жасады. Оның 160 тан артық жұмысы баспадан шықты, оның ішінде 15 оқулық, оқу құралдары және монография. Жылда Қ.К. Әріновтің жетекшілігіменен «агрономия» мамандығының 4-5 диплом жазушылары, дипломдық жұмыстарын (өте жақсыға) қорғауда. «Өсімдік шаруашылығы», «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өндеу технологиясы» пәндері бойынша ол курстық және дипломдық жұмыстарды дайындау туралы әдістемелік нұсқауларды қазақ және орыс тілінде дайындап баспадан шығарды. Оның қатысуымен осындай дайындамалардың бірнеше буындары (20-дан артық атаулар) жарық көрді.
1989 жылы Қ. Көкенұлының белсенділігімен агрономия факультетінде ең алғашқы рет агрономдарды мемлекеттік тілде  дайындау басталды.
Ол қоғамдық жұмыстарға жастарды дайындауға белсенді араласады. Оның еңбегін Отаң жоғары бағалады: Қазақстан БЛКЖ – одағы ОК-ң құрмет грамотасымен (1967 жылы), «Тың және тыңайған жерлерді игеру» (1965 жыл), «Тыңға 50 жыл» (2004 жыл), «Еңбектегі ерлігі» (1981 жыл) марапатталды, сондай ақ Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды (2000 жыл).

  
Әрінова Бақыт Айтуқызы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты. «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», «Жаңашыл-педагог» атағының иегері
«Үлгі» ауылында туылған. 1980 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген соң, еңбек жолын өзі туған жердегі №5 мектептің қазақ тілі мұғалімі болып бастады. 1981-1989 жылдар аралығында Арқалық қаласы № 91 кәсіптік-техникалық училище оқытушысы, №7 орта мектептің қазақ тілі мұғалімі болып жұмыс істеді.1992 жылы Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылымдарының ғылыми-зерттеу институтына кіші ғылыми қызметкер болып орналасады.    1993-1996 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында оқып, 2003 жылы        13.00.02- оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі қазақ әдебиеті) мамандығы бойынша «Қазақ әдебиетінің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы» атты кандидаттық диссертация қорғады.
Ғылыми еңбектері: Педагогика ғылымы саласында жалпы білім беретін мектептер және жоғары оқу орындарындағы оқыту әдістемесі мен теориясы бойынша 150-дей  ғылыми еңбектердің  авторы.
Негізгі ғылыми еңбектері: «Қазақ әдебиеті» пәні тұжырымдамасы, Жалпыға міндетті орта білім беру «Қазақ әдебиеті пәні стандарты», 5-11 сыныптардағы «Қазақ әдебиеті» оқу бағдарламалары, жалпы орта білім беретін қазақ мектептерінің 6 және 10 сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулықтары мен ОӘК, оқу орыс, ұйғыр, өзбек тілдерінде жүретін мектептердің 6-сынып «Әдебиет» оқулығы мен 8-сынып оқу-әдістемелік кешендері.

 «Өзін-өзі тану» пәнінің 6,7,8,10 сынып оқулықтары мен ОӘК-і. ЖОО арналған «Ұлттық тәрбие» тұжырымдамасы, «Ұлттық тәрбие негіздері» атты дәрістер курсы мен «Ұлттық тәрбие» оқу курсының типтік бағдарламасы. «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы» атты монография.
   12-жылдық   мектептердің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағытындағы қазақ және орыс мектептеріне арналған 11-сынып  «Қазақ әдебиеті»  байқау оқулығы, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» тілге толық ену бағдарламасы бойынша дайындалған 1-сыныпқа арналған «Менің ортам» атты оқулық. 

Садықов Қанат Ибраимұлы медицина ғылымдарының докторы, профессор.  
2013 жылы бастап Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ның «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің шешімі бойынша  «2013 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы атағының иегері болды.
1981 жылы Үміткер орта мектебін  үздік бітіргеннен кейін, Бабаев совхозының         1-бөлімшесінде тракторшы қызметін атқарып, 1982-1984 жылдары әскери борышын атқарып,      1985-1991 жылдары Қарағанды мемлекетін медицина институтын бітіріп, жолдама бойынша Қарағанды қаласы Совет ауданының Санэпидемстанциясында дәрігер, бөлім меңгерушісі қызметін атқаратын. 1995-1997 жылдарда Қарағанды педагогика институты, 1997-2004 жылдарда Е.А.Бөкетов атындағы  ҚарМУ-дың «Дене мәдениеті және спорт» факультет деканының орынбасары қызметін атқара жүріп, 1999 жылы медицина ғылымдары кандидаты дәрежесін, 2010 жылы медицина ғылымдары докторы дәрежесін қорғап, 2010 жылы Қазақстан Республикасының жоғарғы аттестациялық комиссияның доцент атағын алды.
2004 жылдан «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқара отыры, жастарды патриотизмге тәрбиелеуге қосқан үлесі мен еңбегі үшін, Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі, Қазақстан Республикасы спорт агенствасының, Қарағанды облысы Қорғаныс департаментінің мадақтау грамоталарымен,          «Нұр Отан» партиясының алғыс хаттарымен марапатталып, 2014 жылы Қазақстан Республикасы ғылымына қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасы ғалымдары» атты энциклопедиясына енгізіліп арнайы медалімен марапатталынған. 2011 жылы Е.А.Бөкетов атындағы университетінің «40-жылдық мерейтойы» медалінің иегері.
Жәнібеков Нұрлан Қайроллаұлы

 1961 жылы Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылында дүниеге келген.1984 жылы «ҚМК» жанындағы завод ЖТОО – ны бітірген.
1997 жылдан қазіргі уақытқа дейін ЖШС«Нұрхан Ассоциациясының» құрлытайшысы және бас директоры. Саяи өмірде өзін осындай іскер азамат ретінде көрсетті. Сол үшін де мемлекет тарапынан төс белгілер және мақтау қағаздармен марапатталған.
Қазақстан Республикасының 10 жылдығына арналған төс белгімен марапатталған. 25.08.2005ж.
Қазақстан Республикасы – Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған төс белгімен марапатталған. 03.08.2001ж.
Қазақстан Республикасы – Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған төс белгімен марапатталған. 12.12.2012ж.
Қарағанды облысы әкімінен төрт рет, жігерлі қызметі және еңбегі, шығармашылық үлес қосқаны үшін мақтау қағаздармен марапатталған.
Қарағанды облысы әкімінен «Абылайханға» арналған ескерткіш тақта құрлысына ат салысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
№1 Олыстық мешіттің діни кеңесінің шешімі бойынша «Мешіт» салысуға көмектескені үшін алғыс хатпен марапатталған.
2005 жылы Бұқар жырау ауданының Үміткер ауылында саябақ ашып, Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңістің 60-жылдығына арналған мемориялдық тақта орнатты. Күрделі жөндеуден өткізіп, Үміткер ауылында меші ашты. 

Ашкенов Берік Камашұлы, 19 шілде 1960 жылы Қарағанды облысының  Қ.Бабаев атындағы совхозында  қәзіргі Үміткер селосында дүниеге келген. 1967-1977 жылдары Үміткер орта мектебінде оқып - бітірді. 1977-1981 жылдары Қарағандының педагогокалық  институтының дене-шынықтыру факултетін бітірді. Әскери борышын өтеп келгенен кейін 1983-1985 жылдары Үміткер орта мектебінде алғашқы әскери дайындық пәнінің басшысы болып қызмет атқарды. 1985 жылы Қарағанды қаласының II-ші мектебіне алғашқы әскери дайындық пәнінің басшысы болып ауыстырылды. 1991-1993 жылдары 39 мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып ауыстырылды. 1994-2012 жылдар аралығында Қаржас жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы болып қызмет атқарды. Мектепте жұмыс істеп жүргенінде білім бөлімінің аудандық, облыстық мақтау грамоталарымен марапатталды. 1992-2000 жылдары Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетін және 2002-2004 жылдары «Болашақ» Қарағанды университетінің құқықтану факультетін бітірді. Қарағанды облысының, Қарағанды қаласының және аудандық оқу бөлімдерінің мақтау қағаздарымен марапатталды. Қазіргі кезде нотариус, Қарағанды облыстық палатасының мүшесі болып қызымет атқарады.

Рауандина Айтжамал Қалкенқызы 1969 жылы 1 қаңтарда Қарағанды облысы, Ульянов ауданы (Бұхар жырау ауданы), Төрткөл ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филолгия факультетін («Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы) бітірген.                           1995-2009 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім проблемалары институтында аға ғылыми қызметкер, 1997-2000 жылдары аталған институттың 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі) мамандығы бойынша, өндірістен қол үзіп, аспирантура бөлімінде оқыған.  «Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі (орыс тілді мектептердің 5-6-сыныптары)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2009-2010 жылдары «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы, Адамның үйлесімді дамуы институтында жетекші ғылыми қызметкер болды. 2010 жылдан бері Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының доценті болып қызмет атқарды. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», «Тілдік қатынас негіздері»,  «Қазақ тілін оқытудың коммуникативтік-танымдық әдісі», «Қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту» пәндерінен дәріс оқиды.
Жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарындағы қазақ тілі теориясы мен әдістемесі, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі бойынша көптеген ғылыми еңбектері жарияланған. Атап айтқанда,  «Қазақ тілінің Жалпыға міндетті білім стандарты». Орыс, ұйғыр тілдерінде оқытатын  мектептер үшін (5-11-сыныптар). Алматы, «РОНД», 2002; «Қазақ әдебиетінің Жалпыға міндетті білім стандарты». Орыс, ұйғыр тілдерінде оқытатын  мектептер үшін (5-11-сыныптар). Алматы, «РОНД», 2002; Орыс, ұйғыр тілді мектептердің           5-9-сыныптарына арналған Қазақ тілі мен әдебиеті бағдарламалары.  Алматы, «Білім», 2001; Оқулық. Орыс, ұйғыр тілді мектептердің 5-сыныптарына арналған «Әдебиет оқу кітабы»;   Орыс, ұйғыр тілді мектептердің 8-сыныптарына арналған «Әдебиет оқу кітабы», Алматы, «Білім»; Суретті қазақ тілі.–Алматы, «Аруна», 2006; Оқыту қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептердің 1-4, 5-9, 10-11 сыныптарына арналған «Қазақ тілі оқу бағдарламаларының» оқу бағдарламасының (Астана, Ы.Алтынсарин ат. Ұлттық білім беру академиясы, 2010, 2013); «Өзін-өзі тану» пәнінің 10-сынып оқулықтары мен ОӘК-інің және т.б. оқу-әдістемелік кешендердің авторы.




Дүйсен Темірұлы Құсбеков 1962 жылы 1-ші қаңтарда Қарағанды облысы Ульянов ауданының  Төрткөл ауылында дүниеге келген. Сонау бала кезде өте алғыр, мектеп қабырғасында зерек, өзгеден ой-өрісі ерекше ол қазақ орта мектебін жақсы аяқтап, 1980-1982 жылдар аралығында Кеңес армиясының қатарына алынып,   Отан алдындағы  міндеттік борышын өтейді. Елге оралған жас жігіт ел қатарлы білім алып, өзінің ұшқыр қиялын жүзеге асырмақ болады. Кеудесін кернеген асыл арманының арқасында 1983 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне түседі, аталған оқу орынын  1988 жылы ойдағыдай  аяқтайды. 1988-1992 жылдар аралығында өзінің ең алғашқы еңбек жолын Шахтинск қаласының Ішкі істер басқармасының қызметінде,  одан соң  1992-1995 жылдар аралығында Шахтиснк қаласы прокурорының көмекшісі, ал 1995-1999 жж.  Шахтиснк қаласы прокурорының орынбасары, 1999-2000 жж. Қарағанды облыстық прокуратурасының тергеу мен анықтау және жедел іздестіру қызметінің бастығы болып қызмет жасайды.
Заңгер мамандығының қыр-сырын жетік меңгерген Дүйсен Темірұлы 2000-2001 жылдары Қарағанды облыстық прокуратурасының сот қаулыларының заңдылығын атқару және қылмыстық істер бойынша атқару өндірісін қадағалау Басқармасының бөлім бастығы болып қызмет атқарады. Өмірі мен өнеге жолын халықтың игі ісіне  арнаған Дүйсен Құсбеков 2001-2003 жылдары  Қарағанды облысының  Соттар Әкімшісі, одан соң  орынбасары болып тағайындалады.
Заңгер мамандығының шыңдалу мектебінен өткен Дүйсен Темірұлы Елбасының Жарлығымен 2003 жылы  Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының судьясы болып тағайындалады.
 2005-2011 жылдар аралығында Қарағанды облысының Соттар Әкімшісі, одан кейін  орынбасары, ал 2011 жылдың сәуір айынан бастап  Қарағанды облыстық соты кеңсесі»          ММ-нің басшысы  болып    қызмет атқаруда.
Ел алғысына бөленген Дүйсен Темірұлының еңбегінің жемісін айқындайтын алғыс хаттары да  баршылық. Соның айғағы ретінде 2005 жылдың 25 тамызында «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» атты мерейтойлық медальімен,    2006 жылы 17-қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» атты мерейтойлық медальмен марапатталған.


Қарасартов Мейрам  Мәзұлы 07.03.1959 жылы Үлгі ауылында дүниеге келген. Сегіз сыныпты туған ауылында, 1975 жылы Үміткер орта мектебін бітірген. Еңбек жолын жұмыскерліктен бастап, 1976-1981 жылдары  Қарағанды Мемлекеттік университетінің физика фвкультетінде оқып тәмамдағаннан кейін Үміткер орта мектебінде мұгалім, Ақжар мектебінің  директоры болып қызмет атқарған.
1987-1992 жылдары аудандағы Қарақұдық селолық кеңесінің төрағасы, Ульянов аудандық кеңесі ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде болған. 1992 жылы  ҚарМУ-дың заң  факультетін бітіріп 1992-2005 ж.ж. прокуратура органдарында аудан прокурорның көмекшісі, Облыс прокурорының бөлім прокуроры, Қарағанды облысы прокурорының аға көмекшісі болып қызмет атқарған. Әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.
1995 жылы Қазақстан заңгерлерінің  1 сьезіне/Алматы қаласы/делегат болып қатысқан. 2004 жылы Республика Парламенті Мәжілісінің  депутатағына үміткер ретінде тіркеліп, өте алмаған.
2005-2011 жылдар Қарағанды қаласы Әділет басқармасы бастығының орынбасары, Қарағанды қалалық мәслихатының заңгері, Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде оқытушы болып еңбек еткен.
Кейінгі жылдары Бұқар Жырау ауданы Көкпекті селолық округінің әкімі, Қарағанды облыстық  денсаулық сақтау басқармасы заң бөлімінің басшысы қызметтерін атқарып, бүгінде жеке кәсіби заңгерлігікпен айналысуда.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын. Өлеңдері мен мақалалары студенттік кезден жергілікті және республикалық баспасөздерде жарияланып келеді.  «Ұрпақтар үні» деген атпен әулеттік жыр жинағын шығарғанАудандық қазақ мектебінің, Сарыарқа газетінің ашылуына мұрындық болған азаматтардың бірі.
2004 жылы Қарағанды қаласының 70 жылдығына арналған байқауда сөзін де, әуенін де өзі жазған әнімен жүлделі орын иеленген. Есімі, өмірбаяны Бұқар жырау ауданының 70 жылдығына шығарылған  «Аудан ардақтылары» кітабына енгізілген.

        
  Балпанов Дархан Серікұлы. 1977 жылы Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылында туған.
1998 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің химия факультетін химия пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, 2006 жылы Қарағанды экономикалық университетін юриспруденция бакалавры мамандығы бойынша  бітірген.
2002 жылы кандидаттық диссертация қорғап, «химия ғылымының кандидаты»  ғылыми атағын иеленген. 1998 жылдан 2003 жылға дейін Қарағанды фитохимия ғылыми-зерттеу институтында инженер, ғылыми қызметкер,  аға ғылыми хатшы қызметін атқарған. 2003 жылы ҚР білім және ғылым Министрлігі фитохимия институтының  аға ғылыми хатшысы, ҚР білім және ғылым Министрлігі «Биотехнология ұлттық орталығы»  РКМК директоры, 2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін   Степногорск қаласындағы «Биомедпрепарат» ғылыми-сараптамалық  орталығының  директоры.
Ресей академиясы жанындағы «Ғылыми әріптестік» қорының күміс медалімен наградталған, 2004-2006 жж. Мемлекеттік сыйлық стипендиаты. Үйленген, жұбайы - Наталья Орынбасарқызы Жөнелбекова - ғылыми қызметкер,  3 баласы бар.


КОШЖАНОВ РАХАТ ТУРСЫНОВИЧ

 1972 жылы ақпанның 18 күні Бұқар жырау ауданы, Үміткер ауылында  көп балалы отбасында дүниеге келген. 1979 жылы мектеп қабырғасына барып, 1989 жылы үздік тәмәмдады. Бала кезінен өнерге жақын болғандықтан 1993 жылы Қарағандыда Культпросвет училищесіне ( Қазіргі таңда Тәттімбет атындағы өнер колледжіне ) түсіп актерлық шеберлігін шындады. 1996 жылы Қарағанды облысының Сәкен Сейфулин атындаға драма театрына актер болып қабылданып көптеген, бір-біріне ұқсамайтын рөлдерге ие болды. Оның ішінде атап айтсақ «Жапал» Еңлік Кебектегі, «Жиренше би» Абай трагедиясындағы, «Үзғұт» Абайдың ақылшысы, «Сталин» алихан Бөкейхандағы, «Абай» Абай спекталінде, Қазіргі таңда Сол С.Сейфулин атындаға қазақ драма театрында еңбегін жалғастыруда. 1997-1998  «Тазша бала» конкурсының лауреаты. Қырғызстан мемлекетінде актерлық шеберлігін шындап 2017 жылы жоғарғы санаттағы актер ретінде танылатын дипломын алды. 2018 жылы таетрдын 85 жыл толуына орай Мәдениет саласының ең үздігі орденімен марапатталды.



Бақтияров Нұркен Ғалымтайұлы
Бақтияров Нұркен Ғалымтайұлы Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Қ.Бабаев кеңшарының  Үлгі бөлімшесінде 1963 жылы 22 сәуір күні өмірге келген. 1970 жылы бірінші сыныпқа барып, 1980 жылы орта мектепті жақсы деген бағамен аяқтайды.
1982 жылы Қарағанды политехникалық институтының Жол транспорттық факультетінің автомобильдік транспорт (АТ) мамандығына түсіп, аталған институтты ойдағыдай бітіреді. Екі жыл Чехославакия республикасында азаматтық әскери борышын өтеп, 1990 жылы Бұқар жырау ауданының Көкпекті (Свердлов) кеңшарында № 2591 автоколоннасында инженер –механик болып қызмет атқарады. 1995 жылы Қарағанды Е.Букетов атындағы университеттің экономика факультетінің, қаржы және несие мамандығына түсіп, 1997 жылы бітіреді. 1993 жылы Қарағанды қаласы, Совет ауданының салық бөліміне орналасып, бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды.
         Ал 1996 – 2000 жылдары Абай қаласы мен Абай ауданының салық инспекциясының – бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарады. 2001 жылы Қарағанды қаласы акиматының экономика басқармасының бөлім меңгерушісі, 2006 - 2008  жылдар  аралығында «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы,  ал 2008 жылдан бастап Қарағанды облыстық ауыл шаруашылық департаментінде бөлім меңгерушісі болып қызмет атқаруда.

  Абилгазина Жанат Қаирқызы 1964 жылғы 8 қазанда Қарағанды облысы, Ульянов ауданы, Үміткер ауылында дүниеге келді. Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты ММ бас маманы. 1981 жылы Үміткер орта мектебін  бітіргеннен кейін, Қарағанды политехникалық институтында білім алып, 1998 жылы инженер - құрылысшы мамандығын алып шықты. 1989 жылдан бастап Қарағанды құрылыс материалдары және құрылым комбинатында ЖБИ бақылаушысы болып жұмыс істеді, кейін шебер болды. 1995 жылдан бастап ЖРЭП-4 шебер болды. 1997 жылдан бас инженерлікке ауыстырылды. 2001-2003 жылдары «Диас» ӨК төрайымы болды. 2003 жылдан бастап 2014 жылдар аралығында «Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ бас маманы қызметім атқарып жүр.
2010 жылы Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, 2011 жылы Қарағанды қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен, 2012 жылы Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2013 жылы Қарағанды қаласының әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.





Батталов Қабдылғани Жәкібайұлы. Туған күні, айы, жылы – 01.08.1948 ж.
      Мұғалімдік қызметті бастаған жылы – 1968 ж.
     1982 жылдан 1994 жылдар аралықтарында Алғабас негізгі мектебінде басшылық қызмет атқарды. 2002 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Үміткер орта мектебінде мектеп басшысының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
      Көп жылғы тәжірибелерін жинақтап балаларымен бірлесіп, 5,6,7,8-сыныптарға арналған қосымша оқулықтар жазды. «Келер шаққа өткел» атты өлеңдер жинағын жарыққа шығарды.
    «Халыққа білім беру ісінің үздігі», «Ы.Алтынсарин» белгілерімен марапатталған.


Балпанов Серік Бәкішұлы
  
       30.09.1953 ж. Үміткер ауылында туған,  1970 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің 

математика факультетінде оқып, 1974 жылы бітірген. 1974-1985 жж.  Үміткер орта мектебінде
 математика пәнінің мұғалімі, мектеп директорының орынбасары болып жұмыс істеген.
    1990-1991 жж.  Қарағанды облысы Ульянов ауданы  Қ. Бабаев атындағы кеңшардың партия
 комитетінің хат шысы болып сайланған.

     1991-1997 жж.  Үміткер орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі, 1997-1999 жж.  Үміткер

 орта мектебінің мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 1999 ж.  Бұқар жырау
 ауданы Ботақара кентіндегі №1 қазақ орта мектебінің мектеп директорының оқу ісі
 жөніндегі    орынбасарыболып ауыстырылған. 

      2001 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысы 
 Бұқар жырау ауданының №1 қазақ орта мектебінің директоры.
05.        05.1989 жылы «Қазақ ССР  оқу ісінің үздігі»  белгісімен марапатталған, 24.02.1999 ж. 

өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі белсенді қызметі үшін еңбек кітапшасына жазылып, алғыс         
жарияланған.
10.        10.1998 ж.  оқу-тәрбие  жұмысына белсенді қатысқаны үшін  Бұқар жырау аудандық білім беру 

бөлімінің  мақтау грамотасымен, 2003 жылы  Қарағанды облысы Бұқар жырау  ауданы
 әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Бұ         Бұқар жырау ауданы білім беру бөлімінің директорлар  Кеңесінің мүшесі. 
Ш    шығармашылық еңбекпен айналысады.
- К  Кәкенұлы Б.К., Әміртайұлы Т.Ә., Балпанов С.Б. «Физика пәнінен тестік есептер жинағы» 

оқу-әдістемелік жинағы, Қарағанды, 2007ж.
- К  Кәкенұлы Б.К., Әміртайұлы Т.Ә., Балпанов С.Б. «Физика пәнінен есептер шығарудың үлгілері» 

Қарағанды, 2008 ж.
- К  Кәкенұлы Б.К., Әміртайұлы Т.Ә., Балпанов С.Б. «Физика пәнінің есептерін шығару»

 оқу-әдістемелік жинағы, Қарағанды, 2009 ж.
2013 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің

 «Ыбырай Алтынсарин атындағы»  медалімен мараптталған. 
Қарағанды қаласындағы  Бұқар жырау ескерткішінің ашылу салтанаты.

 Қазтаев Рахат Қайратұлы, 1976 жылғы наурыздың 25 күні Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Үміткер ауылында дүниеге келген. 1983 жылы аты аталған ауылда бірінші сыныпқа қабылданып, 1993 жылы мектепті бітіріп шықты.
Сол жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің физика факультетіне түсіп, 1997 жылы университетті бітіріп шығады. Ы.Алтынсариннің: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі» деген сөзінен күш алып, болашағын мектеппен байланыстырмақ болып, еңбек жолын туған ауылындағы Үміткер орта  мектебінде  физика пәнінің мұғалімі болып бастайды.
1999 жылдан бастап аты аталған мектепте директордың тәрбие жұмысы жөніндегі  орынбасары қызметін атқарады.
Ал, 2001 жылдан бастап Бұқар жырау ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі болып тағайындалады.
2006 жылы Қарағанды облысы білім басқармасының аттестаттау, талдау және мониторинг бөлімінде бас маманы  болып қызмет атқарады.
2009 жылы Қарағанды қаласының білім бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық секторының меңгерушісі қызметін атқарады.
2012 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитетінде бас сарапшы қызметін атқарады.
2013 жылдың тамыз айынан бастап, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданындағы №53 ЖОББ мектеп - лицейде мектеп директоры болып қызмет істеуде. 2016 сәуір айынан бастап, Қарағанды қаласы, Қазбекби ауданындағы №101 ЖОББ мектеп - лицейде мектеп директоры болып қызмет атқаруда.
М.Шахановпен кездесу.

Шадетова Алмагүл Жеңісқызы
 Биология ғылымдарының кандидаты.
1970 жылы 22 cәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Үміткер орта мектебін  бітірген. 1993 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің биология факультетін биология және химия пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша  бітірген.
1993 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін   Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар  Ұлттық Орталығында»  кіші  ғылыми қызметкерден  бастап,  қазіргі уақытта зертхана меңгерушісі болып жұмыс атқарады.
2006 жылы 14.00.07 - Гигиена мамандығы бойынша биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға арналған  «Тәжірибе жүзінде  күкірт сутегінің жартылай созылмалы  әсерін  арнайы  тағамдармен алиментарлық коррекциялау»  атты кандидаттық диссертация қорғады. Ресей академиясынын  (РАЕ) профессор атағын алған.  
Негізгі ғылыми еңбектері: гигиена және экология ғылымдары саласы бойынша  2  монография, 5 оқу әдістемелік  құралы, 90 - нан астам әр - түрлі деңгейлердегі ғылыми конференцияларда мақалалары жарияланған, сондай ақ қоршаған ортаның ластануының алдын алу мақсатында алыс - жақын шетелдердің инпакт - факторлы басылымдарында жарияланған.

 Әрінов Марат Айткешұлы 1967 жылы 18 қаңтарда Қарағанды облысы Бұхар жырау (Ульянов) ауданы Үміткер ауылында дүниеге келгерн.
1974 жылы Үміткер орта мектебінің 1 сыныбына мектепке барады. Мектеп табалдырығында дәріс алып жүрген уақытында қоғамдық жұмыстарға, спорттық шараларға қатысып, мектептің, ауылдың атынан аудандық жарыстарға, іс-шараларға қатысты.
1984 жылы мектепті аяқтап Целиноград облысындағы Қосшы ауылында Целиноград ауыл шаруашылық совхоз – техникумына агроном мамандығы бойынша оқуға түсті. Техникумда оқып жүрген уақытында 1985 жылдың мамырында Кеңес Одағының әскер қатарына шақырылды. Мерзімдік әскери қызметін Ленин орденді Забайкальс әскери өңірінің Борзя, Могоча қалаларында әуе десантшылар әскерінің курсант, сержанттар қатарында атқарады.
1987 жылы әскерден қайтқаннан кейін Қылыш Бабаев атындағы совхозда уақытша құрылысшы болып жұмыс істейді.
1987 жылдың қараша айында Қарағанды педагогикалық институтының дайындық бөліміне түсіп, 1988 жылы сол институттың студенті атанды. 1992 жылы әскерге шақырғанға дейінгі дайындық және дене тәрбиесі мамандығымен қоса запастағы лейтенант шенін алып, оқуды бітіріп щығады.
1992 жылдың қазан айында Қарағанды қаласындағы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерінің әскери бөліміне қызметке орналасады.
2003 жылдың шілде айына дейін осы қалада орналасқан Ішкі әскердің әскери бөлімдерінде әртүрлі қызметтер атқарды. 2003 жылдың тамыз айынан бастап 2006 жылдың наурыз айына дейін Семей қаласына ауысып, әскери бөлімі командирінің орынбасары қызметін атқарады. 2006 жылдың наурыз айынан 2009 жылдың шілде айына дейін Павлодар қаласындағы әскери бөлімінде командирдің қызметін атқарды. Осы жылдары Мәскеу қаласындағы Ресей Федерациясы әскери күштерінің жалпы әскери академиясының мотоатқыштар дивизиясы командирі мамандығы бойынша курсын тәмәмдайды.
2009 жылдың шілде айынан 2011 жылдың маусым айына дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер Комитетінің әскери даярлық басқармасының аға офицері лауазымында қызметте болды.
2011 жылдың маусым айынан бастап, осы уақытқа дейін Астана қаласындағы Ішкі әскердің әскери бөлімінде командирдің лауазымдық қызметтерін атқарып жүр. Әскери шені – полковник. Әскери қызмет атқару жылдарында Кеңес Одағы және Қазақстан Республикасының 14 қызметтік және мерейтойлық медальдарымен және бірнеше төс белгілерімен марапатталды. 

Бауыржан Кенжебайұлы Әрінов 
 
А.Ш.Ғылымдарының кандидаты
       

Әрінов Бауыржан Кенжебайұлы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, 1982 жылы Қарағанды облысы, Бұхар-Жырау ауданы ҮЛГІ ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1999 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің агрономия факультетіне «4501»- Агрономия мамандығына оқуға түсіп, оны 2004 жылы қызыл дипломмен бітірді. Оқуды бітірісімен өсімдік шаруашылығы кафедрасына ізденуші болып орналасты. 2005 жылы ассистен болып орналасты. 2007 - жылдан бері С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің агрономия факультетінде декан орынбасары болып қызмет атқарып, 2015 жылдан бастап С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Тәрбие жұмыстары жөніндегі департамент директоры қызметін атқаруда. Б.К. Әрінов бүгінгі таңға дейін 5 магистрант тәрбиелеп шықты және олар кафедра оқытушылары болып жұмыс атқаруда.
Әрінов Бауыржан Кенжебайұлы 2004-2007 жылдар аралығында Қарағанды облысы, Бұхар-Жырау ауданы «Нұрхан-Астық» ЖШС-де ғылыми тәжірибе жасап «Орталық Қазақстанның құрғақ даласында жаздық бидайдың пісу мерзімі әр түрлі сорттарының себу мерзіміне, тұқымның себу мөлшеріне, тыңайтқыш аясына және гербицид қолданылуына байланысты астық  өнімі мен сапасы» тақырыбында диссертациялық жұмыс жазып оны 2008 жылы қорғады.
Қазіргі кезде 50-га жуық ғылыми-әдістемелік шығармалары бар, 2010 жылы «Астық және көкөніс тауартануы» атты оқу құралын дайындады.
Ғылыми-зерттеу жұмысты белсенді жүргізеді, 4 шаруашылықпен қаржыландырылған тақырыптар бойынша орындаушы және 2 ғылыми грант иегері.
Б.К. Әрінов 2016 жылдың сәуір айында ҚР президенті қолынан алғыс хат және Астана қаласының Сарыарқа ауданы әкімінен жастардың тәрбиесіне үлкен үлесін қосқаны үшін алғыс хаттар алды.
      
ҚХР - да іс-тәжірибемен.

Жұмабеков Жамбыл
 Азмуханұлы     
 Қарағанды облысы, Ульянов қазіргі Бұхар жырау ауданы, Үміткер ауылында 1980 жылы дүниеге келген. Тарих факультетінің түлегі, 2001 жылдан бастап факультетте қызмет атқаруда. 2001 жылдан бастап ізденуші ғылыми жұмыстарға белсенді түрде қатысып келеді. Ізденуші тарапынан осы уақытқа дейінгі аралықта 30 астам ғылыми мақалалар жарияланды. Осы уақтықа дейінгі аралықта 10-нан астам халықаралық және республикалық конференцияларға қатысып, баяндамалар жасады.
Жұмабеков Ж.А. 2001 жылдан бері 30-ға жуық далалық экспедицияларға қатысты. 2002 жылы «Сарыарқа: тарих және мәдениет» кешенді тарихи - этнографиялық экспедициясына қатысып, Қарағанды облысының территориясында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижелері ғылыми және ғылыми-көпшілік мақалалар ретінде жарық көріп, сонымен қатар барлық аудандардың топонимикалық зерттеулері авторлық ұжымда жарияланады.
2003 жылы Президент мәдениет орталығының ұйымдастырундағы «Таңбалы тас» экспедициясының мүшесі. Осы жылы Шет өңіріне жүргізілген тарихи-этнографиялық ізденістерге қатысып «Шет өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштері» кітабының дайындалуына және жарық көруіне ат салысты. Доцент Жакин М.С. бірлесе отырып, Қарағанды телевидениесінде «Шежірелі Сарыарқа» деректі фильмін дайындады.
2004 жылдан бері Қарағанды облысының Ақтоғай, Қарқаралы, Жаңаарқа, Нұра, Ұлытау аудандарында экспедициялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. 
Жұмабеков Ж.А. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша Қарағанды облысы көлемінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, Ұлытау-Нұра өңірлерінің тарихи-мәдени ескерткіштері туралы мәліметтер жинақтап, қорытынды нәтижелері Аршабеков Т.Т. және Төлеуов Т.С. бірлескен монография ретінде жарық көрді.
Ізденуші Жұмабеков Ж.А. 2001 жылдан бастап «Қарағанды облысының топонимикалық картасы» жобасына қатысушы. Қарағанды облысы көлемінде топонимикалық ізденістер жүргізіп, әрбір аудандар бойынша топонимикалық карта мәліметтері шоғырландырылып, ендігі топонимдерді картасы жасалып жатыр. Осы тақырып бойынша 4 ұжымдық монография жарияланды.
Жұмбеков Ж.А. 2006 жылдан бері археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының ізденушісі болып бекітіліп (ғылыми жетекшісі т.ғ.д., профессор Жұмашев Р.М.), «Ұлытау өңірінің тарихи географиясы (XV-XIX ғ. соңы)» кандидаттық диссертация тақырыбы бойынша жұмысын дайындауда.
Сонымен қатар, Жұмабеков Ж.А. 2008 жылы Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігінің «Дарынды жас зерттеушілерге арналған мемлекеттік стипендиясының» иегері атанды. Және де, осы жылы Қарағанды облысы әкімінің «Қайнар» сыйлығының «Жылдың жас ғалымы» номинациясы бойынша лауреаты болды.
Жұмабеков Ж.А. осы уақтықа дейін 6 монографияның бірлескен авторы болып табылады, Ізденуші үнемі ғылыми мақалалар жариялап, ғылыми конференцияларға қатысып, далалық археологиялық және этнографиялық экспедициялардың жұмысына қатыстып, өз білім деңгейін әрдайым нақты тәжірибелік іс-шаралармен ұшатстырып, шыңдап келеді. Жас ғалым ретінде факультетте студенттерге ғылыми жетекшілік жүргізеді және оның бастауымен «Номад» пікір сайыс клубы құрылды. Факультеттегі «Өлкетану» үйірмесінің ұйымдастыру жұмысына тікелей араласып келеді. Жұмабеков Ж.А. жетекшілігімен студенттер үнемі университетік, республикалық конференцияларға қатысып отырады.
Ізденуші 2010 жылы ақпан айында Мәскеу қаласында ғылыми іс-сапармен болып, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде біліктілігін жоғарлатты. Мәскеу университетенің Отан тарихы кафедарысының профессорларынан дәріс алып, ғылыми орталықтарда зерттеу жұмыстарын атқарды.
Жұмабеков Жамбыл Азмуханұлы 2010 жылдың 1 шілдесінде Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің жанындағы тарих ғылымдары бойынша диссератциялық кеңесте «Ұлытау өңірінің тарихи географиясы» тақырыбындағы тарих ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған кандидаттық диссертация қорғаудан өтті. 2010 жылғы 25 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен бекітілді (№11 хаттама).
Жұмабеков Жамбыл Азмуханұлы 2007 жылдан 2012 жылға дейінгі аралықта тарих факультетінің деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2011-2012 оқу жылы  ҚарМУ-ің «Үздік кураторы» атағына ие болады.
2012 жылдан бастап Қазақстан тарихы кафедарысының қызметін атқаруда. 2014 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасын меңгеру қызметін қоса атқарып келеді.
2016 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында Қарағанды облысы делегаттарының құрамында болды.


Имашев Ержан Мязович
1960 жылы  19 қарашада  дүниеге келген. 1982 жылы  Е.А.Бөкетов атындағы  Қарағанды  Мемлекеттік  университеті филология факультетін тәмамдаған.
    Ержан Имаштың қаламынан туған тартымды мақалалары  мен очерктері, мәнді сұхбаттары мен жедел репортаждары, шағын оқырман қауымға жақсы таныс. Оларда тақырыпты терең игеру  мен бойлаушылық, проблемалық мәселелерге талдау, өмірде орын алған кемшіліктер мен келеңсіздік көріністерін жою хақында айтылған тамаша ұсыныстар мен пікірлер бар. Журналист осы жолда  талмай еңбек етіп, нәтиесінде қаншама жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, алған ведомстволық наградаларын қоспағанда, екі рет Қазақстан Журналистер Одағы облыстық бөлімшесінің Құрмет грамотасын, екі мәрте облыс әкімінің  Құрмет грамотасын (2000,2002 жылдары) иеленіп, облыс әкімінің шешімімен 2002 жылы «Облыстың таңдаулы журналисі» атағы мен төсбелгісіне ие болған. 1999 жылы американдық «Сайф» бағдарламасы бойынша экономика тақырыбында журналистер арасында өткен республикалық конкурста жүлделі бірінші орынды алған.
Суреті Бұқар жырау аудандық мұражайында құрметті азаматтар қатарында ілулі тұр.  Есімі, өмірбаяны Бұқар жырау ауданының 70 жылдығына арналып шығарылған «Аудан ардақтылары» кітабына енгізілген. Өлең, дастандары облыстық, республикалық басылымдарда жарық көріп, «Ұрпақтар үні» (2000ж) жинағына енген. 2010 жылдан бастап Абай көпсалалық колледжінде еңбек етеді.